Адамның жүйке жүйесінің дамуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ФАКУЛЬТЕТІ
БИОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

Барлық білім беру бағытындағы мамандықтарға арналған
OFD 1204 Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні бойынша

лекция жинағы

Лектор: И.О. Аймбетова

Түркістан - 2022

Лекция жинағы жоғары оқу орнындағы білім беру
бағдарламаларыныңмамандықтардың білім алушыларына арналған.

Лекция жинағын дайындаған: техн.ғ.к., қауым.профессор И.О.
Аймбетова

Лекция жинағы кафедраның ____ 20__ ж. мәжілісінде талқыланды. (№___
хаттама)

Кафедра меңгерушісі:
__________________ Ғ. Исаев

Жаратылыстану ғылымдары факультетінің № ___ ____ _____20___ж.
факультеттің академиялық комитет кеңесінде қаралып, мақұлданды.

Факультеттің академиялық комитет кеңес төрайымы:
__________________ Э. Ибрагимова

ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ

№1 Лекция тақырыбы: Кіріспе. Онтогенез заңдылықтары.

Лекцияның оқыту нәтижелері:
1.Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні, пәнді оқытудың мақсаты және
міндеттері туралы біледі.
2.Балалар мен жастардың өсуі антропометриялық (дененің физикалық
көрсеткіштерін өлшеу әдісі) әдісін, онтогенез, даму заңдылықтарын, өсу мен
даму көрсеткіштерін іс жүзінде қолданады.
3.Оқушылардың физиологиялық дамуы пәнінің басқа ғылымдарымен байланысы,
оның оқу тәрбие жұмысы мен еңбек тәрбиесін дұрыс ұйымдастырудағы, оқушылар
денсаулығын сақтап нығайту, денелік дамуын жетілдіру мен жұмысқа
қабілеттілігін арттыру дағдыларын қалыптастырады.

Лекция мазмұны: Оқушылардың физиологиялық даму пәні ғылымның екі
саласын қамтиды: адам организмінің, жеке мүшелердің және мүшелер
жүйелерінің қызметтерінің жас ерекшеліктерінің заңдылықтарың даму жолдарын
карастыратын жасқа байланысты физиология және адамның деңсаулығын сақтауға
қажетті жағдайларды қарастырып, анықтап, түрлі үсыныстар жасайтын гигиена
ғылымдары. Оқушылар физиологиясы адам және жануарлар физиологиясының үлкен
бір саласы. Физиология ғылымы организмнің тіршілігін, оның барлық мүшелері
мен торшаларының (клеткаларының) қызметін зерттейтін, сонымен қатар,
олардың функцияларын реттеу жолдарын анықтайтын ғылым.
1.Оқушылардың физиологиялық даму пәні педагогика ғылымымен де
байланысты, себебі педагогика жоғары жүйке әрекетінің заңдарына сүйене
отырып, оқу-тәрбиежүмыстарын ғылыми негізде іске асырады.
2. Оқушылардың физиологиясы негізінде анатомия мен физиология
ғылымдарының дамуына байланысты пайда болған физиология ғылымының үлкен
саласы.
3. Анатомия мен физиология ғылымдары ерте заманда бастап дамағынымен
балалардың дене қүрылысы мен мүшелерінің қызмет ерекшеліктерің зерттеу
кейінірек басталған. Себебі,балалардың организмін зерттеу жалпы адам мен
жануарлар организмін зерттеуден басталады.
Ондай зерттеулер тек қана ХVІІІ-ХІХ ғасырларда ғана белгілі бір жүйеге
келтірілді.
Жасқа байланысты анатомия физиология және балалар гигиенасы жалпы
алғанда медициналық қажеттіліктерге байланысты дамыған.
XІX ғасырдың орта шамасында алғаш рет табиғаттану ғылымдарының
жетістіктерін мол пайдаланып қойған тәжірибелердің арқасында гигиенаның бүл
жаңа саласы күшті дами бастады.
Мектеп гигиенасының нағыз дамыған мерзіміне XX ғасырдың 70-90 жылдары
жатады.
4. Басқа ғылымдар іспетті жасқа байланысты физиология мен мектеп
гигиенасы бірнеше ғылыми зерттеу әдістерін пайдаланады.
Бақылау әдісі-сыртқы ортаны танудағы негізгі әдістеме. Бүл әдістеме
барлық ғылым салаларында кенінен пайдаланады. Лабораториялық тәжірибенің
табиғи жағдайдағы тәжірибеден айырмашылығы бар. Мұнда зерттеуші тәжірибені
арнайы жасалған жағдайда жүргізеді.
Атақты ғалым физиолог И.П.Павлов Балаларды тәрбиелеу мен оларды
дамыту физиологияға негізделуі керек,-деді. Оның бұл ойын П.Ф.Лесгафт
тіпті де тереңдете түскен... педагогика биология ғылымының бірі бөлімі
болуы керек. Бұл ғалымдардың ойымен П.ПБлонскийдің пікірі үндескендей:
... атақты тәрбиелеу жүйесінің реформаторы аталған педагогтардың өзі
педагогиканы тек қана психологиямен ұштастырып, баланың денесі мен
антропологиялық көзқарастарды ұмытады,-деген.
Биологиялық жүйелердің біріктілігі онтогенездік даму барысында
бірнеше кезеңдерден өтіп, бейімделу реакцияларын дамыта түседі. Өсіп, дамып
келе жатқан организмнің сыртқы ортамен байланысы күрделенген сайын
бейімделуі де жоғары сатыға дами түседі.
Жасқа байланысты адам денесінің құрылыс және қызмет ерекшеліктерін
анықтауда бірсыпыра еңбектер спорт пен қара жұмысқа байланысты
зерттеулердің негізінде жасалған. Органзимге ауыртпалық түскенде
мүшелер жүйелерінің құрылыс мен қызметінің өзгеруін анықтау арқылы бала
организмніе мөлшерлі еңбек пен спорт ойындарымен шұғылданудың тиімді
жолдары анықталды. Мектеп гигиенасы ғылымының нағыз қалыптасуы мен
дәуірлері ХІХ ғасырдың ортасында бастауыш және орта мектептерде
жүргізілген бақылаулар мен эксперименттік зерттеулердің материалдарын жинап
жүйеге келтірумен байланысты. Осы кезден бастап мектеп гигиенасы тәуелсіз
ғылымдар саласының бірі ретінде медициналық гигиенадан бөлінді. ХІХ
ғасырдың орта шамасында алғаш рет табиғат тану ғылымдарының гигиена
ғылымының, әсіресе мектеп гигиенасының негізгі мәселелері болып отыр.
Баланың өсуі мен дамуы және оған қажетті жағдайларды А.А.Маркосян,
Б.Н.Никитюк, балалардың жүйке жүйелерінің жас ерекшеліктері мен жете
дамуына қажетті жағдайларды М.В.Антропова т.б. ғалымдар зерттеді. Сол
зерттеулердің негізінде бұрынғы Кеңес Одағындағы елдерде және біздің
еліміздеде байқалған балалар мен жастардың өсіп дамуының акселерациясы,
оның белгілері мен себептері анықталды.
Басқа ғалымдар іспетті жасқа байланысты физиология мен мектеп
гигиенасы бірнеше ғылыми зерттеу әдістерін пайдаланады: бақылау, табиғи
және лабораториялық тәжірибе (эксперимент), функциялық жүктеме, телеметрия,
антропометрия т.б.
Бақылау әдісі-сыртқы ортаны танудағы негізгі әдістеме. Бұл әдістеме
барлық ғылым салалрында кеңінен пайдаланады. Бірақ оны лабораториялық және
табиғи эксперименттен жеке бөліп тастаса, ол бала организміндегі
физиологиялық қалыптар мен құбылыстардың негізін аша алмайды. И.П.Павловтың
айтуы бойынша бақылау әдісі тек қана табиғаттың ұсынғанын жинайды.
Дегенмен, балалардың миының қызметін зерттеген кезде бұл әдіс басқа зерттеу
әдістерімен бірге организмнің жас ерекшеліктерін анықтауға көмектеседі.
Табиғи тәжірибе-байқау мен лабораториялық эксперименттің аралық түрі.
Мақсаты мен міндеттеріне байланысты ғалым табиғи жағдайдағы тәжірибені адам
баласы үшін қалыпты (табиғи) жағдайда қолданады. Айталық, баланың көру
қабілетінің өзгеруін тексеру үшін, оның көру талдағышының қызмет
ерекшеліктерін мектептегі оқуға дейін және оқуын аяқтаған кезде анықтайды,
яғни оқу барысында табиғи жағдайда зерттейді.
Лабораториялық тәжірибенің табиғи жағдайдағы тәжірибеден айырмашылығы
бар. Мұнда зерттеуші тәжірибені арнайы жасалган жағдайда жүргізеді.
Жагдайды өзгерту арқылы ғалым белгілі бір қызмет өзгерістерін тудырады да,
оның сан мен сапалық сипатын анықтайды.
Жасқа сай физиология ғылымында лабораториялық тәжірибе әдісінің бірі
болып саналатын функциялық жүктеме немесе сынау әдісі кеңінен тарады. Бұл
әдіс бойынша, бала организмінің мүшелерінің қызметін, оған мөлшерленген
функциялық жүктеме беру арқылы,ы оның әсерінің ұзақтығын немесе әсер ету
қарқынын өзгерте отырып, түрлі жағдайлар анықтайды. Мұндайда физиологиялық
көрсеткіш ретінде сол мүшенің қызметі алынады. Бұл организмін зерттейтін
физиологиялық тәжірибеде тынысты кідірту, температуралық әсер ету, дененің
кеңістіктегі орнын өзгерту т.с.с функциялық сынаулар қолданылады. Ең көп
қолданылатындары мөлшерленген дене және ой еңбегі. Мысалы, зерттеуші
баланың тыныштықтағы қылпты жағдайында жүрегінің соғу жиілігін анықтайды,
содан кейін бала 100м жер жүгіріп өткен соң жүрегінің соғу жиілігін тағы да
тексереді. Сөйтіп балаға берілген осы жүктемеге бейімделу сипатын
бағалайды. Дене қызметінде жүктемені дәлірек анықтау ретінде эргометрия,
яғни эргометр аспабын қолдану арқылы, жүктеменің мөлшерін дәл анықтау
әдісін пайдаланады. Ой еңбегінің сынағы ретінде шектелген уақыт ішінде
арифметикалық есепті шығару әдісі қолданылады. Бұл жағдайда зерттелушінің
белгілі бір жұмыс қабілеті (айталық, жүрегінің соғу жиілігі) есеп шығаруға
дейін, шығарып жатқан кезде және есепті шығарып болғаннан кейін анықталады.
Жасқа байланысты физиологияның барлық зерттеу әдістері мен амалдары
балалар мен жас өспірімдердің органимінің қызметтерін жынысына, жасына сай
топталған әр жастағы бірнеше топ балалардың функциялық ерекшеліктерін орта
шамамен зерттеуге бағытталған.
Жасқа байланысты физиологияның әдістемесінің бірі телеметрия-
радиотехникалық берліс аспаптары арқылы бала организмін оның денесінен
қашық жерде тұрып анықтау мүмкіндігі. Бұл әдісті балалар мен жас
өсіпірімдердің организміндегі мүшелердің қызметін табиғи жағдайда (ойын,
оқу, еңбекпен шұғылданып жатқан кезде) зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл
әдіспен алынған мәліметтер өсіп жатқан жастарды оқыту мен тәрбиелеуде
маңызды орын алды.
Қазіргі кезде бала организмін зерттегенде күрделі оптикалық,
радиотехникалық және электрондық аспаптарды кең қолданады. Бұл аспаптар бір
сәтте ондаған түрлі қызметтерді қатарынан өлшеуге мүмкіндік береді.
Балалар мен жастардың өсуін антропометриялық (дененің физикалық
көрсеткіштерін өлшеу әдісі) арқылы анықтайды. Бұл әдісте баланың бойын,
кеуде шеңберін үш жағдайда (дем алғанда, дем шығарғанда және тыныштық
кезінде) және баланың басының шеңберін сантиметрлік лентамен, дене салмағын
таңертең, ұйқысынан тұрған соң (бойын жеңілдеткеннен кейін), тамаққа дейін,
арнайы медициналық таразымен өлшейді.
Жасқа байланысты физиологиялық әдістерінің нәтижелерін электрондық-
есеп аспаптарымен және математикалық статистика әдістерімен есептеп
шығарады.
Физиологиялық және медициналық әдістерді пайдаланып, мектеп гигиенасы
түрлі жағдайлардың (түрлі ғимараттар, жихаздар, т.б.) бала организміне
әсерін, оған қолайлы жағдай тудыруды көздейді.
Онтогенез (грекше ontos-организм, genesis-даму) — жыныс клеткаларының
пайда болуынан басталатын және оның өліміне дейін жүретін жеке организмнің
(жануар немесе өсімдік) дамуының толық тарихы (циклі). Онтогенез
(организмнің жеке дамуы) жайындағы ұғым деректерге организмнің өсуі, оның
клеткасының жіктелуіне және морфогенезіне негізделеді. Сондықтан онтогенез
жеке категория болып табылады. Онтогенезге түрлік категориясы жағынан
филогенез (грекше рhуіе-тобыр, genesis-даму) қарама-қарсы болады, бұл
терминді алғаш сипаттаған Э. Геккель. л дегеніміз түрдің (жануарлар мен
өсімдіктер) пайда болуы мен даму тарихын білдіреді. Онтогенез бен филогенез
арасында биогенетикалық заңдылықта көрсетілген (Э. Геккель, Ф. Мюллер)
тығыз байланыс болады, бұл зерттеулер көрсеткендей негізінде дұрыс ұғым.
Себебі индивидумнің онтогенезі осы түрге жататын индивиумнің филогенезді
дамуының белгілі бір ерекшеліктерімен анықталатын болса, онда онтогенез,
бір жағынан, филогенездің негізі, ал екінші жағынан, филогенездің нәтижесі
болып табылады.
Онтогенездің ірге тасының негізін зерттеу организмдердің биологиясы мен
эволюциясын тануда өте маңызды. Бірақ онтогенез жайлы ілімнің қазіргі
жағдайын білу үшін, алдымен, адам организмін мысалға ала отырып, өткен
заманда организмдердің өсуі мен дамуын қалай ұғынғанын қарастырамыз. Өсу
мен даму жайлы алғашқы көзқарастар көне замандар дәуірінде пайда болған.
Гиппократтың (б.з.д. 460-377ж.) өзі жұмыртқа клеткаларында толығымен
қалыптасқан, бірақ кішірейген түрде организм болады деп есептеген. Бұл
көзқарас әсіресе XVII — XVIII ғасырларда танымал болған префоризм (лат.
preformatio-алдын ала даму) ілімдерінде жалғасын тапты. Сол уақыттағы
префоризмнің жақтаушылары Гарвей, Мальпиги және көптеген атақты
биологтар мен медиктер болды. Преформистерге қандай жыныс клеткаларында
(аталықтарда немесе аналықтарда) организм префоризделеді деген сұрақ даулы
болды. Жұмыртқа клеткаларын артық көргендерді овистер деп, ал аталық жыныс
клеткаларына үлкен көңіл бөлгендерді анималькулистер деп атаған. Преформизм
— басынан аяғына дейін метафизикалық ілім немесе ол дамуды жоққа шығарады.
Преформизмге 1745 жылы ұрықтанбаған жұмыртқадан қара күйенің дамуын мысалға
ала отырып, партеногенезді ашқан Ш. Бонне (1720 -1793) шешуші соққы берді.
Осыдан кейін преформизм жалғасын таба алмай, мәнін жоя бастады.
Көне дәуір заманында сонымен қатар префоризмге қарама-қарсы басқа ілім
эпигенез (грекше ері -кейін, genesis-даму) пайда болды. Префоризм секілді
эпигенез XVII-XVIII ғасырларда кең етек алды. Эпигенездің таралуында
Теория развития (1759) еңбегінде жинақталған К.Ф. Вольфтың (1733-1794)
көзқарастары аса маңызды рөл атқарды. Оның ойынша, жұмыртқада
преформирленген организм де, оның бөліктері де жоқ және жұмыртқа тек
бастапқы бір текті массадан түрады. К.Ф. Вольф пен эпигенездің басқа да
жақтаушыларының көзқарастары преформистерге қарағанда прогрессивті болды.
Бірақ кейін тағы жаңа кезеңдер қалыптасты. Оның ішінде, 1828 жылы К. Бэр
История развития животных деген еңбегінде жұмыртқаның құрамы бір текті
емес, ал құрылымды және құрылымдаудың деңгейі ұрықтың дамуына қарай ұлғайып
отырады деп атап өткен. Осылайша, К. Бэр префоризмнің де, эпигенездің де
дәрменсіздігін көрсетті.
Біздің заманда организмнің өсуін клеткалар саны өсуінің нәтижесінде,
оның массасының бірте-берті өсуі ретінде қарастырады. Өсуді организмнің
көлемдік массасын, құрғақ массасын, клетка санын, азоттың құрамы мен басқа
да көрсеткіштерін өлшеу нәтижелерін құрастыру негізінде білуге болады.
Клетканың жіктелу кезінде бір клеткалар басқа клеткалардан морфологиялық,
биохимиялық және қызметтік жағынан ерекше болады. Бір клеткалардың көбеюі
мен жіктелуі басқа клеткалардың өсуі және жіктелуімен әрдайым үйлеседі. Бұл
екі процесс те организмнің барлық тіршілік циклінің барысында жүреді.
Себебі, жіктелетін клеткалар өзінің пішінін өзгертеді, клеткалар мен
ұлпалардың, сонымен қатар пішіндердің өзгерісіне бір топ клеткалар ұшыраса,
ол организмнің жалпы морфологиясын құрылымдық жүйелілігін анықтайтын
процестердің жиынтығын білдіретін морфогенезбен жүреді. Осылайша, өсу
клетка санының (дене массасы) ұлғаюы түріндегі сандық өзгерістердің және
клеткалардың жіктелуі мен морфогенезі түрінде сапалық өзгерістердің
нәтижесі болып табылады.
Организмдердің өсуі (клеткалардың көбеюі), клеткалардың жіктелуі мен
морфогенезі туралы түсініктер арқылы даму онтогенездің негізін қалаушы
ерекшеліктер деп қорытындылауға болады. Даму клеткалардың жіктелуі мен
морфогенезімен анықталатын жэне онтогенез барысында индивидтің прогрессивті
өзгерістерін қамтамасыз етілетін клеткалар мен ұлпалардағы биохимиялық
өзгерістерімен анықталады.
Организмдердің тікелей дамуы табиғатта дернәсілдік емес және ана
құрсағында даму түрінде кездеседі, ал тікелей емес даму болса, дернәсілдік
даму түрінде болады. Дернәсілдік даму деп тікелей емес дамуды түсінеді,
себебі организмдер өзінің дамуында бір немесе бірнеше дернәсілдік деңгейден
өтеді. Дернәсілдік даму табиғатта кең таралған және ол насекомдарға,
тікентерілілерге, амфибияларға тән. Бұл жануарлардың личинкалары кейін
өзгерістерге ұшырай отырып, өз алдына тіршілік етеді. Сондықтан бұл дамуды
метаморфозданып даму деп атайды (төменге қара).
Дернәсілдік емес даму тікелей жолмен дамитын организмдерге, мысалы
жұмыртқалары сарыуызға (қоректік зат) бай балықтарға, бауырымен
жорғалаушыларға және құстарға тән. Осыған орай сыртқы ортаға салынатын
жұмыртқаларда онтогенездің айтарлықтай бөлімі өтеді, ұрықтардың зат алмасуы
ұрықтық қабықшалар (сарыуыз қапшығы, амнион, аллантоис) болып табылатын
провизорлы мүшелермен қамтамасыз етіледі. Іштей даму сонымен қоса тікелей
жолмен көбейетін организмдерге, мысалы сүтқоректілерге, адамды қоса, тән.
Себебі бүл организмдердің жұмыртқа клеткалары қоректік заттарға өте кедей,
ал ұрықтың барлық тіршілік қызметтері ана мен ұрықтың ұлпаларынан дамыған
провизорлы мүшелердің (оның ішінде бастысы плацента болып табылады)
көмегімен аналық организммен қамтамасыз етіледі. Эволюциялық жағынан іштей
даму ең кейінгі форма болып табылады, бірақта ол ұрықтарға аса тиімді,
себебі олардың тірі қалуын тиімді түрде қамтамасыз етеді.
Онтогенез проэмбриональдық, эмбриональдық және постэмбриональдық
кезеңдерге бөлінеді. Адамда, кейде жоғары сатыдағы жануарларда, туылғанға
дейінгі даму кезеңін пренатальды немесе антенатальды, туғаннан кейінгісін —
постнатальды деп атайды. Пренатальды кезеңінің шегінде алғашқы (дамудың
бірінші аптасы), ұрықтық және ұрпақтық кезеңдері болады. Дамушы ұрықты
мүшелер бастамалары қалыптасқанша эмбрион деп, ал мүшелерінің бастамалары
қалыптасқаннан кейін — ұрпақ деп атайды.
Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, проектор сызба –
кестелер, бейнефильмдер, плакаттар.
Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ –
жауап, түсіндіру, кіріспе дәріс
Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (сұрақтар) және оларды
бағалаудағы ұпайлардың үлестірілуі:
Жеңіл деңгей:
Оқушылар физиологиясы пәнінің мақсаты, міндеттері
Оқушылар физиологиясы пәнінің басқа ғылымдармен байланысы.
Орта деңгей:
Оқушылар физиологиясының дамуы.
Оқушылар физиологиясы пәнінің зерттеу әдістері.
Күрделі деңгей:
Өсу мен даму көрсеткіштері
Дамудың түрлері
БӨЖ және ОБӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын
ұпайлардың үлестері:
ОБӨЖ тапсырмалары: Оқушылардың дене бітімін бағалау, антропометриялық
әдісті қолдануы, Өсу мен даму қарқыны
БӨЖ тапсырмалары: Балалар мен жасөспірімдер организмінің өсу және даму
заңдылықтары, олардың гигиеналық маңызы, Өсу мен дамудың гетерохрониясы.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:
Аймбетова И.О. Оқушылардың физиологиялық дамуы. Оқу құралы. Түркістан,
2019ж.
Ерманова С.А.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы. Оқу құралы.
Қарағанды, 2014ж.
Бөлешов, М.Ә. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы. Оқулық. Алматы:
Отан, 2016.
Қосымша:
Аймбетова И.О., Тойжигитова Б., Сержанова А. Оқушылардың физиологиялық
дамуы. Оқу-әдістемелік құралы. Түркістан, 2019ж.
Ажибаева З.С. Ас қорыту физиологиясының қазіргі мәселесі. Оқу-
әдістемелік құрал. Түркістан: Тұран, 2016.
Бұғыбаева С.Ж., Лесбекова Р.Б., Есжан Б.Ғ., Кисебаев Ж.С. Дене тәрбиесі
және спорт гигиенасы. Оқу әдістемелік құралы. Алматы : ҚазСТА, 2017.
Суханбердина Ф.Х., Кабаева С.М., Куспанова Б.К.. Жас ерекшеліктер
физиологиясы және мектеп гигиенасы негіздері : Орал: Жәңгір хан атындағы
БҚАТУ, 2014. http:rmebrk.kzbook
Маусумбаева А.М. Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы:
Жоғары оқу орындарына арналған оқу құрал. - Алматы: Отан, 2017.
http:rmebrk.kzbook
WEB сайттар тізімі:
http:library.ayu.edu.kz
http:rmebrk.kz
www.booksmed.comfiziologiya
httpwww.library.intra.ru

№2 Лекция тақырыбы: Тірек-қимыл жүйесінің дамуы

Лекцияның оқыту нәтижелері:

1 Дене еңбегінің шамасына әр түрлі жастағы организм реакциясының
ерекшеліктерінің жүйке физиологиялық даму ерекшеліктерін түсінеді.

2 Оқушылардың қозғалыс аппаратын сақтау туралы гигиеналық білімдерді
оқу процесінде көрсетеді.

3 Қозғалыс дағдыларының дамуы, жасқа сай қозғалысты үйлестіруді
жетілдіру дағдыларын қалыптастырады.

Лекция мазмұны: Кеңістікте қозғалып жүру, денені тік қалыпта ұстау,
теңдікті сақтау қабілеттері адамның сүйек-ет жүйесінің қасиеттер мен
қызметіне байланысты.
Баланың тірек-қимыл жүйесі. Кеңістікте қозғалып жүру, денені тік ұстау,
теңдікті сақтау қабілеттері адамның сүйек-ет жүйесінің қасиеттері мен
қызметіне байланысты. Сүйек-ет жүйесіне, яғни тірек-қимыл аппаратына
адамның қаңқасы мен бұлшықеттері жатады.
Қаңқа (скелет) екі жүзден астам сүйектерден тұратын адамның негізгі
қатты тұлғасы. Олардың бір-бірімен буын арқылы жалғасып, қозғалмалы келеді.
Қаңқаға бұлшық еттер бекітілген. Ет пен сүйек адамның негізгі тірегі және
оның қозғалуы, еңбек етуі сүйек-ет жүйесінің қызметіне байланысты. Ол
жұлынның, мидың және көптеген ішкі мүшелердің сауыты болғандықтан, қорғану
қызметін де атқарады, яғни жұмсақ мүшелерді (жүрек, бауыр, өкпе, ішек-
қарын, бүйрек т.б.) соққыдан және басқа да түрлі жағымсыз әсерлерден
қорғайды. Соңғы кезде бұл жүйе зат алмасуына, әсіресе минерал заттардың
мөлшерін бір деңгейде сақтауға қатысатыны анықталды. Бұлшық еттердің ұштары
сүйекке бекітілген. Олардың, көбі екі сүйекке бекігендіктен олардың
қозғалысыны іске асырады. әрбір сүйекке екі, тіпті оданда көп еттердің
ұштасуы мүмкін.
Еттердің негізгі қызметі-сүйектерді қозғау. Сол арқылы адамның еңбек
етуін, күрделі жұмыстарды орындауын қамтамасыз етеді.
Адамның қимыл-қозғалысы организмдердің эволюциялық дамуында қалыптасқан
оған тән морфологиялық және функциялық денені тік ұстауға, қимыл-қорғанысқа
ет пен сүйектен басқа тірек-қимыл жүйесіне кіретін буындар, сіңірлер,
тарамыстар қатысады.
Сүйектің құрылысы мен құрамы. Адам қаңқасының негізі-сүйек.сүйек қан
тамырлары мен нерв өтетін сүйек каналдарының айналасында орналасқан остеон
деп аталатын жұқа пластинкалардан тұрады. Сүйектің сыртында сүйек қабы бар.
Тек қана буындарда сүйек қабының орнына шеміршек болады. Остеондардың
орналасуына қарай сүйек екі түрлі заттардан тұрады: тығыз және кемік
заттар.
Тығыз заттар кемік сүйектің сыртын ала орналасқан. Олардың қалыңдығы әр
сүйекте әртүрлі. Тірек-қимыл қозғалыс қызметтерін атқаратын сүйектердің
тығыз заттары көп болады, мысалы, ұзын сүйектің ортаңғы бөлімі-диафинезінде
(грек. Диафинез-жілік сүйектің ортасы). Кемік сүйекте остеондар айқыш-ұйқыш
орналасады да, арасында сандаулары көрінеді. Олар қысқа, жазық сүйектердер,
ұзын сүйектің екі жақ ұшында көп болады.жілік сүйектерінің майы және
қуыстары болады. жілік майы және қуыстары болады. сүйек қабының қан
тамырлары мен нервтері бар. Жілік майының каналдарында сары түсті, ал
кемігінде қызыл түсті май бар. Себебі кемік сүйектерде қан түйірлері
эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер өніп дамиды. Ересек адамның жілік
қуыстарындағы май сары түсті келеді. Олар көбіне май клеткаларынан тұрады.
Сүйек қабы сәл қызғылттау екі қабықтан тұрады: сыртқы және ішкі қабықтар.
Сыртқы қабығы тығыз, ішкі қабығы жұмсақ, борпылдақ дәнекер ұлпасынан
тұрады. Ішкі қабығында сүйектердің өсуін қамтамасыз ететін клеткалар
остеобластар болады.
Сүйектің 13 бөлігі органикалық және 23 бөлігі бейорганикалық
заттардан тұрады. Сүйекті күйдіргенде оссеин жанады да, бейорганикалық
заттары қалады. Ондай күйдірген сүйекті оп-оңай немесе үгуге болады.
Сүйекті тұз немесе азот қышқылына салса, бейорганикалық заттары еріп, тек
органикалық заттары қалады.ондай сүйекті оңай майыстыруға болады. демек,
сүйектің жылтырлығы, серпімділігі оның органикалық затына, ал мықтылығы
бейорганикалық затына байланысты.
Сүйектің құрамы атқаратын қызметіне, адамның жасына қарай әртүрлі
келеді. Салмақ көп түсетін сүйектерде, мысалы, бел омыртқа, жамбас, аяқ
сүйектерінде минерал заттары көбірек болады.
Жас балалардың сүйегінде органикалық заттар, ересек адамда минерал
заттары көбірек болады.
Қаңқаның құрылысы. Адам қаңқасы бас, тұлға, аяқ-қол сүйектерінен
тұрады.
1-қабырғалар,2- иық белдеуі, 3-қол сүйектері, 4-жамбас, 5-аяқ
сүйектері.
Ересек адамның сегізкөз омыртқаларының арасы бірігіп сегізкөз сүйегіне
айналады. Оның сыртқы ортасында бірігіп кеткен арқа өсінділерінен пайда
болған ортаңғы сегізкөз қыры, оның екі жағынан бірігіп кеткен буын
беттерінен пайда болған бүйір қыры, көлденең бүйір өсінділерінен пайда
болған бүйір қыры болады. Біріккен омыртқа тесіктерінен пайда болған
сегізкөз каналы омыртқа жотасы каналының жалғасы болып есептелінеді. Оның
алдыңғы және артқы бетінде нервтер мен тамырлар өтетін тесігі
болады.сегізкөздің бүйір жақтарында құлақша тәрізді жамбас сүйегімен
жалғасатын буын беті болады. Оның артқы жағының бұдырлы жеріне тарамыстар
бекиді. Ер адамның сегізкөз сүйегі әйелдер сүйегінен жіңішке және ұзындау
болады. Мектеп жасына дейінгі балалардың омыртқалары ұзарып, жуандайды, 5-6
жастағы балалардың омыртқа жотасы тез қисаяды. Омыртқааралық
шеміршектердегі заттың алмасуы өте күшті болады. Сондықтан түрлі
жағдайлардың әсерінен омыртқаның өсуі тез бұзылып, омыртқа жотасының
патологиялық сколиозы (бір жақ бүйіріне қарай қисаюы), лордозы, кифозы т.б.
өзгерістері пайда болады. Мысалы, өте жылдам 8-12 мсек қозғалғанда мойын
және көкірек омыртқалары зақымдалады. Бала өте аз қозғалғанда да ұсақ
зақымдар пайда болып, олардың негізінде кейіннен омыртқа кемшіліктері
дамиды. Омыртқа жотасының өсуі жігіт пен бойжеткендік кезеңге дейін
байқалғанымен, әр түрлі бөлімдердің омыртқалары бірдей өспейді, 1,5 жасқа
дейін барлық омыртқалар бірдей өседі, 1,5-3 жас арасында мойын және
кеуденің жоғарғы омыртқалары нашар өседі. Омыртқа аралығындағы шеміршектер
жорғарыдан төмен қарай қалыңдайды. Ол шеміршектің ұзындығы бүкіл жотаның ¼
бөлігіне тең. Бұлар омыртқа жотасын серпімді етіп, жан-жаққа қимылдауға
мүмкіндік тудырады.
Көкірек қуысының сүйектері. Тұлға сүйектеріне омыртқа жотасынан басқа
көкірек қуысын құратын қабырға және төс сүйектері жатады.
Қабырға адам денесінде 12 қо қабырғалар бар. әрбір қабырға жалпақтау
ұзын сүйектен және шеміршектен тұрады. Олар бір-бірімен жалғасып кеткен.
Қабырғаның басы, мойыны, денесі болады. Оның омыртқамен жалғасқан жерін
қабырға басы, қалған жері мен басының арасындағы жіңішкелеу жерін мойыны
дейді. Қабырға денесінің алдыңғы жақ ұшы төс сүйегімен жалғасады. Жоғарғы
қос қабырғаның мойыны мен денесінің қосылатын жеріндегі қабырға бұдыры
омыртқаның көлденең өсіндісімен жалғасады. Төссүйегі жалпақ сыңар сүйек.
Дененің көкірек қуысының алдыңғы сызығының бойында орналасады. Төс
сүйегінің денесі, тұтқасы, семсершесі болады. Төс тұтқасының жоғарғы
жағында мойындырық, екі жағында бұғана, және жеті-жетіден қабырға
ойындылары бар.1 жастағы баланың көкірек қуысы екі бүйірінен қысылған конус
тәрізді, 12-13жаста ғана ересек адамның көкірек қуысындай болады. Көкірек
қуысы жүрек, қолқа және үлкен өкпе артериялары, бауырды қорғайды. Сонымен
қатар, тыныс мүшелерінің еттерінің және қол еттерінің бекіген жері. Осы
сүйектердің қозғалмалы байланыста болуы арқасында адам тыныс алуға
мүмкіншілік алады.ауыр жұмыстың әсерінен ден шынықтыруға байланысты көкірек
қуысының көлемі кішірейеді.
Иық және жамбас белдеулерінің сүйектері. Аяқ-қолдардың сүйектері адам
денесінің екі белдеуін құрады: иық және жамбас белдеулері. Омыртқа
жотасының жоғарғы жағында екі жауырын сүйектері орналасқан. Олар бұғана
және төс сүйектерімен жалғасады. Жауырынның сыртқы бұрыштары иық басы
сүйегі арқылы қол сүйектерімен жалғасады. Жауырын-жалпақ қос сүйек, ол
омыртқа және қабырға сүйектерімен бұлшық ет арқылы жалғасқан. Жаңа туған
сәбидің сүйегінің иық, құс тұмсық өсінділерінде, буын бетінде, омыртқа жақ
шетінде, жоғарғы және төменгі бұрыштарында шеміршектер болады. Жауырын
сүйектері жігіттерде 19-20, қыздарда18 жаста қатады. Бұғана латынның S әрпі
тәрізді иілген сүйек. Бала туар алдында оның төс жақ ұшынан басқа жері
сүйекке айналып үлгереді. Ал төс жақ ұшының сүйектенуі жігіттерде 24,
қыздарда 23 жаста аяқталады.қол жауырынмен қозғала біткен иін сүйектерінен,
шынтақ пен шыбық сүйектеріәнен құралған білек сүйектерінен, білезіктің ұсақ
сүйектері, бес ұзын алақан свүйектері мен саусақ сүйектерінен тұратын
қолдың басынан тұрады. Қолдың басы сүйектері кеудеге қарай бағытталған
алақан ойығын түзеді. Алақан ойығы жаңа туған нәрестеде қалыптаса бастап,
10-13 жаста толық аяқталады. Осы мерзімде саусақ сүйектерінің қатуы да
аяқталады. Сондықтан мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларының
сурет салуы, жазуы өте баяу болады. Тоқпан жілік немесе иық сүйектері 20-25
жаста қатайып, екі басында тек шеміршектері қалады. Бұл жіліктің ұзарып
өсуі оның басындағы өсу нүктелеріне байланысты болғандықтан, 23 жасқа дейін
жілік басын кесуге болмайды. Кессе, жілік өспей қысқа болып қалады . кәрі
жіліктің қатуы 20-25 жаста жігіттерде , 17-20 жаста,қыздарда аяқталады.
Шынтақ сүйегінің өсуі жігіттерде 18-22 жаста аяқталады, бой жеткендерде сәл
ерте қатады. Білезік сүйектерінің қатуы 14-16 жаста аяқталуға жақын болады.
Ең алдымен ІІІ-ші, ең соңында І-ші 5-ші сүйектері қатады. Саусақ сүйектері
16-18 жаста қатып аяқталады.
Жалпы алғанда балалар мен жас өспірімдердің сүйектері серпімді, жұмсақ
оңай өзгергіш келеді. Сондықтан гиниеналық талаптарды дұрыс оырндамағанда
сүйектері тез бұзылып, денсаулығына зиян болады. әсіресе мектепке дейінгі
және бастауыш сынып оқушыларының сүйектері өте серпімді болады. Олардың
сүйектері еркін қатпағандықтан үйде, балалар бақшасында, мектепте дене
еңбегі мен спорт ойындарын ұйымдастыруға деген гигиеналық талаптарды,
үстелде дұрыс отыру ережелері, баланың ұйықтайтын төсегіне арналған
талаптар сақталмаған жағдайда сүйектері тез ерекшеленіп жетіледі.
Бұлшықеттердің құрылысы. Жаңа туған сәбидің бұлшық еттері толық
қадыптаспағанымен, дене салмағының 20-22% ғана болады. Адам денесінде 600-
ден астам бұлшық еттер бар. Олар бір-бірімен тарамыс ұштары арқылы жақын
орналасқан қаңқа сүйектеріне бекітіледі. Қаңқа еттері негізінен көлденең
сапалы еттерден тұрады. Бұлшық еттердің орналасуына қарай, яғни
топографиялық орнына қарай, бас, мойын, арқа, кеуде, құрсақ, қол-аяқ
еттеріне жіктеледі. Жалпы алғанда денеде 327 жұп еттер мен 2 сыңар ет бар.
Бұлшықеттердің қызметі олардың негізгі қасиет-жиырылуға байланысты
орындалады. Жиырылу арқылы ет қысқарып, оның жиырылу қабілетін көрсетеді.
Еттің жиырылуы нерв импульстерінің орталық жүйке жүйесінің әр жерінен келіп
бұлшық етті қоздырады. Нерв импульстеріне қозумен жауап беру қабілетін
еттің қозғыштығы немесе қозғыш қасиет дейді. Еттің қозғыштығы оның қызмет
дәрежесін, яғни жұмыс атқару қабілетін көрсетеді. Қозған еттің
клеткаларының зат алмасуы, биоэлектрлік қасиеттері өзгереді. Бұлшық теттің
қозуды өткізу жылдамдығы онша көп емес, 5 мсек шамасында. Бұлшықеттер
жиырылғанда көп қуат жұмсалады. Жиырылған еттің қысқаруы шарт емес, кейде,
керісінше, ұзаруы да мүмкін. Жиырылу күшті еттің талшықтарының санына және
қалыңдығына байланысты. Еттің күшті деп оның ширау қабілетін айтады. Еттің
ширау қабілеті ет талшықтарының жиырылуға қатысу саны мен жуандығына
байланысты. Жиырылу күші кей кезде бірнеше килограмға жетеді. Сондықтан
неғұрлым ет жуан болса, соғұрлым күшті болады. Бұлшықеттің күші оның
сүйекке бекітілуіне де байланысты. Бұлшық еттер көптеген нерв ұштары
–рецепторлар орналасқан. Олар еттің қозуына байланысты жиырылу және созылу
дәрежелерін сезеді. Нәрестенің етінің жиырылу қабілеті ересек адамның
шаршаған етінің қабілетіндей ғана болады. Жиырылу қабілетін хронаксия (лат,
хронокос-уақыт) деп аталатын еттің тыныштық қалпынан қозуға ауысуына
қажетті уақыты арқылы анықтайды. Оны арнайы хронаксиметр деп аталатын
аспаппен сигма, яғни секундтың 11000 бөлігі мөлшерінде өлшейді. Баланың
жасы ұлған келе хронаксия уақыты азаяды. Мысалы, жаңа туған сәбидің екі
басты бұлшық етінің хронаксиясы 0,6-0,9 сигам, 1-2 жаста 0,2-0,22 сигма, 4-
6 жаста 0,11 сигма, ересек адамда 0,1 сигмаға тең.
Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, проектор сызба –
кестелер, бейнефильмдер, плакаттар.
Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ –
жауап, түсіндіру, кіріспе дәріс
Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (сұрақтар) және оларды
бағалаудағы ұпайлардың үлестірілуі:
І-деңгей
Тірек-қимыл жүйесінің маңызы және құрылысы қан қандай?
ІІ-деңгей
Баланың қимыл-қозғалыстарының даму ерекшеліктері қандай?
ІІІ-деңгей
Тірек-қимыл жүйесінің кемшіліктерінің алдын алу гигиенасы қандай?
БӨЖ және ОБӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын
ұпайлардың үлестері:
ОБӨЖ тапсырмалары Еттердің негізгі қызметі-сүйектерді қозғау.
Бұлшықеттердің құрылысы және қызметі.
БӨЖ тапсырмалары: Ет пен сүйек адамның негізгі тірегі. Баланың қимыл-
қозғалыстарының даму ерекшеліктері.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:
Аймбетова И.О. Оқушылардың физиологиялық дамуы. Оқу құралы. Түркістан,
2019ж.
Ерманова С.А.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы. Оқу құралы.
Қарағанды, 2014ж.
Бөлешов, М.Ә. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы. Оқулық. Алматы:
Отан, 2016.
Қосымша:
Аймбетова И.О., Тойжигитова Б., Сержанова А. Оқушылардың физиологиялық
дамуы. Оқу-әдістемелік құралы. Түркістан, 2019ж.
Ажибаева З.С. Ас қорыту физиологиясының қазіргі мәселесі. Оқу-
әдістемелік құрал. Түркістан: Тұран, 2016.
Бұғыбаева С.Ж., Лесбекова Р.Б., Есжан Б.Ғ., Кисебаев Ж.С. Дене тәрбиесі
және спорт гигиенасы. Оқу әдістемелік құралы. Алматы : ҚазСТА, 2017.
Суханбердина Ф.Х., Кабаева С.М., Куспанова Б.К.. Жас ерекшеліктер
физиологиясы және мектеп гигиенасы негіздері : Орал: Жәңгір хан атындағы
БҚАТУ, 2014. http:rmebrk.kzbook
Маусумбаева А.М. Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы:
Жоғары оқу орындарына арналған оқу құрал. - Алматы: Отан, 2017.
http:rmebrk.kzbook
WEB сайттар тізімі:
http:library.ayu.edu.kz
http:rmebrk.kz
www.booksmed.comfiziologiya
httpwww.library.intra.ru

№3 Лекция тақырыбы: Жүйке жүйесінің дамуы.

Лекцияның оқыту нәтижелері:

1 Жүйке жүйесінің ақпаратты қабылдау, өңдеу, өткізу және психикалық
қызметтерін атқару үшін организмнің реакцияларын біледі.

2 Орталық жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелу және олардың өзара
әрекеттесу процесстерін физиологиялық тұрғыда түсіндіреді.
3 Орталық жүйке жүйесі бөлімдерінің құрылысы мен функционалдық маңызын
туралы түсініктерді қалыптастырады.

Лекция мазмұны: Жүйке жүйесі өте нәзік те, күрделі аспап болып
табылады. Ол төменгі даму сатысындағы тірі ағзаларда рецепторлар мен бұлшық
еттер арасындағы жай ғана байланыстыру рөлін атқарады. Жоғары дамыған
ағзаларда оның құрылымы күрделене келе, қоршаған орта мен ағза арасындағы
өзара байланыстардың барған сайын күрделі қызметтерін өз міндетіне алады.
Адамның қызметі әлеуметтік факторлармен айқындалады, сондықтан жүйке
жүйесінің осы қызметтері адамда өз кемеліне жетеді. Бұл жүйке жүйесінің
міндетті. Дамудың жоғарғы сатысындағы жануарлардың көбінде жүйке жүйесі
басқа мүшелер мен ағза жүйелерімен тең дәрежелі жүйеге жатпайды. Ол басқа
жүйелермен, мысалы қан айналым, ас қорыту, бөлу жүйелерімен, бір қатарға
қойыла алмайды. Бұл көзқарасты ертеде ағза әртүрлі мүшелердің механикалық
жинағы деп есептеген неміс ғалымы Р. Вирхов пен оның ізбасарлары ұстанған.
Жүйке жүйесі ағзаның өзге мүшелерімен және жүйелерімен мүлдем басқа өзара
байланыста болады. Жүйке жүйесі олардан үстем тұрып, жоғарғы қызмет
атқарады. Ми денеде өтетін барлық процестерді өз қарамағында ұстайды.
Мидың аса күрделі құрылысы мен қызметімен және адам ойы тудырған
ғылыми, техникалық және өнер салаларындағы ұлы жетістіктермен танысу
мынандай сұрақтардың қойылуына итермеледі. Адам миы өзіне тән құрылыс
ерекшеліктеріне о баста ие болды ма, жоқ әлде бұл күрделі мүшенің
қалыптасуы біртіндеп жүрді ме, және ақырғысы, бұл дамудың кезеңдері қандай
болды? Қазіргі ғылымда адамның дамуы, оның онтогенезі филогенездік тұрғыда
оның алыстағы арғы тегі болып табылатын жануарлардың күрделі түр түзілу
тізбегінен ажыратылып бөлек қарастырыла алмайтындығы жайында күдік тумайды.
Эволюциялық теорияның қазіргі таңда күмәнсіз болып отырған осы негізгі
қағидасы бірқатар буындағы ғалымдардың арасында болған қатаң
келіспеушіліктерінің нәтижесінде тұрақты бекітілді.
Жердегі өмірдің туу мәселесі жайында бірнеше ғасырлар бойы созылған
үлкен келіспеушіліктер көзінің бірі тірі организмдер өзінің құрылыс
түрлерінің тұрақтылығымен о бастан ерекшеленді ме, әлде олардың дамуы
қарапайым түрден күрделіге қарай біртіндеп жүрді ме деген сұрақ болды.
Өсімдіктер мен жануарларды жүйелеу жөніндегі еңбектерімен әйгілі К.
Линней (1707-1778) XVIII ғасырда жануарлардың түрлерінің өзгермейтіндігін
тапжылмай қорғады. Бұл түрлер, оның көзқарасы бойынша, көбейіп, көптеген
тек қана өзіне ұқсас басқа түрлерді шығарады. Бұл бағыттың қарсыластары
табиғаттану саласында табылған ғылыми деректерге сүйеніп, жануар
организмдердің түрлерінің өзгергіштігін, олардың қоршаған орта жағдайларына
– тағамға, ауа-райына, жарыққа, ылғалдылыққа және т.б. тәуелділігін
пайымдаған пікірінен тайынбай, бұл көзқарастарды жоққа шығарып отырды.
Шынайы эволюциялық теория үшін күрес әсіресе қарқынды түрде XIX
ғасырдың бірінші жартысында өрістеді, бұл Ж. Б. Ламарк, Ж. Кювье, Сент-
Илер, К. Ф. Рулье, Н. А. Северцов, А. О. Ковалевский, А. Н. Бекетов және,
ақырында, Ч. Дарвин сияқты ғалымдардың аттарымен байланысты болды.
Ғылыми эволюционизмнің алғашқы негізін қалаушылардың бірі Ж. Б. Ламарк
(1744-1829) қоршаған ортаның үлкен қалыптастырушы ролі мен мүшелердің
қызметінің олардың құрылысының қалыптасуындағы маңызын атап өткен: Қызмет
мүшені тудырады деп тұжырымдаған. Ол Ж. Кювье жасаған жердегі апаттар
теориясын жоққа шығарып, организмдердің түрленуінің эволюциялық жолын ғана
қолдаған. Ламарк жануарлардың организмінің өзгерушілік процесінде жүйке
жүйесіне (тітіркену қасиетіне) үлкен мағына берді. Жүйке жүйесінің даму
дәрежесіне қарай ол жануарларды әртүрлі топтарға бөлді.
Адамның жануарлардан шығуын, сонымен қатар табиғи сұрыптаудың маңызын
дәлелдеген, әлемнің ірі биологтарының бірі Ч. Дарвиннің ашқан керемет
жаңалықтары биология саласында үлкен жандану тудырды, бұл эволюциялық
теория сұрақтарына байланысты көптеген жұмыстарда көрініс тапты.
Жоғарыда айтылған организмнің даму процесіне деген эволюциялық
көзқарастардың дамуындағы негізгі кезеңдер тірі және өлі табиғаттың
дамуының барлық түрлерінің тек тарихи тұрғыдағы қарастырылуы ғана дұрыс
екендігін куәландырады.
Жүйке жүйесі өзінің дамуының әртүрлі деңгейлерінде тірі организмдердің
күрделі түр түзілу процестерінде қандай роль атқарғаны жайлы сұраққа
келейік.
Тірі организмдердің түртүзілу процесіндегі жүйке жүйесінің күрделі
реттеуші маңызын талдап түсіну үшін ең алдымен эволюция сатысының әр жаңа
баспалдағында күрделене отырып, біртіндеп дамыған жүйке механизмдерінің
өздерінің қалыптасуымен танысу керек. Бұл түрдің дамуы (филогенез) мен жеке
дамуға (онтогенез) қатысты. Әрі қарай жүйке жүйесі қайта құрыла отырып және
өзінің ішкі ұйымдастырылуын күрделендіре отырып, сонымен бірге зат алмасуы
арқылы жануарлардың дене құрылысын да, бөлек мүшелерін де олардың қоршаған
орта жағдайына бейімделуін жақсарту мақсатымен өзгертіп отырғанын түсіну
жеңілірек болады.
Күрделенудің жоғарылау дәрежесі бойынша жүйке жүйесінің дамуының
негізгі түрлерін қарастырайық.
Адам ұрығын жатыр ішілік дамудың әртүрлі кезеңдерінде зерттеу (4 айға
дейін) және оны басқа омыртқалылардың ұрығымен салыстыру олардың
құрылысының кейбір ортақ ұқсастықтарын анықтады. Осы бағытта К. М. Бэр, А.
О. Ковалевский және А. Н. Северцов өткізген жұмыстар 1864 жылы неміс ғалымы
Э. Геккельге адам ұрығының даму барысында өзіне дейінгі төменгі қатардағы
омыртқалылардың барлық даму кезеңдерін қайталайтындығын пайымдаған пікірін
жариялауға мүмкіндік берді. Бұл пікір кейінірек
ғылымға Геккельдің биогенетикалық заңы атауымен енген. Ол бойынша онтогенез
филогенездің қысқартылған қайталануы ретінде қарастырылады. Биогенетикалық
заң біраз қарсылықтар тудырды және, әрине, ол қатаң заң болып санала
алмайды. Әрине, жануарлар әлемі өзінің мыңдаған жылдардағы тіршілігінде
басынан өткізген барлық сатыларын объективті түрде бақылап шығу мүлдем
мүмкін емес және олардың адам эмбрионында бейнеленіп сақталып қалуы керек
деген пікір толығымен қабылдануы да мүмкін емес. Бірақ адамның эмбрионы
кейбір өтпелі сипаттағы жауапты кезеңдерді өтетіндігі күмәнді емес, бірақта
оны қатаң әрі әділ дәлелдеу қиын, сондықтан да мүмкін емес. 
Адамның жүйке жүйесінің дамуы. Жүйке жүйесінің қалана бастауын байқау
мүмкіндігі ұрықтың екі апталығында болады, ол табақша түрінде көрінеді.
Жүйке жүйесі ұрықтың эктодерма жапырақшасының арқа жотасынан түзіледі (21-
сурет). Көп кешікпей табақшаның шеттері біртіндеп бүгіліп, науа жасайды.
Бұл науа ұрықтық жүйке жасушасынан құралған – нейробласттар мен
спонгиобласттар. Одан әрі қарай біріншілерінен неврондар, ал екіншілерінен
глиозды жасушалар дамиды. Біртіндеп науаның алдыңғы және төменгі ұштарынан
басқа шеттері бітісе бастайды, сөйтіп медуллярлық түтік немесе ми түтігі
түзіліп, ол ұрықтың ішіне қарай батады. Ұрық дамуының 4-ші аптасында ми
түтігінің алдыңғы ұшы біркелкі емес дамып, үш көпіршік түрінде кеңейеді.
Одан әрі алдыңғы және артқы көпіршіктер қайта бауланады да, бес ми
көпіршігі пайда болады, олар мидың негізгі бөліктерін құрайды.
Ең соңғы (бесінші) көпіршіктен сопақша ми түзіледі, төртінші
көпіршіктен Варолиев көпірі мен мишық, ортаңғы (үшінші) көпіршіктен ортаңғы
ми, ал екінші көпіршіктен көру төмпешіктері (таламус), гипоталамикалық
аймақ және қыртыс асты түйіндерінің бір бөлігі – паллидум (бозғылт шар)
түзіледі. Медуллярлы түтіктің оральды бөлімінен (алдыңғы,яғни бірінші ми
көпіршігінен) ми жарты шарлары және қыртыс асты құрылымдарының басқа бөлігі
– неостриатум (жолақ дене) түзіледі.
Ми түтігінің бүйір бөліктерінде орналасқан жасушалардан жұлын пайда
болады. Ми түтігінің қуысы жұлынның арнасына айналады, ол алдыңғы
бөліктерін кеңейіп, мидың қарыншаларын түзеді. Жұлынның дамуы мидың дамуына
қарағанда қарқынды жүреді. Әдетте ол үш айлық ұрықта негізінен түзіліп
болады. Ми көпіршіктерінің дамуы біркелкі өтпейді. Тік болған ұзындық осі
иіліп, үш бүгіліс жасайды. Мидың алдыңғы көпіршігі қарқынды өседі, одан
мидың жарты шарлары мен қыртыс асты түйіндері дамиды. Төрт айлық ұрықта
салына бастаған сайлар мен қатпарлар байқала бастайды, ал бесінші айында
әлдеқайда жақсы білінеді. Ұрықтың миы босану кезіне қарай сыртқы
белгілеріне қарағанда жеткілікті қалыптасқандай болады (22-сурет).
Нәрестелердің миында ересек адамдардағыдай, бірақ кішірейтілген түрде
барлық сайлар мен қатпарлар болады. Жүйке талшықтарының миелиндену үрдісі
эмбриональды өмірдің төртінші айында басталып, негізінде екі-үш жаста
аяқталады, бірақ миелин қабатының ұлғаюы организм өсуінің барлық кезеңінде
жүруі мүмкін (А. М. Гринштейн).
Нәресте миының салмағы әдетте ұл балаларда 370 г, ал қыз балаларда 360
г болады. Мидың салмағы әдетте 8-ші – 9-шы айда екі еселенеді. Ми
салмағының өсуі әдетте еркектерде 19-20 жаста, ал әйелдерде 16-18 жаста
тоқталады.
Баланың үлкен жарты шарларының қыртысын микроскоппен зерттегенде оның
нейрондарының құрылысы мен басқа омыртқалылардың нейрондарының құрылысы
арасында айырмашылық бар екендігі аңғарылған. Мұнда ядроның үлкен
көлемділігі және өсінді бұтақтар жүйесі жақсы дамығандығы байқалады. Бұл
адам миына тән байланыстардың бай болуының себебі болып табылады. Қыртыс
алаңдардың құрылысында да айырмашылықтар болады, ол аймақтардың қалыптасуы
ұрықтың алты айлық кезінде-ақ басталады. Баланың миының қыртыстық алаңдары
жасушалар мен талшықтардың өзіндік құрылысымен ерекшеленеді. Осындай
артықшылықтар тек адам миына ғана тән. Жоғары омыртқалылардың, соның ішінде
маймылдардың, үлкен жарты шарларының қыртысында бұған ұқсас түзілістер жоқ.
Көрсетілген қыртыстық құрылым онда дамитын тек адамға ғана тән жоғарғы
жүйке қызметінің, яғни сөйлеу мен оған байланысты абстрактылы ойлау
қабілетінің материалдық негізі болып табылады. Міне сондықтан әртүрлі
зерттеушілердің маймылды сөйлеуге, жазуға үйретуге тырысқан тәжірибелері
нәтижесіз болды (А. Келлер, Е. А. Ладыгина-Котс, В. Дуров және т.б.
тәжірибелері). Осы күрделі қызметтердің қалыптасуы үшін жоғары
омыртқалылардың қыртысында сәйкес келетін материалдық негіз жоқ. 
Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, проектор сызба –
кестелер, бейнефильмдер, плакаттар.
Лекция оқудың тәртібі, оқыту әдістері мен түрлері: баяндау, сұрақ –
жауап, түсіндіру, кіріспе дәріс
Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (сұрақтар) және оларды
бағалаудағы ұпайлардың үлестірілуі:
І-деңгей
Геккельдің биогенетикалық заңының мағынасы неде? 
Жүйке жүйесі ұрықтың қай жапырақшасынан түзіледі? 
ІІ-деңгей
Жүйке түтігінің түзілу процесін сипаттап беріңіз? 
Ми түтігінен неше көпіршік пайда болады және олардың әрқайсысынан мидың
қай бөлімдері дамиды? 
ІІІ-деңгей
Жүйке жүйесі төменгі жануарлардан адамға дейін күрделіленіп, қандай
маңызға ие болды?
Сыртқы ортаға бейімделу тірі организмдерде қандай өзгерістер туғызады,
оған жүйке жүйесінің қатысы қандай?
БӨЖ және ОБӨЖ тапсырмалары, олардың түрлері мен орындалуына қойылатын
ұпайлардың үлестері:
ОБӨЖ тапсырмалары: Орталық жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелу. Ми
қыртысының құрылымдық және функионалдық ұйымдасуы.
БӨЖ тапсырмалары: Шеткі және орталық жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі
және дамуы.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:
Аймбетова И.О. Оқушылардың физиологиялық дамуы. Оқу құралы. Түркістан,
2019ж.
Ерманова С.А.Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы. Оқу құралы.
Қарағанды, 2014ж.
Бөлешов, М.Ә. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы. Оқулық. Алматы:
Отан, 2016.
Қосымша:
Аймбетова И.О., Тойжигитова Б., Сержанова А. Оқушылардың физиологиялық
дамуы. Оқу-әдістемелік құралы. Түркістан, 2019ж.
Ажибаева З.С. Ас қорыту физиологиясының қазіргі мәселесі. Оқу-
әдістемелік құрал. Түркістан: Тұран, 2016.
Бұғыбаева С.Ж., Лесбекова Р.Б., Есжан Б.Ғ., Кисебаев Ж.С. Дене тәрбиесі
және спорт гигиенасы. Оқу әдістемелік құралы. Алматы : ҚазСТА, 2017.
Суханбердина Ф.Х., Кабаева С.М., Куспанова Б.К.. Жас ерекшеліктер
физиологиясы және мектеп гигиенасы негіздері : Орал: Жәңгір хан атындағы
БҚАТУ, 2014. http:rmebrk.kzbook
Маусумбаева А.М. Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы:
Жоғары оқу орындарына арналған оқу құрал. - Алматы: Отан, 2017.
http:rmebrk.kzbook
WEB сайттар тізімі:
http:library.ayu.edu.kz
http:rmebrk.kz
www.booksmed.comfiziologiya
httpwww.library.intra.ru

№4-5 Лекция тақырыбы: Жоғары жүйке əрекеті жəне оның баланың осіп-дамуы
барысында қалыптасуы.

Лекцияның оқыту нәтижелері:
1 Жоғарғы нерв әрекеті және оның жас ерекшеліктерін айырмашылық
себептеріне жауап береді.
2 Балалардың жоғары жүйке әрекетінің типологиялық ерекшеліктерінің
жүйке физиологиялық әрекетін анықтайды.
3 Салауатты өмі салтының жүйке әрекетіне, ондай болып жатқан
процеестердің әсерін суреттей алады.

Лекция мазмұны: Жоғары жүйке әрекетіне ми сыңарлары мен оның
қатынасының қызметі жатады. Жоғары жүйке әрекеті адам организмінің сыртқы
ортамен қарым-қатынасының тиімді қалыптасуын зерттейді. Жоғары жүйке
дәрежедегі қызметтер: ес, сана, ойлау, көңіл-күй, ұйқы, түс көру, гипноз
т.с.с ми сыңарлары мен олардың қыртысының
негізгі қызметі болып есептеледі.Мұғалімдер Ж.ж. әрекетін жете түсіну
арқылы баланың мінез құлықтарын біліп, оқыту, үйрету, тәрбиелеу жүмыстарын
жөнге келтіріп жан-жақты бшілімді дұрыс дамыган жастарды тәрбиелей
алады.Адамның мінез-құлқы мен мидың арасындағы байланысты ең алғаш Платон,
Гиппократ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүйке жүйесінің дамуы
Жүйке жүйесінің қызметі дамуы.Қозу физиологиясы
Психика мен сана дамуы
Психиканың жалпы сипаттамасы
Темперамент жайлы ұғым
Темперамент және қабілет туралы түсініктер
Жүйке жүйесінің типтері
Тұлғаның даралық психологиялық ерекшеліктері
Нейронның анатомиялық құрылысы және рефлекторлық доғаның құрылымдық ерекшеліктерін қалыптастырудағы теориялық ұғымдар
Жас ерекшелік физиологиясы мен мектеп гигиенасының дамуы
Пәндер