Қазақстандағы шөлейттену процесінің дамуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
СӨЖ
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Н 111 43-2024 1 баспа 08.02.2024
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
Экология және ТӘҚ кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Шөлейттену: себептері, салдары және шешу жолдары
Курс:3-курс
Орындаған: Базарбаева М.
Қабылдаған: Джанаева Ж.

Тараз 2024

Мазмұны

Кіріспе
1 Қазақстандағы жердiң шөлейттенуi
2 Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005-2015 жылдардың мәселелері
2.1 Қазақстандағы шөлейттену процесінің дамуы
2.2 Қазақстандағы шөлейттенудiң мәселелері
3 Қазақстан Республикасында шөлейттену шешу жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттердің тізімі

Кіріспе
Шөлейттену - адамның шаруашылық әрекетінің ықпалымен өсімдік жамылғысы сиреп, шөлге ұқсас ландшафттардың пайда болуы. Дүниежүз. климаттың өзгеруі мен оның қуаңдануының өсуіне байланысты Шөлейттену процесі қарқынды жүруде. Шөлейттену нәтижесінде биологиялық өнім мен түр саны азайып, топырақ құнарсыздана бастайды. Қазіргі кезде құрлық бетінің 13 бөлігінде топырақтың құнарлы қабатының жоғалу қаупі бар, ал оның әсерінен Жер шары халқының 15 зардап шегуі мүмкін. Соңғы 50 жыл бойында дүние жүзінде 800 миллион га-дан астам жер Шөлейттенуге ұшыраған. Мұның негізгі бөлігі Африка құрлығына келеді. мысалы ,Сахара шөлі оңтүстікке қарай 650 - 700 км шамасында жылжыған, ғалымдардың болжамы бойынша 2020 жылы Оңтүстік Африканың 60 миллион тұрғыны жарамды жерлердің Шөлейттенуі салдарынан өздерінің атамекенінен басқа аудандарға қоныс аударуға мәжбүр болады.
Шөлейттену процесі Орталық Азия елдері мен Қазақстанда да жылдам қарқынмен дамуда. Түрікменстанда ұзындығы 1000 км Қарақұм каналының бойында 100 км-лік аймақта топырақ қайталама сортаңданып, шөлге айналды. Арал теңізінің деңгейі 14 м-ге төмендеп, аумағының азаюы салдарынан 2,5 миллион га-дан астам жер қу тақырға айналды. Бұл өңірден жыл сайын 75 миллион т тұз желмен көтеріліп, 100 км және одан да шалғай өңірлерге жайылуы салдарынан Шөлейттену процесі одан әрі үдей түсіп отыр.
Арал түбінің тұзы Тянь-Шань мен Памирдің мұздықтарына жетіп, олардың еруіне ықпалын тигізуде; Арал өңірі тұздарының тіпті Солтүстік мұзды мұхиттан да табылғаны анықталып отыр. Сондықтан БҰҰ-ның эксперттері Орталық Азия аумағындағы елдер өзара бірлесу арқылы кешенді іс-қи-мыл-ға (орман-мелиорац., гидро-тех., сексеуіл егу, т.б.) және табиғатты ұтымды пайдалануға (малды жайып бағуды реттеу, жер-су қорларын тиімді қолдану, т.б.) тезірек көшсе ғана бұл мәселе оң шешімін тауып, нәтижесін береді деген тұжырым жасады.
Шөлейттену процесінің кең етек алуына байланысты дүние жүзінде 17 маусым - Шөлейттенумен күрес күні деп белгіленіп, 1997 жылы "Шөлейттенуге қарсы күресу" туралы Конвенция қабылданған. Қазіргі уақытта дүние жүзінің эколог-ғалымдары Шөлейттенуді мүмкіндігінше тежеу үшін күш салуда. мысалы , ауыл шаруашығы әдісі, яғни, тақырланып қалған және адам пайдаланбайтын жерлердің көлемін азайту үшін - терраса салу жиі қолданылады, т.б.
Болашақта халқымыздың саны 2024 жылы 18 млн. жетпек. Ең бастысы ауыл шаруашылығы саласының нарық талабы мен сұранысына бейімделіп дамуын қамтамасыз жасайтын, жер ресурстарының құнарлығы екенін естен шығармауымыз қажет. Қазақстан Республикасында шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламаның екінші кезеңіне сәйкес, 2009-2010 жылдарда, тұрақты жер пайдаланудың нормативтік талаптары мен экология-экономикалық тетіктерін жетілдіру бағытындағы жұмыстарды жандандыру қажеттілігі туындап отыр. Экономикасы дамыған елдердің тәжірибесі байқатқандай, ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуы үшін ойластырылған, жүйелі мемлекет деңгейіндегі экология-экономикалық тетіктерді жетілдіру қажет.
Жер құнарлығын арттыра отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерінің түсімін молайтуға және сапасын жақсартуға қол жеткіземіз. Нарықтық тауар-ақша қатынастарына сәйкес, бонитет балы жоғарлаған сайын олардың бағасы да жоғарлайды. Ауыл шаруашылығындағы өндірілген өнім, оған кеткен шығынды толық ақтап, жер иесіне пайда әкелуі қажет. Егіс алаңдарының ұтымды құрылымын әзірлеу кезінде, егістіктің құнарлығы жоғары алқаптарын ең түсімі жоғары, экономикалық жағынан тиімді дақылдарға бөлу қажет. Егістіктің топырақ құнарлығын біле отырып, түсімді мол беретін дақылдарды орналастыру керек. Қазіргі қаржы дағдарысы жағдайында ауыл шаруашылық жерлерін пайдалану мен қорғауды мемлекет қатаң бақылауға алудың қажеттілігін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Сонымен қатар, ауыл шаруашылық жерлерін меншіктің қай формасына жатуына қарамастан, жылда құнарлығын арттырып отырудың экономикалық тетіктерін жетілдіріп отыруға тиіспіз. Сонда ғана ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуына қол жеткіземіз және әлемдік стандарттарға сай сапалы өнімді өңдеп, әлемдік рынокта өзіміздің лайықты орнымызды алуға көмектеседі. Сапалы ауыл шаруашылық өнімдері халқымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартып, ұлттық экономиканың тұрақты дамуына оң ықпал жасайды және егістік жерлердің дағдарысын тоқтату мүмкіндігіне ие боламыз.
Ауыл шаруашылық жерлерінің өнімділігін арттыру арқылы халқымызды сапалы азық-түлікпен және еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті дамыған 50 елдің қатарына қосылу үшін және ДСҰ мүшелікке кіруде, ауыл шаруашылық жерлерінің құнарлығын арттыруды басты назарда ұстауы тиіс. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығын дамытудың жоғары қуаттылық мүмкіншілігі және егістік алқаптары аудандарының көптігінен әлемнің озық елдерінің қатарында бола алады. Ауыл шаруашылығы саласы елімізді сапалы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз жасауда және ел экономикасының қуаттылығын арттыруда, табиғат тепе-теңдігін сақтауда айрықша маңызды орын алады. Егістік жерлердің құнарлығын арттыру нарықтық экономикадағы шешуін кейінге қалдыруға болмайтын өзекті де күрделі мәселе қатарына жатады. Осыған орай, ғылымға негізделген ауыл шаруашылық жерлерінің құнарлығын арттырудың экология-экономикалық тетіктерін жетілдіру - аса маңызды экономикалық шара болып табылады.
Қазақстанның көп бөлiгi қуаң аймақта орналасқан және оның аумағының шамамен 66%-i түрлi деңгейде шөлейттену процестерiне бейiм. Алдын ала есептер бойынша жайылымның тозуынан залал, егiстiк эрозиясынан, қайталама тұзданудан және басқа да себептен алынбаған кiрiс шамамен 300 миллиард теңгенi құрайды.
Қазақстан үшiн елеулi iшкi қатердi бiлдiретiн жердiң шөлейттенуi мен тозу проблемасы шаң-тұз дауылының пайда болуы және ауа массаларының ластаушы заттарды алыс қашықтыққа жеткiзуi нәтижесiнде бiртiндеп трансшекаралық проблемаға айналуы мүмкiн.
2004 жылдың барысында шөлейттенудiң көлемi мен құрғақшылықтың терiс әсерiнiң алдын алуға және қысқартуға, тозған жерлердi және топырақтың құнарлылығын қалпына келтiруге, ресурстық базаны сақтауды жәненемесе қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн, халықтың экологиялық қауiпсiздiгiн нығайтатын тұрақты жер пайдаланудың экономикалық тетiктерiн әзiрлеу мен енгiзуге, сондай-ақ шөлейттенумен күрес процесiнде халықтың кең қауымының хабардар болуы мен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған шөлейттенумен күрес жөнiнде бағдарлама әзiрлеу және бекiту қажет.
Бағдарламаның негiзгi нәтижелерi шөлейттену процестерiн болдырмау және жердiң тозу ауқымын қысқарту, шөлейттенумен күрестiң экономикалық тетiктерiн енгiзу, ауыл шаруашылығы жерлерiнiң өнiмдiлiгiн арттыру болмақ.
Экономикалық бағалау деп ауыл шаруашылық өндірістің негізгі құралы ретінде жер сапасын экономикалық бағалау көрсеткіштер арқылы бағалауды айтады. Бірақ егемендік алғалы отандық жер ресурстарының құнарлығын арттырудың экономикалық мәселелерімен айналысқан ғылыми еңбектер өте аз болып отыр. Тіпті аймақтар деңгейінде ауыл шаруашылығы айналымынан шыққан жерлердің экономикалық мәселелерін көтерген еңбектер тапшы екенін айтуға тиіспіз. Жер ресурстарын экономикалық бағалау ұлттық экономикамыздың өзекті де күрделі экономикалық мәселесі екенін айтуға тиіспіз. Жерді бағалау туралы екі бағыт айқындалды: топырақтың сапасын бағалау және жер қорын экономикалық бағалау. Топырақ сапасын бағалау экономикалық бағалаудың негізгі және алғышарты болып табылады. Жердің сапасын бағалау үшін оның әртүрлі табиғи қасиеттері өнімділігі тұрғысынан және оған әртүрлі климаттық жағдайдың топырақ түрінің әсері айқындалады.
Көптеген еңбектерде топырақты агроөндірістік тұрғыдан топтастыру және жерді пайдалану жөнінде ұсыныстар беріледі. Олардың бір тобы мәселені топырақ карталарын жасау арқылы шешеді, екіншілері жерді өндіріс құралы ретінде бағалайды. Бүгінгі таңда топырақ бонитетін бағалаудың бірнеше жолдары бар. Оларды екіге бөлуге болады:
1) топырақтың қасиетіне байланысты өнімділігін ескеріп, бонитетін бағалау;
2) жерді өнімділігіне байланысты табиғи қасиетін ескеріп бағалау.
Бонитет балдары: топырақтың құрамындағы шірінділердің (гумус), тұздардың, минералдардың шамасына, топырақты суды сіңіру қасиетіне, ауаны өткізуіне байланысты анықтайды. Негізгі бал бонитеті топырақтың 50 см қабатында шірінділер (гумус) шамасына сәйкес белгіленіп, басқа қасиеттері бойынша саралаушы коэффициенттер қолданылады. Аудан, аймақ және нақты жерлер бойынша орташа бонитет балдары есептеліп, олар дәнді дақылдардың көпжылдық орташа түсімімен салыстырылады. Бұл көрсеткіш жерден алынатын өнімдерді болжауға, жоспарлауға мүмкіндік береді. Осы көрсеткіш арқылы жерді тиімді пайдаланылғаны бағаланады.
Балл бонитеттерін пайдаланып ауыл шаруашылық кәсіпорындарын бағалауға болады. Экономика ғылымында жер ресурстарын экономикалық бағалауда 2 пікір бар: шығындық және ренталық. Біріншісі бойынша мұнда бағалаудың негізіне жерді пайдалануға жұмсалған еңбек құралдардың шығынын жатқызады. Аталған әдісті академик С.Г.Струмилин ұсынған.
Құнарлылық - топырақтың өсімдікке қажетті қорек мөлшерін тауып беру қабілеттілігі. Құнарлылық 3 бөлінеді: табиғи; жасанды; экономикалық.
2.2 Қазақстандағы шөлейттенудiң мәселелері
Топырақтың жел және су эррозиясы. Қазақстанда топырақтың жел эррозиясымен туындаған шөлейттену далалы, құрғақ далалы, жартылай шөлейттi және шөлейттi ландшафтарды қамтыған. Жел эрозиясының әсерiнен топырақтың жұқа бөлшектерiнiң ұшып кетуi және топырақтың құмдануы болады. Егістік жерлердiң желмен үрленген қабатында қарашiрiннiң құрамы азаяды, сiңiрiп алу көлемi қысқарады, карбонаттылығы көбейедi, агрохимикалық және сулы-физикалық қасиеттерi нашарлайды.
Бүгiнгі таңда Қазақстанда егістiк жерлерде дефляцияның зияндығының әлсiздiгiне оның қысқаруына байланысты болжау жасауға болады. Алайда, республикамыздың қуаңшылық аймақтарында, әсiресе қатты жұтаған жайылымдарда жер эррозиясының күшею қауiптiлігі бар.
Суармалы жерлердi кеңейту жөнiндегi бағдарламаны iске асыру барысында суландыруға сорғытылмаған және тұздалған топырақтардың ауқымды алқаптары тартылды. Көлемдi суландырудағы өңiрлердiң су және экологиялық проблемаларының басты себебi болып жетiспеушiлiк емес, осындай табиғи жағдайдағы басқа елдерде судың үлестік шығыстарынан орташа алғанда, бiр табан жоғары тұратын, суды үнемсiз пайдалану болып қалуда. Бұл суды тасымалдаудың қарабайыр технологияларымен, экономикалық ынталандырудың және оны үнемдеу дәстүрiнiң болмауымен белгіленедi.
Зop сүзгi шығындары мен суғарудың үнемсiз емес нормалары қайталама тұзданудың, батпақтанудың және су эрозиясының негiзгi себебiне айналды, ал кәрiздi сулардың төгіндiсi өзендердiң тыңайтқыштармен, пестицидтермен ластануына және жоғары минералдануына алып келдi. Алапаттың салдары Әмудария, Сырдария және Iле өзендерiнiң ластануы мен су балансының бұзылуына әкелдi. Олардың ықпалы Балқаш және Арал өңiрiнiң экологиялық және экономикалық проблемалар кешенiне де әсерiн тигiздi.
Арал өңiрiндегі экологиялық шиеленiс осы ғасырдың ең қайғылы оқиғаларының бiрi болып табылады. Шөл орталығында орналасқан теңiз қоршаған өңiрлердiң табиғи-климаттық және экологиялық жағдайына қолайлы әсер еткен және Арал өңiрiнiң кең аумағында ылғалдылықтың реттеушiсi, оңтүстiк шөлдерден келетiн аңызақ желдерден қорғаушы болды. Теңiз жоғары биологиялық өнiмділiкке ие болды, маңызды балық шаруашылығы, аң шаруашылығы, көлiк және рекреациялық мәнi болды.
Әмудария мен Сырдария өзендерiнiң су ресурстарын суғаруға экстенсивтi пайдалану нәтижесiнде теңiз екi су қоймасына - Yлкен және Кiшi Аралға бөлiндi. Өзендердiң күзгi жайылуы қысқарды, тоғай және қамыс тез майды, фауна мен флораға бай көптеген теңiз маңы көлдерi құрғап қалды, құмды шөлдердiң шекарасы кеңейдi, климаттың құрғақшылығы күшейдi, ауаның ылғалдылығы 10-18% азайды, аязсыз кезеңнiң ұзақтығы 30-35 күнге қысқарды. Сортаңдану және батпақтану нәтижесiнде ғана Сырдария өзенiнiң бассейнiнде жыл сайын ауыл шаруашылығы айналымынан суғарылатын жерлердiң 10-15% шығады. Жайылымдардың өнiмдiлiгi 2-3 есе азайды және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмдiлiгi қысқарды.
Арал қасiретiнiң әлеуметтiк, экономикалық және экологиялық салдарлары зор. Арал өңiрi аудандарында төтенше санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қалыптасты және мұнда соңғы 15-20 жылда жұқпалы аурулар, әсiресе, iш сүзегi, туберкулез, вирусты гепатит, сондай-ақ онкологиялық аурулар ұлғайды.
Осындай проблемалар Балқаш маңы өңiрiнде де туындауы мүмкiн.
Гидрографиялық желiнi жаппай реттеудiң төтенше терiс салдары болды. Малды суару және жеткiлiксiз гидрологиялық негiздерсiз суғарылатын жайылымдарда дақылдарды суғару мақсаты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шөлдену – ғаламдық экологиялық мәселе
Қазақстанның шөлді аймақтары туралы
Техногендік шөлейттену
Қазақстанда шөлдену мәселесі
Шөлдің солтүстік және оңтүстік бөліктері
Биосфераның ғаламдық экологиялық мәселелері: Әлемдік мұхиттың, атмосфераның, топырақтың ғаламдық ластануы. Экологиялық жағдайлар мен экологиялық дағдарыс
Табиғи ортаның жергілікті аймақтық және ғаламдық масштабтағы мәселелері
Ғылыми мақала дайындаy
Өсімдіктер мен жануарлар әлеміне антропогендік әсер
Ақтөбе облысының шөлге айналу проблемалары
Пәндер