Жалған жолдас — көзіңе мақтар,
Сырт айналып, сойылын баптар.




Жолда жатқан жантақты алып таста,
Жолаушыға кірмесін сенен басқа.




Баламен жолдас болсаң,
Бала боларсың,
Қариямен жолдас болсаң,
Дана боларсың.




Жолың болмайын десе
Алдыңнан өр кездеседі.
Атың құлап,
Арылмас сор кездеседі.




Желді қуған жоғалар,
Жолды қуған оңалар.




Жақынға жаны ашымағанның
Бір беті қара,
Жолдасына жаны ашымағанның
Екі беті қара.




Жолдасын таппаған ер азады,
Қордасын таппаған жер азады.




Жолдасыжоқ жігіттің —
Олжасы жоқ.




Жолы болар жігіттің
Желі оңынан тұрады.




Жол жаман болса,
Атаң да сүрінеді,
Атан да сүрінеді.




Жалғыз жүрсең, жолмен жүр,
Жолдан жолдас қосылар.
Жолдан жолдас қосылса,
Жолың болмас несі бар?!




Алыс жүрсең де, жолмен жүр.




Әңгіме жол қысқартады.




Көзі соқырға жолдас болсаң да,
Көңілі соқырға жолдас болма.




Қасқыр ішік киген
Қасындағы жолдасының
Тоңғанын білмес.




Жолдасың жақсы болса
Жолым ұзын деме,
Жолдасың жаман болса,
Қолым ұзын деме.




Жортуылшының басы жолда қалады.




Жүрместен бұрын,
Жолыңды байқа,
Киместен бұрын,
Тоныңды байқа.




Жолаушының ақысы — жүрсе өнеді.




Жолаушыны сусындатпай тұрып,
Бұйымтайын сұрама.
Алыс сапар,
Алғашқы адымнан басталады.




Жол сұраған кісі адаспайды,
Жөн сұраған кісі жаңылыспайды.




Жолаушыны жол сынайды.




Жолдасың бұзық болса,
Сенің түзіктігің қайсы?




Жаман жолдастан,
Жақсы дұшпан артық.




Арбасының дөңгелегін майламаса,
Арбакештің шайы қайнамайды.




Пәндер