Гүлзар




Презентация қосу
Гүлзар
Орындаған: АГ-213
Аққазынова Ж.
Тексерген:
Джаманова Г.Е.
Гүлзар – бұл бау-бақша, саябақ, мекеме және
тұрғын үй маңын, жол бойын көгалдандыру үшін әсем
гүлдер өсірілетін алаң. Гүлзарда бір, екі не көп жылды қ
және кілем тәрізді өң беретін өсімдіктер өсіріледі. Ол
үшін өсімдік түрлерінің биологиялық ерекшеліктері,
гүлінің әсемдігі ғана емес, гүлдің түсі, пішіні,
жапырақтарының үлкен-кішілігі, сабағының ұзындығы,
гүлдеу мерзімі, ұзақтығы, өсімдіктердің бір-бірімен
үйлесімділігі ескеріледі. Гүл жарып, солған өсімдік
орнына жаңасы отырғызылады. Гүлзарлар түрліше
болуы мүмкін: клумбалар, рабаткалар, ландшафтық
Гүлзарлар – миксбордерлер, партерлер, Қазақстанда
Гүлзар өсіруде, көбінесе геометриялы және көркем
сызықты-өрнектеу әдістері қолданылады. Әсіресе,
қазақ халқының түс киіз, текемет оюларының нақышын
келтіретін ұлттық ою-өрнектер (қошқар мүйіз, жас бұта,
гүл, жапырақ, т.б.) қызғалдақ, сарғалдақ, қалампыр,
боз кілем, т.б. гүлдердің түрлерімен беріледі. .
Гүлзар түрлері
Жүйелі гүлзар - оның негізгі ерекшелігі,
геометриялық өрнектер тек гүлден жасалады,
пішіні симметриялы болып келеді.

Негізгі белгілері:
а. Барлық гүлдер бір мезгілде гүлдеуі қажет.
б. Көшеттер арасындағы шекараның сақталуы.

Жүйесіз гүлзар – гүлдерді топтармен
отырғызады. Мұндай гүлзарлар табиғи гүлге
ұқсас келеді де, арасындағы шекараларды
өсімдіктер жауып тұрады. Гүлзарды гүл топтары
бірінен соң бірі гүлдейтіндей етіп отырғызады.
Бұл гүлзардың ұзақ сақталуына негіз болады.
Гүлзарлардың пішіні әртүрлі (төртбұрышты, сопақ,
дөңгелек) болуы мүмкін. Шеттері 10см, ал ортасы 30-40см
биіктікте болады. Гүлзардың шетіне газоннан ша ғын (10-20см)
жиек жасалуы тиіс. Гүлзар жасау үшін алдымен оны ң шекарасын
сызып алып, топырақты бір күрек бойы қазып, құнарлы топыра қ
төсеу керек.10-15 күннен кейін (топыра қ ны ғыздал ған со ң)
ортасынан бастап өсімдіктерді отырғыза бастау ға болады.
Бедерінің тым кішкентай және күрделі болма ғаны д ұрыс ж әне
клумбаны тым үлкен жасаудың керегі жоқ. Өсімдіктерді та ңдап
алғанда оның түстерінің үйлесімділігіне қойылатын талаптарды,
сондай-ақ жекелеген өсімдіктердің өсу сипаты мен биіктігін
ескеру қажет. Өсімдік неғұрлым биік бол ған сайын ол ортасына
таман орналасуы тиіс. Аласа өсетін өсімдіктерді ты ғыз
отырғызып Гүлзар жасаудың қажеті жоқ.
Гүлзар өсімдіктері
Гүлзарландыру жұмыстарын жүргізгенде міндетті түрде
көгалдандырылатын алқаптың ауа райы, топыра қ құрамы, жер бедері
сияқты ерекшеліктері ескеріледі, суаруға қажетгі су к өздері
қарастырылады. Осы факторлар бойынша отыр ғызылатын өсімдіктер
құрамы да анықталады. Орман ағаштары мен б ұталар көшеттері,
шөптесін өсімдіктердің жас өркендері мен тұқымдары әр айма қта
орналасқан питомниктерден алынады. Осы себептен біз мына келесі
өсімдіктерге тоқталайық.
Гүлзар өсімдіктерінің
жіктелуі
Жылу сүйгіш бір жылыдықтар (арыстанауыз,
цинния және т.б)
Суыққа төзімді біржылдықтар (қызғалдақ)
Суыққа төзімді көпжылдықтар (эрика,
дельфиниум т.б.)
Жылу сүйгіш көпжылдықтар (фиалка,
пеларгония, фуксия)
Экзотикалық жылу сүйгіш көп жылдықтар
(пальма, канна, дурман, клещевина)
Суыққа төзімді бір жылдықтар (бурачок, кларкия,
годеция)
Есінек (Antirrhinum majus L.)
Тұқымдасы: сабынкөк
Отаны: Негізгі шыққан отаны – Оңтүстік
Еуропа. Қазақстанда бау-бақшаларда арамш өп
ретінде өсетін 1 түрі – ірі Есінек (А. majus) бар.
Биіктігі 30 – 70 см. Сабағы бұтақталған,
жапырақтары ұзынша немесе қандауыр тәрізді,
жоғарылаған сайын ұсақтала береді.
Гүлшоғыры шашақ пішінді. Маусым – қазан
айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі –
қорапша, тұқымы ұсақ.
Биологиясы: жарықсүйгіш, суыққа төзімді,
суды жақсы көреді.
Көбеюі: ашық грунтта немесе көшетке
отырғызу ретінде.
Қолданылуы: қалалық гүлзарларды
әсемдеуде қолданылады.
Қашқаргүл - Сallistephus chinensis (L.)
Nees
Тұқымдасы: Күрделі гүлділер (Астровые)
Отаны: Қиыр Шығыс, Қытай, Монғолия, Корея.
көптеген түрлері бар біржылдық немесе к өпжылды қ, ш өптесін
және жартылай бұтақты өсімдік. Халық арасында « қыр қүйекг үл»
деген атпен танымал. Гүлі кішкентай, түсі әр алуан а қ, к үлгін,
көк, сиякөк, қызғылт болып келеді. Көгалдандыруда 80-ге жуы қ
түрі қолданылады. Бұл гүлдің биіктігі сұрпына қарай 15 см-ден 1
метрге дейінгі аралықта. Қашқаргүлдің барлы қ түрі қырк үйек-
қазан айларында гүлдейді. .
Биологиясы: жарықсүйгіш, суыққа төзімді.
Аурулары және зиянкестері: көбінде фузариоз, тат, (фитофтороз,
ризоктониоз, склеротиниоз) ауруларына шалды ғады. К өбелек, кене
зиянкестері.
Көбеюі: тұқымдарымен.
Қолданылуы: көгалдандыруда қашқаргүлді түріне қарай альпі
шоқысына, гүлзарларға және жол жиегіне шарба қ ретінде өсіреді.
Шырайгүл (Petunia L.)
Тұқымдасы: Алқа тұқымдастары (Solanaceae)
Отаны: Оңтүстік Америкадан әкелінген. Оларды
балкондарда, террасаларда, горшоктарда, жол жа ғалауында
өсіруге пайдаланады. Бұл өсімдіктер жылу ж әне жары қ
сүйгіш өсімдіктер, сондықтан оларды ашық топыраққа
отырғызуға асығудың қажеті жоқ. 15 маусым айынан кейін
отырғызған жөн. Қыржай аймақтарда маусым айынан
қазан айына дейін гүлдейді. Сорттарын топтар ға г үліні ң
мөлшеріне және өсімдіктің биіктігіне қарай бөледі.
Биологиясы: Топырақ ылғалын қажет етеді. Үлкен
жапырақты түрлері жылу сүйгіш, қоректік заттарды к өп
қажет етеді.
Көбеюі: тұқымдарымен.
Қолданылуы: бағбандардың өмірінде петуния үлкен рөл
атқарады. Қазақстанда үлкен, түрлі-түсті әдемі г үлшана ғы
бар шырайгүлді қала көшелерін, саябақтарды, үйді ң ауласы
мен қылтималарды безендіру мақсатында отырғызады.
Бархытгүл (Tagetes . erecta L.)
Тұқымдасы: Күрделігүлділер (Астровые)
Отаны: Оның 35 түрі белгілі. Барқытшөп табиғи жағдайда
тек Мексикада өседі. Қазақстанда ұсақ барқытшөп, тік
арқытшөп, ауытқы арқытшөп деген түрлері қолдан
өсіріледі. Биіктігі 10 – 150 см-дей. Сабағы тік, оған
қауырсынды, тілімденген жапырақтары қарама-қарсы
орналасады. Сары, қызғылт сары, қоңыр түсті гүлдері себет
гүлшоғырына топтасқан. Қорғаныш қызметін атқаратын 5
орамжапырағы жұмыр білікше тәрізді бірігіп өседі. Оның
сыртында майлы зат (эфир майы) бөлетін бездері болады.
Қос жынысты, тұқымынан көбейеді. Шілдеден қазан айына
дейін гүлдеп тұрады. Жемісі – қара түсті, ұзынша келген
тұқымша. Барқытшөп жарық сүйгіш, шөл мен суыққа
төзімді өсімдік болғандықтан алаңдарды, гүлзарларды,
саябақтарды, көшелерді көгалдандыру мақсатында
өсіріледі.
Қырмызыгүл (Календула) (Calendula)
Тұқымдасы; Күрделігүлділер
Отаны: Шығыс Азия
Бір жылдық, кейде көп жылдық шөптесін өсімдік. Биіктігі 50 см-
дей. Сабағы бұтақтанып өседі. Жапыра қтары ұзынша қондырма,
қандауыр пішіндес, жиектері тегіс. Г үл шо ғы ұзын г үл сидамына
орналасқан себетгүл, оның шетін 1 — 2 қатар жапыра қ қоршап
тұрады. Гүлі көбіне сары, сарғыш түсті, сондай-а қ қос жынысты,
хош иісті. Тұқымы таға пішінді. Мамыр айыны ң ая қ шенінен
бастап, суық түскенге дейін гүлдейді. Жемісі — д әнек.
Қазақстанның барлық аймағында егілетін 1 ғана т үрі бар, ол —
дәрілік қырмызыгүл (С. offіcіnalіs). Оның құрамында календен
атты ащы зат, шайыр, әр түрлі қышқылдар, шырышты заттар ж әне
каротиноидтар, алкалоидтар, эфир майы бар. қырмызыг үлді ң
дәрілік қасиеті ежелгі Грекияда белгілі бол ған. Халы қты қ
медицинада қырмызыгүл жара, безеу, шиқан, ұшы қ ж әне к өз
ауруларын емдеуге қолданылады. Себеті тама ққа пайдаланылады.
Саябақтар мен гүлзарларда әсемдік үшін қолдан егіледі.
Жалбыз (Шалфей) (Salvia spiendes)
Тұқымдасы: ерінгүлділер
Отаны: Бразилия. Ол - хош иісті, к өп
жылдық шөптесін өсімдік. Солтүстік
қоӊыржай ендікте көп тараған. КСРО-
да 20-дан астам түрі өседі.
Қазақстанда жалбыздыӊ 9- түрі өседі.
Сабағы тік, жапырақтары қарама
қарсы орналасқан болады. Оныӊ дала
жалбыз, су жалбызы, бұйра жалбыз,
кермек немесе бұрыш жалбыз секілді
маӊызды түрлері бар. Дала жалбызы
суармалы жерлерде, өзен, көл, бұлақ
маӊында, шалғындықтар мен
тоғайларда, арық бойында өседі.
Үлбірек (Хатьма) (Lavatera L.)
Тұқымдас: Құлқайыр
Отаны:Солтүстік Америка, Европа, Жерорта те ңізі. Бір не көп
жылдық шөптесін өсімдіктер, бұталар, кейде а ғаштар.
Қазақстанның барлық аймақтарындағы далалы, шалғынды
жерлерде, бұталар арасында, өзен, көл жа ғалауларында ж әне жол
бойында өсетін 1 түрі — тюринген Үлбірегі ( L. thurіngіaca) бар.
Биікігі 25 — 200 см. Бірнеше жай тарма қтал ған немесе жо ғ. жа ғы
бұтақталған сабақтары болады. Жүрек тәрізді жапыра қтары бес
қалақты. Гүлдері қос жынысты, ірі, олар бір-бірден жапыра қ
қолтығында орналасады. Күлтесі қызғылт түсті, аталы қ
түтікшелері бүйрек тәрізді тозаңқаптан, түйіні (жатыны) 6 — 40
жеміс жапырақтарынан құралады. Аналық аузы үшкір, ішкі жа ғы
түкті болады. Маусым — қыркүйекте гүлдеп, жеміс береді. Жемісі
екі жағынан қысыңқы, ашылмайды, бүйрек т әрізді, піскен кезде
шашылады. Тұқымы қара қоңыр түсті, жылтыр. Үлбіректен кендір,
арқан жасайтын талшық алынады; г үлі әдемі бол ғанды қтан с әндік
үшін өсіріледі, жақсы мал азығы және шірнелі өсімдік. Халы қ
медицинасында тамырынан алынған тұнбаны тыныс жолдарын
емдегенде ішеді.
Цинния (Zinnia elegans L.)
Тұқымдасы:
Күрделігүлділер (Астровое)
: Оңтүстік Мексика таны
Биологиясы: жылусүйгіш,
аздаған суыққа төзімсіз.
Күн көзі жақсы түсетін
алаңдарда жақсы өседі. .
көбеюі: тұқым арқылы
Қолданылуы: Гүлдері
жарқырап тұратыны үшін
бағаланады. Балкондарда,
гүлзарларда өсіруге тиімді.
Георгина (Dahlia Cav.)
Тұқымдасы: Күрделігүлділер(Астровые)
Отаны: Орталық Америка. Сабағының биіктігі 35 – 200 см., іші
қуыс. Жапырағы тілімденіп, қарама-қарсы орналас қан. Г үл
шоғыры – түтікше және тілше немесе тек тілше г үлдерден
құралған, түсі алуан түрлі. Оңтүстік және орталық Америкаға
тараған 15-ке жуық жабайы түрі белгілі. Қолдан өсірілген 8000-нан
астам сорты бар. Бақта өсірілетін Георгинаны к үлтесіз, жартылай
күлтелі және күлтелі деп үш топқа бөледі. Георгинаны жеке не
топтастырып отырғызады және оны ұластыру үшін де
пайдаланылады. Оны қаламшадан, тұқымынан ж әне т үйнектерін
бөлу арқылы көбейтеді. Мұны тыңайтқыш шашалған, қолдан
жарық берілетін жерге отырғызады. Ірі гүл шоғырын алу үшін бір
түпте үш сабақтан артық қалдыруға болмайды.
Назарларыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Гүлзарлар құру
Алматы қаласында
Алматы қаласында ескерткіш - бюст
Алтай ботаникалық бағы
Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған күн
Білім беру мекемелерінің аумағын көгалдандыру
Көшеттік жылыжай Гүлзар жылыжайы Көкөністік жылыжай
Біз таңдаған жолдар
Алматы қаласындағы Бас ботаникалық бақ
Қой атасын ата
Пәндер