Өзін өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруының шарты




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік
универсиететі
Жаратылыстану-математика факультеті
Математика кафедрасы

Өзін-өзі тану

Орындаған: Т-411 топ студенті Кәкенова Мәдина
Тексерген: Көшкімбаева.Р.С
Семей қаласы
2015 жыл
СРО №1

Тақырыбы:
Өзін өзі тану тұлғаның
өзін-өзі жүзеге
асыруының шарты
Жаңа ғасыр толқыны әкелген жаңалықтарға сәйкес
қазіргі заманда адамның тұлғалық дамуына баса назар
аударылып, жас жеткіншектерге берілетін білім негіздері
олардың жеке даралық қабілеттерін жетілдіруге қызмет
етеді. Әр баланың ішкі мүмкіндігі мен өзіндік қарымын
дамытуға әсер ететін рухани адамгершілік қағидалары
жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуының, өзін-өзі жүзеге
асыруының аса қажетті шарты болып табылады.
Әлеуметтік психология, жалпы психологиядағы «жеке тұлға» анықтамасына
сүйене отырып, жеке тұлға бір жағынан, қандай нақты топтарда әлеуметтік
әсерлерді қалай игеретіні, екінші жағынан нақты топтарда өзінің әлеуметтік
мәнін қалай іске асыратынын анықтайды. Жеке тұлғаны зерттеуде әлеуметтік
психологияның негізгі бағдары: жеке тұлғаның топпен қарым-қатынасында,
немесе жеке адамды топ мүшесі ретінде қарастыру. Әлеуметтік психологтар
адамдардың кәсібі бір-бірін қалай бағалайды, бір-біріне қалай әсер етеді,
әлеуметтік жағдайлардың ықпалы көптеген адамдарды адамгершіліктік немесе
қатыгездік көрсетуге қалай итермелейді, қалайша адамдар келісімпаз немесе
тәуелсіз болады деген сұрақтарға жауаптар іздестіреді.
Егер де әлеуметтік психологияда жеке тұлғаны талдаудың түйіні- оның топпен
әсерлесуі болса, онда ең алдымен қоғамның жеке тұлғаға әсері қандай топтар
арқылы іске асырылатынын анықтау қажет.Ол үшін жеке адам даму барысында
қандай микро, макроортада болғанын қарастыру керек. Яғни, әлеуметтік
психологияның дәстүрлі тіліне жүгінсек, бұл — әлеуметтену проблемасы.
Екінші жағынан, егер де жеке тұлғаны қалыптастырудағы әсер етуші
жүйелерқарастырылса, онда нәтиже қандай болады, жеке тұлға басқалармен
белсенді қарым-қатынасқа түскенде өзін қалай ұстайды, немесе оның әлеуметтік
бағдары қандай екенін қарастыру қажет.
Осы екі бағыт та әлеуметтік психология ғылымының жалпы қисынынан
туындайды және де осы бағытта әлеуметтік психологтар тарапынан көптеген
эксперименттік зерттеулер жүргізілген (әсіресе, шет елдік ғалымдардың
жетістіктеріқомақты). Қазіргі кезде үшінші бағыт-жеке тұлғаның әлеуметтік-
психологиялық сапаларын талдау проблемасы да туындап отыр.
Жеке тұлға белгілерінің пайда болуы мен дамуын
талдау үшін жеке тұлғалардың қалыптасу
процесіне әсер ететін мынадай факторларды
бөліп көрсетеміз:

биологиялық
тұқымқуалаушылық

Физикалық орта

Мәдениет

Топтық тәжірибе
Индивидуалды
тәжірибе
• Биологиялық тұқымқуалаушылық белгілері ауаға, суға, ұйқыға,
қауіпсіздікке, ауырмауға қажеттілікті қамтитын адамзат тіршілігінің туған
қажеттіліктері мен қабілеттерімен толықтырылады. Егер әлеуметтік
тәжірибелерде негізінен адам иеленетін жалпы белгілермен түсіндірілетін
болса, ал биологиялық тұқымқуалаушылық жеке тұлғаның
индивидуалдығын, оның қоғамның басқа мүшелерінің бастапқы
айырмашылығын түсіндіреді. Осыған байланысты биологиялық
тұқымқуалаушылық толығымен жеке тұлғаны жасай алмайды. Себебі
мәдениет те әлеуметтік тәжірибе арқылы беріледі.
• Физикалық орта. Кейбір зерттеушілер физикалық қоршаған ортаға жеке
тұлғаның дамуында үлкен роль берді. Атақты социолог П.Сорокин 1928 ж.
басылған еңбектерінде Конфуций, Аристотель, Гиппократтан бастап, қазіргі
кезеңнің географы Эллиот Хантингтонға дейінгі көптеген ғалымдар
теорияларын кеңейтті. Мұнда жеке тұлға тәртібіндегі топтық ерекшеліктер
негізінен ауа-райындағы географиялық ерекшеліктермен табиғи
ресурстардағы ерекшеліктерме,н анықталады. Ғалымдардың бұл тобына
философ Г.В.Плеханов пен Л.Н.Гумилевті де жатқызамыз. Бұл зерттеушілер
жасаған теориялар ұлттық сананы ақтау үшін негіз болып табылады, бірақ
жеке тұлғаның дамуына физикалық факторлардың шешуші әсерін ақтай
алмайды, шындығында ұқсас физикалық және географиялық жағдайда
жеке тұлғаның әртүрлі типтері қалыптасады және керісінше жеке тұлғаның
ұқсас топтық белгілері қоршаған ортаның әртүрлі жағдайларында дамиды.
Осыған байланысты физикалық орта әлеуметтік топтың мәдени
ерекшеліктеріне әсер ете алады., бірақ тұлғаның жеке қалыптасуына әсері
шамалы.
• Мәдениет. Анықталған мәдени тәжірибе барлық адамзат үшін жалпы
болып табылады және сол немесе басқа қоғам дамуының қандай
сатысында тұрғанына тәуелді емес. Сонымен қатар әрбір қоғам өзінің
барлық мүшелеріне басқа қоғам бере алмайтын кейбір ерекше
тәжірибелерді, ерекше мәдени үлгілерді береді. Амеркан зерттеушісі
К.Дьюбайс сол қоғамға тән жалпы белгілерді иемденетін жеке тұлғаны
модальды деп атады. Модальды тұлға деп Дьюбайс сол қоғамның
мәдениетіне тән кейбір ерекшеліктерді иемденетін жиі кездесетін жеке
тұлғалардың типін түсінді.
• Модальды тұлға қоғам мәдени тәжірибесіне барарда өзінің барлық
мүшелеріне беретін жалпы мәдени құндылықтарды өзіне сіңіреді. Яғни
әрбір сол қоғамның мәдениетіне сай келетін бір немесе бірнеше тұлғалық
типтерді дамытады. Бірақ күрделі қоғамда субмәдениеттің көп болуына
байланысты жеке тұлғалардың жалпы қабылдаған типін табу өте қиын.
Біздің қоғамымыз көптеген құрылымдық бөлімдермен сипатталады:
аймақ, ұлт, шұғылданатын іс, жас ерекшелік катег.ориясы, жеке тұлға
болады. Бұлардың әрқайсысы өздерінің жеке субмәдениетін жасауға
бейім. Бұл үлгілер жеке индивидтерге тән тұлғалық үлгілермен
араласады және аралас тұлғалық типтер пайда болады. Яғни жеке
тұлғалардың қалыптасуына биологиялық факторлары және жеке
әлеуметтік топтағы жалпы мәдени үлгі әсер етеді. Сонымен қатар
тұлғалардың қалыптасу процесін анықтайтын негізгі факторлар топтық
тәжірибе және индивидуалды тәжірибе болып табылады. Бұл факторлар
жеке тұлғалардың әлеуметтену процесінде толық бейнеленеді.
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында
тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүшесі ретінде
өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-
жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысып бағады.
Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтық
қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше дараланған тұлға.
Адамдар тұлға болып бірден дүниеге келмейді. Әрбір адамды
қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет. Тұлға дегеніміз-
адамның мінез-құлқындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы
ерекшелігімен даралануы. Адамдардың қоршаған табиғи
ортадағы құбылыстарды қабылдап түсінуі әртүрлі. Ол әр
адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық,
биологиялық ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Тұлғаны
дамыту – күрделі процесс. Оның үш маңызды аспектісі бар:
1.Әлеуметтік-психологиялық аспектісі. Ол өз кезегінде екі
факторға байланысты болады:
а) баланың танымы мен мінез-құлқына қажетті белгілі
қондырғылар, бағалы құндылықтар, түсініктер мен
ұстанымдардың мақсаты, қоғамдық әсері.
б) адамның өмір жағдайын, оның іс-әрекеттегі жеке стилін, тұлға
аралық қарым-қатынасты анықтайтын тұлғаның дамуы.
• 2. Психологиялық аспектісі тұлғаның танымдық үрдістерінің жеке
ерекшеліктерін қамтиды: есте сақтау, ойлау мен сөйлеу тағы сол сияқты
мінез-құлықтарын қарастырады.
3. Аспект тұлғаның ерекшеліктері мен қабілетінің психофизио- логиялық
дәрежесі негізінде нақтыланады. Тұлғаның даму процесі екінші және
үшінші аспектілердің көмегімен іске асырылады.
Сонымен, “тұлға” дегеніміз адамның мінез-құлқын, іс-әрекетін бір сөзбен
айтқанда өз бейнесін жасаушы. Әр адамның тұлға болып қалыптасуы
сыртқы күшке, табиғатқа және әлеуметтік жағдайға байланысты.
Тұлға дамуының теориялық негізін қарастыра келе тәжірибелік тұрғыда
С.А.Назарбаеваның рухани - адамгершілік білім беру жобасы негізіндегі
«Өзін-өзі тану» пәнінің оқу процесінде студент тұлғасының жетіліп
өзгеруін байқадық. «Өзін-өзі тану» пәнін жүргізудің келесі жалпы
мақсаттары ұстанылды: өзіндік рухани дүниені саналы түсінуге
жақындату, өз көзқарастарын қорғауға және дәлелдеуге үйрету (өз
көзқарасын логикаға сәйкес ешкімді ренжітпей ұсынуға, басқаның
көзқарасын тындауға, түсінуге үйрету), әртүрлі көзқарастар орын алған
жағдайда қарым-қатынас жасау дағдысын дамыту болып табылады.
«Өзін-өзі тану» пәнін жүргізу барысында студенттер келесі өзіндік
бақылау әдістерін қолданды. Мысалы, сабақтар бойынша әр тапсырманы
талдау жасалынып отырды. «Өзін-өзі тану» сабақтары студенттердің
білімдерін, дағдыларын, құндылықтар жүйесін дамытуда өте тиімді.
Жалпы барлық сабақтарда дискуссиялық сұхбат тәсілі қолданылды. Ұрпақ
өнегесі, олардың адамдық болмысы жайлы ой толғап, рухани-
адамгершілік білім беруді басты идея етіп ұстанатын «Бөбек» қорының
президенті С.Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» авторлық бағдарламасының
оқу-тәрбие үрдісіне енгізілуі жақсы бастама десек қателеспейміз. Бұл
пәннің негізгі мақсаты – адамның қоршаған ортаны танып, өзінің ішкі жан
дүниесіне үңіліп, өзін-өзі тану негізінде, адамгершілік–рухани әлеуетін
көтеру, баланың өзіндік «Менін» қалыптастыру.
- Қазіргі қоғам жастардың бойына адами құндылықтарды-мейірімділікті, сүйіспеншілікті,
қайырымдылықты, әділтікті, қамқорлықты бойына сіңіріп тәрбиелеуді талап етеді.
Рухани-адамгершілік тәрбие ерте балалық шақтан бастау ала отырып, адамның өмірінің
әр кезеңдерінде жүйелі дами келе, тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастыру нәтижесінде,
рухани бай, дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеуге өріс ашады.
«Өзін-өзі тану» пәні баланы жастайынан отан сүйгіштікке, әдептілікке, достыққа,
тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке, табиғатты сүюге, отбасын сыйлауға,
ұйымшылдыққа үйретеді. Адам бойына кішіпейілдік, сыпайылық, рақымшылық,
жанашарлық, сыйластық, тілектестік сияқты қасиеттерді дарыту және өзгелерді
қадірлей, сыйлай, құрметтей, тыңдай білу, қолынан келгенше адамдарға көмектесу,
кешірімді болуды үйрету де «Өзін-өзі тану» пәнінің үлесінде. Жас ұрпаққа-адамгершілік-
рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру
оның туған кезінен басталуы керек.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш
болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына
жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді
сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен мұғалімдер шешуші роль
атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие екі жақты процесс.
Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, мұғалімдердің балаларға белсенді
ықпалын, екінші жағынан - тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан,
сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске
асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін пайдалана отырып, мұғалім істелген
жұмыстардың нәтижелерін, тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.
Тұлғаның өзін-өзі тануының негізгі құрамдас
бөліктерін эксперименттік түрде анықтау мақсатымен
оның төрт негізгі аумағын және олардың
параметрлерін бөліп қарастырсақ, оларды
төмендегідей көрсетуге болады

Тұлғаның мотивациялық аумағы:
мінез-құлықтың және іс-әрекеттің
мотивтері, әлеуметтік қажеттіліктер

Белсенділік аумағы: интерналдылық,
инициативтілік, өзіне-өзі сенімділік,
өзін-өзі таныту

Тұлғаның құндылықтық-
мағыналық аумағы:
Тұлғаның этникалық өзіндік
құндылықтық бағдарлар,
санасының аумағы – этникалық
өмірдің мағынасы мен
жаңсақ нанымдардың негізінде
мақсаттары
қалыптасатын этномәдени
сәйкестілік
Басқаларға емес,
өзіне демеулік, Жауапкершілікті
көмек көрсете өз мойнына алу
алу

Гештальттерапияда өзін-
өзі тану адамның
тұлғалық кемелге
жетудегі жетістік құралы
ретінде қарастырылады.
Неміс психологы Ф. Перлз
тұлғалық кемел
сапасындағы көрсеткішін
мынандай түрге бөліп
көрсетеді.

Дағдарыстан
Қиын жағдайда
шығу үшін
өзіндік ресурсын
тәуекелге бару
жеделдету
Эмоционалды
құндылық Өзiн-өзi
қатынасы тану
Өзiн-өзi
реттеу

Өзiн-өзi
бақылау
Өзiн-өзi
бағалау

«Мен» субьект ретiнде әртүрлi белсендi iс-ірекеттердiң әсерiнен өзiн-өзi тану
қызметiн атқарады, оның өзi эмоционалды құндылық қатынасымен тығыз бiрге
жүредi.
Өзiн-өзi тану қорытындысында «Мен» образы тұсiндiрiледi және кейде жаңа
«Мен» образы жинақталынады. Тұлғаның талпынысы «Мен» образы бiрден пайда
болмайды, ең алдымен тұлға қасиеттерi, қылық, әрекет ерекшелiктерi тағы сол
сияқты өзi жайлы ойлар қалыптасады. Мұнда басты орынды өзгелермен
салыстыруы, өзiн-өзi бағалауымен ерекшеленедi. Егер «Мен» образы рационалды
түсiнiктi қабылданған мезетте «Мен концепциясы» жоғары деңгейде болады, ол
адам өмiрiне әсерiн тигiзiп, мақсатын, жоспарын анықтауға әсерiн тигiзедi
• Шәкәрім Құдайбердіұлының «Адамның жақсы өмір
сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан
басым болатын – адал еңбек, мінсіз ақыл, таза
жүрек», – деген нақыл сөзде айтылған адамның
жақсы өмір сүруіне негіз бола алатын адами
қасиеттердің мәнін ұғыну оқушылардың өз
бойларындағы адамгершілік қасиеттерді
дамытуына ықпал етеді.
Адамның пейілі таза, көңілі кең, мейірімі мол, әр
нәрсені қанағат ынсап тұта алу қасиетінің көптігі
ниетке байланысты екендігін Шәкәрімнің «Мейірім,
ынсап, әділет, шыдам, шыншыл харакет – түп
қазығы ақ ниет», – деген нақыл сөзі дәйектей
түседі. Мейірімді, қайырымды, сезімтал адам
әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақ
ниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің
байлығын, жан сұлулығын көрсетеді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Маралов В.Г. Основы самопознания и саморазвития. / В.Г. Маралов - М.:
Издательский центр «Академия», 2002 г
2. Майерс Д. Социальная психология / Д. Майерс. -Спб: Питер, 1999 г
3. Джакупов С.М. Экспериментальные исследовния этнических предубеждений //
Теоретические и прикладные проблемы социолизации личности: Межвузовский
сборник научных трудов. Часть ІІІ. / Под.ред. С.М. Джакупов. –Алматы, 2002 г
4.Бодалев А.А. О смысле жизни человека, его акме и взаимосвязи между ними //
Мир психологии, 2001.
5. Психология. Учебник. / Под редакцией А.А.Крылова. -М: ПБОЮЛ, 2001.
6. «Бала тәрбиесі» журнал №4. 2005 жыл
7. «Ұлағат» журнал №5. 2004 жыл Хрестоматия, Нұркеев С.С, Нұрбеков С.Ж,
Кашкарова Л.О Алматы “Бөбек”

Ұқсас жұмыстар
Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы
Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруының шарты жайлы ақпарат
Өзін­ өзі тану тұлғаның өзін­ өзі жүзеге асыруының шарты ретінде
Өзін-өзі тану тұлғаның өзін- өзі жүзеге асыруының шарты туралы ақпарат
Өзін-өзі тану тұлғаның өзінөзі жүзеге асыруының шарты
Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру шарты ретінде
Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру шарты
Өзін –өзі танупәнінің маңызы
Өмірдің мәні және кәсіби өзін - өзі анықтау психологиясы
Педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытуы
Пәндер