Химиялық байланыстың (типтері), валенттілік, тотығу дәрежесі




Презентация қосу
Химиялық байланыстың
(типтері), валенттілік,
тотығу дәрежесі
Сабақтың мақсаты:
• Қосылыстағы атомдардың бір-біріне
әсері арқылы жүзеге асатын күш
табиғатынының мәнін түсіндіру;
• Атомдар арасында химиялық
байланыстың қалай түзілетінін
анықтау;
• Молекуладағы байланыстың түзілуін
шартты түрде жазып үйрету7
Міндеті:

1.Химиялық байланыс жайлы ұғымды
қалыптастыру.
2.Жай және күрделі заттардан
химиялық байланыстың түрін анықтай
білу, әр түрлі байланыс түрі бар
заттарға түзілу схемасын құра білу;
ковалентті, иондық, металдық,
байланыстардың түзілу механизмін
түсіндіре білу.
Міндеті:
3. Дамыту:
☺Интеллектуалды дағды- себеп – салдарды анықтап,
соның негізінде қорытынды шығару, материалды
жүйелеу, тұжырымдау сұрақтарын құрастыру.
☺Сөйлеу дағдысы – топта жұмыс жүргізу кезінде
ғылыми тілде ойын жеткізе білу.
☺Коммуникативті дағды –дәлелді мысалдар келтіре
отырып өз ойын жеткізу, өзгелердің пікірін тыңдай
білу.
☺ Әлеуметтік дағды – топта жұмыс істеу.
Өткенге көз жіберейік,
ертедегі адамдар бұл туралы
қалай ойлады екен......
АУА

Ж С
Е У
Р
ЭМПЕДОКЛ
(біздің эрамызға дейінгі
V ғасыр)

ОТ

Ғаламдағы бар тіршіліктің төрт түбірі бар :
От және су, және жер, шектеусіз әлем бөлігі;
Не болды, не бар, және не болады барлығы да
солардан түзіледі, жалғасын таба бермек….
ДЕМОКРИТ
(б.э.д. 460 – 370 ж.ж. )

Әлемде тек қана атомдар,
бос кеңістік және
қозғалыс бар, деп
оқытты.

Ол атомдардың бос кеңістікте соқтығысуының
механикалық қажеттілігін ойлап тапты.
Түсінікті болуы үшін, атомдарды бір-бірімен бекіту
үшін ілгешекпен, ілгекті пайдаланды.
ПЛАТОН
(б.э.д. 427 – 347 ж.ж. )

Атомдар – бұл екі түрлі тік
бұрышты үшбұрыштар: катеті
тең бүйірлі және
гипотенузаның жартысына
тең.
Платон өзінің
шәкірттеріне өте көрнекі
түрде үшбұрыштың
бөлшектері арқылы
орындалатын барлық
өзгерістерді көрсетті.
тетраэдр октаэдр

ОТ АУА

СУ ЖЕР

икосаэдр куб
ЙЁНС-ЯКОБ
БЕРЦЕЛИУС
(1779 – 1848 ж.ж.)

Электрохимиялық теория
Химиялық элементтер арасындағы байланысты олардың
электрлік қасиеті тұрғысынан қарастырды. Яғни,
химиялық элементтердің бір түрінде оң, ал екіншілерінде
теріс заряд басым болады. Оң заряды басым элементтерге
металдарды, ал теріс заряды бар элементтерге металл
еместерді жатқыза отырып, химиялық қосылыстар
осылардың арасындағы тартылыстан туындайды деп
есептелінді.
Аталған ілім біртүрлі атомдардан тұратын
оттегі, сутегі, азот сияқты жай заттар
арасындағы байланысты түсіндіре алмады.

H-H H2

O=O O2

N≡N N2
ХИМИЯЛЫҚ
БАЙЛАНЫС
- химиялық қосылыстағы атомдардың
бір-біріне әсері арқылы жүзеге
асатын күштер жиынтығы
Химиялық байланыс түзілуде ең басты рольді
электрондар атқарады.

Химиялық байланыс түзілген кезде
атомдардың электрондық құрылымы
өзгеріске ұшырайды.
Атомдардың электрондық құрылымы
анағұрлым тұрақты болған жағдайда
ғана химиялық байланыс түзіледі.
Сыртқы электрондық қабаты ns2np6 типті
болған жағдайда электронды октет және 1 s2
аяқталған, анағұрлым тұрақты болады.
Басқа элементтің атомдары химиялық
байланыс түзу кезінде осындай электрондық
құрылым түзуге ұмтылады. Атомдар арасында
тұрақты (аяқталған) электрондық
құрылымда болатын ең маңызды екі түрлі
химиялық байланыстың түрі иондық
(электровалентті) және ковалентті байланыс
бар.
Иондық химиялық байланыс
электртерістілігі бойынша
айырмашылығы үлкен металл мен
бейметалл атомдары арасында түзіледі.
Иондық химиялық байланыс қарама
–қарсы зарядталған иондардың
электростатикалық тартылысы
нәтижесінде жүзеге асады.
Иондық байланыс теориясын
1916 жылы неміс ғалымы
В. Коссель ұсынған болатын. Бұл
теория типтік металдар мен
типтік бейметалдар атомдары
арасында: CsF, CsCl, NaCl, KF,
KCl, Na2O, CaO түзілетін
КОССЕЛЬ (Kossel), байланысты түсіндіреді. Осы
Вальтер теорияға байланысты иондық
1888 – 1956 ж.ж. байланыстың түзілу кезінде
типтік металл атомдары
электронды береді, ал типтік
бейметалл атомдары электронды
қосып алады.
Металдар химиялық әрекеттесуде валенттік
электрондарын беріп, оң зарядты иондарға (катиондарға):
Na0 – e = Na+
Бейметалдар электрондар қосып алып, теріс зарядты
иондарға (аниондарға) айналады:
Cl0 + e = Cl-.Әр аттас зарядты иондар бірін-бірі
тартып молекула құрайды:
Иондар түзілу арқылы жүзеге асатын байланыстарды
иондық байланыс, қосылыстың өзін иондық қосылыс
деп атайды. Иондық қосылыстардың қайнау, балқу
температурасы жоғары, қызуға тұрақты, олар
полюстік еріткіштерде тез ериді, ерітінділері электр
тогын жақсы өткізеді.
Иондық химиялық байланыс

натрий атом натрий ион

- иондық байланыс

хлор атомы хлор ионы
Иондық қосылыстар молекуласындағы
барлық иондар зарядтарының алгебралық
қосындысы нөлге тең болу қажет. Осыған
байланысты кез келген молекула электр
бейтарап бөлшек болып табылады.
Ковалентті байланыс – бұл атомдар
арасында ортақ электрондық жұп
есебінен жүзеге асырылатын
химиялық байланыс.
Ковалентті химиялық байланыста электрон
жұбының атомдардың арасында орналасуына
қарай полюсті және полюссіз деп екіге
бөлінеді.
Ковалентті байланыс теориясын
1916 жылы американдық ғалым
Джильбер Льюис ұсынды. Осы
теорияға сай, ковалентті
байланыс түзілуінің негізгі
себебі атомдар арасында ортақ
электрондық жұптың түзілуі
болып табылады. Ковалентті
байланыс жай зат молекулалары
Джильбер Льюис
арасында (H2), Cl2 , O2, N2 және
әр түрлі бейметалдар атомдары
арасында (HCl, H2O, PCl3 , NH3
CO2 түзіледі.
Полюссіз ковалентті химиялық
байланысты молекулада электрон жұбы
атомға ауыспай, симметриялы түрде
ортада орналасады. Полюссіз химиялық
байланыстағы қосылыстардың қайнау
және балқу температуралары төмен,
полюсті еріткіштерде иондар түзбейді,
электр тоғын өткізбейді.
Сутек атомының электрондық формуласы 1s1.
Сутектің электртерістілігі 2,1.
S – электрондарының электрон бұлттары сфера (шар)
тәрізді, олардың өзара әсерлесуін былай көрсетуге болады:
сонда s электрондарының бұлттары өзара қабысып,
екі электрон екі ядроға да ортақ, олардан бірдей
қашықтықта орналасады.
Сутегі молекуласындағы атомдардың ұсталып
тұрған күштерінің табиғатын алғаш 1927
жылы ағылшын ғалымдары Гейтлер мен
Лондон кванттық механика тұрғысынан
түсіндірді. Олар Шредингер теңдеуі бойынша
байланыстың екі сипатын - энергия мен ядро
аралық ұзындықты есептеді. Сутегі
молекуласы төрт микробөлшектен тұрады. Екі
атом бір – біріне жақындаған кезде тартылыс
күші, ал екі ядро мен екі электрон арасында
тебілу күші пайда болады. Осы тартылыс және
тебілу күші теңескен жағдайда молекула
тұрақты күйге келеді.
H +1 )

1s 1s1
Атомдар арасында тартылыс және тебілу күштері
пайда болады. Қандай күш көп болады?

ē

ē

Fтеб. Fтарт.
Fтеб.
Fтарт.
Fтеб.
Fтарт.
Fтеб.
Fтарт.
Fтеб.
Fтарт.
Fотт.
Fпр.
Fтеб.
Fтарт.
Fтеб.
Fтарт.
Fтеб.
Fтарт.
Fотт.
Fпр.
Fотт.
Fпр.
Fтеб.
Fтарт.
Fтеб.
Fтарт.
Fтеб
Fтарт.
Fтеб.
Fтарт.
Fтеб.
Fтарт.
Fтеб.
Fтарт.
Fтеб.
Fтарт.
Fтеб.
Fтарт.
Fтеб.
Fтарт.
Fтеб.
Fтарт.
АТОМДАР ЖАҚЫНДАСҚАНДА ОЛАРДЫҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ
БҰЛТТАРЫ БҮРКЕСУІНЕН ЯДРОЛАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ
КЕҢІСТІКТЕ МАКСИМАЛ ЭЛЕКТРОН ТЫҒЫЗДЫҒЫ БАР
МОЛЕКУЛАЛЫҚ БҰЛТ ТҮЗІЛЕДІ.
+

Бір ортақ электрон жұбы -
бір химиялық байланыс

2ē 2ē

Н + Н Н Н
Молекула түзілуінің Молекуланың
электрондық схемасы электрондық формуласы
2ē 2ē

Н + Н Н Н

+
p
Cl2 +17 Cl 3s

Cl + Cl Cl Cl

Cl Cl
Енді оттегі молекуласындағы байланыстың түзілуін
қарастырайық.
Оттек атомының электрондық формуласы 1s22s22p4,
валенттілік электрондары 2s22p4,
электртерістілігі 3,5.
Электронды-графикалық формуласын қарасақ,
валенттілік электрондар саны 6, оның екеуі дара күйінде,
міне, осы электрондар екінші оттек атомындағы дәл
осындай электрондармен екі жұп түзеді, яғни байланыс
саны екі.
Енді әр атом ядросын 8 электроннан айналатын болады.
Сөйтіп, бұл мысалдан да көретініміз молекула түзілгенде
аяқталған 8 электронды қабаттың пайда болуы.
Оттек атомдарының тотығу дәрежелері нөлге
тең, валенттіліктері ІІ-ге тең болады. Еселі
байланыс дара байланысқа қарағанда беріктеу
болады.
Электрондардың электрон бұлттарының формаларын
қолданып байланыстың түзілуін көрсетсек:
α - байланыс дегеніміз электрон бұлттарының
қабысу ауданы ядролардың қосылу
сызығының бойында жатқанда түзілетін
байланыс (а). Ал π-байланыс — электрон
бұлттарының қабысу ауданы ядроларды
қосатын сызықтың екі жағында
орналасқанда түзіледі. Оттегі молекуласында
атомдар бір-бірімен екі байланыспен
байланысқан, оның бірі - α болса, екіншісінің
π-байланыс екендігін байқайсыңдар.
Олай болса π - байланыс, тек қайталанған
байланыстарда болса, α -байланыс дара
байланыс кезінде түзіледі.
Ковалентті полюссіз байланысқан
Веществазаттар
с КНС имеют:

Молекулалықкристаллическу
Молекулярную кристалл торлы
заттар
решетку (все остальные)

томную
Атомды қ кристалл торлы
кристаллическую
заттар (С, Si, B)
Заттардың қасиеттері:
решетку (C, Si, B)
1. Қалыпты жағдайда газ тәрізді
Заттардың қасиеттері заттар (H2, O2), сұйық (Br2),
қатты (I2);
1.Қатты
2. Заттардың көпшілігі ұшқыш
2.Қайнау және балқу заттар, балқу және қайнау
температурасы температурасы төмен;
жоғары
3. Ерітінділері мен балқымалары
электр тогын өткізбейді.
Полюсті коваленттік байланыс дегеніміз
байланыстырушы электрон жұбының
бұлты электртерістігі басым элемент
атомына қарай ығыса орналасқан
байланыс. Молекуланың полюстілігі
диполь моменті арқылы көрсетіледі.
Полюсті молекулалардың қайнау және
балқу температурасы төмен, полюсті
еріткіштерде үйектеліп иондарға
ыдырайды.
H +1 ) 1s 1s1

p
Cl +17 ) ) ) 3s
2 8 7
1s22s22p23s23p5
H + Cl H Cl
Ковалентті полюсті
байланыс
Вещества сқКПС
ан заттар
имеют:

Молекулалықкристаллическую
Молекулярную кристалл торын
(барлық(все
решетку басқостальные)
а заттар)
Атомдық кристалл Заттардың қасиеттері:
торлар
Атомную крисаллическую 1. Қалыпты жағдайда
(SiC, (SiO
Решетку SiC,
2)SiO2) газтәрізді, сұйық, қатты;
Заттардың қасиеттері: 2. Заттардың көпшілігі
ұшқыш заттар, қайнау,
1.Қатты;
балқу температурасы to
2.Балқу to төмен;
жоғары.
3. Ерітінді және балқыма
күйінде электр тогын
Металдық кристалл торының түйіндерінде атомдар немесе
олардың иондары орналасатыны белгілі.
Металдық тордағы бостау күйдегі делокальданған
электрондар көптеген ядролардың арасында өзара тарту
күштерін тудырып, металдық байланыс түзеді.
Металдық байланыстың түзілу схемасы (М –
металл): Me – ne- → Me+n
Мұндай қабілетті металдар бос күйде де, химиялы қ
әрекеттесу кезінде де көрсетеді. Бос күйдегі металды ң белгілі
физикалық қасиеттері: электр және жылу өткізгіштігі,
қаттылығы, иілімділігі, созылғыштығы, өзіне тән жылтыры,
т.б. бұлардың барлығы да металдық байланысқа тәуелді.
_
Химиялық байланыстың негізгі сипаттамалары:

•байланыс энергиясы
•байланыс ұзындығы
•валенттік бұрыш
Байланыс энергиясы – өзара байланысқан атомдарды
не иондарды бір – бірінен ажырату үшін жұмсалатын
энергия.
Байланыс ұзындығы – химиялық байланыстағы
атомдар ядроларының арасындағы қашықтық,
валенттік бұрыш – байланысқан атомдар ядролары
арқылы жүргізілетін жорамал сызықтар арасындағы
бұрыш.
Бұл көрсеткіштер зат молекуласының құрылысын,
пішінін және беріктігін сипаттайды.
Тотығу дәрежесі, тотығу саны – химиялық
қосылысты тек иондардан тұрады деп
қарастырғанда әр атомда болатын шартты
зарядтың сан шамасы. Бұл ұғым молекуладағы
атомдардың күйін сипаттау үшін қолданылады.
Кез келген қосылысты ионды қосылыс деп
қарастыруға болмайтындықтан, тотығу дәрежесі
шартты түрде алынады.
1. Барлық күрделі қосылыстағы металдар тек
қана оң тотығу дәрежесін көрсетеді.
2. Бейметалдар оң және теріс тотығу дәрежесін
көрсете алады. Бейметалдар сутекпен және
металдармен қосылыстарында үнемі теріс
мәнге ие.
3. Элементтің ең жоғарғы (максимальді) тотығу
дәрежесі периодтық кестедегі топтың нөміріне
байланысты болады.
4. Металдардың ең кіші тотығу дәрежесі нөлге
тең болады.
5. Ең жоғарғы тотығу дәрежесі мен ең төмен
тотығу дәрежесіндегі аралықты аралық
тотығу дәрежесі деп атайды.
тұрақты ауыспалы
H,K,Zn Cl,P,Se

Тотығу дәрежесі

оң теріс
Na,Al,Ca S-2 ,N-3 ,O-2
жай заттардың т.д.
Fe0,Cl20,H20
Тотығу дәрежесі бойынша химиялық
формуланы құрастыру.

АЛГОРИТМ:
1.Химиялық элементтердің таң басын жазамыз.
Al S
2.Д. И. Менделеев кестесінен элементтердің ТОТ
дә режесін табамыз Al+3S-2
3. ЕКОЕ тауып индекстерді анықтаймыз.
Al2S3
ЕКОЕ=6 Al S +3 -2
Al2S3

ЕРЕЖЕ:
Тотығу дәрежесі о
Күкірттің тотығу дәрежесі
қандай?
S+16 ))) 1s 2s 2p 3s 3p 3d
2 2 6 2 4 0
2 8 6
_
2 жұптасп. е т.д. -2
3p4 3d0
3s2 H2S

_
4 жұптасп. е т.д. +4
S* 3s2
3p4 3d1
SO2
_
6 жұптасп. е т.д. +6
S** 3s2
3p3 3d2
SO3
Элементтің тотығу дәрежесін
анықта
Al2O3 Al2+3O3-2
Ca3N2 Ca3+2N2-3
K2Se K2+ Se-2
P2O 5 P2 O+5
-2

Cl2O7 Cl2 O+7
-2

As2O3 As2+3O3-2
Кез келген молекула электробейтарап
бөлшек.
Молекуладағы барлық атомдардың тотығу
дәрежесінің қосындысы нөльге тең болады.
Әр түрлі қосылыстағы көміртектің тотығу
дәрежесін анықтап көрейік. Көміртектің
валенттілігін көрсету үшін графикалық
формуласын көрсетеміз. Бұл қосылыстарда
көміртек барлық уақытта төрт валентті
болады, ал тотығу дәрежесі -4 тен + 4 дейін
өзгеріп отырады. Барлық уақытта элементтің
тотығу дәрежесі валенттілігіне сай келе
Біз химиялық байланыстың әр түрлі типтерімен
таныстық, енді біз ең маңызды ұғымдардың бірі
«валенттілікті» түсіне аламыз. Бұл ұғым
байланыстағы атомдардың сандық ерекшеліктерін
сипаттауға қолданылады.
Валенттілік (W) – атомдар арқылы түзілетін химиялық
байланыстардың саны.
Валенттілік ұғымы тек қана екі химиялық
байланыстың типі үшін ғана мәні бар. Коваленттік
ұғымы үшін ковалентті байланыс үшін орындалады.
Коваленттік Wk – атомдар арасындағы ковалентті
байланыстар санын білдіреді.
Коваленттік молекуладағы бір – бірімен байланысқан
атомдардың электрон жұптарының санына тең
болады.
Валенттілік.
Атом құрылысы мен химиялық байланыс
тұрғысынан қарағанда валенттілік әрбір атомның
молекула түзуге жұмсайтын электрондарының
санымен анықталады. Атом, химиялық байланыс
түзуге неше электрон жұмсаса, оның валенттігі де
сонша болады.
Мысалы, сутек молекуласын түзуге әрбір сутек
атомы бір электроннан, оттек молекуласын түзуге
оттектің әрбір атомы екі электроннан, азот
молекуласын түзуге әрбір азот атомы 3 электроннан
жұмсайды.
Сондықтан сутек атомы молекуласында сутек
атомдары 1 валентті, оттек молекуласында
оттек атомдары екі 2 валентті, азот
молекуласында азот атомдары 3 валентті
болады.
Молекуладағы атомдар арасындағы әрбір қос

электрондарды бір сызықшамен ауыстыру
арқылы заттың құрылымдық формуласын
құрады. Құрылымдық формула
молекуладағы атомдардың валенттілігін
көрсетеді.
Бір сызықша бір валенттілік байланысқа
сәйкес келеді. Сонымен бірге құрылымдық
формуласы молекуладағы элементтердің бір
– бірімен байланысу ретін де білдереді. Әрбір
элементтен шығатын сызықша саны сол
элементтің валенттілігін көрсетеді.
Мысалы, мына көрсетілген

│ │
Н -, О= , -N-, - C -

Элементтің валенттілігі - бұл берілген
молекуладағы атомның басқа атоммен түзетін
химиялық байланыстың саны. Бір химиялық
байланыс түзу үшін атом бір жұптаспаған электрон
ұсынады. Сондықтан элементтің валенттілігі
атомдағы жұптаспаған электрон санымен
анықталады.
Көптеген элемент атомдары өздерінің валенттілігін
(жұптаспаған электрон санын) қалыпты жағдайдан
қозған жағдайға ауысқан жағдайда көбейте алады.
Атомның қозған жағдайы - бұл қалыпты
жағдаймен салыстырғанда жоғары энергиясы
мөлшерімен ерекшелінеді.
негізгі жағдайы қозған жағдайы
ІІ валентті IV валентті
VI валентті

Күкірттің ауыспалы валенттілігінің себебі болып табылады.

H2S SO2 SO3
Иондық байланыс үшін электроваленттік ұғымы
қолданылады.
Электроваленттік (Wэ) – атомның формальды
зарядының абсолюттік өлшемі.
Егер атом бір байланыс түзсе бір валентті, егер екі
байланыс түзсе екі валентті деп аталады.

Валенттік электроваленттік пен коваленттіктің
жалпы қосындысына тең болады:

W = Wэ + Wк
Мысал

Заттардың формуласы мен химиялық
байланыстың арасындағы сәйкестікті
көрсетіңдер.
Заттардың формуласы Химиялық байл. типі

А) I2 1) КПБ
Б) ZnSO4 2) КПСБ
В) К2S 3) ИБ, КПБ
Г) Н2О 4) ИБ
5) ИБ
6) КПСБ, КПБ
Заттардың формуласы мен химиялық байланыстың
арасындағы сәйкестікті көрсетіңдер.

Заттардың формуласы Химиялық байл.
типі

А) I2 1) КПБ
Б) ZnSO4 2) КПСБ
В) К2S 3) ИБ, КПБ
Г) Н2О 4) СБ
5) ИБ
6) КПСБ, КПБ
Крестер мен нөльдер ойыны

Иондық байланыс

H 2O I2 CaCl2

HCl KCl KBr

Cl2 NH3 Li2S
Ұтымды жолды тап

Ковалентті полюсті байланыс

H 2O I2 NaF

N2 HCl NH3

H2 Cl2 HI
Крестер мен нөльдер ойыны
Ковалентті полюссіз байланыс

N2 I2 HF

S8 HCl F2

H2 Cl2 HI
Терминологиялық сөздік
Қазақ тілінде Орыс тілінде Ағылшын тілінде

Химиялық байланыс Химическая связь Chemical bond
Иондық байланыс Ионная связь Ionic bond
Ковалентті полюссіз Ковалентная неполярная Non-polar covalent
байланыс связь bond
Ковалентті Ковалентная полярная Polar covalent bond
полюсті байланыс связь
Электртерістілік Электроотрицательность Electronegativity

Тотығу дәрежесі Степень окисления Oxidation level

Валенттілік Валентность Valency
Металдық Металлическая связь Metallic bond
байланыс
8-9 сынып оқушыларының “Химиялық
байланыстың (типтері), валенттілік, тотығу
дәрежесі” тақырыбы бойынша білім деңгейлерін
бағалаудың критериалдық шкаласы

Оқыту мақсатына сай бағалауда қолданылатын
критерийлер дескрипторлары
Жалпы бағалау критерийін өңдеу
Критерий Күтілетін нәтиже Ең жоғарғы
ұпай
А Оқушының қоршаған әлем және табиғаттың 6
Дүниенің химиялық заңдары жөнінде жүйелі химиялық
бірлігі білімі қалыптасқан, қазіргі әлемнің ғылыми
бейнесін түсінеді, табиғатта болып жатқан
құбылыстарды түсіндіре алады;
С Берілетін тапсырмаларды орындай отырып,
Ғылыми оқушы мағынасы жағынан «қиындық
білім және деңгейі жоғары дәрежедегі тақырыптарға 6
түсіну ғылыми лексиканы кең көлемде қолданып,
ғылыми терминологияны тиімді пайдаланып,
ғылымның негізін өте жоғары дәрежеде түсіне
алады;
Е Оқушы ұсынылған деректер бойынша 6
Деректерді логикалық формада сәйкес келетін өлшемдер
өңдеу жүргізе отырып графиктер құру,
заңдылықтарды ұғыну, есептеу нәтижелерін
алу, өзінің ғылыми біліміне сүйене отырып,
химияның эксперименталды әдістері бойынша
алынған нәтижелерді түсіндіре алады.
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ КӨРСЕТКІШІ (рубрикаторлар дескрипторларымен бірге).
Рубрикатор – әрбір критерийге байланысты оқушының оқудағы жетістігін бағалауға
қажетті ұпай саны
Дескриптор – әрбір нақты ұпайға жету деңгейінің сипаттамасы.

Критерий Жетістік Дескрипторлар
деңгейі
А- Сіз төменде ұсынылған деңгейдің ешқайсысына жеткен
Критерийі 0
жоқсыз.
Дүние Сіздің табиғи ортада болып жатқан құбылыстар жайлы
бірлігі түсінігіңіз таяз, химиялық байланыстар жайлы біліміңіз нақты
(max 6) 1-2
және дәлелді емес. Терминдік сөздерді дұрыс қолданбайсыз.

Сіздің заңдылықтар жайлы түсінігіңіз бар, химиялық
байланыстарды жақсы түсінесіз, мәліметтерді логикалық
3-4 реттілікпен жеткізе аласыз, терминдерді орынды қолданасыз.
Алайда, қолданған мысалдарыңыз өте қарапайым және толық
емес.
Сіздің заңдылықтар жайлы түсінігіңіз бар, химиялық
байланыстар түрлерін сенімді, толық, орынды жеткізе аласыз.
5-6 Терминдерді дұрыс, нақты, сенімді қолданып, химиялық
байланыстың түзілуін дәлелдей аласыз.
С Сіз төменде ұсынылған деңгейдің ешқайсысына жеткен
Ғылыми 0 жоқсыз.
білім және
түсіну Сіз берілген мәтіннен қажетті ақпаратты табуда қиналасыз.
(max 6) Ақпараттарды талдай білмейсіз, тақырып бойынша
проблеманы шешуге пайдаланған қосымша мәліметтеріңіз
1-2 мақсатқа сай келе бермейді.

Сіз тақырыпқа байланысты қажетті ақпараттар мен
мәліметтерді жинақтай аласыз. Дегенмен, жинақталған
3-4 деректерді талдап, оны қажетті жағдайда қолдана бермейсіз.

Сіз кесте бойынша қосылыстар формулаларынан химиялық
байланыстың түрлерін ажырата аласыз, сараптау жұмысын
жүргізе аласыз, берілген мәтіндерден қажетті ақпараттарды
5-6 тауып, ғылыми ақпараттарды тақырып бойынша туындаған
проблемаларды шешуде қолдана аласыз.
E Сіз төменде ұсынылған деңгейдің ешқайсысына жеткен
Деректерді жоқсыз.
өңдеу 0
(max 6)
Сіз есептеулерді өз бетінше жүргізе алмайсыз, қателіктер
1-2 жібересіз.
Сіз периодтық кестені пайдаланып элементтердің тотығу
дәрежесі мен валенттілігін анықтауда қатіліктер жібересіз.
Ақпараттарды қорытып, химиялық байланысты
3-4
сызбанұсқалар түрінде тек мұғалімнің көмегімен көрсете
аласыз.

Сіз өздігінен периодтық кестені пайдаланып элементтердің
тотығу дәрежесі мен валенттілігін анықтап, формула
құрастыра аласыз. Ақпараттарды қорытып, химиялық
байланысты сызбанұсқалар түрінде көрсете аласыз.
5-6
Бағалау парағы

Критерий бойынша Ұпай Баға
ұпайлар жиынтығы
А C E 16-18 «5»

А C E 14-15 «4»

А C E 11-13 «3»

А C E 8-10 «2»
Үйге тапсырмасы
Кестеде берілген қосылыстардан химиялық байланыстың
типін анықта.

№ нұсқа Заттар формуласы
1 CaCl2 Cl2 CS2
2 Na2O O2 CH4
3 Br2 CO2 BaI2
4 N2 SiF4 MgO
5 CCl4 K2O S2
Мәтіннің аудармасын жазаңыз.

Bonding models and AIDS Drugs

In 1989, researches used X-ray crystallography- a
technique in which X-rays are scattered from crystals of the
molecule of interest- to determine the structure of a molecule
called HIV- protease. HIV- protease is a protein (a class of large
biological molecules) synthesized by the human
immunodeficiency virus (HIV). This particular protein is
crucial to the virus’s ability to multiply and cause acquired
immune deficiency syndrome, or AIDS. Without HIV- protease,
HIV cannot spread in the human body because the virus cannot
replicate. In other words, without HIV- protease, AIDS can’t
develop.
Молекула түзілуінің электронды схемасын
орындаңдар:
а) фтор, су, бромсутек
б) аммиак, оттектің фтормен қосылысы
• Осы заттар молекуласындағы электрон
орбитальдарының бүркесу суретін салыңдар.

Ұқсас жұмыстар
Ковалентті байланыс жай зат молекулалары
Натрий оксиді
VIIA топша элементтері. Галогендер
Қосылыстағы металл атомдарының тотығу дәрежесі
PIZA тапсырмалары кіріктірілген тотығу-тотықсыздану реакциялары. Презентация
Комплексті қосылыстардың биологиялық рөлі
Органикалық реакциялардың механизмдері
Органикалық реакциялардың жіктелуі мен механизмде
Химиялық элеметтер анықтама
Табиғатта таралуы
Пәндер