Ұлыстардың құрылуы




Презентация қосу
Ұлыс – ел деген мағынаны білдіреді.
Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін
өзінің 4 баласына бөліп берді.
Қазақстан жері оның 3 баласының қол
астына қарады. Бөліп берілген жерлер
ұлыс деп аталды.
Алтын орданың қоғамдық құрылымы.
• Ордада ұлыстық жүйе қалыптасып, Батый хан тұсында мемлекет
екіге бөлінді:
► Оң қанат - Батый хан билігі.
► Сол қанат - Орда Ежен хан билігі (Жошының үлкен баласы).
Қазақстан жерінің көп бөлігі сол қанат кұрамына енді. Басқару
құрылымы:
• Сұлтандар - ханнан кейінгі әлеуметтік басқарудың ең жоғарғы
тобы.
• Құрылтай - ақсүйектердің жалпы империялық жиналысы.
Құрылтайда хан жариялау жэне таққа отырғызу рэсімдері жасалды.
• Диуан - ең жоғарғы атқарушы орган. Қаржы, салық мэселесін,
мемлекеттің ішкі істерін атқарды.
• Беклербек - эскери істерді басқарушы.
• Уәзір - азаматтық істі басқарушы
• Мәлік - азаматтық басқару билігін жүргізушілер (түрік эулетінен).
• Даруғалар - салық жинады, халық санағын өткізіп, эскер жинады,
байланыс қатынасын ұйымдастырды.
• Басқақтар - басқару қызметін атқарды, эскери бақылау жүргізді,
салық жинады.
• Білікшілер, хатшылар - іс қағаздарын жазушылар
• Нояндар, бектер, әмірлер, баһадүрлер -эскербасылар.
Алтын Орда хандары ислам дінін қабылдағаннан кейін іс жүргізу
жұмыстарын түрік (ұйғыр) жазуымен жүргізді.
XIV ғ. - Алтын Орда мұсылмандық мемлекетке айнала бастады.
Феодалдық жер иелену

түрлері.
Інжу – Шыңғыс әулетінен шыққан билеушілерге
берілетін үлестік жер.
Сойырғал - әскер немесе азаматтық қызмет атқарғаны
үшін шартты түрде сыйға берілген үлестік жер.
Вакф – Мұсылман дінбасыларының жері
Мильк – Жер иеленудің жеке меншік түрі.
Тархандық құқық – улестік жер иелерінің мемлекет
пайдасына жиналатын салықтан босатылып, өз
пайдасына салық жинауы.
Тағар - әскерді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін
жиналатын егін және мал салығы.
Ұшыр – мал салығы
Харадж – егіншілерден жиналатын салық
Зекет – дін басыларына берілетін мал салығы,
қолөнершілер мен
Саудагерлерге де салынады
Аваиз – төтенше салық
Әскери міндеткерлік – 10 түтіннен 1 жауынгер алынады.
Алтын орданың гүлденуі мен
ыдырауы.
ХІІІ-ХІV ғ.-да Алтын Орда күшті мемлекет болды.
Батый хан тұсында (1227-1255) Алтын орда Моңғол империясына тәуелді
болды.
Берке хан (1257- 1267) тұсында тәуелсіздігін жариялады.
Мөңке хан (1267-1280) өз атынан теңге шығарды.
1260ж. – Моңғол империясы бірнеше тәуелсіз ұлыстарға ыдырады.
ХІV ғ.- ң бірінші жартысында Өзбек (1312-1342) және Жәнібек (1342-1357)
хандар тұсында мемлекет күшейді. Батыс Еуропамен, Кіші Азия, Египет,
Үндістан, Қытаймен сауда қатынасы дамыды.
1312 - Өзбек хан исламды мемлекеттік дін етіп жариялады.
50 ж.-дың ортасында Жәнібек ханды үлкен баласы Бердібек өлтіргеннен
кейін “ұлы дүрбелең” басталды.
1357-1380 жж 25 хан ауысты
1380ж Куликова шайқасында түменбасы Мамай әскері Дмитрий Донской
әскерінен жеңілді.
Тоқтамыс(1380-1395) осыны пайдаланып хан болды.
1382 ж. Мәскеуді өртеді.
1389,1391,1395ж. Әмір Темір шабуылдап Алтын Орда әлсіреді.
Алтын Орданың күйреуінің
себептері:
- Билік үшін өзара қырқыстар
- Әмір Темірдің жаугершілік
соғыстары
- Халық көтерілістері
- Ұлыстардың дербестікке
ұмтылуы

Ұқсас жұмыстар
Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
Жошы хан Берке хан Жәнібек хан
Ұлттық бірегейлікті сақтау
Біздің заманымызға дейін
Біреуі білсем екен демекілік
Оқушылар бойында патриоттық тәрбиені қалыптастырудың жолдары
Жас өспірімдерді тәрбиелеуде этнопедагогиканың ролi
Ұлыс хандары
Олжас Омарұлы Сүлейменов
МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Пәндер