Балқаш- аңыз




Презентация қосу
Балқаш- аңыз

І нұсқа
Балқаш көлі – Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі. Ертеректе Балқаш бойыны ң
тұрғындары көлді Ақ теңіз және Жұмбақ көл деп екі түрлі атап келген.
Ақ теңіз – деп көлдің батыс жағалауын мекендеген ж ұрт ата ған. О ған
себеп: негізгі өзендер: Іле, Ақсу,Көксу;Тентек және толып жат қан жер асты сулар
көлге батыс жағынан құяды да, ондағы көл суының жартысы т ұщы болып келді
және сырт көрінісі мөлдір, ақ түсті болады. Ал, к өлдік о ңт үстік – шы ғысын
мекендеген ел «Жұмбақ көл» деп ат қойған. Бұл т ұстан к өлге Лепсі, Аяк өз өзендері
құяды, ал жер асты сулары бұл жағынан көлге қосылмайды. К өлді ң қазіргі атауына
байланысты халық ішінде бұрыннан айтылып келе жат қан а ңыз бар.
Бұдан көп ғасырлар бұрын көлдің батыс жағалауында мы ңды айда ған бір
байдың ай мен күндей әлемге бірдей, ақылы ас қан, келбеті жарас қан с ұлу қызы
болыпты.Қыздың аты Балқия екен. Ата-анасы, ауыл айма ғы еркелетіп, оны
Балқияжан Балқаш деп атап жүріп ақырында Балқаш деп кетіпті.
Күндердің күнінде осы Балқаш айдай толып, алмадай пісіп, кемеліне кемен
бой жеткен болыпты. Осы шақта жастайынан айттырып, қалы ң малын тегіс т өлеп
бітірген бай құда “қамдана берсін, келінімді биыл к үзде т үсірем“, деп қызды ң
әкесіне сәлем айтыпты. Өзі бесікте жатқанда құда болып қойған к үйеуіні ң тілі
сақау, есі естілеу жігіт екен. Балқашқа бұл хабар т өбесінен тас т үскендей болып
тиеді. Ас ішпей, ұйқы көрмей, санадай сарғайып, сола бастайды. М ұны сезген ата-
ана, ағайын-туған “жас өседі, жарлы баянды” деген к үйеу бала әлі жас, бір байды ң
еркесі, өсе келе есі кіріп, ел ағасы болып кетеді.
Ақ батаны, шариғат жолын бұзуға болмайды,- деп қызды ж ұбатады. К үнде
ойын, күнде думан жасап көңілін бөлмек болады. Қайғы- қасірет ж үрегін кернеген
Балқаш мұның біріне де назар салмайды. Жадыраған жаз өтіп, қо ңыр сал қын к үз
келе жатады. Қыз елден безіп қаңғырып өлсе де есуас са қау ға бармау ға бел
байлайды. Өзімен көңіл қосып жүрген осы ауылға ертеден сі ңісіп кеткен, әкесіні ң
нағашыларының баласы, еті тірі Ерден деген жігітке Бал қаш жолы ғады.
-“Қайтсең де мені мына пәледен құтқар, өле- өлгенше алды ңнан шы ғып,
айтқаныңды екі етпеймін, өлсең көріңе бірге түсейін”- деп асылып отырып алады.
Паналар жер, бетке ұстар елі жоқ тайраңдаған жігіт не істерін білмей қатты
қысылады. Ақыры, қыздың зарынан қабырғасы сөгілген, бір жа ғынан жат қа
қиғысы келмеген ер көңілді жігіт бір түнде атпен қызды алып қашады. Бара ба ғыты
бұдан бір жыл бұрын жау алған жылқыны іздеп ж үріп кез бол ған қалы ң қамысты
үлкен көл. Мұз қатқанша соның жағасында жасырынып жатып, қысқа қарай оны ң
ар жағына, ұлы жүз еліне өтіп кетпек.Екі жас т үн жамылып, тау б өктерлеп, жапан т үз
сусыз шөлді кесіп өтеді. Қамыстың құрағы күректей, сабаулары білектей, тол қыны
жар соққан үлкен көлге де келіп жетеді. Аттарын арқандап тастап, қамыстан к үрке
жасап алып, мұздың қатуын күтеді. Ауылдары бұлардың қайда кетіп, қайда
қонғанын білмей елден- елге кісі шаптырып, сұрау салып, сабылысуда болады.
Ерден күндіз аң аулайды, Балқаш жартасқа шығып, ұшқан құс қа асыр салып,
ойнаған шабақтарға қарап, бір ғана соны ермек етеді, елін са ғынып, болаша ғын
ойлап зар қағады:
Бұл көлдің біз жатырмыз жағасында
Өмірдің өлім мекен арасында.
Туған ел, қайран жұртым қаласың ба?
Уа, шіркін, құс боп ұшсам қанат бітіп,
Балық боп су астымен кетсем зытып,
Қолында дұшпанымның пенде болмай.
Өлсем арман қимас ем жайын жұтып
Қабыл боп зарлағанда қылған тілек,
Бұл көлден аман өтсек ұстап білек,
Армансыз бұл жалғаннан болар едім.
Жүрсем де қыдырып, қайыр тілеп,
Аққу қаз бір ғарыпты көрдім деме
Шетінде жатыр сонау көлдің демі.
Қор етіп көрінгенге мазақтатып,
Құдай- ау, шыбын жанды бердің неге?
Күндер өтіп, күн салқындап, көлдің қататын мезгілі де жақындай бастады. Екі жас
мұны асыға күтіп, жүректері алып ұшады. Өстіп жүргенде бір күні іңірде арқандаулы
аттар осқырып, аласұрады. Қосынан көйлекшең жүгіріп шыққан Ерден екі атты ң жанында
бір топ қабанның тұрғанын көреді. Қос жанында жатқан сойылды ала ж үгіреді. Қаруын
әрлі- берлі сермеп, қабандарды қуып шығамын деп жүргенде бір к өкжалы Ерденді
қарыстай ауызымен тіреп өтеді. Жігіт құлап қалады. Екі ат арқаныс түбінен жұлып,
ойнақтап шыға береді. Қабандар солардың соңынан кетеді.
Бағанадан бері безек қағып, маңайларына бара алмай жүрген Бал қаш ж үгіріп келіп,
қызыл қанға боялып жатқан Ерденді бас салады. Сүйемелдеп, қосқа әкеліп жарасына
қараса қабанның азуы шабын жарып кеткен екен. Киіз тоқымды отқа күйдіріп, жарасына
басады. Күл себеді. Ал, бұл екеуі осылай жата тұрсын, енді әлгі аттарды ң ізіне т үсейік.
Жер сағынып, шабынан булығып тұрған сәйгүліктер босанған бетте
бастарын төмен салып жіберіп, ел қайдасың деп тартып береді.
Бұл күндері жарасы денесіне жайылып өне бойын қанды ірі ң кеулеп кеткен
Ерденнің әлі азая бастаған еді. Қыршын жас көп ұзамай қайтыс болады. Жала ң
түзде жан жолдасынан айырылып, қыз Балқаш ботадай боздап, жал ғыз қалады.
Еңіреген өксігін басып, есін жиғаннан кейін, қосты ң жанында ғы майда құмды
қазып, астына қамыс төсейді. Ерденді а қ жауып, өз киімімен арулап қояды. Жас
қабірді құшақтап қаншама уақыт жылаған Балқаш енді өзіне ор қазады. Содан
кейін дәрет алып, көлге түсіп шығады да дүниемен қоштасу үшін жартасты ң
басына көтеріледі. Жан- жақты шыр айнала қарап, өмірмен а қыр ғы рет
қоштасады.
Айрылдым айдалада Ерденімнен
Соңынан қолын ұстап ергеніммен
Болған соң тағдыр солай шара бар ма
Көл еді көрмегенім көргенімнен
Басыма тумай жатып түскен тұзақ
Қақ жарып жас жүрекке салған сызат
Көрсетпей рахатын жастық шақтың,
Кетуге жібермеді- ау елден ұзап.
Қош- сау бол, елім- жұртым, ата- ана,
Айдын көл, туған өлке жалпақ дала,
Мен кеттім жас жанымды құрбан етіп,
Таба алмай өз ортаңнан ешбір пана.
Аққу қаз қабырыма келе кетші,
Ғарыптың не болғанын көре кетші,
Тәнімді қарға- құзғын шоқымасын,
Сабалап қанатыңмен көме кетші.
Күн батар алдында қыз Балқаш жартасты ң басында осылай зарлап отыр ған
кезде иек ортадан бір топ атты сау ете т үседі. Қыз оларды ң ішінен өз туыстарын,
өзінің сақау күйеуін таниды. Қолға түсіп, пенде болмау үшін өзін- өзі өлтірер
қару қабыр басында қалған. Оған жетіп үлгере алатын емес. Не істеу керек?
Балқаш жартастың суға төнген бір биігіне шықты да к өлге біра қ секірді.
Жар соғып, көбік шашып жатқан асау толқын абзал аруды құша ғына қысып,
терең теңізге қарай алды да кетті. Осы кезде көлдегі құстар аспан ға к өтеріліп,
аңдар жер бауырлап жата кетті. Қаз қаңқылдап, үйрек сыңқылдап, ұясына бара
жатқан алтын күннің қызыл шапағы қарауыта түсті.
Бұл ауыр оқиға, трагедия сол маңдағы елге түгел жайылып, б ұдан былай ғы
жерде көлді өздері еркелетіп айтатын, сүйікті жас аруды ң атымен Бал қаш қашып
барған көлді халық Балқаш деп атап кеткен екен.

Ұқсас жұмыстар
Соңынан қолын ұстап ергеніммен
Балқаш
Аңыз әңгімелер - Халық ауыз әдебиетінің жанры
Балқаш қыз жатқан жерге жедел барып
Менің кіші
Балқаш көлі
ШОҚАН ШЫҢҒЫСҰЛЫ УӘЛИХАНОВ
Балқаш манындағы туризм саласынның дамуы
Кейбір лингвисттер түркі халықтарының тамырын
Балқаш көлінің қазіргі экологиялық жағдайы
Пәндер