Жаңа байланыстырушы заттардың түрі. СНГ мен Қазақстанда әктас, гипс, цемент, шыны, керемика өндірісі




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨ Ж

Тақырыбы: Жаңа байланыстырушы заттардың түрі. СНГ мен
Қазақстанда әктас, гипс, цемент, шыны, керемика өндірісі.
Заманауи құрылыс саласындағы Қазақстан зауыттарының орны
мен ролі. Коагулянт өндірісінің материалды ағынын есептеу.

Орындаған: Омаргазина Д.М.
ХН – 211
Тексерген: Лебаева Ж.Т.

Семей 2015 жыл
Байланыстыратын зат (вещество связующее) —
қүйма қалыптаса бастағанда металл қорап
бетгерінде қүйма беттерін бекіндіре бастайтын
байланыстырушы зат пайда болады. Егер
байланыстырушы зат металл тотықтары мен басқа
элементтердің қорытпасы болса,
оны химиялық Байланыстыратын зат деп атайды.
Ал Байланыстыратын зат қызметін сол қүйма
материалы атқарса, оны механикалық зат дейді.
Органикалык емес байланыстырушы материалдын
екiншi тобын -ауалык байланыстырушы заттары
құрайды. Бұл топка жататындар құрылыстық әк, гипс
және онын әр түрлерi, ерiтiлетiн шыны. Осы екі топка
кіретін байланыстырушы заттарды минералдык
байланыстырушы материалдары деп атайды.
МАГНЕЗИАЛЬДЫ
БАЙЛАНЫСТЫРУШЫ ЗАТТАР.
Магнезиалдық байлаушы заттардың т үрлері: каустикалы қ магнезит ж әне каустикалы қ
доломит болып табылады.
Каустикалық магнезитті шахталық немесе айланпас пештерде 650 ... 850°С
аралығында MgCO3 магнезитін күйдіру нәтижесінде алады. Сонда MgCO3ыдырайды. Қалған
қатты зат (магний тотығы) ұнтақталады.
MgO және СаСО3 каустикалық доломитын кейінгі үгумен ж әне оны
ұнтақтап CaCO3*MgCO3 табиғи доломитын күйдіру жолымен алады. СаСО 3доломитты
күйдірген кезде ол ыдырамайды және бейтарап балласт сия қты қалады, б ұл каустикалы қ
доломиттың байланыстырушы белсенділігін каустикалы қ магнезитпен салыстыр ғанда
төмендетеді.
Магнезиалдық байланыстырушы сумен емес, оларды магний сульфаты немесе магний хлориді
тұздарының ерітіндісімен ерітеді. Хлорлы магний ерітіндісінде ерітілген магнезиалды
байланыстырушылар күкірткүшкылды магнийді ң ерітіндісінде ерітілгендерде қара ғанда
беріктігі жоғары болады. Магнезиалды байланыстырушы әуалы болып табылып, су әрекетіне
баяу қарсы береды. Оларды салыстырмалы ыл ғалдылы ғы 60% -дан жо ғары емес тек ауада
ғана қатаюға пайдалануға болады. Каустикалы қ магнезит ауадан ыл ғалды ж әне
көмірқышқылды жеңіл жұтады, нәтижесінде магний гидроксиді ж әне магний карбонаты
пайда болады. Соған байланысты каустикалы қ магнезитті ты ғыз герметикалы қ ыдыста
сақтайды. Магнезиалды байланыстырушы негізінде б ұрын ғы кезде еденні ң құрылымы үшін
пайдаланатын ксилолитты (үгінділермен байланыстырушы қоспа), ж әне фибролитт пен жылу
оқшаулағыш материалдар дайындаған. Қазіргі уа қытта магнезиалды байланыстырушылар
қолданыуы шұғыл қысқарды.
ШИКІЗАТ МАТЕРИАЛДАРЫ ЖӘНЕ
МАГНЕЗИАЛЬДЫ БАЙЛАНЫСТЫРУШЫ
ЗАТТАРДЫҢ НЕГІЗГІ ҚАСИЕТТЕРІ.
Магнезиалдық байланыстырушы заттарды ң екі түрі белгілі: каустикалы қ
магнезит және каустикалық доломит. Каустикалық магнезит деп магнезитті
(МgСО3) күйдіріп, кейін оны жұқа ұнтаққа үгу арқылы алынатын өнімді
айтамыз. Каустикалық доломиттің каустикалық магнезиттен айырмашылы ғы –
оны дайындауға шикізат ретінде магнезит емес доломит ( CaСО∙МgСО3)
алынады. Осы екі байланыстырушы заттарды магний хлориді, магний сульфаты,
немесе қандай да бір басқа тұз ерітінділермен ерітеді.
Магнезит (ащы шпат) табиғатта екі т үрлі болады - кристалды қ ж әне
аморфты. Біріншісі нақты кристалды құрылымы бар ж әне үлкенд әнді м әрм әр
сияқты. Екіншісі фарфор массасы сияқты. Моос шкаласы бойынша магнезитті ң
екі түрінің қаттылығы 3.5-4.5 ішінде ау қымды; 2.9-3.1 үлес салма ғы.
Магнезиттің теориялық құрамы 47,82% MgO және 52,18% СО2.
Табиғи магнезит құрамында әрқашан түрлі қоспалар болады: саз, кальций
карбонаты және т.б. Қоспаларға байланысты ол а қ, сары, с ұр ж әне бас қа да
түсті болады.
Аморфты магнезит үшін кремний диоксиді қоспасы ж әне темір
қосылыстарының қоспалардың жоқтығымен сипатталады. Таби ғатта магнезит
әктас пен доломитке қарағанда жиі кездеседі.е темір қосылыстарына байланысты
қоңыр болады.
Магнезит пен долмит байланыстырушы материалдар өндірісінде тек шикізат ретінде ғана
кезікпейді, сонымен бірге отқа төзімді шикізат ретінде де және бірқатар басқа өндірістердің
салаларында қолданылады.
Каустикалық магнезит химиялық құрамына байланысты үшке бөлінеді. Ең төменгі MgO құрамы
87, 83 және 75%-дан кем емес болуы тиіс, ол сәйкесінше I, II және III класс болады. I классқа
жататын каустикалық магнезит химия және магний өнеркәсібінде пайдаланылады.
Каустикалық магнезит ауадан ылғал мен көмірқышқылды оңай сіңіреді, нәтижесінде магний
гидрокисиді мен магний карбонаты түзіледі.
Сонымен қатар кайта күйдіру салдарынан меншікті салмақтың өсуін алмастыратын меншіті
салмақ азаяды. Сондықтан меншікті салмақты анықтау жолымен күйдірудің сапасын материал
пештен шыға салысымен тексеру керек.
Каустикалық магнезитті тасымалдау барысында сақтандыру үшін және ыл ғал мен ауада ғы
көмірқышқыл әсерінен сақтау үшін қалың ыдысқа қаптау қажет.
II класс стандартына сай каустикалық магнезиттің ұсақталуыны ң өлшемі №02 ситодан өткізгенде
ситода 5%-дан аспайтындай қалдық калатындай және №008 ситодан барлық материалы ң кем
дегенде 75%-ы өтетіндей болу керек. Басқа класстар үшін ұсақталу өлшемі нормаланбайды.
Бірігу 20 минуттан ерте басталмауы қажет, және еріту басталуына кем дегенде 6 са ғат қалғанда
аяқталу керек.
Магний хлоридында ерітілген каустикалық магнезит қалыпты температурада (+20 0С) көлемнің
біртекті өзгеру сынынан өту қажет.
Магнезиалды цемент лезде қатаятын байланыстырушы зат болып табылады. ҚНЕ-ге
(Құрылыстық нормалар мен ережелер) сай каустикалық магнезит маркалары: 400, 500 ж әне 600.
Олар 28 тәулік бойы ауада қатайған, қатты тығыздалған 1:3 ерітіндідегі үлгілерді қысу кезіндегі
беріктілік шегінің көрсеткіштері бойынша анықталады.
Каустикалық доломиттің сапасы әлдеқайда төмен, себебі оның құрамында кальций
карбонатының едәуір мөлшері мен кальций оксидінің біраз мөлшері бар. Каустикалы қ
доломиттің құрамындағы магний оксидінің мөлшері 15%-дан кем болмауы қажет. Каустикалық
доломитті қыздыру нәтижесінде шығатын шығын 30-35% шамасында болу керек. Бос кальций
оксидінің каустикалық доломиттегі мөлшері 2,5%-дан аспау қажет. Каустикалық магнезиттегідей
анықталатын маркалары 100, 150, 200 және 300 болып келеді.
Магнезиялды байланыстырушы заттар үлпілдек, олардың құрамынан еритін тұздарды
(MgCI2 және т.б.) шаятын судың әсеріне әлсіз төтеп беретін болып келеді. Оларды салыстырмалы
ылғалдылығы 60%-дан кем ауада қатайған соң қолданылуға болады.
Магнезиалды байланыстырушы заттардың қолданылуы.
Магнезиалды цементтерді фибролит, ксилолит, жасанды мәрмәр, сылақтар,
жылуды оқшаулайтын материалдар, баспалдақтар, табалдырықтар, терезенің
алдын жасайтын тақтайшалар және басқа да құрылыс заттарын, таза едендердің
негізін, мүсіндеуге арналған жабдықтар жасауда, сонымен қатар қайрақ және
литография тастарын, жасанды диірмен тастарын алуда, басқа да
мақсаттарда  қолданылады.
Магнезиалды байланыстырушы заттарды әсіресе органикалық толтырғыштармен
бірге қолданылады: жоңқа; ағаш жүндермен және т.б., олар магнезиалды тұтқыр
заттарға кері әсерін тигізбейді. Бұл осы байланыстырушы заттардың бейтарап
химиялық қасиетке ие болуымен, сонымен қатар органикалық толтырғыштардың
қатаю нәтижесінде түзілетін магний оксихлоридымен минералдануымен
түсіндіріледі. Ал цемент пен оргаикалық толықтырғыштарды қосқанда
минерализаторларды, мысалы кальций хлориды немесе күкірт қышқылды
глиноземды енгізуге тура келеді, себебі ағаш құрамындағы суда еритін
экстрактивті заттар (қанттар, гемицелюллоза) цементке зиянды әсерін тигізеді.
Фибролит (грекше – талшықты тас) ағаш жүнінен, кенеп сабағынан немесе басқа
да талшықты органикалық заттардан жасалатын, магнезиалды цементпен
байланысқан пресстелген және қатайған тақталар болып келеді.
Фибриолитті алу үшін каустикалық магнезитті магний хлориді немесе басқа
тұздың ерітіндісінде ерітіп, алынған магнезиалды сүтті ағаш жүнімен мұқият
араластырып, қажетті мөлшердегі фибролитті массаны өлшеп, металл немесе
ағаш қалыпқа тиейді.
Фибролитті массаны 0,4-0,5 кг/см2 және одан да жоғары қысымда пресстейді.
Алдымен қалыптағы пресстелген тақталарды камераларда 60-700С-қа шейін
қыздырылған ауада 6-7 сағат бойы ұстайды, содан кейін сол немесе басқа
камераларада 7-8 сағат бойы күшейтілген вентиляцияда температурасы 80-90 0С
ауамен қыздырады.
Көлемдік салмағына және иілу беріктігіне байланысты фибролиттің түрлері
келесідей: жылу өткізбейтін, құрылымдық және фибролитті шере. Жылу
өткізбейтін фибролитті басқа материалдардан жасалған қабырғаларды,
жабындылар мен едендерді жылыту үшін қолданылуға болады, құрылымдықты
қаңқа арқылы құрастырылған қабырғаларды, қалқандар мен жабындыларды
толтыру үшін, ал фибролитті шерені қабырғалар мен төбелерді қаптау үшін
сылақтың астына қолданылуға болады.
Органикалык емес байланыстырушы заттар
жасанды ұнтақталынған дисперiстi ұлпа түрiнде
алынады. Ол сумен, кажет болған жағдайда
кейбiр тұздардың ерiтiндiлерiмен
араластырғанда жұмсақты- қою және жеңіл
калыпталынатын камыр тәрiздi масса бере
алады. Онысы физика-химиялык процестер
нәтижесiнде бiртiндеп катаяды да тас - сипатты
денеге айналады. Көпшiлiк жагдайларда
байланыстырушы массаға толтырушылар
косады. Сонда толтырушылар
байланыстырушыны үнемдеуге мүмкіндiк
тудырып, жасанды тас қасиетін жаксартуға
ыкпалын тигiзедi.
Әктас – кальциттен, кейде арагониттен т ұратын кең тарал ған ш өгінді тау жынысы.
Құрамында қоспа ретінде сазды минералдар,
халцедон, кварц, глауконит, пирит, гипс,ангидрит, т.б. кездеседі. Әктастар негізінен
саяз теңіздер мен қолтықтарда, кейде т ұщы к өлдерде қалыптасады. Жаратылысы
жағынан әктастар органогенді, хемогенді (химиялы қ), кесекті ж әне криптогенді болып
түзіледі.
Гипс (грекше gypsos — бор, ок) минерал — өз құрамына екі су молекуласын кіріктіретін
кальций сульфаты; негізінен гипс минералынан т ұратын т ұнба (ш өгінді) тау жынысы;
ғаныш – сульфаттар класының минералы. Химиялы қ формуласы CaSO4Һ2H2O.
Моноклиндік сингонияда кристалданады.
Цeмент (нем. Zement, лат. Caementum — ұсақталған тас, қиыршық тас)
— гидравликалық байланыстырғыш материалдар тобы;
негізгі құрылыс материалдарының бірі; органикалы қ емес материалды ң майда ұнта ғы;
гидравликалық тұтқыр материалдардың үлкен тобыны ң жалпы атауы.
Керамика - деп keramike грек сөзі (keramos-саз деген сөзден шықкан) - қыш енері деген
мағынада. Керамикалық деп әр алуан ылгалды қта ғы, к өпшілігінде минералды қ немесе
органикалық қоспалары бар, саздық біркелкі массадан т үрлі т әсілдермен калыпталып
және жоғарғы температурада күйдіріліп жасалатын жасанды тас материалдары мен
бұйымдарын айтады.
http://ebooks.semgu.kz/content.php?
cont=r;153
https://kk.wikipedia.org/w
iki/%D0%91%D0%B0%D0%B9%D0%
BB%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D1%81
%D1%82%D1%8B%D1%80%D0%B0%D
1%82%D1%8B%D0%BD_%D0%B7%D0
%B0%D1%82

Ұқсас жұмыстар
Жаңа байланыстырушы заттардың түрі. СНГ мен Қазақстанда әктас, гипс, цемент, шыны, керемика өндірісі. Заманауи құрылыс саласындағы Қазақстан зауыттарының орны мен ролі. Коагулянт өндірісінің материалды ағынын есептеу
Ежелгі Мысыр, Қытай және т.б. елдерде әктас пен гипс өндірісі мен қолдануының дамуы. Италлия, Англия, Россияда гидравликалық байланыстырушы материалдардың дамуы мен қолдануы. Байланыстырушы заттардың заманауи күйі және болашақта дамуы
Әктас өндірісінің технологиясының негізі
Әктас өндірісі
Ежелгі Мысыр, Қытай және т.б. елдерде әктас пен гипс өндіруі мен қолдануының дамуы
Металлдар өндірісі
Ежелгі Мысыр, Қытай және т.б. елдерде әктас пен гипс өндірісі мен қолдануының дамуы
Металдар өндірісі
Ежелгі Мысыр, Қытай және т.б. елдерде әктас пен гипс өндірісі мен қолдануының дамуы. Италлия, Англия, Россияда гидравликалық байланыстырушы материалдардың дамуы мен қолдануы. Байланыстырушы заттардың заманауи күйі және болашақта дамуы. Глинозем өндірісінің жылу балансын есептеу
Шойын өндірісі
Пәндер