Қабыну




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік
университеті

БӨЖ
Тақырыбы: Қабыну.

Тексерген: Нуркенова М.К.
Орындаған: Мубарак Д.Д.
Тобы: ВМ-305.

Семей 2015ж
Жоспары:
1.Кіріспе бөлім
Қабыну дегеніміз не?
2.Негізгі бөлім
2.1.Қабынудың этиологиясы , патогенезі
2.2.Экссудация. Пролиферация
2.3.Жалпы патолофизиологиялық негіздер
3.Қорытынды бөлім
4.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қабыну (лат.— inflammatio, грек.— phlogosis) көптеген аурулардың даму
негізінде жатады.
Қабыну деп жануарлардың даму сатыларында пайда болған, жергілікті
бүлінуге
жауап ретінде дамитын, микроциркуляциялық арналардың, қан жүйесінің, дәнекер
тіннің бүліндіргіш әсерді шектеп аластауға, бүлінген тінді қалпына келтіруге
бағытталған сатылы өзгерістерімен көрінетін біртектес дерттік үрдісті түсінеді.
Қабыну өзіне тән ішкі заңдылықпен дамиды және алдыңғы сатысы кейінгілерінің
пайда болуына әкеледі. Қабынудың дамуында жергілікті механизмдер нервтік
-эндокриндік реттеу жүйелерінің әсерлерінен басымырақ байқалады. Бірақ қабыну
басқа біртектес дерттік үрдістермен (дене қызуымен, аллергиямен, стреспен,
иммундық серпілістермен) тығыз байланысты болғандықтан организмнің,
жергілікті ғана емес, жалпы серпілістерін көрсетеді.
Қабыну үрдісі кез келген жағдайларда үш құбылыстан (компоненттен):
элтерациядан микроциркуляцияның бұзылыстары мен экссудациядан және
пролиферациядан тұрады. Қабынудың бұл құбылыстары жиі бір мезгілде пайда
болады. Бірақ, қабынудың алғашқы құбылысы болып әрқашан бірінші элтерация
есептеледі, ал пролиферация қабынудың соңғы сатысына тән.
Қабынудың сыртқы белгілері өте ертеден белгілі. Оларды Цельс пен Гален бұдан
2000 жылдай бұрын жазып қалдырған. Оларға домбығу (tumor), қызару (rubor),
қызу (color), ауыру (dolor) және қызметінің бұзылуы (function laesa) жатады.
Негізгі бөлім
2.1.Этиологиясы. Қабыну туындатқан себебіне қарай инфекциялық және
Бейинфекциялық болып бөлінеді. Қабыну туындататын барлық ықпалдар
экзогендік  (сыртқы) және эндогендік (ішкі) болып екі топқа бөлінеді. Сыртқы
ықпалдарға микроорганизмдер (бактериялар, вирустар); жануарлар организмдері
(қарапайымдар, құрттар, жәндіктер); химиялық заттар (қышқылдар, сілтілер);
механикалық (бөгде денелер, жарақат, қысым) және температуралық әсерлер
(суық, ыстық); сәуле қуаттары (радийбелсенді, ультракүлгін және рентген сәулелері)
жатады. Қабынуды туындататын организмнің ішкі ықпалдарына: тромбоз, қан құйылу,
тас құрылу, микроциркуляцияның, зат алмасуының бұзылыстары және басқалары
жатады. Әлеуметтік орта құбылыстарының әсерлерінен дамитын жандүниелік
күйзелістер, эмоциялық зорлануларда қабынудың себебі болуы ықтимал. Олар қан
айналым бұзылыстарына, зат алмасудың өзгерістеріне (май қышқылдарының асқын
тотығуына) әкеліп, жергілікті ағзаның (асқазанның, жүректің ж. б.) кейбір, кейде тіпті
әдеттегі, қоздырғыштарға төзімділігі әлсіретуі мүмкін.
Патогенезі. Қабынудың патогенезін мына тізбек бойынша қарауға болады:
Элтерация: бірінші және екінші.
Экссудация (микроциркуляция бұзылыстары, лейкоцидтерді ң эмиграциясы)
1.қан тамырларының реакциялары (ишемия, артериялы ж әне веналы қ
гиперемия,
стаз).
2.экссудацияның өзі
3.лейкоциттердің тамыр жиегіне кемерленіп тұруы (маргинациясы) мен
эмиграциясы.
4.қан тамырлары сыртындағы үрдістер (хемотаксис, фагоцитоз).
Пролиферация.
Элтерация (лат. alterare — бүліну) — жасушалардың, жасуша аралық заттардың,
нерв аяқшаларының, қан тамырларының дистрофиялық, некробиоздық немесе
некроздық бүлінулерімен сипатталады. Бірінші әлтерация зақымдаушы
қоздырғыштың тікелей әсерінен дамиды. Бұл кезде жасушаның сыртқы қабығы
бүлінуімен қатар митохондрийлардың мембраналары зақымданады.
Мембраналардың иондық насостарының қызметтері нашарлайды; жасуша
мембраналарының өткізгіштігі жоғарлайды.
Осылармен қабынудың негізгі белгілері қызару, ісіну мен ауыру сезімін түсіндіруге
болады.
2.2.Экссудация (лат. exsudare - терлеу) деп қанның сұйық бөлшектерінің, онда еріген электролиттердің, қан
нәруыздары
мен жасушаларының тамыр сыртындағы тінге шығуын айтады.
Экссудацияның негізгі себебі тамырлар қабырғаларының өткізгіштігінің көтерілуі.
Қан нәруыздарының сыртқа шығуына байланысты тамыр сыртында оларды ң мөлшері өседі. Б ұл онкотикалы қ
қысымның
көтерілуіне әкеледі. Экссудациямен лейкоциттердің эмиграциясы (лат. emigrare - орын ауыстыру) тығыз
байланысты
және ол үш сатыдан тұрады:
Лейкоциттердің тамыр жиектеріне кемерленіп тұруы (маргинация);
Лейкоциттердің тамыр қабырғалары арқылы тамырдың сыртына шығуы;
Лейкоциттердің қабыну ошағында қозғалуы;
Экссудаттың жасушалық құрамы қабынудың пайда болу себебімен үлкен дәрежеде байланысты. Егер қабыну ірі ң
туындататын
микробтардың (стафилококктар, стрептококктар) әсерінен дамыса, онда экссудатта нейтрофилдік лейкоциттер басым
болады,
егер қабыну иммундық негізде (аллергия) болса немесе қарапайым жануарлармен, құрттармен ша қырыл ған болса,
онда
эозинофилдер көп болады. Баяу дамитын қабыну кезінде (туберкулез, сифилис) экссудатта бір ядролы жасушалар
(лимфоциттер,
моноциттер) көп болады.
Қабыну ошағында лейкоциттердің негізгі қызметі болып, бөтен бөлшектерді сіңіру және қорыту (фагоцитоз)
есептеледі.
Фагоцитоз төрт сатыда өтеді: 1. Жақындасу
2. Жабысу
3. Жұту
4. Қорыту
2.3.Қабынуды емдеудің жалпы патолофизиологиялық негіздері:
Қабыну туындатқан себепкер ықпалдарымен күресу, оны аластауға тырысу.
Жұқпаларға қарсы бактерецидтік дәрі дәрімектер қолдану керек.
Қабыну ошағындағы микроциркуляциялық бұзылыстарды қалпына келтіру бұл
үшін ар түрлі кыздыру физиотерапия тәсілдері қолданыладввыы.
Микроциркуляцияның жасқаруына байланысты зат алмасу процестері түзіледі.
Қабынудың жазылуы жылдамдайды.
Қабыну медиаторларының әсерлерін шектеу. Ол үшін медиаторларының түзілүіне
қажетті ферменттерді тежеп , Қабыну дәнекерлерін ыдырататын ферменттерді
сергіту қажет. Простаглиндердің түзілүін шектеу.
Жасушалардың, әсіресе лизосомалардың мембраналарын турақтандыру қажет.
Ол үшін әртүрлі антиоксидаттар, витаминдер, стероидтық гормондар ж.б.
пайдаланылады.
Қан ұю жүйесін реттеу фибронолиздіі арттыыру. Гепарин қан құю ұюыына тежеп тромб
құрылууын азайтады гистаминді байланыстырып қабынуға қарсы әсер етеді.
Имундық жүйе қызметін ретке келтіру, ол үшін имундық модуляторлар қолданылады.
Іріңді қабыну болса хирургиялық тәсілмен іріңді сыртқа шығару қажет.
Организімнің уыттануымен күресу бауырдың ішектердің қабыну кездерінде үлкен орын
алады.
Қорытынды
Қабыну өзіне тән ішкі заңдылықпен дамиды және алдыңғы сатысы
кейінгілерінің пайда болуына әкеледі. Қабынудың дамуында жергілікті
механизмдер нервтік-эндокриндік реттеу жүйелерінің әсерлерінен басымырақ
байқалады.
Қорыта келгенде қабынуды емдегенде бұл үрдістің қарама қайшылықты
мәнін естен шығармау керек. Сондықтан бүліну үрдістерін шектеп алмастыру
қажет. Пролиферацияның маңызды компенцациялық үрдістерді арттыру
қажет. Жануар және адам организмінде қабыну процесі байқалған уақытта,
оған алдын – алу шараларын жүргізу қажет.Қабыну кезінде кез – келген
жақпа, сүртпе майларды, дәрілерді қолдануға қатаң түрде тиым салынады.
Олар қабыну процесін асқындыруы мүмкін.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
В.Шакалов К.И, Башкиров Б.А, Поваженко И.С Частная ветеринарная
хирургия. Ленинград 1986г (125).
Гатин. П.П. Б.К.Ильясов. Влияние 5% хлорофоса на здоровый глаз. Труды
СЗВИ, 1970. (45б).
Ілиясов Б.К. Жануарлар түріне байланысты аминазинді қолданудың
рекшеліктері. Журнал «Жаршы». - 2006. (78 б).
Ілиясов Б.К. Дитилинді ветеринариялық хирургияда қолдану және лажсыздан
сойылған жылқы етінің сезімдік көрсеткіштері.- Журнал «Жаршы».2006.
(95 б).
Ілиясов. Б.К. Жануарларды эутанзациялаудың әдістері. - Журнал «Жаршы». -
2006. (65 б).

Ұқсас жұмыстар
ҚАБЫНУ ЭТИОЛОГИЯСЫ
Балалардығы қабыну процесінің ерекшеліктері
Жіті қабынуды тәжрибеде үлгілеу
Асептикалық қабыну моделінде фетальдық гепатоциттерді еңгізудің эффективті жолын анықтау
Борпылдақ талшықты дәнекер тіннің және қанның қабыну процесіне қатысуы
Қабыну және оның түрлері
ҚАБЫНУ ТҮРЛЕРІ
ҚАБЫНУ ОШАҒЫНДА ЗАТ АЛМАСУ БҰЗЫЛЫСТАРЫ
Қабыну туралы
Клиникалық белгілері
Пәндер