Өмірде өз орным бар




Презентация қосу
Өмірде өз орным
бар
Өмірде өз орныңды табу үшін:
Басқа адамның пікірін ескеру. Басқа адамдардың сіз туралы 
не ойлайтынын білу маңызды, себебі олардың пікірі әділ 
болуы мүмкін. Сырт жақтан бақылаған адам көп нәрсені 
байқайды. Сондықтан ондай пікірлерге ашуланбай, керісінше 
осы пікірлерді ескере отырып, дұрыс шешім қабылдаңыз.

Өмірлік серігіңнің намысын ойлау. Мансап баспалдағымен 
көтеріліп бара жатқанда отбасындағы жетекші рөл ер адамдікі 
екенін ұмытпау керек. Сондықтан отбасылық өмірде ер 
адамға бұйрық беріп, шешімді өз бетіңізше қабылдауға 
болмайды. Отбасылық өмірдегі қиын жағдайларды ер адамға 
тапсыру керек. 
Өз қиындықтарыңмен тұйықталмау. Қиын  жағдайлар 
кезінде  тек  өз  қиындықтарыңызбен  іштей  тұйықталмай, 
көмекке зәру адамдарға көмек көрсетіңіз. Бұдан  қиындықтар 
жоқ  боп  кетпейді,  бірақ  біршама  азаяды.
Басқа адамдарды сүю және сүйікті болу. Қоршаған ортамен қарым-қатынас 
сіздің оның дамуына қандай үлес қосқаныңызға байланысты. Жаманды қтан 
жамандық туады, ал жақсылық әрқашан өзіне жақсылықты тартады.

Барлық нәрсе салыстырумен танылатынын ұмытпау. Өмірде болатын әр 
түрлі қиындықтар басқа маңызды қиындықтармен жақыннан салыстырғанда 
кішкентай әрі маңызды емес болып көрінеді. Жабырқау с әттерде сізден де 
нашар жағдайда өмір сүріп, дүниеге сеніммен қарайтын адамдар бар екенін 
ұмытпау керек.

Теріс тәжірибе оң нәтиже беретінін ұмытпау. Өмірде кездесетін қиындықтар 
адамның сағын сындыруы мүмкін, бірақ тәжірибелі, а қылдырақ ететіні де 
өтірік емес. Олар басқа адамдарды түсінуге, бұрынғы  қателіктерді 
қайталамауға мүмкіндік береді.

Таңдаған өмірлік серігіңе шынайы қарау. Отбасын құрмас бұрын, өмірлік 
серігіңіздің мінезін толық біліп алуыңыз керек. Уақыт өте келе бәрі  өзгереді 
деп ойлайтындар бар, бірақ ол дұрыс емес.

Жүрегіңді тыңдау. Бір уақытта барлық адамға ұнау және өзіңмен-өзің болып 
қалу мүмкін емес. Қанша адам болса, сонша пікір болады. Сонды қтан сізді 
ұнатпайтын адамдар да табылады. Басқа адам сияқты боламын деп ж үріп, 
көпшіліктің ортасында өзіңіздің жеке қасиеттеріңізді жоғалтып алмау ға 
тырысыңыз.
Есте сақтаңдар:
Еш уақытта қайтып келмейтін үш нәрсе бар, ол :
уақыт, сөз, мүмкіндік.
Адамды айқындайтын үш нәрсе бар: еңбек, адалдық, жетістік.
3. Адам ақылға салса, өзін айқындауға қол жеткізіп, қайтып
келмейтін нәрсеге өкінбес болар.
Өмір – бұл мүмкіндік. Сол мүмкіндікті қолдана біл.
Өмір – бұл әдемілік. Әдемілікке қызыға біл.
Өмір – бұл арман. Арманыңды орындата біл.
Өмір – бұл ойын. Ойыншы бола біл.
Өмір – бұл байлық. Байлықты шаша берме.
Өмір – бұл қуаныш. Қуана біл.
Өмір – бұл махаббат. Махаббатқа рахаттана біл.
Өмір – бұл құпия. Құпияны сақтай біл.
Өмір – бұл көз жасы. Көз жасын жеңе біл.
Өмір – бұл өлең. Аяғына дейін айта біл.
Өмір – бұл терең құз. Құздан қорықпай шыға біл.
Өмір – бұл бақыт. Бақытқа лайықты өткізе біл.
Өмір – бұл жүлде. Жарыста жеңе біл.
Өмір – бұл баға жетпес асыл зат. Ешнәрсемен салыстырма.
Өмір – бұл өзен. Ағысқа карсы тұра біл.
Өмір – бұл қатал. Шыдай біл.
Өмір – бұл тәңірдің сыйы. Оны мәнді де сәнді өткіз.
Өмір - бұл театр. Әртісі бола біл.
Өмір дегеніміз-Алла тағаланың бізге берген сыйы, бір мүмкіндігі.
БҰЛ СЕНІҢ ӨМІРІҢ. ОНЫ БАСҚАРА БІЛ!
Менде өмірден өз орнымды тапсам деймін:Әке-шешеміз өмірге әкелді, 
жарық дүние сыйлады. Білім алу, бақытты балалық ша қ мүмкіндіктерін 
сыйлады.Біз үшін қаншама қиындық көрді, қуаныш сыйласа қ жас балаша 
шаттанды. Жақсылығымызды асырып, жамандығымызды жасырып ж үретін 
ата-аналарға қандай құрмет көрсетсек те артық емес. 
«Ата-анаңа не көрсетсең, алдыңа сол келер» деген  қаза қ халқының тамаша 
сөзі бар. Осыны кез-келген бала есіне са қтауы керек.
Кейде біздер ата-аналарымызды еркелікпен ренжітіп жатамыз. Ондайда 
олардың көңіліне ауыр тиетінін ескермейміз. Сондай ерке  қызды ң бірі 
болған мен анам мен әкемнің қасынын кеткелі бері, барлы ғын т үсініп 
жүрмін.
Менің ағаларым мен апаларым әке-шешелерін  қатты сыйлайды.  Қазір олар 
олардың үмітін ақтау үшін еңбектеніп жүр. Мен де ата-анамды ренжітпей, 
олардың сенімін ақтап, жоғары оқу орнына жақсы бітіргім келеді. 
Оқуымды үлгілі аяқтасам, жұмысқа орналассам е ң ал ғаш қы е ңбека қымды 
әкем мен анама сыйға тартсам деп армандаймын. Ол  үшін,  әрине, к өп 
еңбектену керек. Ата-ананың ризалығын алу деген сөз- отбасы ңа, Отаны ңа 
үлес қосу деген сөз деп ұғамын.Барлық достарымды аяулы ата-аналарын 
сыйлауға, құрметтеуге шақырамын. Олардың қабағына ешқашан кірбі ң 
ұялатпайықшы.
Өмір деген тұрмайды: қап -
қарадан.
Өмір деген тұрады: ақ - қарадан,
Ақ - Қара,екі арасын ашып өтіп,
Арымен өз бақытын тапқан
Адам!- дей отырып, өмір сүріп
жатқан әр секунд,
минутымызды бағалап, өмірдің
қиындықтарын жеңе білейік.
Назарларыңызға
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Өмірде өз орным бар (эссе)
Менің отбасым және ондағы менің орным
Ескендір поэмасын оқу
Партфолио
"Ең үздік дене тәрбиесі мұғалімі" сайыс таныстыру
Жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық және емдеу шаралары
АБАЙ ҚҰНАНБАЙЕВ ӨМІРБАЯН
Абай поэмалары
Махмұн пішіннің іщкі қасиеті
М.Әуезов Абай жолы романы
Пәндер