Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар туралы ақпарат




Презентация қосу
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық
проблемалар.ерекше қорғалатын табиғи территориялар – қоршаған
ортаны қорғау шараларының бір түрі. Табиғатты ұтымды пайдалану
мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау –
биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы.
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар.ерекше
қорғалатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау шараларының
бір түрі. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың
ғылыми негіздерін жасау – биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті
сатысы.

Орындаған: Мұратбекова Ақбота
ВС-403
Орындаған:Мұратбекова.А.Ж.
Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа антропогендек
әсерін болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың
концентрациясының артуына байланысты климат өзгеріп,
температураның жоғарлауына әкеліп соғады.
Энергия көзі ретінде көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану нәтижесінде
және машиналардың көбейіп индустриялық революциясының
өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүреді.
Жер планетасындағы атмосфераның температурасы артатын болса,
планетаның көптеген бөліктерінде құрғақшылық болады, басқа
жерлерде жаңбыр көп жауып, жерді топан су қаптайды. Полюстегі мәңгі
мұздар еріп аралдар мен жағалауларды, мұхиттар мен теңіз сулары
басып кетеді. Ауыл шаруашылығының өнімі нашарлап, халықтар мекенін
тастап, күн көрістің қамымен басқа жерлерге көшеді.
Киото хаттамасын біткеннен кейін нақты жобалар мен іс-шараларды іске
асыруды көздейтін Қазақстан Республикасында қызған газдардың
шығарындыларын азайту жөніндегі 2015 жылға дейінгі бағдарлама
әзірленетін болады.Табиғатпен тіл табысу үшін, біріншіден, өндірісті
экологиязациялау мақсатына сай келетін бірқатар шараларды іске асыру
қажет. Табиғатты қорғау үшін барлық елдердің күш қуатын біріктіргенде
ғана экологиялық шаралар тиісті нәтиже бере алады.Адам мен
табиғаттың қарым-қатынасын жақсарту бағытталған тағы бір шара –
табиғат байлықтарын тұтынуды ақылға сиымды мөлшерде өзіне – өзі
шек қою. Халықтың экологиялық санасын қалыптастыру міндетті
экологиялық білім мен тәрбие берудің бірқатар комплексті мәселелерінен
тұрады. Олар – экологиялық ғылыми сананықалыптастыру,экологиялық
этиканы, экологиялық психологияны және экологиялы қ құқықты қ сананы
қалыптастыру қажет.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақ — ерекше қорғау режимi
белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi
мен объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе
кеңiстiгiнiң учаскелерi.

Ерекше қорғалатын аумақ — кеңістігінде бағалы табиғи немесе
колдан жасалған (бағалы экожүйе, гейзерлер, бау- саябақ
ескерткіштері, инженерлік құрылыстар, т.б.) немесе қоршаған ортаға
қолайлы әсер ететін кеңістіктер (орман жолағы, көгерген аймақтар),
аумақтар, акваториялар. Мұндай аумақтар тек заңмен ғана емес,
арнайы бақылауда болып, адамдармен қорғалады
Алматы Талғар шыңы.
Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты

Резерват Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында орналасқан. Бүгінгі таңда
резервать ауданы 764 мың га жерге тең. Алдағы уақытты резерват
ауданын тағыда 400 мың га жерге ұлғайту жоспарланған. Нәтижесінде
оның ауданы 1,15 млн. га болады. Осы аумақ үшін де ҚБСА
жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерді
дайындаған. Барлық негіздемелер Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығыжәне
Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мемлекеттік экспертиза тексеруіннен
өтті.
Қазақстан Республикасының «Ерекше
қорғалатын табиғи территориялар туралы»
Заңына (1997 жыл) сәйкес мақсаттарына, қорғау
режимдеріне және пайдалану ерекшеліктеріне
қарай ЕҚТТ келесідей түрлерге бөлінеді:
мемлекеттік табиғи қорықтар, табиғи қорықшалар,
ұлттық табиғи парктер, табиғи парктер, табиғи
ескерткіштер, дендрологиялық парктер және
басқалар. ЕҚТТ нысандардың құндылығына қарай
жергілікті және республикалық маңызы бар деп
бөлінеді. Қазіргі күні Қазақстанда республикалық
деңгейде 10 мемлекеттік табиғи қорық, 57
қорықша, 10 ұлттық табиғи парк, 26 табиғи
ескерткіштер, 7 мемлекеттік ботаникалық бақ, 3
мемлекеттік зоологиялық парк бар.
Қорықша – жануарлардың, өсімдіктердің жеке түрлері, су,
орман, жер нысандары қорғалатын және табиғи
ресурстары шектеулі түрде пайдаланатын аумақ. Ол
мемлекеттік табиғи қорының бір немесе бірнеше
нысандарын сақтауға және толықтыруға арналады.
Қорықша территориясында шаруашылық жұмыстары
шектеулі түрде ғана жүргізіледі. Қорықшаның қорықтан
айырмашылығы онда бүкіл табиғат кешені емес, оның тек
бір бөлігі ғана қорғалады. Қорықшалар қорғалатын
нысандарының құндылығына қарай жергілікті және
республикалық мәндегі болып бөлінеді. Мысалы,
зоологиялық қорықша– Қазақстанда тіршілік ететін
жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі
бар түрлерін қорғау мақсатында ұйымдастырылған арнайы
аумақтар. Бұл аумақтар шаруашылыққа пайдаланылмайды
және мемлекет қорғауында болады. Ең алғаш
ұйымдастырылған зоологиялық қорықша–Андасай
қорықшасы. Елімізде республикалық мәні бар 44
Баркелмес қорығы
Ұлатау
Мемлекеттік ботаникалық бақтарда олардың міндеттерін орындау мен
байланысты емес және оларда өсірілетін өсімдіктердің жойылуына әкеліп
соғуы мүмкін кез келген іс-әректке тыйым салынады.Мемлекеттік
ботаникалық бақтар отандық және дүниежүзлік флораның табиғи және
мәдени өсімдіктер коллекциясын қалыптастырады және олардың
сақталуын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік ботаникалық бақтар
өсімдіктерімен импорттық және экспорттық операцияларды жүргізуді,
оларды ботаникалық басқа мекемелерге айырбастауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік ботаникалық бақтарда коллекциялық және эксперименттік
учаскелер, гербарийлер, питомниктер және тұқым қорлары құрылады.
Мемлекеттік ботаникалық бақтарды пайдалану ерекшеліктері:
1)мемлекеттік ботаникалық бақтар белгіленген тәртіппен ғылыми,
мәдени-ағарту және оку мақсатында пайдаланылады. 2) мемлекеттік
ботаникалық бақтардағы ғылыми зерттеулер табиғи флораның бағалы,
сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін және
жерсіндірілген дақылды өсімдіктерді қолдан өсіру, тұқымын сұрыптау
және көбейту саласында жүргізіледі.
Ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми жағынан ерекше құнды су
қоймаларына ерекше қорғалатын құқықтық режиміндегі арнаулы нысаналы
мақсаттағы немесе шаруашылық қызмет режимімен реттелетін су
қоймалары жатады. Шаруашылық тұрғыдан ерекше құнды су қоймалары,
шекаралық сулар, табиғи шипалы факторлары мен рекреациялық қасиеттері
бар су қоймалары, ұзақ мерзімді перспективадағы ғылыми зерттеулер
обьектілері болып табылатын су қоймалары, ықтимал сел қаупін төндіретін
су қоймалары ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми жағынан
ерекше құнды су қоймалары болып табылады.

Ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе ғылыми жағынан ерекше құнды су
қоймалары жергілікті және республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар санаттарына жатады. Ерекше мемлекеттік маңызы бар
немесе ғылыми жағынан ерекше құнды су қоймаларын пайдалануға беруге
ішінара шек қойылуы немесе толық тыйым салынуы мүмкін.
Назарларыңызға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Ерекше қорылатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар. Ерекше қорылатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі. Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау – биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар жайлы ақпарат
Табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаны пайдаланудың ғылыми негіздерін жасау – биосфераны ноосфераға айналдырудың міндетті сатысы
1.Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар. 2.Ерекше қорылатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі
Экологиялық этика табиғаттың эстетикасы спетті
БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Психология пәнінің теориялық және методологиялық негізі, ғылыми негізі
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар - 2 нұсқа
Педагогикалық үрдістің қозғаушы күштері
Пәндер