Жер меншік құқығы




Презентация қосу
Жер меншік
құқығы
Жоспар:

1. Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер
пайдаланушылардың жер учаскелерін пайдалану кезіндегі
құқықтары мен міндеттері

2. Жер учаскесі мен жер пайдалану құқығын
кепілге салу

3. Жер учаскесіне меншік құқығын, жер пайдалану құқығын
және өзге де заттық құқықтарды тоқтату
Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушыларды ң жер учаскелерiн
пайдалануға құқықтары
1. Егер осы Кодексте және Қазақстан Республикасыны ң өзге де за ң актiлерiнде
өзгеше белгiленбесе, жер учаскелерi меншiк иелерi мен жер
пайдаланушылардың:
1) жер учаскесiн оның нысанасынан туындайтын ма қсатта пайдалана отырып,
жерде дербес шаруашылық жүргiзу;
2) ауыл шаруашылығы және өзге де дақылдар мен екпелер себу мен отыр ғызу ға,
өндiрiлген ауыл шаруашылығы өнiмi мен жер учаскесiн пайдалану
нәтижесiнде алынған өзге де өнiмге және оны өткiзуден түскен табыс қа
меншiк, шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару;
3) өз шаруашылығының қажеттерi үшiн жер учаскесiнде бар құмды, сазды,
қиыршық тасты және басқа да кең таралған пайдалы қазбаларды,
шымтезектi, екпелердi, жер үстi және жер асты суларын, кейiннен м әмiлелер
жасасу ниетiн көздемей, белгiленген тәртiппен пайдалану, сондай-а қ жердi ң
өзге де пайдалы қасиеттерiн пайдалану;
4) жер учаскесi мемлекеттiк қажеттiктер үшiн алып қойылған (сатып алын ған)
жағдайда келтiрiлген шығынды толық көлемiнде өтетiп алу;

5) жердi аймақтарға бөлудi ескере отырып, меншiк, шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару
құқығымен жер учаскесiнiң нысаналы мақсатына сәйкестiкте тұрғын үйлер, өндiрiстiк,
тұрмыстық және өзге де үйлер (құрылыстар, ғимараттар) салу;
6) белгiленген құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнаулы талаптарға
сәйкес суландыру, құрғату және өзге де мелиорациялық жұмыстар жүргiзу, тоғандар мен өзге де
су айдындарын жасау құқығы бар.
2. Уақытша жер пайдаланушылар үшiн осы баптың 1-тармағының 2), 3), 5) және 6)
тармақшаларында көзделген өкiлеттiктер жер учаскесiн беру актiсiмен немесе жалдау шартымен
(уақытша өтеусіз жер пайдалану туралы шартпен) шектелуi мүмкiн
Кепiлдiң мәнi
1. Кепiл берушiге жеке меншiк құқығымен немесе жер пайдалану құқығымен тиесiлi жер учаскесi
кепiл мәнi болуы мүмкiн.
2. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, жер учаскесiнiң және жер
пайдалану құқығының кепiлiне жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы ережелер қолданылады.
3. Кепiлге салынған жер учаскесi немесе жер пайдалану құқығы осы Кодекске орай жер учаскесiне
құқығы жоқ тұлғаларға қатысты кепiл ұстаушының меншiгiне айналған жағдайда осы
Кодекстiң 66-бабында белгiленген нормалар қолданылады.
Жер учаскесiн және жер пайдалану құқығын кепiлге салуды шектеу
1. Жep учаскесiне немесе жер пайдалану құқығына қатысты мәмiлелер жасауға тыйым салынған
жағдайларда (осы Кодекстiң 33-бабының 2-тармағы және 36-бабы) жер учаскесiн және жер
пайдалану құқығын кепiлге салуға жол берiлмейдi.
2. Егер жер учаскесiнiң бiр бөлiгiн нысаналы мақсатына сәйкес дербес учаске ретiнде пайдалану
мүмкiн болмаса, жер учаскесiнiң бұл бөлiгiн немесе оның бiр бөлiгiне жер пайдалану құқығын
кепiлге салуға жол берiлмейдi.
Кепiлге салуға берiлген жер учаскесiнде немесе оның кепiлге салуға берiлетiн бөлiгiнде орналасқан
үйдi (құрылысты, ғимаратты) бiр мезгiлде кепiлге салмай, бөлiнетiн жер учаскесiн түгелдей
немесе оның бiр бөлiгiн не бүкiл жер учаскесiне немесе оның бiр бөлiгiне жер пайдалану
құқығын кепiлге салуға жол берiлмейдi.
Бөлiнбейтiн жер учаскесiнде орналасқан үйдi (құрылысты, ғимаратты) бiр мезгiлде кепiлге салмай,
бөлiнбейтiн жер учаскесiн немесе оған жер пайдалану құқығын кепiлге салуға жол берiлмейдi.
Үй (құрылыс, ғимарат) орналасқан және оны пайдалану үшiн қажеттi, бөлiнетiн жер учаскесiнiң бiр
бөлiгiн немесе бөлiнетiн жер учаскесiнiң бiр бөлiгiне жер пайдалану құқығын қоса кепiлге
салмай, не үй (құрылыс, ғимарат) орналасқан бүкiл бөлiнбейтiн жер учаскесiн немесе б үкiл
бөлiнбейтiн жер учаскесiне жер пайдалану құқығын бiр мезгiлде кепiлге салмай, ол үйдi
(құрылысты, ғимаратты) кепiлге салуға жол берiлмейдi.
Жер учаскесiнiң бiр бөлiгiне кепiлдi белгiлеген кезде осы Кодекстiң 36-бабының 3-тармағында
көзделген талаптар сақталуға тиiс.
3. Жер учаскесiн жалдау нысанында ұзақ мерзiмдi уақытша жер пайдалану құқығын жалдау
шартының қолданылу мерзiмiне кепiлге салуға жол берiледi.
Жер учаскесiне жеке меншiк құқығын немесе жер пайдалану құқығын тоқтату негiздерi
1. Жер учаскесiне жеке меншiк құқығы немесе жер пайдалану құқығы:
1) меншiк иесi - жер учаскесiн немесе жер пайдаланушы жер пайдалану құқығын иелiктен
шығарып басқа тұлғаларға берген;
2) меншiк иесi меншiк құқығынан немесе жер пайдаланушы жер пайдалану құқы ғынан бас
тартқан;
3) жер учаскесiне меншiк құқығынан немесе жер пайдалану құқығынан Қазақстан
Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда айырылған ретте
тоқтатылады.
2. Меншiк иесiнен, сатып алуды қоса алғанда, жер учаскесiн және жер пайдаланушыдан жер
пайдалану құқығын алып қоюға:
1) меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының мiндеттемелерi бойынша жер учаскесiнен
немесе жер пайдалану құқығынан өндiрiп алу жүргiзiлген;
2) жеке меншiк иесiнен немесе жер пайдаланушыдан жер учаскесi мемлекеттiк қажеттiктер
үшiн сатып алуды қоса алғанда, алып қойылған;
Тыңдағандарынызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Жерге мемлекеттік меншік
ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ
Жер пайдалану құқығы және жерге өзге де құқықтар
Жер қатынастары негізінде туындайтын құқық бұзушылықты реттеу
ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ НЕГІЗДЕРІ
Жер құқығы қатынастары
Жерге меншік құқығы
Жер құқығының әдістері
ЖЕРГЕ МЕНШІК
Жер құқығығының негіздері
Пәндер