Қара топырақтар туралы




Презентация қосу
Қара
топырақтар
Қара топырақ
Қара топырақ — екі жарты шардың дала және орманды
дала зоналарында тараған топырақ түрі; физикалық құрылымы
жақсы, қара шіріндіге бай болуының нәтижесінде ол өте құнарлы
келеді. Қара топырақ көп ғасырлар бойы жылы да құрғақ климат
жағдайында саздақ, құмдақ және лёсс топырақтарда өскегі
өсімдіктердің өлуінен түзілген, қара шіріндінің қорлануынан пайда
болады. Далалық аймақта қара топырақ жер қыртысын түгелдей
дерлік алып жатады да, ормандыдала аймаңта күлгінделген
топырақтармен алмаг сып келеді. Оңтүстікке қарай климат
құрғаңтығының артуы мен шөптің сиреуіне сәйкес қара
топырақтың құнарлылығы азая береді де, қара шіріктің түсі
бозғылдана отырып, қара шірінді горизонты 1—2 м-ден 60—70 см-
ге дейін жұқарады, Сондықтан қара топырақ ендік бағытымен
оңтүстікке қарай шау қара топырақ, кәдімгі қара топырақ, оңтүстік
немесе жұқа қара топырақ деп бөлінеді.
Мамлют ауданы
Физика-географиялық
сипаттамасы
• Аудан аумағының бедері жазықты. Климаты
күрт континетті, қаңтардың орташа
температурасы: -18, -190С, шілдеде: +18, +190С.
Атмосфералық жауын-шашынның жылдық көлемі
300–350 мм. Аудан аумағында 200-ден астам
шағын көлдер орналасқан.

• Ауданның жері негізінен қара топырақты. Өсімдік
әлемі келесі түрлермен ұсынылған: селеу, бетеге,
жусан, шалғын, қамыс, сонымен қатар аудан
аумағында қайыңды-көктеректі ормандар бар.
Жер ресурстары және топырақ

Табиғи жағдайлар мен егіншілік
тәжірибесінің ерекшеліктеріне сай
Мамлют ауданының аумағы 
3 табиғи-егіншілік аудан шегінде
орналасқан 

орманды дала
жазықты- қара топырақты шоқ карбонатты
батыс тоғайлы жалды- жердің
шалғынды- көлді аудан, ірі алқапты
қара сортаң жазықты-батыс
топырақты жә жерлі және сұр орм ауданы.
не ірі сортаң ан топырақтары;
жерлері;
Қазақстанның
топырақтары :
• Қазақстанның жазық алқаптарында климаттың,
топырақтың терістіктен оңтүстікке қарай
өзгеруі табиғаттың көлденең зоналық заңына
бағынса, таулы алқаптардағы топырақ, климат
жағдайларының тау етегінен, таудың биік
шыңына қарай өзгеруі табиғаттың тік зоналық
заңына бағынады.
• Қара және шабындық қара топырақтары мен
ала кебірлі кешендері 191 млн га жерді немесе
ТМД аумағының 8,6 процентін алып жатыр.
Қара топырақ Молдава мен Байкалдан арғы
аралықтары орманды дала және дала
аймақтарында тараған. Таралу алаптары
Молдава, Украйна, Солтүстік Кавказ, Еділ бойы,
Батыс Сібір т.б.
Қазақстаннан басқа елдерде кездесетін
топырақ түрлері
Солтүстік Қазақстандағы Батыс Сiбiр ойпатынан оңт-тегi Алатау
өңiрлерiне дейiнгi аралық 1500 — 1600 км, Батыстағы Атырау
алқабынан Алтай тауларына дейiнгi 3000 км-ге жуық өңiрлердi әр
түрлi топырақтар жамылғысы басқан. Бұл топырақ жамылғысының
әр аймақтарда түзiлiп, орналасуы геогр. белдемдiлiк заңына
байланысты.
Жазық алқап топырағы. Ауд. 235 млн. га. Қазақстанның жазық
аймақтарында солт-тен оңт-ке қарай мынадай топырақ белдемдерi
кездеседi:
Республиканың оңт. бөлiгiндегi шөлдi белдемге дейiнгi орт.
аймақты құрғақ-далалы және шөлдi-далалы қара-қоңыр топырақты
белдем алып жатыр. Аум. 90,5 млн. га, яғни республика жерiнiң
33,2%-ы. Мұнда солт-тен оңт-ке қарай 3 белдем аралығына
бөлiнедi: күңгiрт қара-қоңыр топырақты белдем аралығы —
қоңыржай қуаң дала, мұнда жыл сайын егiннен тұрақты өнiм
алынбайды. Топырақтағы қара шiрiк мөлш. 3 — 4%-дай. Аум. 27,7
млн. га. Топырақ құнары жап-жақсы болғанымен құрғақшылық
әрбiр 3 — 4 жылда бiр қайталанып болып тұрады.
Шөл дала белдемiнiң аум. 119,4 млн. га, немесе
республика аумағының 44%-ы. Мұнда 2 белдем
аралығы бар. Қоңыр топырақты белдем аралығы —
шөлдi аймақ, оның жусаны мол, жайылымы жұтаң
жерлер. Аум. 57,4 млн. га. Жылдық жауын-шашын
мөлш. 120 — 150 мм. Топырақтың беткi
қабатындағы қарашiрiк мөлш. 1 — 1,5%. Сұр қоңыр
топырақты белдем аралығы шөлдi аймақ, жусан
мен эфемерлi өсiмдiктер басым. Аум. 61,8 млн. га.
Жылына түсетiн жауын-шашын мөлш. 80 — 130 мм.
Топырақта қарашiрiк мөлш. 1%-дай. Алқапта құмды,
тақыр, сор жерлер жиi кездеседi.
Зейін салғандарыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Топырақтың негізгі типтеріне шолу. Тундралық топырақтар
ӘЛЕМНІҢ ТОПЫРАҚ ЖАМЫЛҒЫСЫ
Топырақ ортасының реакциясы
Топырақтың су-физикалық және физикалық қасиеттері
Топырақ жайлы
Қара топырақтар
ТАУЛЫ АЙМАҚТАҒЫ ТОПЫРАҚ
Шымды топырақтар Шымды - күлгінді
Топырақтың маңыздылығы, қасиеттері
Топырақтардың жер бетінде таралу заңдылықтары жəне оның қоршаған ортаның экологиялық факторлармен əсері
Пәндер