Құқықтық мемлекет




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

Слайд

Алматы-2011
Құқықтық мемлекет

Құқықтык мемлекет дегеніміз - жеке
адам және коғам мүддесін қорғайтын,
заң үстемдігі мен құқық принциптеріне
негізделген мемлекет. Құқықтық
мемлекетті қалыптастыру ісі қоғамды
демократияландыруға, құқықтық
тәртіптің және заңдылық
принциптерінің сақталуына негізделеді.
Құқықтық мемлекеттің негізі:
- Құқықтық мәдениет;
- Азаматтық қоғам;
- Заңдылық және құқықтық тәртіп;
Құқықтық мемлекеттің белгі-
нышандары:
1. Заңның үстемдік етуі.
2. Мемлекеттік биліктің бөлінуі.
3. Тұлға мен мемлекеттің өзара
жауаптылығы.
4. Азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарының шын мәнділігі,
олардың құқықтық және әлеуметтік
қорғалатындығы.
5. Саяси және идеологиялық
плюрализмнің болуы.
6. Азаматтық қоғамның қалыптасуы.
7. Ішкі заңдардың көпшілік таныған
халықаралық құкықтық нормалар мен
принциптерге сәйкес келуі.
Азаматтық қоғамның қалыптасының
теориялық кезеңдері.
Азаматтық қоғамның пайда болуы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері
оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық қатынастармен байланыстырады.
Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада болмасын болған дейді.
Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Аристотель еңбектерінің өзінде бір
азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол
ізгіліктің, адамгершіліктің де иесі болады деп жазды.
Кейінірек бұл мәселеге елеулі үлес қосқандар:Т.Гоббс, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо,Т.Пейн ж әне
тағы басқа. Дегенмен, азаматтық қоғам тұғырнамасын жасауда ерекше еңбек еткен немісті ң атақты
фәлсафашысы –Гегель. Оның ойынша, азаматтық қоғам мемлекеттен тәуелсіз нары қты қ
экономиканы, әлеуметтік топтарды, таптарды, корпорацияларды, институттарды қамтиды. Оларды ң
мақсаты қоғамның өміршеңдігін және азаматтық құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуде.
Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалы қ
және мәдени –рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаны ң емін-еркін
дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне
аралауына шек қойылады. Ал олардың атқаратын міндеттерін азаматтар өз еркімен олар ға берген
және орындалуын өздері тексереді
Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар (отбасы,
кооперациялар, ассоциялар, қоғамдық ұйымдар, кәсіби, шығармашылы қ, спортты қ, этникалы қ
және басқа бірлестіктер), азаматтардың, өндірістік және жеке өмірі, оларды ң әдеп- ғұрпы, салттары
кіреді.
Азаматтық қоғамдаадамдардың экономикалық, саяси және рухани өмірінің түрін еркін
таңдауына және жүзеге асыруына заң жүзінде кепілдік беріледі. Олар мемлекет тарапынан қата ң
тәртіпке алынудан сенмді түрде қорғалады. Адамның жалпы құқықтары са қталады, б ұзылмайды.
Қазақстандағы азаматтық қоғам: проблемалары, қарама-
қайшылықтары, болжамдары.
Қазақстанда азаматтық қауымдастық негізінде азаматтық қоғамды
қалыптастыру еліміздің әлемдік өркениеттер жүйесіне қосылуына мүмкіндік
береді. Бұл халықтың экономикалық және мәдени дамуына, қоғамдық өмірдің
барлық саласының тұрақты дамуына еліміздің барлық потенциалын
пайдалануға жағдай жасайды.
Азаматтық қоғам, азаматтық қауымдастықтың әлеуметтік-экономикалық және
саяси құқықтық негізі ретінде.
Азаматтық қоғам мен азаматтық феномені мемлекет билігіне қарсы
оппозиция мен түрлі көзқарастар мен қажеттіліктердің иеленуші –тұлғадан
туындайды.Адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандарудың ең жақсы әдісі
саяси тұрғыда ұйымдасқан қоғамның мүшелері арасындағы еңбекті бөлу
принципі. Ол тұрғындарды 3 сословиеге бөлді: басқарушы-философтар,
әскерлер, қолөнершілер мен жер өңдеушілер. Платон қоғамды бөле отырып,
полистің өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыру мәселесінде «саяси
мемлекеттен» басқа «азаматтық қоғамды» көрсетті.
Азаматтық қоғам мен азаматтық туралы қазіргі көзқарастар XVIII ғасыр
аяғы мен XIX ғасырдың I-ші жартысында Батыс Еуропа мен Америка елдерінде
пайда болды. Бұл кезеңде өндірістік және саяси революциялар, жаңа әлеуметтік
теңсіздікті туғызған нарықтық қатынастардың дамуы, адамдардың қоғамдық
өмірден алыстауы, олардың мемлекеттік билік тарапынан қызметінің шектелуі
және т.б. процестер орын алды. Мұның бәрі әлеуметтік субъектілердің
ұйымдасқан саласының пайда болуына алып келді. Кейіннен бұлар қоғамдық
өмірдің барлық саласын қамтитын институттар мен ұйымдар жүйесіне
айналды, олардың басты міндеті мемлекет тарапынан болатын күш көрсету,
зорлық, бағындыру функцияларын шектеу, сондай-ақ мемлекет пен жеке тұлға
арасындағы қатынасты дамыта отырып, жеке мен қоғамдық мүдделерді
біріктіру болып табылады.
Азаматтық қоғамның сипаттары

Азаматтық қоғамның бар сипаттарын зерттей
келе, оны қазіргі қоғамдық жүйе ретінде
мынандай қасиеттерін көрсетуге болады:
I-ден, азаматтық қоғам бүл ірі
өндірістік базасы, өнеркәсіптердің ғылыми-
техникалық қамтамасыз етілу деңгейі ж әне
әлеуметтік инфрақұрылымы дамыған
индустриалдық қоғам.
II-ден, азаматтық қоғам-бұл
адамдардың әр түрлі қажеттіліктерін өтейтін
түрлі меншік түрлері мен кәсіпкерлік қызмет
формасы, экономикалық негізі болып
табылатын нарықтық қатынастардың
қоғамдық жүйесі. Азаматтық қоғамда меншік
пен кәсіпкерліктің айтарлықтай орнын жеке
меншік пен жеке сектор алады.Бұл әлеуметтік
субъектілер қызметінің тәуелсіздігі мен
еркіндігін қамтамасыз ететін негізгі механизм.
III-ден, азаматтық қоғам өзінің саяси
параметрлері бойынша- демократиялы қ жүйе.
Демократия жергілікті өзін-өзі бас қару, те ң
және ортақ сайлау, биліктің бөліну
механизмдері арқылы қамтамасыз етіледі.
Азаматтық қоғамның саяси ұйымдасуыны ң
ядросы әр түрлі топтардың мемлекеттік билік
құрылымында өкілеттіктерін қамтамасыз
ететін көппартиялық жүйе.

Азаматтық қоғам проблемалары

Қазақстан жағдайында азаматтық
қоғамды құрудағы кездесетін
проблемаларға тоқталайық.
1.Азаматтық қоғамды
институцияландыру проблемасы, яғни
ескі құрылымдардың орнына жаңа
құрылымдар мен институттар келуі
керек. Олар қазіргі жағдайдағы
қоғамның дамуы мен қызмет етуін
қамтамасыз етуі керек. Азаматтық
қоғамды құру-бұл оның
институционалдану проблемасы мен
қарама-қайшылықтарын шешу болып
табылады. Азаматтық қоғамда жеке
мен мемлекеттік сала арасындағы
қайшылық өзекті. Азаматтық қоғамды
қалыптастыруда мемлекеттік саланың
үлесі төмендеп, жеке өмір саласы өсуі
керек.
Дамыған азаматтық қоғамда
қоғамдық өмірдің коллективті, жеке
және мемлекеттік салалары арасында
теңдік қойылады, яғни бірде-біреуі
монополді билеуші бола алмайды. Бұл
заң жүзінде бекітіледі.
2.Азаматтық қоғамның субъектісі ретінде жеке тұлғаны қалыптастыру проблемасы. Бұл проблеманы
шешу тек қана индивидтің азаматтық қоғамға тән әлеуметтік нормалар мен құндылы қтарды
қабылдау механизмі арқылы жүзеге асады.
3.Азаматтық проблемасы Американ зерттеушісі Т.Маршалл азаматтықтың мағынасын
былай көрсетеді: азаматтық бұл «кез-келген қоғамдағы толық мүшелік». Индивидтерді ң ерекше
әлеуметтік мәртебесі, яғни тең құқық пен міндеттер, билік пен жауапкершілік, еркіндік пен
бағынушылық, теңдік принципке негізделген әлеуметтену өмір сүріп отыр ған қо ғамды ешқандай
революциялық әдістерсіз реформалауға мүмкіндік береді.
Азаматтық феномен мықты интегративтік сипатқа ие. Формасы бойынша саяси құқықты қ
құбылыс болып табылатын азаматтық мемлекетте тұратын адамдарда, олаоды ң этникалық, діни,
нәсілдік және т.б. айырмашылықтарына қарамастан біріктіреді. Оны халы қ деп атайды. Халы қ б ұл
біріншіден азаматтық қауым. Азаматтық кез-келген индивидті, халықты және жалпы мемлекеттік билік
қатынастарының қатысушыларына айналдырады. Индивид пен мемлекеттік биліктік қатынастар
жүйесіндегі қызметі индивидті Азаматқа, ал тұрғындарды-азаматты қ қауымдасты ққа айналдырады.
Азаматтықтың интегративті қызметі индивидті қоғамдық өмірге араласудың толы қ және
әділетті механизмі болып табылады. Индивид өзіні ң таби ғи қажеттіліктерін тек жалпы азаматты қ
процесс барысында өтей алады. Азаматтық қоғамда бостандық қоғамны ң кез-келген м үшесіні ң
индивидуалдық дамуына қажетті қоғамдық ресурстарды индивидуалды қ дамуына қажетті қо ғамды қ
ресурстарды пайдалалуғамүмкіндік беру деп түсіндіріледі. М ұны, I-ден, за ң алдында барлы ғыны ң те ң
болуы; II-ден, жеке және әлеуметтік бостандықтың негізі болып табылатын меншікке қол жеткізу
мүмкіндігі арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Жеке тұлғаның автономдылы ғы мен бостанды ғы, за ң
алдындағы теңдігі-азаматтық қоғамның негізгі принциптері болып табылады.
Азаматтық қоғамдағы жеке тұлғаның құқықтық жағдайы құқықтық мәртебемен
анықталады. Оның элементтері: құқық, бостандық, құқықтық кепілдіктер тұлғаның міндеттері мен
жауапкершілігі.
Жеке тұлға құқығы –бұл белгілі бір құндылыққа, игілікке деген құқық. Бұл
құндылықтар әр түрлі –материалдық, рухани, мәдени
Бостандық

Бостандық- бұл да құқық, құқықтың бір түрі.
Конституцияда көрсетілген бостандық түрі сол
уақытта жеке тұлғаның құқығы болып табылады.
Мысалы, сөз бостандығы- бұл азаматтың еркін өз
ойларын, көзқарастарын айту құқығы жиналыс,
митинглер бостандығы-азаматтардың өз өміріндегі
және қызметіндегі проблемаларды шешу үшін
жиналу құқы.
Азаматтағы қоғамдағы индивид пен
мемлекет арасындағы қарым-қатынас
2дихотомиялық құқық және міндет негізінде
анықталады.
Мемлекет азаматтарға қатысты құқықтары
бар. Яғни, мемлекет тек қана жеке тұлғаларға
қатысты құқықтары ғана емес, сонымен қатар
олардың алдында міндеттерге де ие. Тұлға да
мемлекет алдында міндеттері ғана емес, сонымен
қатар құқықтары да бар. Сонымен, мемлекет пен
азамат арасындағы қарым-қатынас өзара тең
құқықты міндеттермен құқықтар арқасында
қалыптасады. Бұл азаматтық қоғамның басты
белгісі.
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін,
өзінің даму стратегиясы мен бағыттарын
Конституцияда көрсетті: демократиялық,
әлеуметтік, зайырлы мемлекет болу, ішкі және
сыртқы саясатын нарықтық қатынастарды дамыту
бағытында әлеуметтік-экономикалық, саяси
реформаларды жүргізу, биліктің демократиялық
институттарын қалыптастыру, ұлтаралық келісім
мен азаматтық бейбітшілікті нығайту, халықаралық
байланыстарды кеңейту.

Ұқсас жұмыстар
Нормативтік құқықтық акт
Адамның азаматтық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау құқықтық мемлекетті қалыптастыру жолындағы маңызды мәселе
Құқық нормаларының негіздері мен белгілері
Мемлекеттің белгілері
Құқықтық мемлекет қағидаттары
Мемлекет және заң
Құқықтың түсінігі, мәні мен құндылығы
Мемлекет және құқық
Құқықтық мемлекет және оның негізгі белгі – нысандары
Конституция принциптері мен институтары
Пәндер