Мәдениеттану




Презентация қосу
Мәдениеттану
Жоспар
Мәдениет дегеніміз не?
Мәдениет теориясы – мәдениеттану
Мәдениеттану пәні нені зерттейді?
Мәдениеттану: пәндік ерекшеліктері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Мәдениет дегеніміз не?

Мәдениет – адам болмысының өте күрделі
факторы.
Күнделікті ауыз тілде «мәдениет» – бәрімізге
өте таныс сөз: біз сарайлар мен мәдени
саябақтар, қызмет көрсету мәдениеті және
тұрмыс мәдениеті, мұражай, театр,
кітапхана туралы айтамыз.
Мәдениет дегеніміз не?
Сонымен бір мезгілде мәдениет – әлеуметтік-
гуманитарлық танымның мәдениеттанушылар
зерттейтін ең бір басты ғылыми түсінігі болып
табылады.
Адам тіршілігінің өзіне тән ерекшелігін туралы
ойлау адам болмысының ерекшеліктерінен көрініс
беретін арнайы түсініктерді қажет етті, олар
адам болмысының даму мүмкіншіліктерімен,
оның санасымен рухани әлемімен байланысты.
Мәдениет теориясы – мәдениеттану

Мәдениеттану – ХХ ғасырда ғана
ғылыми пән ретінде қалыптасқан
жаңа ғылымдардың бірі. Бірақ
мәдениет зерттеу пәні ретінде ХVІІ
ғасырлардан бастап философтар мен
тарихшыларды қызықтыра бастады.
Мәдениет теориясы – мәдениеттану

Мәдениеттану – мәдениет теориясы – кешенді
гуманитарлық ғылым. Оның қалыптасуы
мәдениет туралы ғылыми білімнің
интеграциясының жалпы тенденциясын
көрсетеді. Ол тарих, философия, әлеуметтану,
жантану, антропология, этнология, этнография,
өнертану, семиотика, лингвистика,
ақпараттану пәндерімен өзара түйіскен.
Мәдениет теориясы – мәдениеттану

Мәдениеттану – ХХ ғасырда ғана
ғылыми пән ретінде қалыптасқан
жаңа ғылымдардың бірі. Бірақ
мәдениет зерттеу пәні ретінде ХVІІ
ғасырлардан бастап философтар мен
тарихшыларды қызықтыра бастады.
Мәдениеттану пәні нені
зерттейді?

Мәдениеттану - философиялық ілім,
ол философияның бір бөлігіне,
дәлірек айтқанда, мәдениет
философиясына жатады.
Мәдениеттану пәні нені
зерттейді?
Неміс классикалық
философиясының негізін
салушы Иммануил
Канттың (1724-1804)
пікірінше, тек екі нәрсе
адамды тандандырады
жұлдызды аспан және
адамның ішкі рухани
дүниесі. Соңғының
өзегін рухани мәдениет
құрастырады.
Егер біз философияны И.Канттың
ізімен:

Адамдеген кім және ол қайдан келді?
Ол не үшін өмір сүреді? Адам қайда
барады, болашағы қалай? Деген үш
сұраққа сыйғызсақ, онда адам мен
мәдениеттің, философия мен
мәдениеттанудың арасындағы тығыз
байланысты көреміз.
Мәдениеттану пәні нені
зерттейді?
Мәдениеттану пәні Батыс елдерінде мәдени
антропология (адам туралы ілім) құрамында
қалыптасқан. Мәдениет – ашық жүйе, оның
негізгі мақсаты, өзін басқаға, жеткізу, ол
монологтан гөрі диалогқа - сұхбаттасуға
жақын.
Осы тұрғыдан төмендегідей тұжырым
жасауға болады; мәдениеттану мәдениетті
нақтылы тарихи-әлеуметтік процесс
түрінде қарастырады.
Мәдениеттану пәні нені
зерттейді?
Мәдениеттану жеке пән ретінде XIX соңғы
ширегінде қалыптаса бастады, сондықтан
да оны әлі де болса да буыны бекімеген жас
ғалымдар саласына жатқызамыз.
Мәдениеттану – мәдениет туралы ғылым,
сонымен қатар философиялық ілім, өйткені
ол философияның басты саласы – мәдениет
философиясын қамтиды.
Мәдениеттану пәні нені
зерттейді?
Мәдениеттану қоғамда болып жатқан түрлі
процесстерді (материалдық, әлеуметтік, саяси,
адамгершілік, көркемдік т.б.) барынша қамтып,
мәдениет дамуының жалпы заңдылықтарын, оны ң
өмір сүруінің принциптерін және бір-біріне этно-
әлеуметтік, саяси – моральдық, ғылыми-к өркемдік
және тарихи сипаттамаларымен, жа ғдайларымен
ерекшелінетін алуан мәдениет түрлерінің өзара
байланыстары мен тәуелділіктерін зерттейді.
Мәдениеттану: пәндік
ерекшеліктері

Мәдениеттi әр түрлi тұрғыдан
қарастырылуы, мәдениет мәселесiне
деген үлкен қызығушылықтан туса
керек. Оған дәлел ретiнде 1964 жылдары
батыс әдебиетiнде мәдениетке 257
анықтама берiлгендiгi жөнiнде американ
мәдениеттанушылары А.Кребер мен
К.Клахконның мәлiметтерiн келтiрсек
те жеткiлiктi сияқты.
Мәдениеттану: пәндік
ерекшеліктері

Мәдениеттанушы, ең бiрiншi кезекте,
мәдени қызметтiң нәтижелерiмен
(мәдени шығармашылықтығ
нәтижелерi, музыка, кескiндеме
туындылары және т.б.) санасса да,
оның басты мақсаты-тереңде жатыр,
дәлiрек айтқанда, мәдениеттiң рухын
игеру болып табылады.
Қорытынды
Мәдениеттануды тек қана гуманитарлық ғылымдар
саласына ғана емес, жалпы теориялық пәндер қатарына
да жатқызуға болады, өйткені бұл пән адамзат
баласының мәдени өмірдегі толып жатқан
құбылыстарын жүйелі түрде қарастырады. Ал мәдени
процестердің мәнін ашып көрсетуде түрлі ғылым
салаларының өкілдері, атап айтқанда этнографтарды ң,
әдебиетшілердің, социологтардың, психологтарды ң,
тарихшылардың, демографтардың және т.б. ат
салысатынын ескерсек, мәдениеттанумен барлық
ғылымдар саласының айналысатындығын айқын аңғаруға
болады.
Қорытынды
Шындығында да, мәдениеттануға осы
уақытқа дейін түрлі ғылым салалары, атап
айтқанда, антропология, психология, тарих,
педагогика зор ықпал етті.
Қорыта келгенде, менің ойымша, бұл керемет
қызық пәнді оқу сіздің интеллектуальдық
потенциалыңызды көтеріп, сіздің рухани
дүниеніңізді байытады.
Қолданылған әдебиеттер

www.wikipedia.org
www.gumer.info
Нағымұлы Ш. Мәдениеттану: оқулық.
- 2 басылым. - Астана : Фолиант, 2010.-
312 б. - (Кәсіптік білім)
Назар аударғаныңыз үшін
рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Мәдениет концепциясы
Мәдениеттану тарихы
Экологиялық мәдениет
Мәдениет ұғымы
МӘДЕНИЕТ ФУНКЦИЯЛАРЫ
Қазіргі заманғы сөздіктерде мәдениетке берілген анықтамалар
МӘДЕНИЕТ - ЖЕКЕ
Мәдениет морфологиясы
МӘДЕНИЕТ МОРФОЛОГИЯСЫ МӘДЕНИЕТ
Пайдаланылған әдебиет
Пәндер