Жүн талшығының құрылымы




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Тақырыбы:
Жүн талшығының
құрылымы

Орындаған: Қайралас Қ
Топ: ТК-421
Тексерген: Муслимова Н. Р
ЖОСПАР

Ж үн

Жүн талшығының түрлері
Жүннің құрылымы
Жүн талшығының құрылымы
Түк қалташасының құрылымы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
ЖҮН

Жүн– қой, ешкі, түйе және т.б. жануарлардың
түгі, жеңіл өнеркәсіптің құнды шикізаты. Жүн
талшықтары жылуды аз өткізеді, ылғал
тартқыш және берік болады. Ол жіп иіру, мата
тоқу, киіз басу, әр түрлі тоқыма бұйымдар
жасау үшін пайдаланылады. Қой, ешкі және
түйе Жүні құнды шикізат болып есептеледі.
Қой Жүні - биязы, биязылау, ұяң және қылшық Жүн деп бөлінеді.
Биязы Жүн талшығының жіңішкелігі 14,2 – 25 мкм, ұзындығы мен
ирегі біркелкі болады. Түсі ақ, шайыры мол. Бұл Жүнінен жоғары
сапалы мата тоқылады. Биязылау Жүн біркелкі ірілеу Жүн мен
аралық қылшықтан тұрады. Талшығының жіңішкелігі 25,1 – 35 мкм.
Мұндай Жүннен трикотаж, жоғары сапалы шұға тоқылады. Ұяң Жүн
құрамында Жүннен басқа аралық және майда қылшықтар болады.
Ұяң Жүннен кілем тоқылады. Қылшық Жүннің құрамында
қылшық, әсіресе, өлі қылшық көп болады. Мұндай Жүн киіз, киіз
аяқ киім, т.б. жасауға пайдаланылады. Жүннің барлық түрінің
сапасы малдың тұқымына, оны дұрыс азықтандыруға, бағып-күтуге
байланысты. Ешкі Жүні - қылшықты, түбіт аралас болады.
Ангор, т .б. ешкі тұқымының Жүні биязылау келеді.
Түйе Жүні - берік, сапасы жақсы болады. Одан жүн мата, сырт
киім, әр түрлі бұйымдар жасалады.
Сиыр, жылқы Жүндерінен — киіз.
Қоян Жүнінен - жеңіл киім жасайды.
Ит Жүні - емдік мақсатта қолданылады.
ЖҮН ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ СХЕМАСЫ
ЖҮН ТАЛШЫҒЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ

а – конус тәріздес;
б – цилиндр
тәріздес;
в – оралмалы;
г – қалақша
тәріздес.
ЖҮННІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Жүн талшығының ұзындығы бойынша екіге
бөледі. Қылтық – теріден сыртқы бөлік,
түбіт – қылтықтың түп қалташасында
жалғасы. Ал жүн талшығын көлденең
қимасында үш қабатқа бөлуге болады (6 -
сурет). Сыртқы қабат немесе кутикула,
қабыршықты қабат және орталық –
жүрекше.
ЖҮН ТАЛШЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

Жануарлардың жүн түгі сыртқы көрініс және
құрылымы бойынша әркелкі. Бір терінің өзінде
жүннің әртүрлі ұзындығын, жуандығын, реңін,
иректігін кездестіруге болады. Негізінен екі түрге
бөледі, ірі, ұзын қылтықты және қысқа, жұмсақ,
биязы – түбіті.
Қылшықты жүн талшықтарының ірілері бағытаушы
қызмет етеді. Серпімді жүн бағытаушы жүн талшықтары
жүн тобының негізгі бағытын анықтайды, түбітті жүн
талшықтары да сол бағытта орналасады. Түбітті жүн
талшықтары топтардан тұрады, кей жағдайларда
ұылшыұты бағытаушы талшықты негізі де болады.
Топтардағы талшықтар саны жыл мезгілдеріне
байланысты. Ақ тиында қыс айларында 12 болса, жаз
айларында 4 – 9. Сол сияқты әртүрлі аңдардың
өзгешеліктері бар.
ТҮК ҚАЛТАШАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

1 – түк қалташасы;
2 – негізгі қабыршық;
3 – түк қуысы;
4 – қабыршықты
қабат;
5 – түк жүрекшесі;
6 – түк емізікшесі.
Түк қалташасының негізгі берік байланысқан коллагенмен эластин
талшықтары құрайды. Қалтаның төменгі жағы өзеңнің емізікшесі еміп
тұрады. Емізікшеге қан тамырларының, нервтің соңы келеді.түк
қалташасының ішкі жағы мальпиги қабатты клеткаларынан тұрады.
Қыртысты қабаттан айырмасы түк қалташасында мүйізді қабат болмайды.
Түк тамырлары талшықтың белгілі дамуы кезеңінде қажетті қоректік н әр
алу үшін емізікшемен байланысқан. Тамыр құрылым жағынан қыртыстың
мальпиги қабатының клеткаларына ұқсас эпителиальды клеткалардан
құралған. Емізікше төңірегінде орналасқан клеткалар өсе келе тез б өлініп
түк талшығының 3 бөлігін құрайды: жүрекшк, қабыршықты қабат және
кутикула. Жаңа клеткалар пайда болуына қарай жоғарғы ысырылып
мүйізденіп, кератинге айналады. Өндірісте былғары тканінің барлық
клеткалары құрылымдарын, әсіресе түк тамырлары беріктігін,
сақтау міндетті. Себебі түк тамырлары әлі жетілмеген
эпителиалдан тұратын болғанды қтан о ған кері әсер
ететін өңдеулер терінің бұзылуына әкеліп соғады.
ҚОРЫТЫНДЫ

Жалпы Қазақстан Республикасындағы үлбір
бұйымдарын өңдеу және тәжірбиелік ерекшеліктерін
ғылыми тұрғыда зерттеу қажеттілігі жалғасуда. Өндіріс
саласының қай саласы болмасын оның дамуы, ғылыми –
техникалық прогрестің дамуына негізделіп, әлемдік
жетістіктердің алдыңғы қатарлы табыстарына сүйенгенде
ғана сұранысқа сай бұйымдар өндіруі мүмкін. Сондықтан
теориялық маңыздылықты жетілдіру үшін тәжірбиеде осы
саладағы мамандардың еңбектерін мемлекеттік тілде
жариялауда іс шаралар жасау керек.
Дайын өнім
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. «Былғары және үлбір
бұйымдарының технологиясы»
С.Е.Мунасипов. Тараз 2006.
2. «Былғары және үлбір
бұйымдарының технологиясы».
Ю.М.Гвоздев.Москва.2003.
3. Рахметбай А.К.,Ділдабек
Д.С.,Рахметбайұлы К. «Былғары
және үлбір технологиясы».
Тараз, 2003-129 б.

Ұқсас жұмыстар
Жүннің стандарты. Жүннің классификациясы. Жүн талшықтары, түрлеріне мінездемелер. Қойдың, ешкі жүндерінің түрлері
Жүн шикізаты талшықтарының тауарлық қасиеттері
Жүн ақаулары
Жібек құртының пілләссынан өндіріліп, тоқыма мата өнеркәсібінде пайдаланылатын табиғи талшық
Жүн және тері,ішіктік заттардың микрофлорасы.ет және тері-ішік шикізаттары өндірістерін ветеринариялық бақылау. 2.Қи микрофлорасының сандық құрамы.Қидағы микробиологиялық үрдістер.Қиды биотермиялық өңдеу
Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпалары
Көлденең жолақты бұлшықет ұлпалары
Балалық шақта бұлшықет тінінің құрылымы
Бұлшықеттерінің физиологиялық қасиеттері
Бұлшықет тіндері
Пәндер