Құс шаруашылығы өнімдерін инфекциялық және инвазиялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау




Презентация қосу
Құс шаруашылығы өнімдерін инфекциялық
және инвазиялық аурулар кезінде
ветеринариялық - санитариялық сараптау
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.1.Құс ауруларына сипаттама
1.2.Өнімдерді ветеринариялық-санитариялық сараптау
1.3.Инвазиялық аурулар
1.4.Сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптау
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазіргі таңда құс шаруашылығы — ауыл
шаруашылығының ең жаңа және де ең қарқынды
дамып келе жатқан саласын бірі болып отыр.
Өнімнің қысқа мерзімде өндірілуі нарық
сұранысына бағыт-бағдар ұстау ға мүмкіндік
береді. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап,
Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа елдерінде
бройлер балапандарын өсіретін ірі құс өсіру
кешендері қалыптаса бастады. Бүгінгі таңда
құстың саны жөнінен Қытай, АҚШ, Ресей, ал
жұмыртқа өндіруден Қытай, АҚШ, Жапония, Ресей
және Үндістан ерекше орынға ие болып отыр.
Құстардың адам өмірінде маңызы орасан зор.
Асыранды және табиғи құстарды қолда өсіру құс
шаруашылығы деп аталады.


Құс аурулары — әр түрлі жұқпалы, вирустық, паразиттік және
бактериялық аурулар деп бөлінеді. Ішек-асқазан, тыныс алу
жолдарының қабынуы немесе зақымдануы, тері аурулары түрінде
де кездеседі. Аскаридоз, безгек, шешек, сүзек, тырысқақ, т.б.
көптеген құс аурулары бар. Құс аскаридозы жұмыр құрттардан
пайда болады, негізінен, онымен тауықтар ауырады. Өте кең
тараған нематод Ascarіdіa gallі жұмырқұрты. Тауықтың немесе
күркетауықтың ащы ішектеріне орналасқан құрт жұмыртқалайды
да, құс саңғырығымен сыртқа бөлініп, суды, жемді ластап, басқа
құстарға жұғады.Сонымен қатар құстардың ішінде көп кездесетін
аурулар Ньюкасл ауруы, жұқпалы ларинготрахеит, марек, тұмау т.б.

.
Ньюкасл ауруы-тауық тұқымдастығына жататын құстардың бәріне
тән ауыр өтетін жұғымтал ауру. Қоздырғышы: арамиксовирус
тобына жататын вирус.
Жұқпалы ларинготрахеит-тауық тектес құстардың жұқпалы ауруы,
қоздырғышы-герпесвирус. Сақа құстарда ларинготрахеит ретінде,
жас құстарда-созылмалы конъюнктивит түрінде болады.

Шешек-бұл тауық, құр, көгершін, күркетауық т.б құстардың жұқпалы
ауруы, авипоксвирус тобы вирусынан шығатын және терінің кейбір
бөліктерін экзантематозды күйде не ауыз қуысы мен үстіңгі тыныс
алу жолдарының ішкі қабатын кілегейлі қабынуы.
Тұмау-тауық, үйрек, күркетауық т.б жұқпалы ауруы. Бұларды ауру
тасымалдаушы және адамдар арасында шығатын тұмау эпидемиясын
туғызушы дейді.Қоздырғышы: ортомиксовирус тобының А типті
виурсы. Ауру өте ауыр өтеді, әсіресе, жас балапандарда аз ған уақыт
ішінде топтың 80-100 % дейін қырылады, кейде белгісіз күйде не
созылмалы түрде болады.
Ньюкасл ауруына ұшыраған құстардың өнім қалдықары түгелдей
жойылады. Күмәнді құстардың ішкі құрылысы, өнімдері мен
денесін-патологиялық өзгерістері болмаса қайнатып, шығарады.
Ауруға ұшырады деген күдікті не ауырған құстардың жүні мен
қауырсындарын өртеп жібереді. Шаруашылықта ауру құстардың
өнімдерін жойып, ал клиника-анатомиялық белгілері жоқ
құстардың еті мен ішкі құрылысын қайнатудан кейін
шаруашылықтың ішкі қажетіне ұстайды. Құстардың үлкен
партиясын сою кезінде, етін жақын орналасқан аудан, облыс,
республиканың тамақ өндірістеріне өндірістік өңдеуге не
пісірілген күйде қоғамдық тамақтану орындарына жіберуге
болады. Шартты сау деп есептелген құстардың жұмыртқаларын
шаруашылықта пісіріп алып тамаққа пайдаланады.
Жұмыртқаның үлкен партиясын бүріккішпен зарарсыздандырып,
тамақ өндірісімен айналысатын кәсіпорындарға ыстық
температурада нан. Кондитер өнімдерін шығаруға пайдаланады.
Жұқпалы ларинготрахеит ауруы шыққан
шаруашылықтардағы шартты сау деп есептелген
құстарды ветеринариялық-санитариялық қызметтің
рұқсатымен, ветеринариялық-санитариялық ережелерді
сақтай отырып, ет өндіруші кәсіпорындарда союға
болады. Құс түгелдей бөлшектенеді. Ауру белгілері бар
органдар мен ет бөліктерін, басын, мойнын, кеңірдегімен
қоса жоюға жібереді. Ал қалған бөлегін қайнатады. Егер
де патолого-анатомиялық өзгерістері болмаса, оларды
қайнатудан кейін шұжық консервілер жасауға жібереді.
Ауру не шартты сау ұстардың жүн, қауырсындарын 20мин
85-90 градус ыстық ауамен не 3 % ыстық формалинмен не
85-95 градус ыстық сумен 20мин зарасыздандырады.
Ауру шыққан құс үйірінің жұмыртқаларын
зарасыздандырып, одан кейін саудаға шығаруға жібереді.
Тұмау шыққан жағдайда жеке бас профилактикасын сақтай отырып,
ауру құсты жояды. Толықтай бөлшектеп, патологиялық өзгерістер
болса, ішкі органдарымен қоса өртейді. өзгерістер болмаса, ішкі
органдарын жойып, етін қайнатқаннан кейін консерв, шұжық т.б
азықтық мақсат үшін ыстық Орнитоз-псикаммоз тобының
вирусынан шыққан көгершін, тауық, үйрек, күркетауық, қаздардың
ауруы. Егер құстың басында не дене бітіміндегі қабырша қтар кішкене
болса, сол жерлерін ғана алып тастайды. Ал өзгермеген бітімі мен ішкі
органдарын қайнатқаннан кейін шығарады. Егер де бітіміні ң бірнеше б өлегі
қабыршақтанса, онда бүкіл ішкі құүрылысымен қоса жойылады. Ауру не
күдікті құстардың сойылған өнімінің қалдықтары, жүн, қауырсындарын
зарарсыздандырып, екі қабатпен қапталған ыдыста өңдеуші к әсіпорын ға
жөнелтеді. Ветеринариялық куәлікке ауруы туралы мәлімет жазылады.
Құс эмериозы – энтероколитті, нефритті түрде өтетін инвазиялық ауру.
Бұл аурумен үйрек, қаз, күрке тауық және балапандары ауырады.
Қоздырғышы: эймериялар – әр құстың өзіне тән паразит
қоздырғыштары. Protozoa типіне, coccidida отрядына, eimeria
туысына жатады.

Спирохетоз трипонемоз – жіті түрде өтетін жайылған уытты ауру.
Анемиямен, көк бауырдың, бауырдың ұлғаюымен және әлсіз
геморрагиялық диатез көріністерімен сипатталатын ауру. Тауық пен
қаз аурады, ал үйрек, күрке тауық және тағы да басқа құстар бұл
ауруға сирек шалдығады.
Қоздырғышы Trepanoma anserinum, негізгі тасымалдаушысы Argus
persicus кенесі.
Гастомоноз (тиффлогепатит, энтерогепатит ) – соқыр ішек пен
бауырдағы зақымданып, гранулемалар дамиды да соңы некрозбен
сипатталатын ауру.
Қоздырғышы: Histomonas meleagridi жіпшелі қарапайымдыларға
жатады. Күрке тауықтар ауырғанымен 2 аптадан 4 айға дейінгі
балапандар және басқа құстар сирек шалдығады.
Ауру құстар күйзелген, аз қозғалады, жүндері ұйпаланған,
диарея, қарынды басып тексергенде қарағанда шұнқыр тәрізді
ұлғайып кеткен соқыр ішек білінеді. Сойып қарағанда білеуленген
соқыр ішек қабырғасының қалындығы 1 см, тығыздалған бұлынғыр
ақшыл түсті, ішек ішінде дифтериялық қоймалжың сұйықтың
астында жаралар болу мүмкін. Фибринозды перитонит байқалады.
Бауыр ұлғайған, қанға толы, тарының дәні көлеміндей көптеген сұр
ошақтар басады.
Құстардың сыртқы көрінісін тексергенде қоныр немесе ақшыл – сары
түсті сырғасының және тұмсығының кілегей қабатының анемиясы
байқалады. Ішкі ағызаларда, жүректе серозды және серозды
фибринозды эксудат, миокардта нүктелі қанталаулар байқалады,
жүрек бұлшық етінің бозаруы ішектерде, аналық бездері мен
геморрагиялық диатездер табылады. Көк бауыр екі есе
ұлғайған,күлгін – қызғылт түсті, болбыр. Осындай өзгерістер
бауырда да кездеседі.
Ұшаның арықтауы мен бұлшық еттің зақымданғанында ұшаны
және ішкі ағызаларды техникалық утилизацияға, егер зықымдалу
байқалса, ұшаны жоғарғы температурады қайнатып
залалсыздандырады, ішкі ағызаларды утилизацияға жатқызады.
Диагноз ұшадан алынған жұғындыдан және ауру құстың қанынан
спирохеталарды табумен нақтыланады.

Гастомоноз ауру кезінде барлық зақымдалған ағзаларды техникалық
утилизатцияға бағыттайды. Ал ұшаны, қайнатып залалсыздандырыл ған
соң, пайдалануға болады.
Перитонит пен зақымдалған құс ұшаларын және арық ұшаларды ішкі
ағзаларымен бірге техникалық утилизацияға жібереді.
Қорыта айтсам ауыл шаруашылық құстар өнімдеріне ветеринариялы қ-
санитариялық сараптаулар жүргізіледі. Яғни ньюкасл ауруына ұшыраған
құстардың өнім қалдықары түгелдей жойылады. Жұқпалы ларинготрахеит
ауруына белгілері бар органдар мен ет бөліктерін, басын, мойнын,
кеңірдегімен қоса жоюға жібереді. Құс эмериозы ауруы байқалған
жағдайда ұшаның арықтауы мен бұлшық еттің зақымданғанында ұшаны
және ішкі ағызаларды техникалық утилизацияға жібереді.

Iндеттанулық балаудың жұқпалы ауруларға қарсы күрес шаралары
жүйесiнде маңызды орын алатыны ескерiлiп, iндет ошағы аны қтал ғанда
инфекцияның шығу, таралу себептерiн анықтау қажет.Е ң алдымен ж ұқпалы
ауруларға шалдыққан жануарлармен, жұқпалы материалдармен және iндетке
қарсы шаралар жүргiзген кезде жеке бастың са қтық шараларын қата ң са қтау
қажет.
1.Нұрғалиев Б.Е. «Мал және құс өнімдерін ветеринариялық - санитариялы қ
сараптау». Алматы 2011 жыл
2.Дүйсембаев С.Т, А.Т.Серикова « Ветеринариялық-санитариялы қ сараптау
практикумы» Алматы 2014 жыл
3.Ш.Ә.Әлпейісов, Қ.П.Тәжиев «Құс өсіру» Алматы 2001 жыл
4.Сенченко Б. С. «Ветеринарно-санитарная экспертиза продуктов животного и
растительного происхождения». Ростов на Дону, 2001 г.
5.Дүйсембаев С.Т «Ветеринариялық-санитариялы қ сараптау» Алматы 2013 жыл
6. « Е.И.Қасымов Індеттану және инфекциялық аурулар ветеринариялы қ
санитариялық сараптау негіздермен» Алматы 2013
7.Т.С .Сайдулдин «Індеттану » Алматы 2007 жыл

8.Ж.Б.Мырзабеков, П.Ш.Ибрагимов «Ветеринариялық вирусология» Алматы
2011 жыл

Ұқсас жұмыстар
Құс шаруашылығы өнімдерін инфекциялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау. Құс шаруашылығы өнімдерін инвазиялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау
Құс шаруашылығы
Тағамдық жұмыртқаны жұқпалы, инвазиялық және жұқпалы емес ауруларда ветеринариялық санитариялық сараптау
Жануарларды тасымалдауға дайындау және тасымалдау кезіндегі мемлекеттік бақылау жүргізу
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық сарапталуы
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық сарапталуы жайлы
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде сарапталуы. ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық
Қояншаруашылығы өнімдерін жұқпалы ауру кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптаулар
Балық өнімдерін балықтардың бактериалдық ауруларына байланысты сараптау және санитариялық бағалау
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау
Пәндер