Қанның сілтілік қорын, қышқылдық сиымдылығын және қан сарысуындағы катинды анықтау




Презентация қосу
Қанның сілтілік қорын, қышқылдық
сиымдылығын және қан сарысуындағы
катинды анықтау.

Орындаған: Келбатырова М.Т.
Тексерген: Жайлаубаева А.Р.
Тобы: ВМ - 401
Қан (гр. haemo ;лат. sanguis — қан) — ағзадағы ішкі сұйық ортаның
бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау
қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік
заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр
шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық
әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның
қатысуымен іске асады. Қан ағзаның инфекциядан қорғаныш
реякциясын қамтамасыз етеді.
Қан – қызыл түсті сұйық зат.
Ол палазмадан және қан
торшаларынан тұрады. Қан
құрамының шамамен 60%
плазмадан, 40% – қан
түйіршіктерінен тұрады.
Плазма сарғыш түсті сұйық
зат. Плазманың құрамында 99-
92% су,
8-10% құрғақ зат болады.
Құрғақ заттың 6-8%
белоктардан тұрады. Плазма
белоктары альбумин, глобулин,
фибирноген фракцияларына
бөлінеді.
Қан келесі қызметтерді атқарады:

асқорыту – қан, ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды,
минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды;
бөліп шығару – қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдерін
шығарады;
тыныс алу - өкпе мен ұлпалардың арасында газ алмасу процесін
қамтамасыз етеді;
регуляторлық - әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін
анықтайды, ағзада гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар
мүшелердің қызметіне әсер етеді (күшейтеді немесе бәсеңдетеді)
қорғаныш – қанның құрамында фагоцит қабілеті бар жасушалар
болады және арнайы ақуыздар - антиденелер болады, олар улы
ағзалардың көбеюіне кедергі жасайды да оларды бөліп шығарады.
терморегуляторлық – қан ағзаның тұрақты дене қызуын сақтайды.
Қан плазмасындағы белоктардың мөлшері (г, %).

Жануарлар Альбуминдер Глобулиндер
Жылқы 2,7 4,6
Сиыр 3,3 2,3
Қой 3,1 4,1
Ешкі 3,9 2,7
Шошқа 4,4 3,9
Ит 3,1 2,1
Тауық2,3 2,8
Плазма белоктарының қызметі әр түрлі. Олар әр түрлі маңызды қызмет
атқарады. Оларға буферлік қасиет тән, сондықтан белоктар қанның РН-
н тұрақты деңгейде сақтауға мүмкіндік береді. Белоктар қанға
тұтқырлық қасиет беріп, артериялардағы қысымды қалыптастыруда
маңызды роль атқарады. Олар онкостық қысым туғызып қан
құрамындағы су мөлшерінің тұрақтылығын сақтайды, қан мен ұлпа
арасындағы судың алмасуын реттейді.

Плазмада альбуминдер глобулиндермен салыстырғанда екі есе көп болады
(тиісінше шамамен 4,5 және 2-3%). Альбуминдердің глобулинге қатынасын
белок коэффициетнті деп атайды. Альбуминдер мен фибриноген бауыр
торшаларында, ал глобулиндер – тек бауырда ғана емес, көк бауырда, сүйек
кемігінде, лимфа түйіндерінде түзіледі.
Плазма – су - 90-92%
- глюкоза – 0,12%
- май – 0,7-0,8%
- тұз – 0,9%
- сүт қышқылы
- ферменттер, гармондар
- нәруыз – 7-8% - альбуминдер (4,5% )
- глобулиндер (1,7-3,5%)
- фибриногендер (0,4%)
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Цитология және гистология. Оқу құралы. Сапаров Қ.Ә. — Алматы:
Қазақ университеті, 2009.
2.Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы:
«Сөздік-Словарь», 2009.
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Қан
Қанның сілтілік қорын, қышқылдық сыйымдылығын және қан сарысуындағы катинды анықтау
Сілтілік және қышқылдық фосфатаза
Сілтілік фосфатаза
Қан туралы жалпы түсінік
Адам организміндегі буферлік жүйелер
Қандағы билирубинді, қантты және жалпы белокты анықтау
ТІРІ АҒЗАДАҒЫ ЕРІТІНДІЛЕРДІҢ МАҢЫЗЫ. БУФЕРЛІ ЕРІТІНДІЛЕР
Қанның сарысуындағы жалпы кальцийді, фосфорды анықтау
ЗӘРДЕГІ ҚАНТТЫҢ МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ
Пәндер