денің сау болсын десең... дәрумендер




Презентация қосу
Дәрумен – адам мен жануарлардың
тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат
алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз
мөлшерде өте қажетті биологиялық
активті органикалық қоспалар. Дәрумен
(латынша vіta – тіршілік) туралы ілімні ң
негізін 1880 жылы орыс дәрігері
Николай Лунин салды. 1912 жылы поляк
дәрігері Казимеж Функ сол кезге дейін
жасалған тәжірибелер нәтижесін
қорытындылап, ғылымға дәрумен
терминін енгізді.
Дәрумен жетіспеушілік, авитаминоз – күнделікті ішетін тағамда
дәрумендердің жетіспеуінен, олардың бойға сіңуінің бұзылуынан не
дәрумен синтезделуінің тежелуінен туатын аурулар. Егер адам үнемі
дәрумені аз, бірыңғай тағаммен (консервіленген, кептірілген,
рафинадталған) тамақтанса, ағзаға, негізінен көмірсулар (қант,
тағы да басқа) ғана түсіп, ақуыз бен майлар аз түссе, ал көкөніс
пен жеміс-жидектер мүлдем болмаса дәрумен жетіспеушілік дамиды.
Сондай-ақ азық-түлік дұрыс сақталмаса немесе олардан сапасыз
тағам дайындалса, азық-түлік құрамындағы дәрумендер бұзылады.
Мысалы, құрамында никотин қышқылы (РР дәрумені) аз дәнді
дақылдармен ғана қоректену пеллагра ауруына, ал қауызы алынған
күрішпен және өте ұнтақталған бидай ұнынан жасалған нанмен
ғана тамақтану бери-бери сырқатына әкелуі мүмкін.
Бір күндік рационның құнарлылығы келесідей жіктелуі тиіс:
Таңғы ас – 35%;
Түскі ас – 25%;
Кешкі ас – 25%;
Кешкі уақыттағы нәр тату – 15%.
Балаларға көкөністер мен жеміс жидектердің адам денсаулығына пайдасы
жайлы түсіндіру. Олардың құрамы дәрумендерге бай екендігін, тұмау мен
суық тию ауруына шалдықпаудағы күресудің жолы екенін көрсету. Ойлау
қабілетін дамыту, сөйлеу кезінде сөзді анық айтқызу, мәнерлі айтып
жаттықтыру және еңбекке баулу.
Тағамда дәрумендердің жеткіліксіз болуы, адам ағзасын әлсіретеді.

Ұқсас жұмыстар
Зиянды әдеттер
Махаббатқа алғаш қарағаннан сен
Мағананы тану
Денсаулықты сақтау
Өкпенің құрылысы мен қызметі
Денім сау болсын десең
ЖЕКЕ ДЕНСАУЛЫҚ
ДЕНСАУЛЫҚ АНЫҚТАМАСЫ
Қоғамдық Денсаулық Сақтау факультеті
Денің сауда сұлусың жер бетінде
Пәндер