Модульдік программалау




Презентация қосу
1
Қазақстан Республикасы
Білім және Ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

Модульдік программалау

 

Орындаған: Жақашева
А.Д АУ-401

Тексерген:
Жаксыгулова Д.Д
 
2

1. Стандартты
модульдер
2. SYSTEM-модулінің
процедуралары мен функциялары
3. DOS модулінің процедуралары
4. CRT модулі.
5. Модуль трансляциясы
3
Модуль құрылымы программа құрылымына ұқсас. Модульдің ішіндегі барлық
сипаттамалар бір-бірімен байланысты. Мысалығы, Strings модулі нөлдік белгімен
аяқталатын жолдарды өңдейтін ішкі программаларға қажетті сипаттамалардан тұрады.
Сонымен қатар ішкі программалар сияқты, модульдер де стандартты және стандартты емес
немесе қолданушының модулі, яғни, програмалаушылар өздері құрастыратын бола алады.
Стандартты және стандартты емес модульдер құрылымы бірдей болғандықтан, олардың
сипатталуы бірдей ережеде құрылған.
Модульдер программаға оның атын uses компилятор нұсқауында сипаттаудың көмегімен
қосылады.
SYSTEM – барлық программаларда автоматты түрде қолданыла беретін стандартты
процедуралар мен функциялардан құрылған модуль.
MS DOS- операциялық жүйе мүмкіндіктерін қолдануға арналған процедуралар мен
функциялар DOS модулін құрайды.
CRT- экранның клавиатураның және динамиктің жұмысын басқаруға пайдаланылатын
процедуралар мен функциялардан тұратын модуль.
GRAPH- әр түрлі графикалық адаптерлерді қолдайтын компьютердің графикалық
мүмкіндіктерін көрсететін көптеген программалардан тұратын модуль.
PRINTER- принтермен жұмысты жеңілдететін модуль.
OVERLAY- оверлей программалар құру кезінде қолданылатын модуль.
WINDOS- модулінің процедуралары DOS модулінің процедураларына ұқсас.
STRINGS- модулі Pchar – типті қатарлармен жұмыста пайдаланылады.
Бұл модульдердің программада қолданылуы:
Program <программанаң аты>;
Uses <модуль аты>
{Егер бірнеше модульдер қолданылатын болса}
Uses <1-модуль аты>,<2-модуль аты>...< N –модуль аты>;
4

2. SYSTEM-модулінің процедуралары мен функциялары

SYSTEM модуліндегі Random(i) функциясы 0-ден i-ге дейінгі
кездейсоқ санды анықтайды.
Математикалық
(Abs,ArcTan,cos,sin,exp,ln,sqr,sqrt,Frac,int,Pi), түрлендіруші
(chr,ord,trunk,round,pred,succ,odd,т.б.) жолдық қатарларды
өңдеуге арналған
(Concat,Copy,Length,Pos,Delete,Insert,Str,Val) процедуралар
мен функциялар да осы SYSTEM модулі құрамына кіреді.
5

3. DOS модулінің процедуралары
Программа жұмысын басқару үшін процедуралары: Exit,
Halt.
Exit- процедурасы программаның орындалу барысында
блоктан тез шығуға мүмкіндік береді.
Halt- процедурасы программаның орындалуын тоқтатып,
басқаруды операциялық жүйеге қайтарады.
Exec(a,b)- a-программаны b-қатардың мәні бойынша тауып,
орындайды.
FindFirst- көрсетілген каталогтан атрибуты бойынша файлды
іздеу.
FindNext – сол каталогтан дәл сондай атрибутпен келесі
файлды іздеу.
6

4. CRT модулі.

Дербес компьютердің экраны әдетте (текстік режимде) 25 жолдық қатардан
тұрады, ал әр қатарға 80 таңба сияды. Бірақ кейбір типтегі дисплейлер бас қа да
режимде болады. Түрлі түстің жалпы саны 16. Бірақ ақ-қара экранды
компьютерлер де бар. Экран жұмысын басқару үшін бізге қандай м үмкіндіктер
қажет? Керекті таңбаны J-қатардың I-позициясына шығаруға болады. Түсін
өзгерту толық экранды игере алу деген сөз. Аталған мүмкіндіктерді ң барлы ғы
CRT модулінде қарастырылған.
GoToXY(I,J)- процедурасы курсорды экран бетінде J-қатардың I-бағанына
жылжытады.
TextColor(Color)- текстің түсін орнатады.
TextBackground(Color)- экран бетінің түсін (фон) орнатады.
ClrScr процедурасы экрандағы жазуларды фон түсімен бояп, тазартып курсорды
жоғарғы сол жақтағы бұрышқа апарады.
Window(x1,y1,x2,y2)- экран бетінде тік төртбұрышты терезе сызады. Мұнда ғы
(x1,y1) және (x2,y2) нүктелері тік төртбұрыштың диагоналының сол жақ
жоғарғы және оң жақ төменгі төбелері.
Window процедурасы іске қосылған болса, онда барлық процедура тек
таңдалған терезеде ғана жүреді. Курсор әрі қарай өтпейді.
7

Модуль трансляциясының нәтижесі ретінде сол атымен берілген
және кеңейтілуі-ТРU файлды алуға болады, яғни ұзақ қолдану кезінде
дискіде сақтауға болады.
Модуль-файлының кеңейтілуі ТРU ету тәсілі:
- компиляциялау (Соmpile) мәзірін ашу; (Compile менюі жүйесі үш
бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде компиляция әр-түрлі режимде жүзеге
асырылады. Екінші бөлімде компиляциялауға дайындау командалары
орналасқан. Үшінші бөлімдегі команда компиляциялау
қорытындысының ақпараттарын бейнелейді.)
- опциялар тізімінен жадта адрестеу (Destination Memory) көрінсе, оны
дискіде адрестеу (Destination Disk) етіп өзгерту (қатарды таңдау);
- модуль-программаны компиляциялау.
- Дәл осы тәсілмен программа файлын өңдесек, кеңейтілуі – ЕХЕ, яғни
орындалуға дайын программаны аламыз.
DelLine- процедурасы курсор тұрған қатарды алып тастайды.
HighVideo- процедурасы терілуші таңба анықтығын арттырады.
LowVideo- терілген таңбалардың анықтығын төмендетеді.
InsLine – процедурасы курсор орналасқан жерге бос қатар қояды.
ReadKey- клавиатурадан басылған клавиша коды арқылы символды
анықтайды.
8

Назарларыңызғ
а рахмет!

Ұқсас жұмыстар
TP және Си подпрограммаларды пайдалануды салыстыру. Ішкі программаларды пайдаланатын программалар құру. Модульдерді пайдаланатын программа құру
JAVA ТІЛІНДЕГІ ОБЪЕКТІЛІ – БАҒЫТТАЛҒАНПРОГРАММАЛАУ
Объектілі бағытталған программалаудың негізгі артықшылығы модульдік программалаумен салыстырғанда модульдер арасында жіберілген ақпарат көлемінің азаюы және модуларалық байланыстар санының қысқаруы
Pascal тілінде бағдарламалау
ДК қолданбалы программалық қамтамасыздандырылу
Бағдармалауға қойылатын негізгі талап - бағдарламаның анықтылығы және сенімділігі
Трансляция түсінігі
Мұғалімнің аты - жөні
Электрондық-есептеуіш машиналар алғаш қолданыла бастаған кезеңнен бастап қазіргі уақытқа дейін оларға арналған программалар жазу негізгі мәселелердің бірі болып саналады
БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНА МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ( ФИЗИОЛОГИЯ ТҰРҒЫДАН )
Пәндер