Бизнес-жоспар Мотельдер ашу




Презентация қосу
Бизнес-жоспар
Мотельдер ашу
Резюме

Жобаның тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы
Ақмола облысының (бұдан әрі – Ақмола облысы) Щучье-
Бурабай курортты аймағында мотель ашуды
қарастырады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты оған қатысушының
материалдық әл-ауқатын жақсарту үшін табыс табу
болып табылады.
Жоспарланған кәсіпорынның нысаналы тобы қызметтерін
тұтыншылар – жол бойымен өтетін саяхатшылар,
сондай-ақ Щучье-Бурабай курортты аймағына демалуға
келетін туристер болып табылады.
Қонақ үй ретінде 2-қабатты ғимарат салу, сондай-ақ
қонақ үй бөлмелері мен кафе үшін жабдықтар сатфып
алу жоспарлануда.
Кіріспе

Бүгінде ізеттілік индустриясы - бұл өңірдің немесе туристік орталықтың
шаруашылығының қуатты жүйесі және туризм экономикасының маңызды
бөлігі.
Қонақ үй бизнесі туризм және ойын-сауық индустриясы деп аталатын
ауқымды сегменттің құрамдас бөлігі болып табылады.
Қонақ үй кәсіпорнының негізгі функциясы тұрғындарға уақытша тұратын үй
ұсыну болып табылады.
Қонақ үй индустриясы кәсіпорындарының нарығын қоғамдық-экономикалық
құбылыс ретінде айқындауға болады, ол қонақ үй өнімін белгілі бір
уақытта, белгілі бір жерде сату-сатып алуды қамтамасыз ететін
сұраныстар мен ұсыныстарды біріктіреді.
Қонақ үй қызметтері нарығы қонақ үй кәсіпорындары мен қонақ үй
қызметтерін сатып алушылар ретіндегі субъектілердің болуымен
сипатталады.
Қазақстанда қонақ үй шаруашылығын дамыту үшін барлық мүмкіндіктер
бар.
Республиканың бай тарихы, сирек кездесетін тарихи ескерткіштері, өзіндік
мәдениеті, саяси тұрақтылық, барынша ашықтық және оның
ынтымақтастыққа дайындығы – осының бәрі туристік сияқты қонақ үй
саласының да жедел дамуына ықпал етеді.
.Жобаның
тұжырымдамасы
Жобаның тұжырымдамасы Қазақстан Республикасы Ақмола облысының
Щучье-Бурабай курортты аймағында мотель ашуды қарастырады.
Кәсіпорын қызметінің мақсаты оған қатысушының материалдық әл-ауқатын
жақсарту үшін табыс табу болып табылады.
Жоспарланған кәсіпорынның нысаналы тобы қызметтерін тұтыншылар – жол
бойымен өтетін саяхатшылар, сондай-ақ Щучье-Бурабай курортты аймағына
демалуға келетін туристер болып табылады.
Компанияның басымдықтары:
- қонақ үй бизнесі жұмысындағы тәжірибесі мол білікті құрам;
- қонақ үй кешенінің оңтайлы орналасқан жері;
- қонақ үйдің қызметтері табысы жоғары клиенттерге ғана емес, орташа табысы
бар тұтынушыларға да бағдарланған.
Қонақ үй қызметімен қатар тамақтану қызметтері де (кафе) көрсетіледі.
Қонақ үй орын-жайының жалпы алаңы 657 шаршы метрді құрайды..
Осы бизнес-жоспар басшылыққа алатын соңғы нұсқа емес, тек осындай бизнес-
идеяны дамытудың әлеуетті мүмкіндігі ғана. Сондықтан да жобаны іске
асырған кезде сату бағдарламасы сияқты көрсетілетін қызметтердің де өзгеруі
мүмкін. Жоспарланған қызметтердің бәсекелестік басымдығын, сондай-ақ
сатып алынатын жабдықтың ерекшелігін барынша ашып көрсету қажет
болады..
Өнімнің (қызметтердің)
сипаттамасы
Қонақ үй кәсіпорнының негізгі функциясы клиенттерге уақытша тұратын орын ұсыну болып табылады.
Қонақ үйдің негізгі белгілері мыналар::
- номерлік қорлардың болуы;
- міндетті қызметтер жиынын көрсету (номерлерді, санитарлық тораптарды жинау, төмек-орынды күн сайын жаңарту,
номерлерде қызмет көрсету);
- қосымша қызметтердің белгілі түр-түрлерінің болуы.
Барлық қонақ үйлерде төрт негізгі қызмет топтары қарастырылған:
• орналастыру;
• тамақтану;
• бос уақыт;
• тұрмыстық қызметтер көрсету.
Олар негізгі, қосымша және ілеспе қызметтерді қамтиды.
Қандай қонақ үйдің болмасын қажетті шарты екі негізгі қызметінің болуы: орналастыру және тамақтандыру.
Орналастыру қызметін ұстау біріншіден, пайдалану үшін арнайы орын-жайлар ұсынылады (қонақ үй номерлері),
екіншіден қонақ үйдің құрамы тікелей көрсететін қызметтері ұсыну болыпп табылды: қонақтарды қабылдайтын
және ресімдейтін портье, қонақ үй номерлерін жинаушылар жәнен т.б.
Қонақтарға қызметтер көрсету әр түрлі процестерден тұрады: өндірістік (ас үйде тамақ дайындау), сауда (пайдалану
үшін дайын тамақ, алкогольді және алкогольсіз ішімдіктерді сату), сервистік (мейрамханада, барда, кафеде, қонақ
үй номелерінде официанттардың қызмет көрсетулері).
Қосамша және басқа қызметтерге бассейн, спорт, конференц-залдар, сөйлесіп отыру залдары, автомобильді жалға алу,
химиялық тазалау, жуу, шаштараз, массаж кабинеті, және басқалары кіреді.
Қазіргі уақытта қосымша қызметтер қонақ үй кәсіпорнының нарықтық тартымдылығын қалыптастыруда ерекше
маңызға ие болуда.
Тәуелсіз кәсіпорын болсын немесе ішінара қонақ үй корпорациясы болсын барлық отельдердің негізгі міндеті
қоғамның белгілі бір қажеттілігіне қызмет етуді, сонымен қатар оның иесіне пайда түсіруді білдіреді.
Мотель – отельдің бір түрі, шағын қонақ үй. Мотель жол бойы қонақ үйін білдіреді.
Әдетте мотельдер бір немесе екі қабаттан тұрды, қосымша қызметтер мен номерлер түрлері санаулы, сондықтан тұру
құны да соған сәйкес болады.
Ғимарат тек номерлерден ғана тұрады. Мотельдің айырмашылығы – номерлердің есіктері парковка жағына шығады.
Номерлердің жағдайы қарапайым, бір түнеп шығып, сапарды одан әрі жалғастыруға арналған.
Мотельде ақы төлеу жеке әкімшілік корпусында орналасатын тіркеу тұғырында жүзеге асырылады.
Көптеген адамдар үшін, әсіресе өз автомобильдерімен үнемі жүріп-тұратын, мотельдерде тіркеу рәсімінің ұзақ уақытты
алмайтындығы ыңғайлы болып келеді, машинаң да көзіңнің алдында тұрады; даладан бірден номерге кіру де
мүгедектер үшін өте қолайлы. Мотельдің кемшілігі қауіпісіздік деңгейінің төмен болуы, сондай-ақ қызмет көрсету
түрінің аздығы болып табылады.
Нарықты дамытудың болжамды
бағасы, күтілетін өзгерістер
Қонақ үй маркетингінің ерекшелігі қонақ үй өнімінің, оның уақыт және кеңістік аралығында тұрақтау
ерекшелігіне байланысты болады. Қысқа уақыт ішінде номерлер санын барынша ауыстыру, оларды сату
үшін сақтау және оларды тұтынушыларға ұсыну мүмкін емес.
Қонақ үй қызметтеріне деген сұраныс тұрақты емес, ол уақыт мерзіміне байланысты болады, маусымдық
ауытқулар болып тұрады. Қонақ үй өндірісі өнімі барынша аз ауыспалы шығындарға қарамастан жоғары
материалдық шығындарды талап етеді. Тұрақты болып тұратын шығындар қызмет көрсетілетін
клиенттер (қонақтар) санына тәуелсіз ал ауыспалы шығындар тәуелді болады.
Бұл бір маусымда қосымша үлкен құрамды тартуды талап етеді, бұл көпшілік жағдайда қонақ үй патриоты
бола алмайды. Ол қалыпты деңгейде уақтылы және сапалы қызмет көрсетуге мүдделі емес. Бұдан
басқа, тұрақты шығындарға қаражаттың жетіспеу қонақ үй өнімінің сапасын төмендетеді.
Кәсіпорында өндірісті ұйымдастыру мен қызмет көрсетуді мынадай принциптерді ескере отырып жүзеге
асыру ұсынылады:
1. Қызметтер бәсекелестігінің тұрақты мониторингі және оларды жетілдіру жұмысы.
2. Сұранысты қалыптастыру, имиджді қалыптастыру және тұрақты клиенттерді бекіту бойынша шаралар
кешенін пайдалану.
Маркетингтік стратегия қонақүй қызметтерін өткізуді ұйымдастыруды білдіреді. Мақсаты – халықтың барлық
тобының қол жетімдігі. Кәсіпорын екі бағыт бойынша: қолма-қол және қолма-қол емес есеп айырысу
арқылы есеп айырысуды жоспарлауда.
Маркетинг сегментациясы табыстары әр түрлі (орташа, жоғары) клиенттердің сұранысын қанағаттандыруға
бағдарланған.
Жарнама науқаны әр түрлі бағыттарда қалыптасады:
- интернетте сайт орналастыру;
- қызметтер түрлерін, бағаларын көрсете отырып баспасөзге ақпарат беру;
- қалқандар, көрсеткіштер;
- желілік жарнама;
- кітапшалар, күнтізбелер, буклеттер және т.б..
Кәсіпорын бюджетіне жарнамаға арналған ай сайынғы шығыстар енгізілген.
Техникалық жоспарлау
• Техникалық процесс
Қонақ үй қызметтерінің ерекшелігі қонақтарға қызмет көрсету
ерекшеліктерімен және технологиясымен айқындалады.
Қонақ үй қызметін көрсетудің технологиялық процесі
мыналарды қамтиды:
- қонақ үйге кіреберісте қарсы алу;
- қонақтың құжаттарын тіркеу, ресімдеу және орналастыру;
- номерде қызмет көрсету;
- тамақтану кезінде қызмет көрсету;
- мәдени сұранымдарды қанағаттандыру, спорт, сауықтыру
және фитнес қызметін көрсету;
- кетуін ресімдеу, шығарып салу.
• Ғимараттар мен құрылыстар
Жалпы алаңы 657 шаршы метр қонақ үйге арналған орын-
жайды салу
Жабдық және инвентарь
(техника)
Қонақ үйдің жұмыс істеуі үшін қажетті негізгі жабдықтардың арасында мыналарды бөліп
көрсетуге болады.
Пеш
Пеш1
Пісіру-нан пісіру шкафы1
шкафы1
Тоңазытқыш4
Тоңазытқыш4
Столдар
Столдар1212
Орындықтар48
Орындықтар48
Кондиционерлер
Кондиционерлер4 4
Бар тұғыры1
тұғыры1
Техникалық
Техникалық заттар, ыдыс-аяқ1
ыдыс-аяқ1
Қонақ үй номерлері, холл үшін
Кровать24
Тумбочкалар
Тумбочкалар48 48
Жұмсақ жиһаз (люкс номерлер үшін)6
үшін)6
Диван18
Кресло24
Кондиционерлар
Кондиционерлар24 24
Орындықтар48
Орындықтар48
Журнал столы24
столы24
Тоңазытқыш4
Тоңазытқыш4
Шамдар,
Шамдар, бра144
Кіреберіс24
Кіреберіс24
Кір жуу машинасы2
машинасы2
Өзгелері24
Өзгелері24
Коммуникациялық
инфрақұрылым

Жобада қонақ үйге арналған 2
қабатты орын-жай салу
қарастырылған, онда қажетті
коммуникациялық құрылымдар да
болады (электр-, жылу- және
сумен жабдықтау, телефон
байланысы).
Ұйымдастыру, басқару және
құрам
Кәсіпорында директор жалпы басшылық жасайды. Басқарушы әкімші мен қосалқы
құрамның жұмысын бақылайды. Өндірістік құрам әкімшіге бағынады.
Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымы төменде көрсетілген түрлерден тұрады
Әлеуметтік-экономикалық
және экологиялық әсер
Әлеуметтік-экономикалық мәні
Жобаны іске асыру кезінде:
жұмысшылардың тұрақты табыс алуға мүмкіндік беретін жаңа жұмыс орнын ашу;
қонақ үй қызметін көрсететін жаңа кәсіпорын ашу;
Ақмола облысының бюджетіне салықтар мен басқа да аударымдардың түсуі
міндеттрін (6 жылда 110 млн. теңгеден астам) шешу қарастырылған.
Әлеуметтік әсерлер арасынан мыналарды бөліп көрсетуге болады:
халықтың қонақ үй қызметтеріне деген сұранысын қанағаттандыруды;
туристер мен саяхатшылардың бір мекеннен екіншісіне қатынайтын алыс
сапарларда талаптарын қанағаттандыру үшін демалыс, тамақтану және басқа
сервистік қызметтерді ұйымдастыруда жағдайлар жасауды бөліп көрсетуге
болады.
Жобаны іске асыру нәтижесінде 25 жұмыс орны ашылады. Біліктілікті арттыру
жоспарлануда. Шығындарға кадрларды оқыту шығыстары қосылған.
Қоршаған ортаға әсер
Жобаның идеясы мотельді ашу кезінде (жол бойындағы қонақ үй) қоршаған
ортаға қандай да бір түбірлі өзгеріс жасамайды.
Қатты және сүйық тұрмыстық қалдықтарды үнемі және уақтылы шығарып тұрған
кезде қоршаған орта ластанбайды

Ұқсас жұмыстар
Бизнес жоспар туралы
Мотель ашу бизнес жоспары. Жобаның тұжырымдамасы
Мотель ашу бизнес жоспары
Бизнес жоспар. Киім өнеркәсібі
Жобаны жүзеге асыру
Кондитерлік дүкен
Шығыс ас үйі мейрамханасын ашу
Шағын бизнес
«LOVE» кафесінің бинес жоспар мазмұны
Сән салоны Имидж - бизнес жоспар
Пәндер