Төтенше жағдайлар




Презентация қосу
Төтенше жағдайлар
Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына
әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың
денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық
жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі
мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық
шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе
бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан
белгілі бір аумақта туындаған жағдай.
Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай

Техногендік ТЖ
Табиғи ТЖ
Табиғи сипаттағы ТЖ

Табиғи сипаттағы ТЖ - дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, к өшкін,
су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың
жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және
ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын
туғызатын ТЖ-лар.
•Зілзала бұл ТЖ-дың пайда болуына
әкеліп соғатын жойқын құбылыс.

•Дүлей зілзала – ТЖ-дың пайда болуына
әкеп соғатын зілзала.

•Апат – аймақтық және ірі ауқымды ТЖ
пайда болуына әкеліп соғатын жойқын
құбылыс.
Техногендік сипаттағы ТЖ

Техногендік сипаттағы ТЖ - өнеркәсіп, көлік авариялары және
басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы,
радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды
тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен
ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы,
тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және
коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы
авария туғызған ТЖ.
Өрт деп адамдардың денсаулығына және өмірі үшін қауіп
төндіретін материальды шығындар әкелетін жанудың
басқарылмайтын процесі.

Өрттер келесідей түрлерге : күнделікті заттар (үй, бөлім , гараж,
қосалқы үй); өнеркәсіптік (цех, қойма , мекеме , транспорттық
құралдар ); табиғи (орман ,алқап , шөп ,қоға, шым тезек) болып
бөлінеді.
Жанғыш деп тұтандыру көзін өшірген соң да жана беретін мынадай
заттарды және материалдарды айтамыз .
Тотықтырғыш көп жағдайда ауаның оттегісі, бірақ оның орнына
хлор, фтор, бром, йод, азот оксидтері және басқалар қолданылуы
мүмкін . Көптеген заттардың жануы ауаның оттегісі 21 ден 14 -
18% ге төмендеген кезде тоқтайды.
Тұтандыру көзіне кездейсоқ жалындарды, қыздырылған
денелерді, ашық жалынды , жандыруды жатқызамыз .
Өрттің құраушы факторларына мыналар жатады : от (жалын), түтін ,
шоқ,қара күйе .
Өрттердің туындауының себептері :

•Отты ұқыпсыз қолдану ;
•Газдық және электрлік құрылғылармен, пешпен жылытумен жұмыс
істеген кезде техникалық қауіпсіздік талаптарын бұзу;
•электрлік газбен пісіру және жалындық жұмыстар жүргізу ережелерін
бұзу:
•кездейсоқ немесе қасақана өртеу;
•найзағайдың соғысы ;
•өздігінен жану .
Өртті туындататын факторлар :


•таралушы жалындар ;
•жылулық шағылыстыру, қоршаған ортаның және заттардың
жоғары температурасы ;
•түтін ;
•өрт аймағында ауа құрамындағы оттегінің төмендігі;
•жанудың уландырғыш өнімдері (көгеретін қышқыл, көміртек
тотығы, фосген);
•жарылудың потенциальды мүмкіндігі ;
•адамдардың үрейі, психологиялық жүктеме,қатты ширығу .
Жарылыс — энергияны бөлу және сығылған
газдарды(соққы толқын ), түзетін , алыстағы
адамдарды зақымдайтын төтенше жылдам
химиялық реакциялар болып табылады.

Жарылғыш заттар — қатты қыздыру әсерінен химиялық
өзгеріске әкелетін , үлкен қысымға және жылдам газдарға ие
химиялық қосылыстар немесе қоспаларды айтамыз.
Жарылысты білдіретін факторлар :

•ауадағы соққы толқыны ;
•газдардың ағыны;
•сынық;
•жалынның жоғарғы температурасы ;
•жарықтық сәулелену;
•анық дауыс.

Ұқсас жұмыстар
Бейбіт және соғыс уақыттағы төтенше жағдайлар. Техногенді сипатты төтенше жағдайлар, олардың түрлері. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың классификациясы
ТЕХНОГЕНДІК СИПАТТАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ
Бейбіт және соғыс уақыттағы төтенше жағдайлар Техногенді сипатты төтенше жағдайлар, олардың түрлері және классификациясы
Техногенді сипатты төтенше жағдайлар, олардың түрлері
Төтенше жағдайлар көрсеткіші 2009 - 2010 жылдар
Азаматтық қорғаудың басқару органдары
Қарапайым қарулар
Экологиялық апаттарға сипаттама
Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар
Апаттар медицинасының ұйымдастыру принциптері
Пәндер