Негізгі макроэкономикалық тепе-теңдіктер




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік
университеті

Негізгі
макроэкономикалық
тепе-теңдіктер

Орындаған: Галимжанова Асем
Тобы: Уа-405
Сан алуан жанама, сондай-ақ тура нысандар мен
әдістерді қолдана отырып, әлеуметтік-экономикалық
үдерістерге ықпал жасау олардың қаржылық
түрлерін кіріктіреді. Бұлайша ықпал етудің мақсаты -
ұлттық шаруашылықтың эволюциясын қамтамасыз
ету, бұл әлеуметтік-экономикалық жүйенің жұмыс
істеуінің белгілі бір уақыт кезеңдерінде әлеуметтік
сфераны дәйекті бұлжытпай дамыту.

Экономиканы реттеу үдерістерінде жалпы
макроэкономикалық тепе-теңдікке жету тек
теориялық сызбаларда мүмкін болатынын есте
ұстаған жөн.
Макроэкономикалық тепе-теңдіктің жай-күйі мынадай аса
маңызды экономикалық параметрлерді теңестіруді
ұйғарады:
сұраным мен ұсыным;

тауар және ақша массасы;

жинақақша мен инвестициялар;

•инфляция және жұмыссыздық;

еңбек өнімділігі және оған ақы төлеу

қаржылық ресурстар және қоғамның
әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктері;

мемлекеттік бюджеттің кірістері мен
шығыстары;
бюджет тапшылығының мөлшері және оны
жабудың көздері;

төлем балансының активі мен пассиві.
Аталған ара қатынастардың тіпті біреуі бойынша ғана тепе-
теңдікке жету бір мезгілде біреуінде немесе бірнеше
басқаларында үйлесімсіздікті тудыратыны анық.
Бұдан басқа, макроэкономикалық деңгейге мүдделердің,
қажеттіліктердің және олардың артында тұрған ірі
экономикалық объектілердің: секторлардың, ұлттық
шаруашылық салаларының, өңірлердің, шаруашылық
кешендердің мүмкін болатын ресурстарының үйлесімсіздігі
шығады

Егер бұған реттеудің жоғарыда аталған параметрлері мен
объектілеріне қосылатын қажеттіліктер мен ресурстардың
компоненттерін біріктіретін шаруашылық жүргізудің
кейінгі (келесі) деңгейлерінде қажеттіліктер мен
ресурстарды теңестірудің қажеттігін қосса,онда толық
макроэкономикалық тепе-теңдікке жету елестетпелі міндет
болып қалатынымен келісуге тура келеді. Нағыз
экономикалық қызметке (кез келген экономикалық жүйеге
сияқты) осы мезетте қоғамда іс-әрекет ететін қарама-
қарсылық күштер мен үрдістердің, шаруашылықтық мінез-
құлықтың топтауырындарын (стереотиптерін), әр түрлі
бағыттағы мүдделерді бейнелеп көрсететін «тепе-
теңсіздіктің қалыпты жай-күйі» тән қасиет
Мультипликатордың тұжырымдамасы жалпы ұлттық өнімнің
(ЖҰӨ) ауқымын екі әдіспен анықтаудан барып шығады:

1) шығыстар 2) табыстар
бойынша, яғни (немесе бөлу)
бүкіл өндірілген бойынша,
өнім массасын яғни
сатып алуға
субъектілерді
қажетті
бойынша;
экономикалық ң өнім
субъектілердің өндіруден
барлық алатын
шығыстарының табыстары
жиынтығы тұрғысынан.
Тепе-теңді ұлттық өнім және шығыстардағы ұлттық
өнімдердің осы өзгерісін тудырған бастапқы өзгерістен
ауытқудың ара қатынасын шығыстардың
мультипликаторы, ал салықтық төлемдердегі өзгерістің
тепе-теңді ішкі ұлттық өнімнің одан туындайтын
өзгерісіне қатынасын салықтардың мультипликаторы
деп атайды. Бірінші критерий бойынша ЖҰӨ-нің құны
мына формула бойынша қалыптасады:
ЖІӨ = C + Ig + G +
Xn
Бүдан ары, жалпы ұлттық өнімнен
ЖҰӨ мен капиталды тұтынуға
аударылатын аударымдар, яғни
амортизациялық аударымдар
арасындағы айырма ретіндегі таза
ұлттық өнім (ТҰӨ) бөліп
шығарылады.
Инфляцияны немесе дефляцияны (бағалардың төмендеуі)
ескере отырып түзетілген ЖҰӨ көрсеткіші нақты ЖҰӨ болып
саналады.

Кейнстік моделдерде шығыстардағы өзгерістер тудырған
өндіріс көлемінің, табыстың және жұмыстылықтың
арасындағы тепе-теңдік түсіндіріледі. «Өндірістің тепе-теңдік
деңгейі - өнімнің осы көлемін сатып алу үшін жеткілікті
жалпы шығыстарды қамтамасыз ететін өндіріс көлемі немесе
ТҰӨ-нің тепе-теңдік деңгейінде сатылған тауарлардың (ТҰӨ-
нің) жалпы саны сатып алынған тауарлардың (C + Ig + G +
Xn) жалпы санына дәле-дәл тең»".

Тиісінше, өндірістің жалпы көлемінен жалпы шығыстардың
кез келген асып кетуі тепе-теңдіктің бұзылуы болып
табылады, мұның өзі соңғының өсуіне апарады; жалпы
шығыстардың кез келген жетіспеушілігі ТҰӨ-нің төмендеуін
тудырады.
Мультипликатор іс-әрекетінің негіздемесі «үнемдеуге шекті
бейімділік» MPS және «тұтынуға шекті бейімділік» - МРС
ұғымдарымен анықталады. Бірінші жағдайда бұл үнемдеулердегі
өзгерістің табыстағы өзгерісіне қатынасы, екіншісінде - тұтынуға
өзгерістің табыстағы өзгерісіне қатынасы. Осыны негіздей
отырып, мультипликатордың сандық мәнін мына ара қатынаспен
білдіруге болады:
M=__1__=__1__
MPS 1-
MPS
Салық мультипликаторының маңызды сипаттамасы
оның табыстардың тұтыну компонентіне тәуелділігі
болып табылады, яғни ол мынаған тең:

m1=TxMSP
мұндағы: Т - салықтық төлемдердің
мөлшері.
Сөйтіп, сан жағынан салық мультипликаторы мемлекет шығыстарының
мультипликаторынан аз болады (МРС пен MPS-тің осы мөлшерлері кезінде).
Демек, мемлекет шығыстарындағы өзгерістер осындай мөлшердегі
салықтардың өзгерістеріне қарағанда жиынтық шығыстарға күштірек
ықпал жасайды. Табыстар мен шығыстар мультипликаторларының бұл
қасиеттері мемлекеттің шығыстары мен салық салудың тең артуы сол
мөлшерге тепе-теңді ТҰӨ-нің өсуіне жеткізетін баланстандырылған бюджет
мультипликаторының феноменін тудырады. Мысалы, егер Т мен G әр
қайсысы 10 миллиард теңгеге көбейтетін болса, онда ТҰӨ-нің 10 миллиард
теңгеге көбейетінін күтуге болады. Сонымен, баланстандырылған
бюджеттің мультипликаторы мынадай өлшемге тең болады:
m_b = m_e + m_t = 1
мұндағы:
m_b - баланстандырылған бюджеттің мультипликаторы;
m_e - шығыстардың мультипликаторы;
m_t — салықтардың мультипликаторы.
НАЗАР
АУДАРҒАНДАРЫҢЫЗҒА

РАХМЕТ!!!!

Ұқсас жұмыстар
IS – LM үлгісі
Синус жұп функция
Қор инвестициясы
Ұлттық Экономикалық
НЕГІЗГІ МАКРОЭКОНОМИКА ЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК
Макроэкономикалық тепе - теңдік және оның үлгілері
Біртектес тригонометриялық теңдеулерді шешу
Тригонометриялық теңдеулер жүйесін шешу
AD-AS үлгісі
Макроэкономикалық үлгілердің экономикалық мәні мен динамикасы
Пәндер