Өзін-өзі тану туралы ақпарат




Презентация қосу
ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ

Орындаған: Қурмашев Т. Т
Группа: Е-413
Тексерген: Жакпарова Г. А
Жоспар
1. Қазіргі кездегі жаһандану мәселесі
 “Менталдық” немесе мәдени жаһандану
 Экономикалық жаһандану

2. Адамзаттың тұтастығы

3. Адамның жаһандық мәселесі, адамгершілік
сипаты.
Озон қабатының бұзылуы.
Демографиялық дағдарыс
Жұмыссыздық.
1. Қазіргі кездегі жаһандану мәселесі

Зерттеушілер Жаһандануды әр текті, бірақ
әлемнің біртұтастыққа айналу логикасымен
біріктірілетін өзгерістердің жиынтығы деп
түсіндіреді. ЖаҺандық өзара тәуелділік және
бүкіләлемдік даму үрдісі Жаһандануға келеді. Бұл
үрдіс трансұлттық экономика мен жалпы адамдық
құндылықтарды қорғауға негізделген халықар.
ұйымдар жүйесі ықпалын күшейтеді. Жаһандану
әлеуметтік феномен ретінде көп қырлы және
көптеген құрамдас бөліктерді қамтиды. Негізінен,
оны ұлттық және әлемдік шаруашылықтың
техникалық және қаржылық жағынан дамуының
нәтижесі деп есептейді. Алайда әлеуметтік-мәдени
өзгерістер, адамдар тұрмысының өзгеруі,
адамзаттың қоршаған ортамен қарым-
қатынасының күрделенуі де Жаһандануға елеулі
ықпал жасап отыр.
Мәдени жаһандану

 
Дәстурлердің, діндердің, мәдинеттермен идеологияларын “ұқсаста
нуының” кешендік үрдісі. Қазіргі таңда бүкіл әлем, негізінен, 6
жаҺандық діни жүйеге бөлінеді. Адамзаттық мәдени
құндылықтар ортақтығының күшею үрдісі “менталдық”
Жаһанданудың бір көрінісі болып табылады. Соның ішінде
америкалық мәдени дәстүр “планетарлық” деп аталынып жүр.
Мәдени жаһандану саласында бүгінгі күннің өзінде біртұтас
жалпыадамзаттық мәдениеттің нышандары — жаңа нысандармен
ұштасқан ежелгі мәдени дәстүрлердің синтезі көріне бастады. Бұл
жағдай әрбір ұлттық, халықтың өзіне тән ділі мен мәдениетін
сақтап қалуы жолында орасан зор күш-жігер жұмсауын талап
етеді;
Экономикалық жаһандану
Екі үрдістің жиынтығын —
нарықтардың жаһандануын
(капиталдық, еңбек ресурстарының,
тауарлардың және қызмет
көрсетулердің) және экономикалық
нысандардың жаһандануын білдіреді
және экономиканың ұйымдық
құрылымдарының — компаниялардың,
фирмалардың, корпорациялардың
іріленуімен түсіндіріледі.
Жаһандан
у
Аумақтық жаһандану —
мемлекетаралық
құрылымдардың күшею
үрдісі
Ақпараттық-коммуникациялық —
қазіргі
заманғы интеграциялық үрдістердің
ішінде аса ықпалдысы

Этникалық жаһандану негізгі екі үрдістен тұрады
— планета халқының санының өсуі және әр түрлі
этникалық топтардың өзара ассимиляциясы
Жаһандық ақпараттық кеңістік
Ғаламдық ақпараттық қоғамның қалыптасу
ортасы және негізі. Ғаламдық ақпараттық
кеңістікті қалыптастыруда технологиялық түп
қазық болып табылатын, ақпараттық қоғам дамып,
қызмет ететін қазіргі компьютерлік
технологиялардың маңызы зор. Қазіргі
компьютерлік технологиялардың дамуында
ғаламдық компьютерлік желі ғаламтордың
құрылуы аса маңызды кезең болды.
Ғаламтор желісі - бүкіл әлемде бірнеше миллион
адамдарды қамтып, біріктіретін біртүтас ақпарат
кеңістігі.Ғаламторды қолданушылар өте кең
көлемдегі ақпараттық қызметтерге қол жеткізе
алады: баспасөз
сайттарын, радио, теледидар, электронды
пошта, электрондық
коммерция, телеконференциялар, хабарландырулар
тақтасын, жаңалықтар топтамасын, чаттарды және
Қоғамды материалистік тұрғыдан
қарау методологиясының тұрғысынан алып
қарағанда, жаһандану үрдісінің негізінде
ғылыми-техникалық революция
жетістіктерін пайдалану арқылы өндіргіш
күштердің күрт дамуы (тек XX ғ. өндіргіш
күштердің дамуы өткен 5000 жылдан асып
түсті!), млрд. тонна тауарлардың бір елден
екінші елге өтуі, байланыс жүйелерінің
жетілуі т.с.с. құбылыстар жатыр. Екінші
жағынан, табиғи ресурстардың Жер
бетінде әртүрлі шоғырлануы, сондықтан
елдердің бір-бірімен осы байлықты бөлісу,
алмасу мәселелері де жаһандану үрдісіне
өз ықпалын тигізбей қоймайды
Жаһандану үрдісі әртүрлі елдермен жақындасу,
бүкіл адамзаттың ортақ тағдырын сезіну, ұлттық
мәдениет жетістіктері, жаңа технологиялармен
алмасуға әкеледі.
Адамның жаһандық мәселесі,
адамгершілік сипаты.
Озон қабатының бұзылуы.
Озоносфераның
бұзылуы орны толмас
жағдайларға, тері ісік
ауруының күрт көбеюіне,
көз катарактасына,
жүйке жүйесінің
әлсіреуіне, мұхиттағы
планктонның жоғалуына,
өсімдіктер мен
жануарлар әлемінің
мутациясына алып келеді.
Демографиялық дағдарыс
Дағдарыс — әлеуметтік, экономикалық, табиғи
ықпалдардың әсерінен белгілі бір аймақтағы
(елдегі, облыстағы, аудандағы) халықтың ұдайы
өсуінің тежелуі Демографиялық дағдарысқа
соғыс, әлеуметтік, экономикалық жағдайлар,
мемлекеттің демографиялық саясаты т.б. тікелей
әсер етеді. Қазақ халқы 20 ғасырда (1916 — 22)
бірінші Демографиялық дағдарысқа ұшырады.
Қазан төңкерісі мен Азамат соғысы жылдарында
шаруашылықтың күйзеліске, халықтың
ашаршылыққа душар болуынан елдегі
халықтың 19% — і (яғни 950 мың қазақ) оапт
болды. Сонымен қатар, шет елдерге (Қытай,
Монғолия, Ауғанстан, Иран, Түркия) 400 мың
халық біржола қоныс аударды.
Жұмыссыздық.
Жұмыссыздық – елдегі еңбекке қабілетті
тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен
айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-
экономикалық құбылыс. Экономикалық әдебиеттерде кез
келген қоғамдағы жұмыссыздық құбылыстары сипатына
байланысты фрикциялық жұмыссыздық, құрылымдық
жұмыссыздық, циклдік Жұмыссыздық болып
ажыратылады. Фрикциялық жұмыссыздық –
қызметкерлердің жұмыс орнын ерікті түрде
ауыстыруымен және жұмыстан уақытша босау
кезеңдерімен байланысты (қызметкерлердің бір
жұмыстан екінші жұмысқа ауысқан кездегі уақытша
жұмыспен қамтылмауы) құбылыс. Құрылымдық
жұмыссыздық – елдегі тұтыну тауарларына сұранымның
құрылымында және өндіріс технологиясында болатын
өзгерістер салдарынан пайда болатын құбылыс. Бұл
жағдайда қызметкер не өзінің кәсібіне (мамандығына)
сұранымның жоқтығы салдарынан‚ не жұмыс алу үшін
жеткілікті біліктілігінің жоқтығы салдарынан жұмыссыз
қалады.
Назарларыңызға
рахмет !

Ұқсас жұмыстар
Сананың құрылымы
Оқыту деңгейлері бойынша бағдарламалық мазмұны, мақсат қою, міндеттерді қою
ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ СТАНДАРТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
ӨЗІН - ӨЗІ ТАНУ АДАМ ТАНУ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМДАР ЖҮЙЕСІНДЕ
Жүректен - жүрекке шеңбері
Өзін-өзі тану ілімінің ғылыми негіздері туралы ақпарат
Қарым - қатынастың перцептивті жағы
«Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы мен өзіндік дамуы»
Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруының шарты жайлы ақпарат
Қарым - қатынас процесіндегі тұлғааралық қабылдау мен өзара түсіністіктің ролі
Пәндер