Киттәрізділер отряды. Негізгі өкілдері. Ішкі, сыртқы құрылысы туралы ақпарат




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атыдағы мемелекеттік университеті

БӨЖ №2
Тақырыбы: Киттәрізділер отряды. Негізгі
өкілдері. Ішкі, сыртқы құрылысы.

Орындаған: Кабидолдинова Н.Т.
Тексерген: Мадыбекова А.С.
КИТТӘРІЗДІЛЕР ОТЯРДЫ (CETACEA)

Киттәрізділердің денесі ірі, барлық өмірін суда өткізеді.
Осыған байланысты құрлықта, тіршілік ететін
сүтқоректілерден көп айырмашылығы бар. Дене пішіні балы қ
тәрізді басы үлкен мойыны білінбейді. Алды ңғы ая қтары
ескекке айналған, артқы аяқтары мүлде болмайды. Денесінде
түгі болмайды, терісінде тер және май бездері болмайды. Бір
жұп сүт безі болады. Ең үлкен киттердің тері астында ғы
майының қалындығы 50 см-дей. Үлкен киттерді ң (к өк кит)
жүрегі бір тоннадай, сүйектерінің салмағы да сондай.
Бауырдың салмағы 3 тонна, ал өкпесінде 14000 литр ауа сияды.
Өкпеден баска ауа кіретін қапшалары да бар. Китт әрізділерді ң
көпшілігі су астында бір сағат, тіпті одан да к өбірек уа қыт қа
шыдайды. Кашалоттар 300 м терендікте с үңги алады. Киттерді ң
есту мүшелері жақсы жетілген. Олар дыбыстарды 10-12
шақырым жерден естиді. Нашар көреді. Иіс сезу м үшелері
жойылған.
КИТТӘРІЗДІЛЕР (ЛАТ. CETACEA)
Ғалымдар киттердің арғы тегі құрлықта тіршілік еткен ежелгі
тұяқтылар не қарапайым жыртқыштар (креодонттар), тіпті, бор
кезеңінің жәндікқоректілері де болуы мүмкін деген болжам айтады.
Бұлардың қазба қалдықтары төменгі эоцен дәуірінен сақталған.
Қазақстанда Маңғыстау түбегінен төменгі сармат қабатынан
табылған.
Қазіргі кезде киттердің 2 отряд тармағына (тісті киттер және мұртты
киттер) жататын 38 туысы, 80-нен астам түрі мұхиттарда, теңіздерде,
кейбір түрлері (дельфиндер) өзендерде таралған[
БИОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Денесінің ұзындығы 1,1 – 33 м-ге дейін, салмағы 30 кг-нан 150 т-ға дейін жетеді. Дене пішіні ж ұмыр қос
қалақты терілі, құйрық жүзбеқанаты көлбеу бағытта орналас қан. К өпшілік т үріні ң басы жалпа қ, мойны
айқын байқалмайды. Алдыңғы аяқтары ескекке айналған. Артқы аяқтары жойыл ған, тек жамбас
сүйектерінің (кей түрінде ортан жіліктің) қалдықтары са қталған. Киттерді ң терісі т үксіз жала ңаш, тері
астында май қабаты жақсы жетілген (қалыңдығы 18 – 50 см). Бұл дене температурасын реттеуге
қатысады.
Терісінде май, тері бездері болмайды, сүт бездері жақсы жетілген.
Тыныс алу мүшесі – танау тесігі (1 не 2) т өбесіне қарай орналас қан. Ол тек тыныс алу-шы ғару кезінде
ғана ашылады.
Киттердің қанының құрамында гемоглобиннің, бұлшық еттерінде ерекше а қуызды зат – миоглобинні ң
болуы су астында 30 – 40 мин (кейде одан да ұзақ) тыныс алмай тіршілік етуіне септігін тигізеді.
Барлық киттердің ауыз қуысы өте үлкен. Бұлар тісі е ң көп жануарлар ға жатады, мысалы, тісті китті ң
тісінің саны 272 болса, Амазонка дельфинінің бір ғана үсті ңгі сойда қ тісі ал ға қарай 3 м-дей созылы ңқы
болады.
Киттердің миы күрделі құрылысты әрі жақсы дамы ған. Оларды ң сезу м үшесіні ң қызметін қылшы қты
мұртшалары атқарады. Көзі су астында, су үстінде де жа қсы к өреді. Киттерді ң есту м үшесі жа қсы
дамыған, құлақ қалқаны болмайды. Қорегін тұтастай жұтады. Сілекей бездері болмайды. Қарны к үрделі
құрылымды (3 – 14 бөлімнен тұрады).
КИТТЕРДІҢ КӨБЕЮІ
Киттердің көпшілігі – моногамды. Олар 2 – 6 жаста жыныстық
жағынан жетіледі. Екі жылда бір рет балалайды. Буаздық
мерзімі 10 – 12 ай. Аналығының жыныс саңылауының екі
бүйірінде 2 емшегі болады. Арнайы бұлшық еттердің
жиырылып-жазылуынан сүт баласының аузына шашырайды.
Киттер баласын 4 айдан (майда дельфиндер) 1 жылға дейін
(кашалоттар) емізеді. Киттің сүті өте құнарлы: сиыр сүтімен
салыстырғанда май 10 есе, белок 3 есе көп. Баласы тәулігіне
450 л-ге дейін сүт емеді, 4 см-ден астам өсіп, 90 кг-дай салмақ
қосады.
Табиғатта 30 – 50 жылдай тіршілік етеді. Көпшілік түрі
топталып, үйірленіп жүреді, теңіз жануарларымен қоректенеді.
ТІСТІ КИТТЕР
Бұл отряд тармағына дельфиндер және кашалоттар
жатады. Бұлардың көптеген (240 жуық) тістері
болады. Тістері қарапайым, формасы мен күрылысы
бірдей болып келеді.
Дельфиндер Кашалоттар
Дельфиңдердін, көпшілігінің ұзындығы Кашалот тісті киттердің ең үлкен
1,5—З метрге жетеді. бұлардың Қара түрі, олардын. ұзындығы 11—21 м
теңізде бірнеше түрі тіршілік етеді. болады. Солтүстік Мұзды мұхиттан
басқа мұхиттардың, жылы
Мысалы, нағыз дельфин, теңіз шошқасы.
теңіздердін, барлығында, бізде
Дельфиндер Балтық, Баренцев жазда Қиыр Шығыс теңіздерінде
теңіздерінде және Қиыр Шығыстың кездеседі. Негізінен бас аяқты
теңіздеріне тараған. Мұзды мұхиттың моллюскалармен (сегіз
теңіздерінде және Тынық мұхиттың аяқтылармен, кальмарлармен),
солтүстік теңіздерінде ақ дельфин деген кейде су түбінде тіршілік ететін
түрі тіршілік етеді. Олардын, ұзындығы 6 балықтармен де қоректенеді. Олар
м-ге жуық болады. Дельфиндердің 300 м терендікке сүнги алады. Су
барлығы балықтармен қоректенеді. астында бір сағат, тіпті одан да
Балықтардың ауған жағына қарай оларда көбірек уақытқа шыдайды.
ауысып отырады. Тісті киттердің, кәсіптік маңызы
үлкен.
МҰРТТЫ КИТТЕР НЕМЕСЕ
Бұларды
ТІССІЗ ң негізгі өзгешелегі
КИТТЕР тістері болмайды. Таңдайының екі жағына тізіліп орналас қан м үйізді
пластинкалары болады. Бүларды «кит мұрты» деп атайды. Ол сүзгі аппараттың қызметін атқарады. Бұларды ң
көпшілік түрлері планктонды омыртқасыздармен, сирек болса да балы қтармен қоректенеді. М ұртты киттер —
барлық мұхиттарға тараған, бірак суық теңіздерде көбірек кездеседі. Әр қашан миграциялап отырады. Солт үстік
жарты шарда киттер қысты тропикалық суларда өткізеді де, жазда солтүстікке қарай ауысады, өйткені, б үл кезде
солтүстікте планктондар көп болады. Күзде қайтадан оңтүстікке ауысады. О ңт үстік жарты шарда да осындай
миграция байқалады. Киттердің бір жарты шардағы сулардан екінші жарты шарда ғы сулар ға миграция
жасайтыны байқалған.
Тіссіз киттердің он шақты түрі белгілі. Олардың көпшілігі өте ірі болады. Мысалы, жасыл китті ң ұзынды ғы 33
м, салмағы 160 тонна болады. М. М. Слепцовтың мәліметіне қарағанда бұл киттің салмағы 25 пілді ң немесе 150
өгіздің салмағына тең. Жүрегі 600—700 кг, денесіндегі қаны 8000 л, я ғни 8—9 т болады. Ішегіні ң ұзынды ғы 300
метрдей, қарнының сыйымдылығы 3000 л болады. Бала емізіп жүрген мұндай кит к үніне 200—300 литрдей с үт
береді. Бір тәулікте көк кит 4—5 т шаян тәрізділерді немесе балықтарды жейді. Тіссіз киттерді ң к әсіптік ма ңызы
үлкен. Бұлардың майы, мұрты және терісі пайдаланылады. Етімен ішкі органдарынан тук деп аталатын жем
даярлап, малға береді. Совет Одағында кит Қиыр Шығыста және Арктикада ауланады.
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Киттердің саны жылдан-жылға азаюда,
әсіресе, ірі киттердің біраз
популяциясының жойылып кету қаупі
бар. Сондықтан кит аулау кәсібін реттеу
мақсатында Халықаралық комиссия
(оған дүние жүзінің 20 мемлекеті мүше)
ұйымдастырылған (1946). Киттердің
санын сақтау үшін қорғауға алынып,
олардың 18 түрі мен 1 түр тармағы
Халықаралық табиғат қорғау
одағының «Қызыл кітабына» енгізілген.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1.Омыртқалылар зоологиясы. 1 бөлім :оқулық
/К.Б.Олжабеков,Б.Е.Есжанов.-Алматы:Эверо,2011.-400б.
2.Наумов Н.П. Омыртқалылар зоологиясы. – Алматы.:
“Мектеп”, 1970ж.
3.Наумов Н.П., Карташев Н.Н. Зоология позвоночных. I, и II
тома. – М.: Высшая школа, 1979г.
4.Константинов В.М. и др. Зоология позвоночных. -5е изд.-М.:
«Академия» , 2007ж.
5.Жұмалиев, М.Қ. Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі. 4-
бөл. Сүтқоректілер.- Алматы, 2007ж.

Ұқсас жұмыстар
Киттәрізділер отряды. Негізгі өкілдері. Ішкі,сыртқы құрылысы
Жорғалаушылар
Бунақденелілердің классификациясы
Құрттар бөлімі
Киттәрізділер отряды. Негізгі өкілдері
Биологиялық регресс
Дене сегменттерінің саны тұрақсыз
Шеміршекті балықтар
Жорғалаушылар - құрлықта тіршілік ететін алғашқы омыртқалы жануарлар
Кит тәрізділер отряды, негізгі өкілдері. Ішкі, сыртқы құрлысы
Пәндер