Кәсіпкерлік жайында




Презентация қосу
Кәсіпкерлік түсінігін алғаш рет ағылшын
экономисті Ричард Контильон
17-18 ғасырдың басында енгізген.
Оның пікірінше, кәсіпкер — тәуекел
жағдайында іс-әрекетін
жүзеге асыратын адам.
Кәсіпкерлік дегеніміз — заңды тұлғаның
атынан және заңдық жауапкершілігімен
немесе азаматтың өз атынан,
өзінің тәуекелімен, сондай-ақ мүліктік
жауапкершілігімен жүзеге асырылатын
пайда табуға бағытталған
дербес бастамашылық қызметі.
Кәсіпкерлік теориясының дамуында
4 негізгі бағыт бөліп көрсетіледі:
1-ші бағыттың көрнекті өкілдері: Р.Контильон, И.Тюнен
және Ф.Найт.
2-ші бағыттың бастамашылары: Ж.Б.Сэй мен А.Маршалл
3-ші бағыттың негізін қалаушы: Й.Шумпетер.
Кәсіпкерлік теориясының қалыптасуы мен
дамуында 4-ші бағыттың да маңызы жоғары.
Өкілдері: П.Друкер, Б.Карлофф, Б.Санто.
Кәсіпкерлікті мынадай 4 кезеңнен
тұратын үрдіс ретінде қарастыруға болады:

1) жаңа идеяны іздеу және бағалау;
2) бизнес-жоспар жасау;
3) қажетті ресурстарды іздеу;
4) құрылған кәсіпорынды басқару.
Кәсіпкерлік қызметтің объектісі мен субъектісі
бір үрдістің екі жағы болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметтің объектісі бұл кәсіпкердің
қызмет түрі болса, ал субъект осы
қызметпен айналысатын адам.
Кез-келген әрекет қабілетті азамат заң
шеңберінде кәсіпкерлік
қызметпен айналыса алады.
Кәсіпкерліктің жіктелуі:
Көлемі бойынша: шағын, орта, ірі;

Меншік нысаны бойынша: мемлекеттік, жеке меншік, шетелдік;

Территориялық орналасуы бойынша: жергілікті, аймақтық,
халықаралық;

Салалық бағытына қарай: аграрлық, құрылыс, сауда;

Ұйымдық-экономикалық нысандары бойынша: концерн,
консорциум, холдинг, картель, синдикат, пул.
Қазіргі бәсекелік ортаның күшеюі және
айқынсыздық жағдайда кез-келген кәсіпкерлік
ызмет тәуекелсіз жүзеге асырылуы мүмкін емес
Тәуекел — жоспарланған табыс көлемін ала
алмау, зияндар мен жоғалтулардың туындау
ықтималдылығы. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асыру кезінде қандай да бір шамада
тәуекелдің болатыны анық.
Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі
бизнес-жоспарлау
Жоспарлау — қазіргі экономика ғылымының
маңызды құрамдас бөлігі.
Жоспарлау — бұл «бизнес» жүйелерінің
сыртқы ортаға бейімделуі.
Жоспарлау мақсаттарды
қалыптастыру, оларға жету басымдықтары,
әдістері мен құралдарын анықтау
процесін білдіреді.
Жоспарлаудың қағидалары:

l
біртұтастылық;
l
үздіксіздік;
l
икемділік;
l
дәлдік (анықтық);
l
қатысу қағидасы т.б.
Бизнес-жоспардың құрылымы:

- Резюме
- Кәсіпорынның сипаттамасы
- Өнімнің сипаттамасы
- Нарықты талдау
- Ұйымдастырушылық жоспар.
- Өндірістік жоспар
- Маркетинг жоспары
- Тәуекелді бағалау
- Қаржылық жоспар
- Қосымшалар.
Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру

Кәсіпорынның қаржы ресурстары —
шаруашылық субъектінің иелігіндегі
қаражаттар жиынтығы. Ол кәсіпорын
табысын қалыптастыру, бөлу және пайдалану
үрдісін көрсетеді, сондай-ақ, қаржылық
міндеттемелерді орындауға және кеңейтілген ұдайы
өндірісті қамтамасыз етуге арналған.
Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру көздері:

* Ішкі (жарғылық капитал, қосымша үстеме,
резервтік капитал, амортизациялық қор,
бөлінбеген пайда, басқа да көздер);

* Сыртқы (банк несиелері, бюджет қаражаттары,
бюджеттен тыс қорлардың қаражаттары,
бағалы қағаздар шығарудан түскен
қаражаттар, басқа да көздер).
Кәсіпкерлік аясындағы бәсеке

Бәсеке — қандай да бір құндылықтарды
иелену үшін индивидтер,
топтар немесе қоғам арасындағы күрес;
бір мақсатқа жетуге мүдделі жекелеген
заңды және жеке тұлғалар
араcындағы бақталастық.
Бәсекелестік — дербес жасаған іс-әрекеттері
иісті тауар нарығындағы тауарлар айналысының
жалпы жағдайына олардың әрқайсысының
біржақты ықпал ету мүмкіндігін шектейтін
нарық субъектілерінің жарыспалылығы.
Кәсіпкерлік құпия

Кәсіпкерлік құпия — таралуы зиян келтіретін
кәсіпорынның қызметі туралы мәліметтерді жариялауға
кәсіпорынның, кәсіпкердің заңмен қорғалатын құқығы.
Ал коммерциялық құпия деп жариялау олардың
мүдделеріне зиянын тигізетін фирма,
кәсіпорын қызметі туралы мәліметті айтамыз.
Кәсіпкерлік мәдениеті мен этикасы
Кәсіпкерлік мәдениеті кәсіпкерлік қызметті
ұйымдастырудың ажырамас бөлігі болып табылады.

әсіпкерлік мәдениет — субъектілердің кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асырудағы белгілі бір қалыптасқан
қағидалары, тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.

Кәсіпкерлік этика — кәсіпкердің мінез-құлық
нормалары және оның жұмыс стилі мен заманауи
мәдени қоғамның талаптарына сәйкесігі.
Кәсіпкерлік қызметті тоқтату

Кәсіпкерлік қызметін тоқтатуы мен таратылуы
бойынша өзіндік ерекшеліктері бар.
Дара кәсіпкерлік үшін де заңды тұлғалар үшін де
кәсіпкерлік қызметті тоқтату 2 түрде: ерікті
және мәжбүрлі тәртіппен жүзеге асырылады.
Барлық дамыған мемлекеттердегі
сияқты біздің елімізде де
кәсіпкерліктің маңызы
мен ұлттық экономикадағы
рөлі жоғары.
Назар аударғандарыңызға рахмет

Ұқсас жұмыстар
КӘСІПКЕР БИЗНЕСПЕН БІРГЕ ТУЫНДАЙТЫН
Экономикалық жүйенің жіктелуі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары
БХХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ КОНСЕПСЯСЫ СТАНДАРТЫ
Психология пәні, міндеттері мен мақсаттары
Тянь - Шань Маркетингтік ортасы
Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге нарықтық бағалау жүргізу
Кәсіпкерлік қызметтің заңдылығы
Кәсіпкерліктің мақсаттары
Кәсіпкерлік субъектілері
Пәндер