Тимур Асқ арұ лы Құ лыбаев




Презентация қосу
Тақырыбы:
имур Асқарұлы Құлыбае

Орындаған:Керім .Б.С
Тексерген:Алимжанова.
А.М
Тимур Асқарұлы
Құлыбаев (10 қыркүйек
1966, Алматы) —
қазақстандық кәсіпкер,
қоғам қайраткері,
KazEnergy
ассоциациясының
төрағасы.
2011 жылғы
маусымынан бастап
"Газпром" ААҚ
директорлар кеңесінің
мүшесі.
ҚР Ұлттық кәсіпкерлер
палатасы
президиумының
төрағасы.
Өмірбаяны
1966 жылы 10 қыркүйекте Қазақ КСР-і Алматы қаласында туған.
Республикалық физика-математика мектебінің түлегі (1983
жылы). М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік
университетін халық шаруашылығын жоспарлау мамандығы
бойынша экономист біліктілігімен бітірген (1988 жылы).

«Нарық жағдайында кәсіпорынды басқарудың
ұйымдастырушылық-экономикалық механизмін жетілдіру» (мұнай
өндіру өнеркәсібі саласында) тақырыбында кандидаттық
диссертация қорғаған (1999 жылы).

1988–1990 жылдар аралығында ҚазКСР Мемелекеттік жоспар
жанындағы Жоспарлау және нормативтер экономикалық ғылыми-
зерттеу институтында (НИЭИ ПиН – ЖжН ЭҒЗИ) қызмет атқарған.

1990 жылы Қазақстанның мәдени, әлеуметтік және ғылыми-
техникалық даму қоры ғылыми-консультациялық орталығының
директоры болып тағайындалды.
Құлыбаев 1990 жылдары қаржылық-инвестициялық қызметпен
айналысатын «Алтын-Алма» компаниясын құрды (кейіннен
«Алмэкс» холдингі болып өзгерді), компания «Халық Банкі»
акциясының бақылау пакеттерінің белгілі бір бөлігінің иегері
болатын.

Мемлекеттік органдарда,компаниялар мен қорларда қызмет
атқарған кезеңдерде жеке активтерді басқаруды банк IPO-сын іс
жүзіне асыра алған және оның банктік сектордағы озық ұстанымын
сақтап қала алған жас та болса тәжірибелі менеджерлер
командасына (Григорий Марченко, Александр Павлов, Әнуар
Сәйденов, Қайрат Сатылғанов) тапсырды.

1997 жылы ҚР Мемкомитетінің Инвестициялар жөніндегі жобаларды
бағалау және келіссөздер жүргізу дирекциясының жетекшісі болып
тағайындалды(министр орынбасары құқығында).

1997 жылдың мамыр айынан 1999 жылдың наурыз айы аралығына
дейін «KazakhOil Ұлттық мұнай-газ компаниясы» ЖАҚ-ның (1994–
1997 жылдары «жаппай жекешелендіру» кезеңінен кейін мемлекет
меншігінде қалған мұнай-газ активтерін шоғырландырған
мемлекеттік компания) экономика және қаржы жөніндегі вице-
президенті болып қызмет атқарды.
1999 жылдың наурызында «KazTransOil Мұнай тасымалдау
ұлттық компаниясы» ЖАҚ-ның (Магистралды мұнай
құбырларының желісін басқарушы ұлттық компания)
президенті болып тағайындалды.

2001 жылдың мамырынан 2002 жылдың ақпанына дейін —
«Мұнай-газ тасымалы» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ-ның
(«ҚазТрансОйл» және «ҚазТрансГаз» компанияларының
негізінде құрылған) бас директоры. 2002 жылдың ақпан
айынан 2005 жылдың қазан айы аралығында — «Қазақойл»
және «Мұнай және газ тасымалы» ұлттық компанияларының
бірігуінен құрылған «ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы» АҚ-ның
бірінші вице-президенті.

«ҚазМұнайГаз-дағы» қызметінен кеткен соң, Қазақстанның
энергетикалық секторында жұмыс істейтін ұлттық және
шетелдік негізгі компанияларды біріктірген «KazEnergy» мұнай-
газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық
ассоциациясы ЗТБ-ны құруға бастамашы болды және оған
басшылық жасады. Сонымен бір мезетте ҚР Президентінің
қаржылық және энергетикалық саясат жөніндегі штаттан тыс
кеңесшісі лауазымына ие болды.
2005–2006 және 2007–2008 жылдары өзінің жеке
бизнесін қоғамдық қызметімен қатар алып жүрді.

2006 жылдың сәуір айы мен 2007 жылдың тамызы
аралығында «Мемлекеттік активтерді басқару
жөніндегі Самұрық қазақстандық холдингі» АҚ-ның
басқарма төрағасының орынбасары болып істеді.
Сонымен бір мезетте «KEGOC» АҚ және
«ҚазМұнайГаз» ҰК-сы директорлар кеңесінің төрағасы
міндетін атқарды.
2008 жылдың қазан айында «Самұрық-Қазына
Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының
орынбасары болып тағайындалды. Қордың еншілес
«Қазатомпром», «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір
жолы», «KEGOC», «Самұрық-Энерго»
компанияларының директорлар кеңесінің төрағасы
болды.
2011 жылы 12 сәуірде Тимур Құлыбаев «Самұрық-
Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-тың басқарма
төрағасы болып тағайындалды. Оның басшылығымен
Қор ұлттық компанияларға корпоративті басқару
қағидаттарын енгізу және ауқымды индустриялау
міндеттерін іске асыру бағытындағы жұмыстарын
жалғастыруда.
2012 жылдың наурыз айында Тимур Құлыбаев
Халықаралық Бокс федерациясының вице-президенті
болып сайланды. Бұл шешім АИБА атқарушы
комитетінің осы жылдағы алғашқы отырысында
қабылданды
Отбасы
Әкесі Құлыбаев Асқар Алтынбекұлы (1937 жылы туған), техника
ғылымдарының докторы, Халықаралық инженерлік академияның
академигі, қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстан
Бейбітшілік және келісім кеңесінің төрағасы, Қазақ бас сәулет-
құрылыс академиясы қамқоршылар кеңесінің төрағасы.

Ағасы — Талғат Құлыбаев — генерал, ҚР ІІМ.

Зайыбы Құлыбаева Динара Нұрсұлтанқызы — ҚР Президенті
Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы (1967 жылы туған).
Forbes журналына шыққан дүние жүзіндегі миллиардерлер
тізіміне Орталық Азиядан енген жалғыз әйел (2011 жылдың
наурыз айында оның жеке өзінің дәулеті 1,3 миллиард долларға
бағаланған).

Үш баласы бар: ұлы Алтай (1990 ж.т), қыздары Дениза (2004 ж.т)
мен Алишия (2010 ж.т ).
Марапаттары
ҚР Мемлекеттік наградалары:
Құрмет ордені (2001 жыл)[19]
Үшінші дәрежелі Барыс ордені (2009 жыл)[20]
«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерекелік
медалі (2005 жыл)
«Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалі (2008
жыл).
Ресей:
«Дружба» ордені (2007 жыл)[21]
Россияның «Аль-Фахр» мүфтилер кеңесінің ордені
(2010 жыл)
2-дәрежелі «Русская Православная Церковь Святого
благоверного князя Даниила Московского» ордені (РПЦ,
2010)
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін біледі. Хоббиі — гольф, тау

шаңғысы, футбол.

Тимур Құлыбаев спортқа әуес, әсіресе, ол гольфтен халықаралық
турнирлерге қатысқан.Спортсмендер мен тренерлерді
қажеттіліктермен қамтамасыз ету үшін тұрақты инвестициялар ала
отырып, ірі қалалардағы спортзалдарды ғана емес, сонымен бірге
Қазақстанның өзге өңірлеріндегі спортзалдарды да жабдықтай
отырып, оның басшылығымен Қазақстан бокс федерациясы
белсенді дами бастады.

Мен бала кезден спортпен дос болдым. Спортқа
деген қызығушылығымды арттырған әке-шешем,
әсіресе әкем. Ол кісі кезінде бокстан спорт шебері,
Қазақстан чемпионы болған. Ағаммен бірге спортпен
үнемі айналыстық. Спортпен шүғылданғаным ерік-
жігерімді қалыптастырды, өз-өзімді ұстай білуге
дағдыландырды. Мінез-құлқымды шынықтырып,
жеңебілушілікке ынтамды арттырған спорттың
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
Енгізу шығару порттары input/output
Дайындығың қалай
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ДАМЫТУ КЕЗЕҢДЕРІ, АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ БӨЛУ БЕЛГІЛЕРІ
МАШИНАЛАР БЕКІМДІЛІГІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Дербесэлектрондыесептеутехникасыныңархитектурасы
Абай ауылы
Программаның даму тарихы
Сот балистикалық сараптамасы. Жекелеген қару түрлері
ДЭЕМ­нің программалық жабдықтары
Педагогикалық менеджмент
Пәндер