Қайым Мұхамедханұлының Абайтануға қосқан үлесі




Презентация қосу
Қайым Мұхамедханұлының Абайтануға
қосқан үлесі

Орындаған: Қ-217 топ студенті Султанмуратова
Фариза
Қайым Мұхамедханұлы
Қайым (Ғабдулқайым) Мұқамедханұлы
(1916 — 2004 жж.)

Белгілі жазушы, драматург, ақын, аудармашы, қо ғам қайраткері Қайым
Мұхамедханұлы 1916 жылдың 5 қаңтарында Семей өңіріні ң Заречная Слабодка
ауылында дүниеге келген. 1924 жылы Жа ңасемейдегі бастауыш мектепке о қу ға
түсіп, 1932 жылдан еңбекке араласты.
1935-1937 жылдары пән мұғалімдерін дайындайтын екі жылды қ курста, 1938-
1941 жылдары Семей педагогика институтыны ң филология факулътетінде окы ған.
1942-1947 жылдары Қазақстан Жазушылар Ода ғыны ң Семей б өлімшесіні ң өкілі,
1947-1951 жылдары Семейдегі Абай м ұражайынь ң директоры, 1951 жылдан бастап
Семей педагогикалық институтында окытушы болып қызмет ат қарды.
1937 жылдан бастап өлеңдері, әдеби-сын ма қалалары баспас өзде жариялана
бастады. Жазушының драмалық шығармалары бір т өбе. Драматургты ң «Тол қын»
(1944), «Майданнан майданға» (1947), «Ер Білісай» (1947), «Комиссар Ғаббасов» (1960),
пьесалары театр сахналарында қойылды. Әзірбайжан драматургі У.Гаджибековты ң
«Аршин мал алан» (1941), татар жазушысы Ш. Камалды ң « Қажы әпенді үйленеді»
(1967) пьесаларын казақ тіліне аударды. Қаза қ ССР Мемлекеттік гимніні ң авторы.
Ғалым Қ.Мұхамедханұлының
ғылыми еңбегінің басты тақырыбы –
Абайдың ақындық мектебін зерттеу.
1951 жылы осы тақырып бойынша
кандидаттық диссертациясын сәтті
қорғап шықты. Жазушы ғалым абайтану,
әуезовтану саласында жемісті еңбек етіп,
«Абай шығармаларының текстологиясы»
(1959), «Мағауия Абайұлы» (1959) атты
кітаптар, әдеби-зерттеу мақалаларын
жазды. Қайта оралған арыстар: Ш әк әрім
Құдайбердіұлы, Әлихан Бөкейханов, Ахмет
Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов,
Міржақып Дулатов сияқты ғылыми терең
байсалды, танымдық қасиеті мол көлемді
мақалаларды республикалық, облыстық
баспасөзде тұңғыш жариялаған.
Қайым Мұхамедханұлы – жарты ғасырда қазақ әдебиеті пәнінің мыңдаған
мұғалімдерін даярлап шығарған ұстаздардың ұстазы, ғылымны ң на ғыз профессоры.
Ұзақ жылғы ғылыми, ұстаздық және әдеби еңбегі бағаланып, Ке ңес Ода ғыны ң
медальдарымен “Халықа білім беру ісінің үздік”, “ Қаза қ ССР а ғарту ісіні ң үздігі”
белгілерімен марапатталды. Қазақстан Жазушылар Одағының Абай атында ғы
Халықаралық сыйлығының алғашқы лауреаты болған. Қайым М ұхамедхан ұлы
тәуелсіздік алғаннан кейінгі жаңғыра түскен абайтану ға қос қан үлесі үшін 1996 жылы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығыны ң лауреаты ата ғын алды. 2005 жылы
“Алаш” баспасынан ғалымның шығармалар жина ғы жарыққа шықты. «Антисоветтік
ұлтшылдық қызметі үшін» деген өтірік айып тағылып, жиырма бес жыл ға бас
бостандығынан айырылды. Карлагқа айдалды.
Көптеген еңбектері өртелді. Сегіз ай тергеуде жеті тергеушіні ауыстырды.
Мұхтарды сат. Ол саған диссертацияны зорлап жаз ғызды, ғылыми е ңбектері ңнен бас
тарт жазаң жеңілдейді,- деді. Бір күні ыстық карцерге ерте ңінде жала ңаш к үйімде
оймақтай тесіктен сәуле себезгілеген қара түнек камера ға қамады, қиынды ққа шыдап,
1956 жылы ақталып түрмеден босап шықты. Қайым Мұхамедхан ұлы талай-талай тар
жол тайғақ кешуді басынан өткерді. Темір торлы түрменің ыз ғары мен сат қынды қты ң
салқыны жанын жараласада жүрек әмірі а қиқатты ң а қ жолынан тайдыра алмады.
Қырқыншы жылдардың басында Абай мектебі
тақырыбын зерттеуді Әуезовтің кеңесімен
Қ.Мұхамедханұлы қолға алды. Әуезов жетекшілік
жасаған тақырыптың іргетасы қаланып, алғашқы
қадамдар жасалды. Қ.Мұхамедханұлының
Абайдың ақындық мектебі жайлы ізденістері
жинақталып, жүйеленіп 1951 жылы кандидаттық
диссертация ретінде қорғалды. Бірақ бұл
тақырып тек абайтануда ғана емес, жалпы қазақ
әдебиетінде үлкен дау туғызып, Абай
тақырыбына айтарлықтай «зор кесірін» әкелді.
Қанша қиын-қыстауды басынан өткергенімен
ғалым «Абай шәкірттерінен» бас тартпады. «Абай
мектебі» деген атау кеңестік әдебиеттің
қалыбына сыймағандықтан, 1959 жылы алғашқы
тақырыбын ауыстырып «Абай төңірегіндегі
ақындар» (Поэты Абаевской поры) деген атпен
диссертациясын қайта қорғауға мәжбүр болды.
Тек тәуелсіздік алғаннан кейін ғана
Қ.Мұхамедханұлының Абай шәкірттері
жайындағы «Абайдың ақын шәкірттері» [15]
деген төрт кітаптан тұратын, сондай-ақ, «Абай
мұрагерлері» [16] атты ғылыми еңбектері
жарыққа шықты.
Қайым Мұхамедханов (оң жақта), Ғали Орманов
Қайымның әкесі, Мұхамедхан Сейітқұлов, Алаш (ортада) және Мұхтар Әуезов (сол жақта).
қозғалысы қайраткерлерінің бірі, білімді және дәулетті, Қасқабұлақ, 1957 жыл
текті адам, жас Мұхтар Әуезовке және көптеген өзге
зиялыларға қамқорлық жасаған мәдениет меценаты
1937 жылдың 2 желтоқсанында атылып кеткен.Осыған
байланысты, Мұхтар Әуезовтің өз кезегінде жас ғалым
Қайым Мұхамедхановқа ұстаз болуы заңды еді. Сөйтіп,
1951 жылы ұстазымен бірге абайтанудың ғылыми
негізін қалыптастыра бастаған Қайым «Абайдың әдеби
мектебі» тақырыбында кандидаттық диссертация
қорғайды. Бұл тақырыпқа қарсы сол кездегі бүкіл
Ғылым Академиясы өре түрегеледі. Әуезов шәкіртін
қанша қорғағанмен, іс насырға шауып, ақыры сотпен
тынады. 1952 жылы ҚазССР Жоғарғы Сотының
қылмыстық істер жөніндегі коллегиясы жас ғалымды
әйгілі 58-баптың 1-тарауына келтіріп, 25 жылға соттап
жібереді. Абыройына қарай, фашистік Германияны
жеңу құрметіне СССР-де өлім жазасына тыйым
салынып, ол жазаның ең шеткі өлшемінен аман қалады.
1954 жылдың желтоқсанында өкім қайта қаралып,
ғалым ақталады. Сонда да ол түрмеден тек 1955 жылы
шығады. «Алаш ардагерлері де қырылды ғой, оларға
қарағанда мен кіммін» деп ойлайтын ол, шыдамы
таусыла бастағанда. Ол НКВД түрмелерінде адамды
азаптау мен қорлаудың барлық шеңберлерінен өтіп,
Карлагтың көптеген абақтыларында болған. Билік одан
ұстазы Мұхтар Әуезовті қаралап беруін талап еткен,
бірақ Қайым ұстазын сатпады, өзінің Абай ақындық
мектебі жөніндегі идеясынан бас тартпады.
Қазақ тарихымен, Абайдың ақындық
айналасымен ұстазы Мұхтар Әуезов
арқылы көмбеде жатқан көп сырды
алдымен ашқан Қайым тарихшылар
айтпаған ақиқатты алдымен айтты.
Ақын жырларының құдірет күшін
түсіну, түйсіну үшін сен де ақынның
сырын, жұмбақ жанын ұғатын
ұлағат иесі болуың керек.
Ақындықтың дарын деңгейіне
көтеріліп, сезімтал назымен, сөз
сиқырының кілтін аша білген Қайым
Абай өлеңдерінің жанашыр жақыны
болды. Әдеби шығармалардың
мәтінін (текстін) автордың
қолжазбасы негізінде, сондай-ақ
бұрынғы басылымдармен
саластырып, тексеретін сенімді
деректер бойынша анықтайтын
филология ғылымдарының саласы -
текстология. Шығарма текстінің
жаңылыс оқылған, қате басылған
жерлері табылса, тиісті түзету енгізу
қажеттігі.
Қайым үшін Абай шығармаларын жинау,
оларды бастырудағы текст өзгешеліктерін
зерттеу мен анықтаудың мәні үлкен болды.
Ақынның 1909 жылы басылып шыққан алғашқы
өлеңдер жинағынан бастап, 1921 ж, 1922ж,
1933ж, 1948 ж 1954ж жылдардағы
жарияланған өлеңдер тым асығыс, тым үстірт
жасалғандықтан берілген түсініктерде
қайшылық, қателіктер көп кездеседі. Ақын
шығармаларының жазылу тарихы, қате
басылып жүрген жеке сөздерді түп-нұсқасына
келтіру жұмысы Қайым Мұхаметханов үшін аса
жауапты жылдарға созылды.
1909 ж жарық көрген Абай жинағынан бастау
алған Абай өлеңдерінің мың сексен алты сөзіне
түзету енгізілді.
1945 жылы жарық көрген «Толық академиялық
жинақта: «Абай шығармаларының жыл
мезгілдерін белгілеу, текстологиялық
кемшіліктер негізінде «академиялық жинақ»
дәрежесіне көтеріле алған жоқ» - дейді Қайым
Мұхаметханов.
Әдеби мұраны шынайы ғылыми тұрғыдан
зерттеп, ғылыми талапқа сай толық жинақ
ретінде қолымызға тигені 1959 жылы
Қайымның «Абай шығармаларының
текстологиясы жайында» атты еңбегі.
«Қ.Мұхамедханов – Абай өлеңдерін
жинаушы, Абай мұрасының жазылу, басылу
тарихын зерттеген историограф, үш-төрт
басылымына түсініктеме жазған библиограф,
Абай шығар-маларының дұрыс жазылуын
жүйелеген текстолог, Абай және оның
ақындық дәстүрі хақында монографиялық
еңбек жазған теоретик, сол замандағы
қоғамдық қарым-қатынастарды зерттеген
тарихшы, сол дәуірдегі әдеби нұсқаларды, ел
аузындағы өлең-жырды, әңгіме-аңызды
қағазға түсірген фольклорист»

Т.Жұртбай «Қайсар ғалым» мақаласы
(1989, «Жұлдыз»)
Бұл кітапқа белгілі әдебиетші,
абайтанушы ғалымның
архивтерден, көне басылымдар
мен баспасөздерден және
Абайдың көзі тірі ұрпақтарынан
ұзақ жыл бойы тірнектеп жиған
дерек-дәйектерін негіз еткен
бірнеше зерттеу еңбегі еніп отыр.
Ерекше ескеретін жағдай: бұларда
әр түрлі себептермен көптеген
жылы жабулы жатқан,
жарияланбай келген өте қызықты
да құнды мәлімет-мәселелер
баршылық. Бұны, әсіресе,
Шәһкәрім, Кәкітай, Әлихан
жөніндегі мақалалардан
кезіктіреміз.
Қайым Мұхамедхановтың
шығармалар жинағы екінші
томынның екінші бөліміне Абайдың
өмірі мен шығармаларының жазылу
тарихы, сондай-ақ ұлы ақын
поэзиясының текстологиясы
жайында жарты ғасыр бойы қалам
тартқан мақалалары мақсатты
түрде топтастырылып берілді.
Екінші томдағы қазақ әдебиетінің
көкейкесті мәселелерін қамтитын
бұл еңбектер жалпы оқырман
қауым мен ғылыми ортаның
назарын ерекше аударатыны анық.
Қайым Мұхамедханов (сол жақта) Абайдың
немересі Мәкен Тұрағұлқызымен әңгімелесіп отыр.
Отқа салдың отырдым жігер қайнап,
Тордағы арыстандай көзім жайнап.
Шыңдалып шар болаттай шықтым міне
Отырмын өзіңменен күліп-ойнап.
Қайым МҰХАМЕДХАНОВ
Назарларыңызға рахмет!!!

Ұқсас жұмыстар
Қ.Мұхамедханұлының Абайтануға қосқан үлесі
Қайым зерттеулеріндегі әдебиет және тарих мәселелері
Мұхтар Әуезов
Қайым Мұхамедханов өмірі мен шығармашылығы
Абайтану ғылымында атқарған еңбектерімен таныстыру
Қайым Мұхамедхановтың көркем туындылары
Қайым және Шәкәрім
Қазақтың бір туар азаматы
Басқару ғылымының негізгі мектептері
Дыбыс пен фонема
Пәндер