Алакөл қорығы




Презентация қосу
БӨЖ
Тақырыбы: Алакөл қорығы
Орындаған: Тұрлыбеков Қ. М.
Тексерген: и.о. ассоц проф. Джаманова Г. И.
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Қорғалуы маңыздылығы
3. Алакөл қазаншұңқыры
4. Алакөл көлі
5. Жер бедері
6. Қорғалатын құстар дүниесі
7. Қорғалатын жануарлар дүниесі
8. Өсімдік жамылғысы
9. Қорытынды
Кіріспе
«Алакөл» мемлекеттік табиғи қорығы Тентек өзені
атырауындағы өсімдіктер мен жауарлар дүниесін, табиғи
кешендерді, сонымен қатар Алакөл көлі аралдаарындағы
реликті шағалаларды және отырықшы құстармен таныстыру
мақсатында 1998 жылы 21 сәуірде Қазақстан Республикасы
Үкімет Қаулысымен бекітілген. Ол Алматы облысы Алакөл
ауданы мен Шығыс-Қазақстан облысы Ұржар ауданы шегінде
орналасқан.
Алғашында қорықтың ауданы 12520 гектарды құраса, кейіннен
ол 20743 гектарға ұзартылған. Бүгінгі таңда оған екі бөлім —
Тентек өзенінің атырауы (17423 га) және Алакөл (3320 га)
көлінің аралы кіреді. Бірінші бөлімнің айналасында ауданы
21547 га құрайтын екі километрлік күзет аймағы құрылған.
Үлкен Аралтөбе, Орта және Кішкене Аралтөбе – қорықтық
аралдар маңында алаңы — 5130 га болатын екікилометрлік
аралық аймақ орнатылған. Бұл аймақ ішінде аңшылық құруға,
балық аулауға, катерлерді, қайықтарды және басқа да жүзу
құралдарын қоюға тыйым салынған.
Құрылған уақыты - 1998 жылы 21 сәуірде

Аумағы - 20,743мың га. Алматы облысы Алакөл
ауданы мен Шығыс-Қазақстан облысы Ұржар
ауданы шегінде орналасқан.

Өсімдік және жануарлар әлемі түрлерінің саны:
сүтқоректілер – 16;
құстар – 269;
бауырымен жорғалаушылар –14;
қосмекенділер – 2;
балықтар –17;
өсімдіктер – 269.
2. Қорғалуы
маңыздылығы.
Алакөл қорығының құрылуының алғашқы жылдары өсімдік және
жануарлар әлемін зерттеуде үлкен жұмыстар атқарылған.
Омыртқалы жануарлардың фаунасы толық зерттеліп, омыртқасыз
жануарлардың негізгі топтарын зерттеу жұмыстары басталған.
Фенологиялық және гидрологиялық бақылаулар атқарылуда.
Қазіргі уақытта күзетілген территорияны үлкейту үшін белсенді
жұмыстар жүргізілуде. 2004 жылдан бері «Дүниежүзілік маңызы бар
су-саз мекендерінде тіршілік ететін жыл құстарын кешенді сақтау»
атты Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстандағы БҰҰ
өкілдері арасында қабылданған ұзақ мерзімді жоба жұмыс жасай
бастады. Бұл жоба барысында Алакөл-Сасықкөл көлдер жүйесінің
құнды жерлері енетін болады.
Алакөл қорығы ЮНЕСКО-ның биосфералық резерваттар
қатарына енді. Осылай қорықты Жібек жолы жүйесіне қосып,
оны қорғауға зор мүмкіндік туып тұр. Табиғаты тамаша қорық
алдағы уақытта да сол әсем қалпын сақтап қалады.
3. Алакөл
қазаншұңқыры
Алакөл қазаншұңқыры Қазақстанның оңтүстік-
шығысындағы Жоңғар Алатауы мен Тарбағатай
таулары жүйесі өзен алқабының 10 мың шаршы
метр ауданын алып жатыр. Қазаншұңқырдың
солтүстігі Қаракөл, Ұржар, Қатынсу, Емел және
тағы басқа да өзендерімен қисысқан Тарбағатай
жоталары (ұзындығы — 2000—3000 м)
шектелген. Қазаншұқыр оңтүстігін Майлы,
Барлық кішігірім жоталары жауып жатыр.
Жоңғар Алатауы (теңіз деңшгейінен 4000—4442
м жоғары) жоталары қазақшұңқырды
оңтүстігінен шектейді.
Алакөл қазаншұңқыры
4. Алакөл көлі
Алакөл– Қазақстандағы ең ғажайып
көлдердің бірі, ол Алматы және Шығыс
Қазақстан облыстарының шекарасында,
Алакөл шұңқырының ең төменгі жағында
орналасқан. Алакөл көлі далалы аймақтағы
нағыз теңіздің өзі, оның ұзындығы 104
шақырым, ал ені 52 шақырым. Көлдің
орталық бөлігінде бірегей флора мен
фаунасымен ерекше, 1998 жылы Алакөл
мемлекеттік қорығы құрылған үш арал
топаралы орналасқан.
5. Жер бедері
Алакөл жағалауы әр
түрлі, кей жерлерде
шашыраңқы, жартасты,
құрлықты тесіп өтетін
шаймалары бар.  Ақша,
Көктума және
Қабанбай селдерінің
құмды-қиыршық тасты
жағажайлардан өзге
құмды әрі қиыршық
тасты үйінділер көруге
болады.
6. Қорғалатын құстар
дүниесі
Қорық аумағындағы аралдар құстардың
топталып ұя салуына өте қолайлы.
Сондықтан да қорықты нағыз «құс базары»
деп атауға болады. Алакөл мемлекеттік
табиғи қорығында 269-дан аса құстар
түрлері мекен етеді. Реликті шағала, жек
дуадақ, қарабасты күлегеш, бізтұмсық
шағала, бұйра және қызғылт бірқазан, ақбас
үйрек және басқа да аз кездесетін және жер
бетінен жоғалып бара жатқан суда жүзетін
шөл және тау құстарын кездестіруге болады.
7. Қорғалатын жануарлар
дүниесі
Аңдардан – арқарлар, ақбөкен, тау
ешкілер, маралдар, аюлар және тағы
басқаларды көре аласыз. Жоңғар
Алатауынан Балхаш маңындағы
шөлдерге дейінгі негізгі ландшафтық
аймақтың флорасы және фаунасымен
танысуына болады.
Қорғалатын балық – балқаш
алабұғасы
8. Өсімдік жамылғысы
 Өсімдік жамылғысына да бай
(өсімдіктің 270-ке жуық түрі өседі).
Қорықта жеті тақырыптық жоба
бойынша ғылыми - зерттеулер
жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп
келеді.Сондай-ақ «Табиғат
жылнамасы» жазылады.
«Табиғат мұражайы» жұмыс істейді,
шағын дендрарий ұйымдастырылған.
Қорық шекарасында ұзындығыы 2 км
болатын қорғаныш белдем салынған.
Қорытынды
Қорыта айтқанда Қорық жануарлар дүниесіне өте бай.
Мұнда балықтардың 15, қосмекенділердің 2, бауырымен
жорғалаушылардың 14, құстардың 330 және 
сүтқоректілердің 21 түрі кездеседі. Омыртқасыздардан
инеліктердің 34 түрі бар. Құстардың 15 түрі (бұйра бірқазан
, қалбағай, қара дегелек, безгелдек, дуадақ, үкі, т.б.) және 
балқаш алабұғасыҚазақстанның «Қызыл кітабына»
 енгізілген. Өсімдік жамылғысына да бай (өсімдіктің 270-ке
жуық түрі өседі). Қорықта жеті тақырыптық жоба бойынша
ғылыми - зерттеулер жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп
келеді. 2004 жылдан Қазақстан Республиканың Үкіметі
мен БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдігінің біріккен ұзақ
мерзімге арналған жобасы қолға алынды. Алакөл
қорығының туризмді дамытудағы маңызы зор.

Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республиккасындағы қорықшалар
Жануарлар дүниесін қорғау
АЛАКӨЛ
Ақсу - Жабағалы қорығы
Наурызым мемлекеттік табиғи қорығы - Қостанай облысы Науырзым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік қорық
ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ
Наурызым ормандары
Қызыл кітап беттері
Қорық Шығыс Қазақстан облысы
Қазақстанның қорықтары
Пәндер