Дәрілік түймедақ




Презентация қосу
ДӘРІЛІК
ТҮЙМЕДАҚ

Орындаған: Омарова Алуа
Топ:АГ-213
Тексерген: Джаманова Г.Е
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1.1 Астралылар тұқымдасына қысқаша сипаттама
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Дәрілік түймедақтың ботаникалық сипаттамасы
2.2 Таралуы
2.2 Дәрілік түймедақтың химиялық құрамы
2.3 Дәрілік түймедақтың қолданылуы және емдік қасиеті
2.4 Көбейтілуі
Астралылар тұқымдасы (лат. Астерáцеае), немесе
ескі атауы Күрделі гүлділер (лат. Цомпóсітае) — қос
жарнақты өсімдіктердің класына
жатады.Күрделігүлділер тұқымдас өсімдіктер.
Қосжарнақты, гүлді өсімдіктердің ең көп тараған тобы -
күрделігүлді өсімдіктер. Жер жүзінде, Арктика және
Антарктида мұздарының өзге таралу аймақтарының
барлығында 1300 туысқа бірігетін 25 мыңнан астам түрі
бар. Қазақстанда 140 туысы, 700-дей түрі кез-деседі.
Қоңыржай аймақта — шөптесін өсімдік, шала бұта
түрінде, тропикте — шырмауық, бұта, кейбір түрлері
ағаш түрінде өсетін бір, екі не көп жылдық өсімдік.
Бұлар - негізінен шөптекті, сүтті шырыны болатын
өсімдіктер. Олардың шала бұталы, бұталы, ағаштекті
түрлері де кездеседі. Күрделігүлділер - көбінесе
көпжылдық өсімдіктер. Кейде біржылдық түрлері де
кездеседі. Гүлшоғыры бір гүлден мың гүлге дейін
жинақталатындықтан, себетгүл деп аталады.
Себетгүлдегі гүлдердің құрылысы әр түрлі. Пішіні,
құрылысына байланысты себетгүлде тілше, түтікшелі,
қосерінді, жалдан тілшелі, шоқырақ тәрізді гүлдер
орналасады. Міне сондықтан да бұл топқа жататын
өсімдіктер күрделігүлділер тұқымдасы деп аталады.
ДӘРІЛІК ТҮЙМЕДАҚ

Бір жылдық, Астралылар тұқымдасына жататын шөп тектес өсімдік.
БОТАНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Дәрілік түймедақ – биіктігі 35-
40см –ге жететін бір жылдық
шөптесін өсімдік, тамыры
нәзік,білеу. Бірен-саран бұтақталған
сабақтары бар, күрделі екі-үш
қауырсынды тілімделген
жапырақтары сабақтарында
кезектесіп орналасқан.Тілімделген
жапырақшалары жіңішке жіп
тәрізді,төменгі жапырақтары
сабақтарын жартылай қоршап
жатады. Гүлдері өте көп, себет немесе
кәрзенке гүл шоғырын
түзеді.Гүлдері тұтас немесе біршама
үгітілген жартылай шар тәрізді
гүлсебеттерден тұрады, гүл
сағақтары 3см-ге дейін болады,
кәрзенкелері шеткі тілше және
ортанғы сары түтікше гүлдерден
тұрады. Гүл тұғыры қуыс,
жартылай шар тәрізді немесе конус
тәрізді. Себеттердің тілше гүлдері ақ
түсті, түтікше гүлдерінікі сары, иісі
күшті жұпар иісті, дәмі татымды,
ащылау.
Бұлардың гүлдерінде тостағанша
болмайды. Тостағаншасы кейде үлпекті
айдарша тәрізді өзгеріп кетеді. Нағыз
күрделігүлді өсімдіктердің себетгүлі -
гүлшоғыры болады. Күлтесі 5
күлтежапырақшалардан құралады.
Олардың төменгі бөлігі түтікше
тәрізденіп бірігіп, жоғары ұшындағы 5
тісшесі болады. Ал жалған,
тілшегүлдің жоғарғы ұшында 3
тісшесі ашылып жайылады. Күлтенің
түтікшесіне бітісіп өскен 5 аталығы
бар. Тозаңдығы да түтікшеге
қосылады. Жатыны төмен орналасады.
Аталық түтік арқылы аналық аузы
қостелімді аналық мойны өтеді.
Демек, күрделігүлділерде бір ғана
аналық болады. Жемісі - айдарлы
немесе айдарсыз тұқымшалар.
ТАРАЛУЫ
СОЛТҮСТІК АМЕРИКА

ШЫҒЫС ЕУРОПА
СОЛТҮСТІК АВСТРАЛИЯ

БАТЫС АЗИЯ
ВЕНГРИЯ
Химиялық құрамы
Дәрілік түймендақтың
гүлдерінің құрамында 0,2- 0,8%
дейін көк түсті эфир майы бар,
эфир майының ең басты
компоненттері матрицин мен
матрикарин,осы қосылыстардан
хамазулен (7% жуық) түзіледі,
бұлардан басқа эфир майының
құрамына сесквитерпендер
фарнезен, бисаболен, кадинен және
монотерпен мирцин кіреді.
Сонымен қатар эфир майында
флаваноидтар, кумариндер,
ұштерпен спирттер, салицил
қышқылы, аскорбин қышқылы,
каротин және т.б. заттар кіреді.
Қолданылуы
Дәрі үшін өсімдіктің гүлдерін сабағынан
үзіп, жинап алады.
Түймедақтың гүлінен жасалған
дәрілердің жел шығаратын, қабынуға қарсы
әсер ететін, тер шығаратын, ауырған жерлерді
тыныштандыратын, денедегі бұлшық еттердің
тырысуына қарсы әсер етеін қасиеттері бар.
Сонымен қатар қан тоқтататын,
микробты жоятын, өт айдайтын, етеккірдің
келуін реттейтін дәрі ретінде де қолданады.
Халық медицинасында өсімдік гүлдерінің
тұнбасынан жасалған дәрілерді асқазанның,
тоқ ішектің қабынуын, бауырдың, бүйректің,
қуықтың ауруларын емдеу үшін пайдаланады.
Дене сыртындағы іріңді жараларды, ванна
жасау арқылы подаграны, ревматизм ауруына
байланысты буындардың сырқырағанын
емдейді.
Тамақ бездері мен тіс түбіріндегі еттер
қабынғанда ауызды және тамақты шаяды.
Түймедақты шаштың қайызғағын кетіру үшін
де пайдаланады.
Емдік қасиеті
Түймедақпен көптеген ауруды емдеуге болады.
Түймедақ гүлі өт жолына тас байлану, тұмау, бас
ауруына қарсы ем.

Өсімдіктен алынған эфир майы жүйке жүйесін
әлдендіріп, ми тамырларын кеңітеді. Асқазан, ішек
жолдарының жұмысын жақсартып, өтті жүргізіп,
тәбетті ашуға көмектеседі. Бұлшық еттің жұмыс
қабілетін арттырады. Сонымен қатар:

1) Суық тигенде екі шай қасық түймедақ гүлін 300 г
суға қайнатып, 4 сағат бұқтырып тұнба жасау
арқылы пайдалануға болады. Тұнбаны ертелі-кеш
астан бұрын ішу қажет.

2) Асқазан ауруына екі ас қасық гүл үгітіндісін бір
стақан қайнап тұрған суға салып, бір сағат жабық
ыдыста бұқтырып алып ішу көмектеседі.

3) Бел ауырса, түймедақ гүлін ұнтақтап тұзы жоқ
сары майға араластырып белге жағуға болады.

4) Тер шығаратын дәрі ретінде бір стақан гүл
үгітіндісін қайнап тұрған суға салып, 40 минут
бұқтырып алып қолданады. Тұнбаны сүзіп,
ыстықтай ішкен дұрыс.
Дәрілік түймедағы гүлінен дайындалған тұндырма ішуге, шай қау ға,
ванна қабылдауға, клизма жасауға тұнба күйінде ұсынылады. Ас қазан мен
жұмсартатын шөптер жиынтығына да қосады. Дәрілік т үймеда ғыны ң
экстракты мен эфир майы «Ромазулан» препаратының құрамына кіреді.
Сүйық экстракты мынжапырақ және қырмызыгүл экстрактарымен бірге
«Ротокан» препаратының құрамына кіреді.
КӨБЕЙТІЛУІ

Табиғаттағы
түрлері өздігінен
тұқымы шашылып
көбейеді. Ал,
көгалдандырудағысұрып
талған түрлерін
көктемде түбін бөлу
арқылы көбейткен
тиімді, әрі оңай.
Көшеттің
арақашықтығы
биіктігінің жартысындай
болу керек. Мысалы:
түймедақтың биіктігі 70
см болса,
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ

Ұқсас жұмыстар
Түймедақ гүлі
Түймедақ гүлінің аурулары зиянкестері
Дәрілік өсімдіктердің морфологиялық белгілері
Өсімдіктердің ерекше қасиеттері
Қолданылуы Дәрілік шөптер
Бәйшешек гүлі
Ақжелкек
Аллергиялық аурулар кезінде науқастарға күтім жасау ережелері
Есекжем және ангиоэдема
Сүттіген тұқымдастар
Пәндер