ХХ ғасырдағы Қазақ әдебиеті, мәдениеті, қоғамдық-әлеуметтік жағдайы туралы ақпарат




Презентация қосу
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік
университеті қазақ тілі мен әдебиет кафедрасы
Пән атауы: ХХ ғ. басындағы қазақ
әдебиетінің тарихы (1900-1930)
Тақырыбы: ХХ ғасырдағы Қазақ
әдебиеті,мәдениеті,қоғамдық-әлеуметтік
жағдайы.
Жоспар:
1.ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті (1-14)
2.Мәдениеті (1-7)
3.Қоғамдық-әлеуметтік жағдайы (1-8)
Кілт сөздер:ХХ ғасыр басындағы
қазақ әдебиеті,мәдениет, қоғамдық-
әлеуметтік жағдай,Алаш,Бес арыс, Үш
бәйтерек,Алашорда, Айқап
журналы,Өнеркәсіп,Ұлт зиялылары,
Патша үкіметі, Кеңес одағы.
I-бөлім
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихы
– әдеби ағымдар өзара айқасқан,ақын-
жазушының әр түрлі бағыт ұстаған,атқарар
архиві,қарап оқыр кітабы,жарық көрген
баспасөзі мол,қысқасы бейнеті белуардан
келетін күрделі кезең.Осы тұстағы қазақ
әдебиеті өзіне дейінгі ұлттық
әдебиетіміздің бар асылын,үлгілі дәстүрін
ала отыра,дәуірге сай жаңа көркемдік
мүмкіндіктерді ашты.Әсіресе мұндағы Абай
өнегесінің құнарлы болғанын атап айтқан
абзал.Жаңа ғасыр табалдырығын
шығармашылық талаппен аттаған жас ақын
жазушылардың қай-қайсыда Абайды өзіне
пір тұтты.[1]
20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті ұлы
Абайдың ағартушылық, демократиялық
дәстүрін жалғастыра отырып,
отаршылдыққа қарсы күрес пен
тәуелсіздікті аңсау идеясын ашық және
батыл көтерді. Ахмет
Байтұрсынов,Міржақып Дулатов қазақ
халқының тарихи-мәдени дамудан кенже
қалып,қараңғылықта отырған күйін
суреттеп, елді өнер-білімге
үгіттеді.Жаңалыққа енжар,ұйқыда жатқан
қазақтың бірі «Маса» боп құлағына
ызыңдап,бірі «Оян, қазақ» деп, бар
дауысымен жар салады.[2]
Ғасыр басында әдебиетке келген ақын-
жазушылардың барлығы да осы дүбірмен оянғандар
еді. Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ әдебиетінен
көркемдік-эстетикалық тұрғыдан байытып,жаңа
жырлардың туып, жетілуіне үлес қосты.
Әдебиеттегі сыншылдық бағытты дамытып
,ағартушылық идеяны көркем сөз арқылы
өрістетуге С.Дөнентаев,
М.Сералин, С.Көбеев, Б.Өтетілеуов, Т.Ізтілеуов,
Н.Орманбетұлы, Б.Күлеев т.б елеулі еңбек сіңірді.
[3]
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931)
ХХ ғасырдың басында өмір сүрген әрі лирик,әрі философ,тарихшы, ғалы-зерттеуші,тере ң ойшыл а қын, қаза қты ң бес арысыны ң бірі Ш әк әрім Құдайберді ұлы
әрдайым халықтан қол үзбеді.Оның әшкерлейтіні де халы қ басында ғы кемшілік, ма қтан т ұтары да халы қты қ қазына. Әр кезе ңде жазыл ған «Бай мен қона қ»,
«Партия адамы», «Өкінішті өмір», «Қазақ», «Насихат», «Та ғы сорлы қазақ», «Қош,ж ұртым» т әрізді өлеңдерінде ұлтыны ң басында ғы х әлді шыншылды қпен
бейнелеп береді.Өзінің осы бағыттағы өлеңдерінде ақын сол кезе ңдегі қоғамды қ психологияны дәлме-д әл бере біледі. [5]
Ахмет Байтұрсынов (1873-1937)
Ақын,әдебиет зерттеушісі ғалым
,қазақ тіл білімінің
атасы,түркітанушы,публицист,педагог,
аудармашы,қоғам қайраткері Ахмет
Байтұрсыновтың ғалымдық,ақындық,
публицистік,қайраткерлік істері өз
заманында аса жоғары бағаланған.20
ғасырдың басындағы қазақ әдебиетін
бостандық пен тәуелсіздік идеясымен
байытқан. Қазақ әдебиеті тарихында
Абайдың орны қандай болса, қазақ
тілі мен мәдениеті тарихында Ахмет
Байтұрсыновтың орны сондай.Оның
өмірбаяны, тірлік-тынысы, ой-арманы
туған халқына деген қалтқысыз
қызметтен тұрады.[6]
Міржақып Дулатов (1885-1935)
Міржақып Дулатов қазақтың аса
көрнекті ағартушысы,қоғам
қайраткері,ақын,жазушы,жалын
көсемсөз шебері.Ақын әдебиет пен
мәдениетте жаңа демократиялық
бағыттың кеңінен, орын алып
дамуына зор үлес қосты. Бұл идея
«Оян, қазақ» атты өлеңдер
жинағында (1909жылы) қуатты ұран
болып естілді. Оның шығармалары
мен оқулықтары, қазақ даласына
кеңінен тарап,өлке халқының
оянуына,саяси-күреске араласуына
үлкен әсерін тигізді.[7]
Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931)
ХХ ғасырдағы қазақтың көрнекті
жазушысы, қазақ әдебиетінің алтын
қорына керемет көркем әдеби шығармалар
қосқан,сан қырлы дарынның бірі –
Жүсіпбек Аймауытов.Өзін әдебиетте
шағын әңгіме жанрындағы шеберлігімен
таныта білген. «Елес», «Әнші»,
«Қартқожа», «Ақ білек», «Күнікейдің
жазығы» шығармаларынығ қай-қайсында
да азаттық идеясы көрініс табады.ХХ
ғасырдың бас кезіндегі әдебиеттің
көшбасшысына айналған жазушы
әдебиеттің барлық жанрында дерліктей
еңбек етті және өзі қалам тартқан
жанрдың қай-қайсын да болсын, көрнекті
туындылыр жазады.[8]
[[
Бейімбет Майлин (1894-1938)
Бейімбет поэзия,проза,драма саласында
бірдей өнімді еңбек еткен қаламгер.Ол
«Садақ» қолжазба журналында (1913).
«Айқап» журналында (1914). Қазақ
газетінде (1915) жариялаған алғашқв
өлеңдеріне ден қояды. Сахара жұртының
мұң-мұқтажын, арман аңсарын, әсірісе
азаттық теңдік тақырыбын тілге тиек
етеді.Бейімбеттің поэзиялық
шығармаларындағы Мырқымбай типтік
кейіпкер деңгейіне көтерілген жиынтық
бейне. Мырқымбай бейнесі арқылы
Бейімбет сол кездегі қазақ кедейлерінің
болмыс бітімін,уақыт,қоғам аясындағы
тіршілік тынысын суреткерлік
шыншылдықпен бедерлей алған. [10]
Спандияр Көбеев (1878-1956)
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихында
Спандияр Көбеевтің көрнекті орны бар.Қазақтың ұлы ағартушысы
Ы.Алтынсариннің шәкірті ,әрі жолын қуушы Спандияр ұстазының
дәстүрлерін бекем ұстанады.Ол революцияға дейінгі кезеңде әрі педагогтік,
әрі жазушылық қызметпен шұғылданады.С.Көбеев өзінің сүйікті
қызметінен-жас ұрпақты тәрбиелеу ісінен совет дәуірінде де қол үзбейді,бар
саналы өмірін сол мақсатқа арнайды.Осындай зор бағалы еңбегі үшін Ленин
орденімен екі рет наградталды,ал 1947жылы Қазақ ССР Жоғары Советіне
депутат болып сайланады.С.Көбеевтің творчествалық мұрасында «Қалың
мал» романы ерекше орын алады.[11]
«Айқап» журналы. Бұл 1911 жылдың
қаңтарынан 1915 жылдың тамызына дейін
Троицкі қаласында шығып тұрды.Осы
уақыт ішінде барлығы 89 саны шықты.
Журнал өзінің аты, мақсаты туралы 1911
жылғы бірінші санында былай деп түсінік
берді. «Айқап» деген сөз-қазақтың төл
сөзі. Ол ғасырлар бойы
мәдениеттен,білімнен кенже қалған бүкіл
қазақ халқының өкінген бейнесі ретінде
алынды. «Ай, қап!» деп санымызды соқтық
. Енді ел қатарына қосылайық деген үнді
білдіреді»-деді.
«Айқап» қазақтың сол кездегі ақын-
жазушыларының жаңа, таңдаулы
шығармаларын үнемі басып отырды.ХХ
ғасырдың басындағы көрнекті ақын
жазушыларымыз
М.Сералин,С.Көбеев,С.Торайғыров
«Айқап» арқылы жазушы болып
қалыптасты,»Айқап» арқылы өсті.[12]
1917ж желтоқсанның 13 күні Орынборда 2-ші бүкіл қазақ-
қырғыз құрылтайы өткізілді.Құрылтайдың күн тәртібіне 10
мәселе қойылды.Олардың ішінде ең негізгілері:қазақ-қырғыз
автономиясын жариялау,Үкімет құру мәселелері
болды.Құрылтай делегаттары «уақытша Ұлт Кеңесі» түріндегі
берік билік құру,оған «Алаш Орда» деген атау берді.(төрағасы
Ә.Бөкейханов,Ұлт Кеңесі құрамына 25 адам кірді),сондай-ақ
милиция жасақтау туралы қаулы қабылдады.Сөйтіп 1917 ж.
желтоқсанның 13 қазақ-қырғыз Алаш автономиясының
үкіметі
Алашорда құрылды.[13]
Әлейхан Бөкейханов (1866-1937)
Әлейхан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов-
көрнекті қоғам қайраткері,Ресейдің
жергілікті және қалалық қоғам
қацраткерлері сьезінің депутуты,Ресейдің I
Мемлекеттік думасының және мұсылман
халықтары сьезінің депутаты, IV
Мемлекеттік думаның мұсылман
фракциясының Бюро мүшесі,Санк-Петурбор
масоны, қазақтың 20 ғасыр басындағы ұлт-
азаттық қозғалысының негізін салушы әрі
көсемі,халқымыздың тұңғыш саяси Алаш
партиясының ұйымдастырушысы және
ұлттық Алашорда автономиялық үкіметінің
төрағасы, ғұлама ғалым-ормантанушы,
экономист, тарихшы, этнограф,
әдебиеттанушы,аудармашы әрі дарынды
II бөлім
ХХ ғасыр басындағы қазақ
мәдениеті
.
XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ халқының
мәдениеті ғасырлар бойы дамыған, өзіндік тарихи
ерекшеліктері бар. 1905-1907 жылдардағы
революциялық қозғалыс, таптық күрестің шегінуі
және қайтадан өрлеуі де қазақ мәдениеті
салаларының жаңа мазмұнда қарышдап дамуына
әсер етті.XX ғасыр басынан Қазан революциясына
дейін Семейде, Оралда, Орынборда, басқа
Қазақстанның қалаларында кітап басып шығару
нақты қолға алынды. Орыс географиялық
қоғамының Батыс Сібір, Түркістан бөлімдері,
Семейдегі Орынбордағы бөлімшелері Қазақстан
жерінде әр түрлі ғылыми жазбалармен қатар,
көпшілікке түсінікті әр түрлі мазмұндағы
басылымдардың шығуына қамқорлық жасады.[1]
Қазақ зиялары Ш.Құдайбердіұлының,М.
Дулатұлының,С.Дөнентайұлының, А.
Байтұрсынұлының шығармалары XX ғасырдың
басында жарық көрді. Өз заманында халық
арасында ерекше құрметке ие болған.,
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Шәкірт олы»,
«Алтын аяқ», «Адасқан өмір» т.б. өлеңдері мен
поэмаларында сол кезеңнің өмір жағдайлары, қазақ
аулының өміріндегі өзгерістер сипатталады. Халық
арасында кең таралған Бейімбет майлиннің
«Шұғамың белгісі» Спандияр Көбеевтің атақты
«Қалың малы» өмір шылдығын халық тағдырын
сипаттауда мауызыл жоғалтпаған тамаша
туындылар.[2]
20 ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті
империализм жағдайында өзіне жаңа сапа, басқа
бағыт алған өткен мұраның жалғасы болды. 20
ғасырдың басынан Қазан революциясына дейін
Семейде, Оралда, Омбыда, Орынборда кітап басып
шығару нақты қолға алынды. Орыс географиялық
қоғамының Батыс Сібір, Түркістан бөлімдері,
Семейдегі, Орынбордағы бөлімшелері
басылымдардың шығуына қамқорлық жасады.
Қазақ кітаптарын басып шығару ісін жолға қоюда
Петербург, Ташкент, Қазан қалаларындағы
.
баспалары үлестерін қосты [3]
Патша үкіметінің 1906 жылы қабылдаған оқу-
ағарту ісіндегі ережелері ұлттық аймақтарда
орыс-қазақ мектептерінің кеңеюіне жағдай
жасады. Ал діни мектептерге, медреселерге
кедергілер келтірді. Ағарту ісін дамытуда жəне
насихаттауда негізгі орын алған басылымдар:
“Айқап” журналы, “Қазақ” газеті, “Киргизская
степная газета”, “Сибирская жизнь”, “Степной
край”, “Сибирский телеграф” газеттері.[4]
XX ғасырдағы Қазақстан мәдениеті Кеңес
өкіметі орнауымен бір мезгілде мәдениетті қайта
құру шаралары жүзеге асырыла бастады. Елде
ағарту ісін дамытуға аса назар аударылды.
Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда
табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс барысын
жеделдетуге зор үлестерін қосты.
Қазақ тіліндегі окулықтар жазылды. Мұндай
окулықтардың авторлары қазақ зиялыларының
өкілдері - А. Байтұрсынов Ж. Аймауытов, С.
Сейфуллин болды. Алгебрадан қазақ тіліндегі
бірінші мектеп оқулыгын Қаныш Сәтбаев,
географиядан - Әлихан Бөкейханов, Қазақстан
тарихынан профессор Санжар Асфендияров
құрастырды. 1929 жылы араб жазуы
негізіндегі қазақ әліпбиінен латын әліпбиіне көшу
жүзеге асырылды.[5]
20 ғасыр басындағы халық мəдениетіндегі
жан-жақты дамыған сала – музыкалық
мəдениет. Қазақ музыкасын дамытуға үлес
қосқандар: Кенен Əзірбаев, Балуан Шолақ
Баймурзин, Дина Нұрпейісова, Үкілі
Ыбырай Сандыбаев, Сүгір, қазақтың
бұлбұлы Майра Шамсутдинованың
музыкалық өнерді дамытудағы орны
ерекше. Әншілер Қали Байжанов, Манарбек
Ержанов, Əміре Қашаубаевтың орындаулық
шеберліктері айрықша. Халық сазгерлері
Естайдың “Майдақоңыры”, Үкілі
Ыбырайдың “Гəккуі”, Динаның “Көңіл
ашары” қазақтың музыкалық мәдениетінің
дамуына үлкен әсер еткен туындылар.
Патша үкіметінің отаршыл саясатына
қарамастан, қазақ халқының өзіндік
мәдениет үлгілері тамаша нәтижелерге
жетті.[6]
1913 жылы қыркүйектен Петропавловскіде татар
және қазақ тілінде «Есіл даласы» атты газеті шыға
бастады. Оған жылдың соңында «революциялық
идеяларды таратқаны» үшін тыйым салынды. 1916
жылдан 1917 жылдың соңына дейін Ташкентте К.
Тоғысов басшылық жасаған апталык «Алаш» газеті
шығып тұрды. 1917 жылғы Ақпан революциясынан
кейін әр түрлі бағыттағы бірқатар газеттер мен
журналдар шыға бастады: маусым айынан бастап
Семейде «Сарыарқа» апталық басылымы, «Абай»
әдеби журналы мен «Халық сөзі» газеті, Оралда -
«Ұран» газеті, Ташкентте пантүріктік жене жәдит
бағытындағы екі басылым - бас редакторы Мұстафа
Шоқай болған «Бірлік туы» мен «Жас алаш» газеті,
Ақмолада «Қазақ газетіне жақын позиция ұстанған
«Тіршілік» газеті шыға бастады.[7]
III бөлім
ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы қоғамдық-
әлеуметтік жағдай
1897 жылы өлкеде халықтың саны
4147,8 мың адам, оның ішінде
қазақтар 3354 мың, 1915 жылы
4205,2 мың, ал 1917 жылы- 3615,1
мың адам болды. Сонымен, осы
жылдар ішінде қазақтар саны
небәрі 231 мың адамға, яғни 6,8
пайызға өскен. Қорытындысында
өлке халқының құрамындағы
қазақтардың үлес салмағы 1897
жылғы 81,7 пайыздан 1917 жылғы
59,8 пайызға дейін кеміп кетті.
Қазақтар арасындағы
демографиялық жағдайдың
нашарлауы, бірінші кезекте оның
табиғи өсуінің төмен болуымен
түсіндіріледі. [1]
Өнеркәсіптің дамуы. Темір жол
ХХ ғасырдың басында патшалық Россия Қазақстан
тау-кен байлықтарын пайдалануға айрықша назар
аударылды. Олар мында тау-кен өнеркәсібінт және
ауыл шаруашылық шикізатын өңдеу жөніндегі
кәсіпорындарды дамытуға күш салды. Алтын,
күміс, түсті метал өндіретін кәсіпорындар көбейді.
Темір жол.
1893-1895 жылдар аралығында Сібір темір жолы
салынды. Бұл темір жолдың 178 шакырымы
Қазақстан жерінде төселді.
1893-1897 жылдар аралығында Орал-Риязань темір
долы салынды. Оның 194 шакырымы Қазақстан
жерінде төселді
1906 жылы ұзындығы 1656 шакырым болатын
Орынбор-Ташкент темір жолы іске қосылды. Бұл
жолдардың Қазақстанды Россияның дамыған
экономикалық аудандарымен байланыстыруда
Өндіріс орындары және жұмысшылыр.
1902 жылы Қазақстандағы өндіріс орындарының
саны 8887-ге, ондағы жұмысшылыр саны 25393-
ге жетті.
Осы өнеркәсіпорындарының әрқайсысында 300-
400 жұмысшы болды. Ал Орынбор-Ташкент темір
жол құрылысында 30000ға жуық адам еңбек етті.
Жұмысшылырдың әсіресе жергілікті қазақ
жұмысшылардың жағдайы өте ауыр
болды.Жұмыс күні 14-16 сағатқа
созылды.Жұмысшылардың еңбек ету жағдайы да
өте-мөте ауыр еді, еңбек құлдары сүймен,қайла
және күрек болатын.Апатты оқиғалар жиі болып
тұрды.[3]
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
Қазақстан мен Орта Азиядағы азаттық қозғалысын
19 ғасырдың аяғындағы-20 ғасырдың басындағы
көп ұлтты Россия тарихының бүкіл барысы
әзірлеген болатын. Мұның өзі патша өкіметі
дағдарысының нәтижесі еді.
Көтерілістің сипты. Көтеріліс отаршылдыққа
қарсы сипатта болды. Қазақстандағы көтеріліс
патша әкімшілігі үшін де, сондай-ақ жергілікті
үстем феодалдар тобы үшін де күтпеген жерден
басталды.
Көтерілістің негізгі себептері:
1. Жердің тартып алынуы (қоныстандыру саясаты);
2. Еңбекшілерді үстем феодал-байлар тобының
қанауының күшеюі;
3. Ұлттық аразылықтың өршітілуі;
4. Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт
нашарлауы;
5. Орыстандыру саясаты.[4]
Көтерілістің қозғаушы күші-өлкенің жекелеген
жерлерінде ғана феодалдар мен клерикалық
элементтер көтеріліске басшылықты өз қолдарына
түсіріп алды. Түтас алғанда Қазақстандағы 1916
жылғы көтерілістің қозғаушы күші ауылдың
еңбекшілер бұқарасы жұмысшылар, қол-өнершілер
болды.
Көтерілістің барысы 1916 жылғы 25 маусымдағы
патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесіне 19-
43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара
жұмысқа алу туралы» жарылығы халықтың
шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен орта
ғасырлық қанауға қарсы көтерілуіне түрткі болды.
1917 жылы мамырда бүкіл Россиялық мұсылмандар
съезі болды. Мұнда соғысты тоқтату, ұлттық-
аймақтық-федерациялық негіздегі демократиялық
республика құру, әйелдердің еркектермен тең
құқығы (оған 250 молда қарсы болды), көп әйел
алушылық пен қалаң малға қарсылық 8 сағаттық
күнін енгізу, міндетті және тегін жалпыға бірдей ана
тілінде бастауыш білім беру мәселелер қаралып
бекітілді.
1917 жылы қарашада қазақ социалистік «Үш жүз»
партиясы құрылды. Үш жүз партия мүшелері
кенестерді қолдап, қазақтардың жеке мемлекет
құру идеясын ұсынды. «Үш жүз» партиясы Көлбай
Тәтісовтың редакторлығымен «Үш жүз» газетін
шығарды. [6]
Отаршылдыққа, иперализмге қарсы күресті
басқарушы, ұлт-азаттық қозғалыстардың
идиологтары ұлттық зиялылыр болды. Олардың
басшысы Ә.Бқкейханов болды. Қозғалыстың
белсенді мүшелері: А.Байтұрсынов, М.Дулатов,
Х.Досмухамедов, М.Шоқай, Ш.Құдайбердиев,
Х.Ғаббасов, М.Тынышбаев. Олардың мақсаты
қазақ елін отарлық езгіден құтқарып, өз алдына
ұлттық автономия құру болды.
«Алаш» партиясы 1905 жылы пайда болған алаш
қозғалысы негізінде 1917 жылы шілдеде құрылды.
Осы жылдың сәуір айынан бастап Қазақстанда
жер-жерде «Алаш» партиясының сьездері өте
бастады.
1917 жылы сәуірде Жетісу обылыстық сьезі өтті.
Мұнда әлеуметтік, аграрлық, ағарту мәселелерімен
қатар сырттан қоныс аударуға жол бермеу,
Қытайдағы босқындарды қайтару мәселелері
талқыланды.[7]
1917 жылы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында
жалпы қазақ сьезі өтті.
Қаралған мәселелер:
1.Мемлекеттік басқару формасы
2.Автономия құру мәселесі
3.Жер мәселесі
4.Сот ісі
5.Дін мәселесі
6. «Алаш» саяси партиясын құрып,оның
бағдарламасың жасау.
7.Құрылтай жиналысын шақыру
8.Қытайдағы 83 мың қазақ босқындары туралы
9.Жетісудағы ашыққан халқына көмек.[8]
Қорытынды.
Қорыта айтқанда, ХХ ғасырдың бас кезі - қазақ
ұлты үшін ой-сана оянуының дәуірі, әдебиет
үшін рухани жаңару мен түлеудің кезеңі болды.
Қазақ қоғамының жаңа тарихи кезеңге қадам
басқан сәтіндегі өмір шындығын кемел
көркемдікпен суреттеп, шынайы шындықпен
бейнелей білген әдебиет күрделі де қызықты
болғаны даусыз. Ол жаңа асқарға көтерілудің
алтын көпіріне айналды.
Тұжырым.
Демек, хх ғасырдың алғашқы
кезеңіндегі қазақ әдебиеті- шын
мәніндегі алтын ғасыр әдебиеті.
Ол-қазақ әдебиеті дамуы
тарихындағы жазба әдебиеттің
мейлінше дамыған, ең бір
өренді де өскелең кезеңі.
Алдыңғы дәуірлерді
жаңашылдықпен дамытқан,
кейінгі кезеңге дәстүр ретінде
жаңа серпін берген өміршең
әдебиет.
Ақпараттық сілтеме:

1. kk.wikipedia.org

2. http://magister.kz/referat/show/3219/49/1
Пайдаланған әдебиеттер:
1.ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті /
Ө.Әбдиманұлы.-Оқулық.-Алматы, 2012.-408 бет.
2. 20 ғасыр басындағы қазақ әдебиеті / Б.
Кенжебаев. - 2-бас., толықт. - Алматы : Мектеп,
1976. – 265б.
Студенттің аты-жөні: Қажыбекова Назгүл
Оқу тобы: Фи-311.
Курсы: 3.
Мамандығы: Филология (қазақ).
Пән оқытушысы: Жүндібаева А.Қ
Тақырыбы:: ХХ ғасырдағы қазақ
әдебиеті,мәдениеті,қоғамдық-әлеуметтік
жағдайы.
Жылы: 2015.
Назарларыңызға рахмет!

Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. Мәдениеті. Қоғамдық-әлеуметтік жағдайы
ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің тарихы (1900-1930 ж.ж.)
Коммуникативтік кеңістіктегі лингвоэкология пәнінің қарастыратын мәселелері
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің тарихы
Мәдениет тілі
ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиетінің дамуы
ХХ ғасырдағы қазақ мәдениеті
ХХ ғасырдың басындағы тарихи – әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері
Қазақстандағы экономикалық көзқарастардың пайда болуы және дамуы
Ауыз әдебиеті - халықтың ғасырлар бойы ауызша шығарып, сақтап келген рухани асыл қазынасы
Пәндер