Қазақстандағы ең бай бес адамның тізімі




Презентация қосу
Қазақстандағы ең бай
бес адамның тізімі
АҚШ-тың танымал Forbes іскерлік журналы 2015 жылы
наурыздағы мағлұматтар бойынша әлемнің ең бай адамдарының
тізімін жасап шығарды. Аталған рейтингке Қазақстанның бес
азамат ілікті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігі.
ҚР Теннис федерациясының президенті, кәсіпкер
Болат Өтемұратов ең бай қазақстандық деп танылды.
57 жастағы кәсіпкердің байлығы шамамен 2,6 млрд.
долларға тең. Былтыр оның қаражаты 2,2 млрд.
долларға тең болатын. Жалпы тізімде Өтемұратов
714-орында тұр. Өтемұратовтың ең бірінші ірі жобасы
- «АТФ Банк» компаниясы болды. Оны кәсіпкер
Италияның UniCredit компаниясына сатып, мол табыс
тапты. Кейін микронесиелер беретін Kassa Nova мен
кәсіпкерлерге қызмет істейтін ForteBank банктерін
ашты. Былтыр миллиардер «Самұрық-Қазына»
қорынан Темірбанк және Альянсбанк банктарының
белгілі көлемдегі акцияларын сатып алған болатын.
Сонымен қатар Болат Өтемұратовтың иелігінде
Қазақстанда және өзге де елдерде қонақүйлер желісі
бар.
Қазақстандық миллиардерлердің екінші орнын әлемнің ең ірі
өндірушілердің бірі ENRC компаниясының акционері және «Еуразиялық
банк» АҚ Әлижан Ибрагимов иеленді. Кен өндіру арқылы байыған
кәсіпкердің бар байлығы 2,2 млрд. долларға бағаланған. 2014 жылы
бұл көрсеткіш 1,7 млрд. доллар шамасында болды. Forbes тізімінің
жалпы рейтингісінде ол 847-орында.
Ал Құлыбаевтар жанұясы 894-орынға жайғасқан. Олардың әрқайсысында
2,1 млрд. доллардан бар. Былтыр олардың байлығы 1,8 млрд. долларға
бағаланған болатын. Журнал олардың қызмет саласын банк ісі деп
көрсеткен. Динара Құлыбаева Қазақстанның халық банкі компаниясының
акционері екені белгілі. Тимур Құлыбаев болса, Қазақстанның мұнай-газ
секторында ірі ойыншылардың бірі. Ол Ресейдің ең ірі мұнай-газ
компаниясы - «Газпромның» директорлар кеңесінің мүшесі, «KAZENERGY»
қауымдастығының, Қазақстан кәсіпкерлер палатасының Президиум
басшысы және Қазақстан бокс федерациясының президенті болып
табылады.

Мыс магнаты Владимир Ким 1,8 млрд. доллармен көш соңын түйіндеді. Ол
жалпы рейтингте 1054 орында тұр. Қазіргі уақытта В.Ким KAZ Minerals
компаниясының (бұрынғы «Қазақмыс») мажоритарлы акционері.
ЗАРЛАРЫНЫЗ
РАХМЕТ

Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның ең бай кәсіпкерлері
«Адамның діни сеніміне құрмет оның таңдауына құрмет ретінде. Қазақстандағы діни сенім. Ислам діні туралы түсінік»
Қазақстандағы ең бай адамдар және Болат Өтемұратов
«Алтынемел» ұлттық табиғи саябағы
НҰР ОТАН ХАЛЫҚТЫҚ - ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫ
Қазақстандағы кәсіпкерлер
Қазақстандағы ең дәулетті адамдар
Туризмнің негізгі түрлері
ЭКСПО - 2017 көрмесін шамамен
ШҚО кластері
Пәндер