Компьютерлік желілер және Әлеуметтік желілер




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ
АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

С ӨЖ
Компьютерлік желілер және Әлеуметтік желілер

Орындаған:Тұрысбекова.И
Тексерген:Жаксыгулова.Д
ЖОСПАР

Кіріспе бөлім
1.Комптютерлік желілер,классификациясы
а)интернет желісі,модемь түсінігі
Негізгі бөлім
2.Браузерлер
а)браузерлер құрылымы
3.Әлеуметтік желілер
а)Қазақстандағы әлеуметтік желілердің даму үрдісі
4.Электрондық почта
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІ

Компьютерлік желі (ағылш. сomputer network) — барлық құрылғылардың
бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері
арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен
мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы.

Желілер шағын немесе үлкен, кабельдер арқылы тұрақты жалғанған,
немесе телефон желілері мен сымсыз арналар арқылы уақытша жалғанған
болуы мүмкін. Ең үлкен желі — Интернет, ол бүкіләлемдік желілер тобы
болып табылады.
КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

PAN (Personal Area Network) — персоналды желі, бір иегерге тиісілі т үрлі құрылғылардың өзара әрекеттесуі
үшін қажет.
LAN (Local Area Network) — жергілікті желі, қызмет көрсетушілеріне шығуына дейін т ұйы қ
инфрақұрылымы болады. «LAN» термині кішкене офистік желіні де, жүздеген гектар аймақты алатын үлкен
зауыт деңгейіндегі желіні анықтай алады. Шетелдік негіздерде тіпті жуықталған бағалау береді — радиусы
алты милге жуық (10 км) болатын желілер. Жергілікті желілер жабық типті желілер болып табылады, б ұл
желіде өздерінің кәсібіне байланысты жұмыс істейтін, тек қолданушылардың шектелген тобы ғана
рұқсатты ала алады.
CAN (Campus Area Network — кампустық желі) — жақын орналасқан ғимараттардың жергілікті желілерін
біріктіреді.
MAN (Metropolitan Area Network) — бір немесе бірнеше қала шегіндегі мекемелер арасында ғы қалалы қ
желілер, көптеген жергілікті есептеуіш желілерді байланыстырады.
WAN (Wide Area Network) — глобалды желі, үлкен географиялық аймақтарды алатын, ішіне жергілікті
желілермен қоса, телекоммуникациондық желілер мен құрылғылар да кіреді. WAN мысалы — пакеттер
коммутациясы бар желілер (Frame relay), олар арқылы түрлі компьютерлік желілер өзара "сөйлесе" алады.
Глобалды желілер ашық және барлық қолданушыларға қызмет көрсетуге бағытталған болып табылады.
«Корпоративті желі» термині әдебиетте сонымен қатар бірнеше желілерді біріктіруді анықтау үшін
қолданылуы мүмкін, ал ішкі желінің әрқайсысы түрлі техникалық, бағдарламалық және ақпараттық
принциптерге негізделіп құрылған болуы мүмкін]
Ауқымды есептеу желілері – бір-бірінен алыс орналас қан жергілікті желілер мен жеке
компьютерлерді байланыстыратын есептеу желісі. Ауқымды есептеу желілері үш құрауыштан
тұрады: желінің түйіні ретінде қарастырылатын жергілікті есептеу желілері; жергілікті есептеу
желілерін байланыстыратын арналар; байланыс арналарына байланыс құру ға м үмкіндік беретін
жабдықтар мен программалар. Ең әйгілі ауқымды есептеу желісі – Internet.

Internet – түрлі хаттамалармен жұмыс істейтін, әр түрлі есептеу машиналарын
байланыстыратын, мәліметтерді тасығыштардың (телефон сидоры, оптикалы қ талыше,
радиомодемдер, т.б.) барлық түрлерімен тасымалдайтын компьютерлік желілерді ң бірлестігі.
Оның өзінің атауы “желі арасында” мағынасын білдіреді. Желілерді біріктіру үлкен
мүмкіндіктерге ие болады. Өз компьютерінен кез келген Internet абоненті бас қа қала ға
мәліметтерді жібере алады, Вашингтондағы Конгрес кітапханасының каталогын к өре алады,
Нью–Йорктағы Метрополитен музейінің соңғы көрмесіні ң суреттерімен таныса алады, IEEE
конференциясына және әр түрлі мемлекеттердің желі абоненттерімен ойындар ға қатыса алады.
Internet – тің аса маңызды ерекшелігі - оның әр т үрлі желілерді біріктіре отыра еш қандай
иерархияны құрмайтыны, желіге қосылған барлық компьютерлер тең құқықты.

Internet-тің негізін жоғары жылдамдықты кеңарналы желілер құрайды, т әуелсіз желілер
кеңарналы желілерге NAP (Network Access Point) желілік қатынау нүктелері ар қылы қосылады.
Тәуелсіз желілер дербес жүйелер түрінде қарастырылады, себебі оларды ң өзіндік әкімшілік
басқаруы және маршруттау хаттамалары бар. Дербес жүйелер ретінде ірі ұлтты қ желілер
болады, мысалы – европалық EUNet, Ресей университеттерінің RUNet желілері. Кейбір дербес
жүйелер Internet желісіне қатынау қызметін көрсетуге мамандандырылған компаниялар
құрады, оларды провайдерлер деп атайды (мысалы, АҚШ-та UUNET, Ресейде Relcom).
Internet-те алмасу режімдері, хаттамалары
және адресациялау. Internet жүйесіне қосылу
әртүрлі әдістермен жүзеге асады, одна
әдістер:

- электрондық пошта (E-mail);

- телеконференция (UseNet);

- қашықтан қатынас құру (TelNet);

- файлдарды іздеу және жеткізу (FTP);

- мәтіндік файлдарды меню жүйесі көмегімен
іздеу және жеткізу (Gopher);

- құжаттарды гипемәтіндік сілтемелердің
көмегімен іздеу және жеткізу немесе бүкіл
әлемдік өрмек (WWW – World Wide Web).
Аумақты желілерде ақпарат алмасудың екі режімі бар – on-line және off-line. On-line – желіге
қосылып тұрып бірігіп жұмыс істеу режімі, диалогтық режім. Off-line – желіге қосылмай ж ұмыс
атқару режімі, электрондық пошта арқылы жөнелтетін мәліметтерді даярлау. On-line режімі –
телефонмен сөйлесуге ұқсас, off-line режімі – поштамен хат алмасу ға ұқсас.

Internet жүйесінде қолданылатын негізгі хаттамалар – TCP/IP (Trans-mission Control
Protocol/Internet Protocol) хаттамалар жиынтығы. IP – желілік де ңгей, TCP – к өліктік де ңгей
хаттамалары. Арналық және физикалық деңгейде мәліметтер жеткізу орталарыны ң бар
көптеген стандарттарын қолдайды, мысалы ЖЕЖ үшін – Ethernet және FDDI немесе ау қымды
желілер үшін – X.25 және ISDN. Қолданбалы де ңгейдегі ма ңызды хаттамалар – қашы қтан
басқару хаттамасы telnet, файлдарды жеткізу хаттамасы FTP, гипермәтінді жеткізу хаттамасы
HTTP, электрондық пошта хаттамалары SMTP, POP, IMAP, MIME, желілік құрыл ғыларды
басқару хаттамасы SNMP.

Internet жүйесіне қосылған әрбір компьютер өзіні ң ерекше IP-адресіне ие болады. IP-адрес –
ұзындығы 32 бит, әрқайсысы 8 биттік 4 бөліктен тұратын желілік адрес. Ол екі б өліктен – желі
адресі және осы желідегі хост адресінен тұрады. Хост (host - қожайын) – желіге тікелей қосыл ған,
өзіндік адресі бар компьютер. Сандық IP-адрестерді адамдар қолдану ға ы ңғайсыз
болғандықтан, IP-адрестерге символдық аттарды сәйкес қоятын механизм қолданылады, оны
домендік аттар жүйесі (DNS – domain name system) деп атайды. М ұндай ж үйеде пайдаланушы
адресі екі бөліктен тұрады.

Пайдаланушы идентификаторы және домен аты өзара нүктемен ажыратылған бірнеше
бөліктерден тұруы мүмкін. Домен атында негізгісі т үпкі домен, әры қарай бірінші, екінші,
үшінші деңгейлі домендер орналасады. Түпкі доменді InterNic таратады, бірінші де ңгей әр
мемлекет, келесі деңгей мекемелер типі үшін, т.с.с. тағайындалады, мысалы: kz –Каза қстан, ru –
Ресей, su – постсовет мемлекеттері үшін, ca –Канада, uk – Ұлыбритания, us – А ҚШ, ua – Украина,
de – Германия мемлекеттері үшін анықталған ішкі домендер. Мекемелерге с әйкестікті
Модемь-(МОдуляторсөздерінің қысқМОДЕМЬ
артылуы) – таратушы
жағында компьютердегі сандық сигналдарды үздіктелген
аналогтық сигналдарға айналдруды қамтамасыз ететін
қабылдаушы жағында сигналдарды осыған кері түрлендіретін
құрылғы.
Модем арқылы көптеген дербес пайдаланушылар аймақтық
және коммерциялық желілерге, Интернетке қосылады. Сондай –
электрондық поштаны пайдаланады, конференцияларға қатыса
алады.
Үлкен қашықтықты және пайдаланушыларды молынан
қамтитын есептеуіш желілер телекоммуникациялық есептеуіш
желілері деп аталады. Телекоммуникациялық желілер – ақпарат
алмасу және оны өңдеуді бөлісу желісі, ол өзара байланысқан
жергілікті желілерден құралады. Мұндай масштабтағы желілер
аппаратттық, ақпараттық, программалық сияқты қоғамдық
ресуростарды ұжымдаса пайдалану мақсатында құрылады.
Телекоммуникациялық желіні пайдаланушыларының өздерінің
қай жерде орналасқанына қарамастан ақпаратты жедел түрде
кез келген қашықтыққа жіберуге, сонымен қатар желіден қажет
мәліметті дер кезінде алуға мүмкіндігі бар.
Интернет – (ағылшынша Internet – желіаралық байланыс) бүкіл
жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз
ететін желілер жиынтығы.
Өзара байланыстырлыған миллиондаған компьтерден
құралған, біртұтас ақпараттық кеңістікті интернет деп атайды
Әр түрлі масштабтағы желілердің өзара біріктірілуі мүмкін. Мысалы, кабельмен
жалғастырылған мекемедегі жергілікті желі аймақтық желіге, ал әр түрлі
аймақтық желілер телефон джелісі арқылы байланыстырылуы мүмкін. Үлкен
қашықтықта желіаралық байланыс орнату қажет болғанда кабельдік желілерді
пайдалануға болмайды.Мұндай жағдайда телекоммуникация каналдары:телефон,
радио, релелік байланыс, талшықты – оптикалық байланыс, ғарыштық жасанды
серіктері арқылы байланыс т.б. қолданылады.
Әр түрлі желілерді түйістіру шлюз деп аталатын арнайы компьютерлер немесе
программалар арқылы қамтамасыз етіледі. Шлюздер бір желіден
қабылданғандеректер форматын басқа желідегі деректер форматына түрлендіреді.
Әр түрлі масштабтағы желілерді біріктіру нәтижесінде қалалар, елдер және
континенттер арасында өзара ақпарат алмасу мүмкіндігі беріледі. Қорғану қызметін
атқаратын шлюздік компьютерлер бранмауэрлер деп аталады. Ауқымды желі немесе
Интернет – адамзаттың ақпараттық технология саласындағы жеткен жетістіктерінің
бірі.
Интернет желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70 – жылдар басында
АҚШ қорғаныс инистрлігінің APRANET компьютерлік жүйесі болып саналады.
1973ж. APRANET Англия мен Норвегия мемлекеттеріне байланыс орнатып әлемдік
кеңістікке шықты. Интернеттің кеңінен таралуына себеп 1982 жылы пайда болған
ТСР/ІР хаттамасЫ (протоколы) болды.
Жергілікті желілер
Жергілікті желі – саны шектеулі компьютерлерді біріктіру үшін қолданылады.
Компьютерлерді желіге қосу үшін компьютерден басқа құрылғылар:желілік адаптер,
Желілік адаптер – компьютердің байланыс желісімен сәйкестендірілуін қамтамасыз ететін
құрылғы.
Коммутатор мен концентратор ақпарат алмасу сапасын жа қсартады және деректерді таратуды ң
әр түрлі стандартын қолданатын желінің әр түрлі бөліктерін біріктіреді.
Сонымен, жергілікті желі дегеніміз – бір – бірімен қатар орналас қан компьютерді біріктіретін
жүйелер (бір бөлмеде немесе бір ғимаратта, қатар орналсқан компьютерлер).
Жергілікті желінің екі түрі бар: клиент – сервер және бір деңгейлі (бір рангілі), я ғни те ң
дәрежелі желі.
Сервер – ортақ пайдалануға арналған барлық ресуростарды қамтитын компьютерлер. Орта қ
ресуростарды пайдалану үшін сервер қосулы болуы қажет. Серверге принтерлер, модем, орта қ
қолданбалы программалар (мысалы, электронды қ пошта), факстер ж әне т.б. қамтыл ған
ресуростарды толығынан қолдануға мүмкіндік береді. Бір деңгейлі желіде барлы қ жұмыс
станциясы қайсы бір мағына сында басқалары үшін сервер қызметін атқарады. Олар
ортақтастырылған желі ресуростарын бірден қолдана алады және ресуростарды б өлуді ба қылап
отыратын қуатты ортақ сервер компьютер болмайды. Бір деңгейлі желілерді ң ма ңызды
ерекшелігі – онымен жұмыс істеу үшін арнайы программалық жабдықтың қажеті жо қ.
Жергілікті желідегі компьютерлердің бір – бірімен геометриялық байланысу т әсілі топология деп
аталады. Байланыстыру топологиясының бірнеше түрі бар:
1.Шина – барлық компьютерлер тізбекті түрде бір кабельге жалғанады.
2.Сақина топологиясы деп аталатын желі байланысында барлық компьютерлер т ұйық са қина
түріндегі кабельге жалғанады.
3.Файлдық серверлерге негізделген желіде компьютерлер бір – бірімен ж ұлдыз схемасы т үрінде
жалғанады.
4.Егер мекеме көп қабатты үйде орналасса, онда оның әр қабатында ғы жеке серверін
байланыстыратын бүкіл мекемеге ортақ бір сервер беріліп, оны а қша қар (снежинка) схемасы деп
Байланыс хаттамалары. Желіде жұмыс істеуге арналған жаңа ақпараттық
технологиялар
Компьютерлер желіге қосылғаннан кейін бірінші рет іске қосылғанда Windows 2000
Professional операциялық жүйе DHCP (Dynamic Configuration Protocol) серверін іздейді.
Мұндай типтегі серверлер компьютерлерге желіден бірін – бірі оңай табу үшін адрес
меншіктейді. Егер желіде DHCP сервері болмаса, онда операциялық жүйе автоматты
түрде қосылғаннан басқа компьютерлерді анықтай алатын режімге ауысады. Мұндай
механизмді IP – адрестеу (Automatic IP – addressing) деп аталады.
Компьютерлердің бір – бірімен байланыс жасау ережесі желілік хаттама деп аталады.
Хаттама (протокол) – екі компьютердің бір –бірімен қатынасуныңы формалды
ережелерінің жиынтығы.
Microsoft фирмасы мекеме ішінде желісімен жұмыс істеу үшін TCP/IP қолдануды
ұсынады. NetWare сервері бар жергілікті желілерде пакеттерді желі б өліктері және
редиректор арасында маршрутизациялану мүмкіндігін беретін IPX/SPX (Intеrnet Packet
Exchange Packed Exchange) хаттамасы қолданылады.Microsoft Фирмасының 3Com
компаниясымен бірігіп құрған Point – to – Point Тunneling Protocol (РРТР) хаттамасы
Internet арқылы сенімді байланыс құру мүмкіндігін береді.
ЖЕРГІЛІКТІ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР

Есептеу желілері операциялық жүйелер бас қаруымен жұмыс істейді. Негізгі желілік, операциялы қ ж үйелерге NovellWare,
Windows NT, OS/2, Warp Unix кіреді. Windows 95, 98 операциялы қ ж үйелерінде құрамдас желілік құралдар бар.

Желілік операциялық жүйе пайдаланушылар ға желілі ң бір компьютерінен бас қасына файлдар к өшіруге, желіні ң бір
компьютерінен басқасында орналас қан деректерді өңдеуге, ал кейбір жа ғдайларда бас қа компьютер жадында орналас қан
программаны қосуға мүмкіндік береді.

Компьютерлік желілерді қолдану мыналарды жүзеге асыру ға м үмкіндік береді:

* ақпаратты өңдеу процесінің нақты бір компьютерден т әуелсіздігі;

* желінің бір ДК-сында са қталу есебінен бір а қпаратты қосарлау м үмкіндігіні ң жойылуы;

* ақпарат сақталуы сенімділігіні ң жо ғарылуы;

* ақпаратты рұқсат етілмеген енуден қор ғауды жа қсарту;

* ұйымның бөлімшелер және қызметкерлері мен арасында жылдам, қа ғазсыз а қпарат алмасу м үмкіндігі.

Компьютерлік желілерді аймақтық таратылу д әрежесі бойынша классификациялау ға болады. Оларды ау қымды (глобальный),
аймақтық (региональный) және жергілікті (локальный) желілер деп б өлуге болады .
ИНТЕРНЕТ

Интернет – ауқымды ақпараттық инфрақұрылым. Қазіргі уа қытта 20-дан аса ау қымды желіліер бар, біра қ
солардың ең танымалдысы – Интернет желісі.

Интернет – бір-бірімен байланыс каналдары ж әне бірегей қабылдау, м әліметтерді беру стандарттары ар қылы
өзара байланысқан компьютерлер мен компьютер желілеріні ң жиынты ғы. Ол деген жер шарын қамтып
жатқан ауқымды бүкіл әлемдік ақпарат жүйесі болып отыр. Ал ғашқыда интернетті құру ма қсаты - әрт үрлі
типтегі компьютерлік желілерді біріктіру болып табылады. Қазіргі уа қытта компьютер мен
телекоммуникация аймақтарында ғана емес, сонымен бірге әрбір адам өзіне қажетті а қпаратты тауып, о ған
қажетті дегенді бере алады. Соның нәтижесінде интернет а қпарат ресурстарымен үздіксіз толы ғып отырады.

1965 жылы Массачусет технологиялық институтында ғы компьютер Калифорнияны ң телефон байланысына
қосылды. Интернет 1969 жылы АҚШ-та осы елді ң қорғаныс министрлігіні ң тапсырысы бойынша жасал ған
ARPANET желісінен пайда болды. ARPANET желісі о қу орындарын, әскерлер мен әскери м әдігерлерді
біріктіретін желі еді. Ол о баста зерттеушілерді ң а қпарат алмасуына к өмек ретінде, сондай-а қ ядролы қ
шабуыл кезінде қалай байланыс жасау керектігін зерттеу үшін жасал ған.

ARPANET алғашқыда ғалымдарға тек жүйеге енуге және қашы қта ғы компьютерге программа енгізуге
мүмкіндік берді. Ұзамай бұған файлдарды, электронды почтаны ж әне ж өнелту тізімін беру м үмкіндіктері
қосылды. Мұндағы мақсат бір мәселемен айналысып ж үрген зерттеушілерді ң а қпарат алмасуларына
мүмкіндік ашу болатын. Бірақ ARPANET-тің өсуіне орай ж әне бас қа желілерде дамып, оларды бір-бірімен
жалғастыру қажеттігі туындады. Осылай бір-бірімен жал ғас қан желілерден т ұратын Интернет д үниеге келді.

1971-1972 жылдары ARPANET желілеріне арнал ған біры ңғай хаттамалармен ж ұмыс ая қталды. Б ұл хаттама
Network Control Program (NCP) деген атау ға ие болды.
БРАУЗЕР
Браузер (Қарап шығушы) (Браузер, просмотрщик; browser) -

гипермәтіндік байланысу мүмкіндігі бар файлдармен жұмыс істеуге арналған
бағдарлама. Ол әркімнің таңдауы бойынша кәдімгі мәтіннің, статикалық бейненің
немесе графиктердің экранда бейнеленуін және олармен байланысқан басқа
файлдарды іздестіруді қамтамасыз етеді. Кең тараған қарап шығушыларға Web-
браузер, Internet Explorer, Mozilla Firefox, Google Chrome және т.б. жатады;
желіде жұмыс істеуге арналган қосымша бағдарламалық жасақтама (мысалы, ол
Microsoft Internet Explorer World Wide Web беттерін қарап шығуға мүмкіндік береді);
Web-беттерін қарап шығуға арналған құрал. Гиперсілтеме көмегімен бір бетті
қарап шыққаннан кейін келесі битки өтуге мүмкіндік жасайды.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР

Әлеуметтік желілер - ермектері
бірдей адамдардың Интернетте
бірігетін қоғамдастық сайттары.
Осы сайттарда адамдар жедел
түрде мәліметтер алмасады және
достар табады. Бірақ осы
сайттар арқылы тек қатынасып
қана қоймай, адамдар музыка,
видео іздеуі де мүмкін.
Құрылымы
Әлеуметтік желілерде адамдар өзі жайлы мәлімет тастап қалдыра алады (ту ған
күні, оқыған мектебі, университеті, ермектері және т.б.), бас қа қатынасушылар
осы мәліметтерді пайдаланып сол адамды таба алады.

Әлеуметтік желілердің тарихы
Әлеуметтік желілер Интернетте 1995 ж. бастап ке ң тарал ған, осы жылы бірінші
әлеуметтік желі - Classmates.com (Сыныптастар) сайт ашылды. 2003-2004 жж.
MySpace, Facebook жобалары шықты.

Сауда ұжымдары әлеуметтік желілерге үлкен қызы ғушылы қ к өрсетті.
Осындай жобалар бірнеше миллиондық аудиторияны тартты әрі оларды ң
жарнамасы қатты әсер жасады.
Қазақстандағы әлеуметтік желілердің даму үрдісі
Қазақстанда қазіргі кезде ең көп қолданыстағы әлеуметтік желілердің бірі nur.kz
сайты болып есептеледі. Одан Басқа да Birge.kz, Ilike.kz, on.kz, www.kazlife.com,
Zhelide.kz сайттары жұмыс істеуде. Солардың ішінде Zhelide.kz сайтына келетін
болсақ, Желіде.кз сайты 2011 жылдың тамыз айында ашылды, сондай аз уа қыт
ішінде 10000-нан аса қолданушы жинап үлгерді. Бұл ҚАЗНЕТ үшін өте жоғары
көрсеткіш болып есептеледі. Zhelide.kz сайтының бөлімдер:
● Оқиғалар
● Блог
● Альбом
● Ұйымдар
● Видео
● Сауалнамалар
● Аудио
● Чат т.б бөлімдері бар.
Ең үлкен желілер
Шетелде:

Facebook
Last.fm
LinkedIn
MySpace
Қазақстанда:

Zhelide.kz
www.kazlife.com
Ресейде:

ВКонтакте
Мой Круг
Мой Мир@mail.ru
Одноклассники.ru
Живой Журнал
және т.б.
1970-ші жылдардың соңында адамдар бір-бірімен әңгімелесе алатын алғашқы
электронды хабарландыру тақталары пайда бола бастады. Әрине, сол кезде
бүгінгідей ыңғайлы болған жоқ, бірақ адамдарды ғаламторда біріктірудің бұл
алғашқы қадамдары еді.
Келесі кезең, алғашқы on-line сервистердің пайда болуы еді. Әңгімелесуге
арналған чатты жасаған бірінші компания CompuServe болды. Сервисте
әңгімелесудің бір сағатына 30 доллар төлеу керек еді, бұл осы
компанияның негізгі кемшілігі болды.

Кейін жедел хабарламалар жүйесі пайда болды. Файлдарды жіберетін және
чаттағы жедел әңгімелесудің бірінші сервисі, 1988 жылы MultiUser Talk
программасын алмастырған IRC (Internet Relay Chat) болды. 1991 жылғы
«Шөлдегі дауыл» әскери операциясын «on-line» режимінде бүкіл әлемнен
келген хабарламалар трансляциясынан кейін IRC-дің кең танымла болды.
IRC – дің негізгі кемшілігі шектеулі қолдану болды.

1990 жылдардың ортасында ICQ құрылды, ол жеке компьюерлерге
арналған жедел хабарламалар жеткізудің бірінші жүйесі болды. ICQ-дің
негізін Mirabilis компаниясы қалады. Бүгінгі таңда ICQ Mail.Ru Group-
тың құрамына кіреді, 2012 жылдың наурыздағы көрсеткіш бойынша әлем
бойынша 23.4 млн. қолданушысы бар.
Интернеттегі әлеуметтік желінің бірінші аналогі 1995 жылы Рэнди Конрадс іске
қосқан Classmates болып табылады. Сайттың аудармасы «Сыныптастар». Сайттың
мақсаты сыныптастарды және мектептегі достарыңды табуға мүмкіндік жасау.
Бастапқыда сайт танымал емес еді, өйткені профильді жасау және достарды қосу
функциялары болмады. Ал сайт қолданушылары тек білім беру мекемелеріні ң және
сонда оқыған оқушылардың тізімін ғана көре алатын. Classmates әлеуметтік
желілердің пайда болуына түрткі болды. Жоба нәтижелі болды, және де өз иелеріне
табыс әкелді. Осыған қызығушылықпен қараған басқа адамдар өз әлеуметтік
желілерін ойлап табуға кірісті. Бүгінгі күні сайт өз жұмысын жалғастыруда. Әлем
байынша сайттың қолданушылар саны 50 млн.

Бүгінгі күннің біздің түсінігіміздегі бірінші толыққанды әлеуметтік желіні Эндрю
Вейнрейх 1997 жылы іске қосқан SixDegrees-ті айтуға болады. Әлеуметтік желінің
мақсаты «алты қолалысу» теориясын дәлелдеу еді.
Келесі әлеуметтік желілер AsianAvenue, MiGente, BlackPlanet 1997 және 1999
жылдары аралығында пайда болды. Функционалдығы жағынан алдындағылардан
қатты өзгешелік болмады.

1999 жылдың 18 наурызында америкалық студент-программист Брэд Фицпатрик
«жанды журнал» Livejournal-ды құрды. Ол ТМД елдерінде кең танымал болды.
Livejournal бірінші болып топтарды құрып оларда хаталмасу м үмкіндігін берді.
Осыны біз бүгін барлық әлеуметтік желілерден байқай аламыз.

2004 жылы Марк Цукерберг TheFacebook әлеуметтік желісінің негізін қалады. 2005
жылдан бұл желі Facebook деп атала бастады. 2008 жылы Facebook әлеуметтік желісі
әлемдегі ең танымал әлеуметтік желіге айналды, және де бүгінгі күнге дейін көштің
басында. Бүгінгі күні Facebook әлем бойынша Google-дан кейін ең көп
танымалдылыққа ие екінші интернет сайт.

2006 жылы Джек Дорси Twitter жобасын іске қосты. Ол тез дамып келе жатқан жаңа
әлеуметтік желіге айналды. Twitter-дің ерекшелігі, тек 140 символдан ғана тұратын
хабарлама жаза аласыз. 2010 жылдан бастап сайттан видео, фото көруге
мүмкіндіктері пайда болды. Бүгінгі таңда Twitter әлем бойынша ең көп қаралатын
сайттардың 10-на кіреді.
Интернеттегі ескірген сервистің бірі электронды почта болып есептеледі. Ол ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОЧТА
санаулы сағат немесе минут ішінде жер шарының қай нүктесінде болса да
адрес салушының компьютеріне сіздің компьютеріңіздегі текстік хабарлауды
жіберуге мүмкіндік береді. Текстік қатынасқа – суреттер, добытым мәліметтер
т.б. кез келген екілік ақпаратпен файлдар тіркеуге болады.

Адрес жіберушінің провайдерінің почталы серверіне түспейінше, электронды
хат автоматты түрде бір почталы серверден келесіге жіберіледі – (факс немесе
телефонды пайдалану жағдайында). Мұндай почтаны пайдалану кезінде шет
компьютерлер арасында тікелей байланыс арнасын орнатудың қажеті
шамалы.

Осы серверден адрес салушы оны байланыстың келесі бір санасында алады.
Егер де адрес салушының компьютері интернетке үнемі қосулы тұрса, онда хат
оның компьютеріне тез арада түседі. Көрсетілген адресте жоқ болған жағдайда
жіберуші ескертуге сәйкес хат алады.

Жіберген кісінің аланбаған хаты оның почталы жәшігінің провайдерінің
серверінде сақталады. Ереже бойынша, жәшік көлемі шектелген, егер хат ұзақ
уақыт шығарылса, онда олар жойылады. Көлемі жағынан үлкенфайлдарды
тіркеуде хабарландыру жіберу ұсынылмайды, өйткені мұндай хабарландыру
беру кезінде ұзақ сеанысынан байланыстар тез ұлғайып кетеді де оған к өп
ақы төлеуге тура келеді. Сонымен қатар, көптеген провайдерлер почталы
серверлерді және байланыс желісіне көп жұмыс тапсырылмас үшін почталы
қатынас жіберудің көлемін шектейді. Сондықтан почталы қатынасқа
тіркелген файлдарды архивтендіруді қадағалау қажет.
Соңы

Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік желілер.Электрондық пошта.Әлеуметтік желілер
Компьютерлік желілер. Әлеуметтік желілер
Компьютерлік желілер. Электронды пошта қызметі. Әлеуметтік желі
Компьютерлік және әлеуметтік желілер
Компьютерлік желілер. Электронды пошта қызметі. Әлеуметтік желілер туралы
Әлеуметтік желілер туралы ақпарат
Компьютерлік желілер классификациясы
Әлеуметтік желілер
Компьютерлік желілер. Электронды пошта қызметі
Компьютерлік желі туралы жалпы түсінік
Пәндер