Трансляция түсінігі. Формальды тілдер түсінігі. Формальды тілді сипаттаудың қатаң тәсілдері және метатіл туралы түсінік




Презентация қосу
Тақырыбы:
Трансляция түсінігі. Формальды тілдер түсінігі.
Формальды тілді сипаттаудың қатаң тәсілдері
және метатіл туралы түсінік.

Орындаған: Бақыт Гүлжан
Т-311 топ
Жоспар:

1) Трансляция түсінігі
2) Формальды тілдер түсінігі
3) Формальды грамматика
4) Қолданылған әдебиеттер тізімі
Трансляция (Аудару) —
1) белгілі бір ереже бойынша бір тілден
екінші тілге мағынасын көп өзгертпей аудару;

2) программалау тілдерінің бірінде берілген
программаны оған эквивалент басқа тілдегі
программаға түрлендіру.
Трансляция түрлері
Бөлшектеп аудару (Раздельная трансляция; separate
compilation) — программа бөліктерін жеке-жеке аударып,
соңында біртұтас модульге біріктіру.
Динамикалық аудару (Динамическая трансляция; dynamic
translation) — виртуаль адресті жадқа қатынас құру
процесінде нақты адреске айналдыру.
Келісімді аудару (Согласованная трансляция; consistent
compilation) — бір жалпы сипаттамалы бірнеше
программалық модульдерді аудару. Мұнда барлық жеке
аудару сипаттамалары бірдей болады.
Трансляция әдісі
Аудару әдісі (Метод трансляции; translation method) —
алғашқы программаны объектілік модульге түрлендіру
ережелері мен тәсілдерінің аударғышта пайдаланылатын
жүйесі. Аударудың тура және синтаксистік әдістері бар.

Аударудың синтаксистік әдісі (Синтаксический метод трансляций;
syntactic translation method) — нақты кірістік тілге
икемделген, синтаксистік және семантикалық талдау кезеңдерінің бөлінуі
айқын көрсетілген аудару әдісі.
Аударудың тіке әдісі (Прямой метод трансляции; direct translation method)
— нақты кірістік тіл мен жеке алгоритмге бейімделген, синтаксистік ж әне
семантикалық талдау кезеңдеріне айқын бөлінбейтін аудару әдісі.
Аудару уақыты
Аудару уақыты (Время трансляции; translating time) —
транслятор жұмысына жұмсалған уақыт; транслятордың
бастапқы бағдарламаны объектілік модульге түрлендіруге
жұмсаған уақыты.

Алгоритмдік тілде және программалау тілінде
программа жазу – ыңғайлы болып табылады. Оларды
белгілі бір машинада орындау үшін сол программалау тілін
машина тіліне автоматты түрде аударатын түрлендіргіш
программалар болуы керек, оларды транслятор деп
атайды.
Трансляторлар үш түрге бөлінеді:
интерпретатор, компилятор және ассемблер.
Интерпретатор – берілген программаның әрбір
жолын (командасын) жеке - жеке аударып отырып
орындайтын транслятор түрі.
Компилятор – бірден барлық программа мәтінін
толық аударып машина тіліндегі бір модуль түріне
келтіреді де, сонан соң сол модульді компьютер жадына
қайта жазып алып, оны кейін тек біздің алауымыз
бойынша орындайды.
Ассемблер – тек автокод түрінде яғни ассемблер
тілінде жазылған программаларды ғана машина тіліне
аударады.
Формальді тіл ұғымы
Х абстрактілі алфавитінде кез-келген шектелген әріптер тізбегі осы
алфавиттегі сөз деп аталады. Бұл жердегі сөз ұғымы өзіміз қолданатын
сөздер сияқты міндетті түрде бір мағынаны білдіре бермейді. Айталы қ х
алфавиті қазақ тілінің алфавит әріптерінен құралсын. Бұл жерде тыныс
белгілері және бос орындармен қоса алынған сөйлемде с өз бола алады.
Осылайша құрылған сөздер жиынын ішінен дұрыс сөздерді (қандайда бір
ереже бойынша дұрыс құрылған) анықтайтын формальді тіл қажет болады.
Формальді тілдің өзіне тән грамматикасы болады.
Грамматика формальді ережелердің шектелген жиынынан тұрады. Ал
осы формальді ережелерге сәйкес құрылған барлық сөздер дұрыс с өздер
болады. Қазіргі таңда информатикада формальді тілдерді тудыратын
бірнеше граматиканы беру әдістері жасалынған. Қарапайым әдістердің бірі
(әрі көп жерде қолданылатын) Бэкустің нормаль формалары деп аталатын
әдіс.
Формальды тілдер грамматикасын қарастыруды алгоритмнің қатаң
сипаттамасын құру қажеттілігінен келетін болсақ, шын мәнісінде
олардың қолданылу облысы әлдеқайда кеңірек. Формальды грамматика
негізінде программалау тілдері және оларға трансляторлар құрылады.
Жасанды интеллект есептерін шығару кезінде олар машиналық аудару ға,
сол сияқты эксперттік жүйелердегі өолданушылардың жауаптарына
синтаксикалық дұрыс сөйлемдерді генерациялау үшін қолданылады.
Формальды грамматикалар оқу және басқа да программаларда
қолданылады.
Формальді грамматика – формальді алфавиттің ақырлы символдарының
кезектескен жиынтығын сипаттайтын ережелер ж үйесі.
Формальді орындаушы – алгоритм бұйрықтарын талдай алатын және
қабылдай алатын субъект немесе құрылғы, соларға байланысты өзіні ң к үйін
өзгертетін және ақпараттың қадамдық өңделуін орындайтын механизмін
қамтитын құрылғы.
Формальді жүйе – көптеген бар объектілер арқылы және жаңа
компоненттерді құру ережелері арқылы дискретті компоненттер жиынты ғын
беретін математикалық модель.
Формальді тілді сипаттау тәсілі көрнекті деп есептеуге болады: оны
PASCAL программалау тілін құрастырушы Никлаус Вирт ұсынған – және
«синтаксикалық диаграммалар» деген атауға ие болған. Синтаксикалық
диаграмма – бұл объект-тілдің қандай-да бір терминалды емес символын
сипаттау схемасы (графикалық көрсетілуі). Схема үнемі бір кіріс және бір
шығысқа ие. Схема элементтері ретінде объект-тілдің дөңгелекке алынған
теминалды символдары немесе тіктөртбұрышқа алынған объект-тілдің
теминалды емес символдары қызмет атқара алады. Элементтер анықталатын
терминалды емес символдағы объектілердің ілесу ретін көрсететін
бағытталған сызықтармен өзара біріктіріледі. Келесі бейнелеулер
қабылданған: Біріктіретін сызық

Терминалды емес символдар

Терминалды символдар

Тармақталу

Айналып өту
Формальдық грамматиканың негізгі түсініктері.
Формалдық грамматика теориясында 4 тіл түрі
сәйкес келетін грамматиканың 4 түрі ерекшеленеді.
Бұл грамматикалар грамматика ережелеріне шектеу
қою жолымен анықталады.
Жалпы түр грамматикасы деп айтылатын 0
түріндегі грамматикалар тудыру ережелеріне
ешқандай шектеу қоймайды. Кез келген ережесі еркін
шынжырындық көмегімен құрылуы мүмкін.
Мән мәтінді – бағыныңқылы грамматика деп
аталатын 1 түріндегі грамматикалар кез келген
ережені қолдануға жол бермейді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1) Халықова К.З. Информатиканы оқыту әдiстемесi. Алматы,
Бiлiм, 2000, – 196 бет.
2) Бөрiбаев Б. Информатика және компьютер. Алматы, Бiлiм,
1995, – 247 б.
3) Шәріпбаева А. Информатика. Алматы-2003
4) Ю.А Блинков, А.Д. Ковалев, В.В.Мозжилкин, А.А.Орел
“Информатика” электронды кітабы
Назар
аударғандарыңызға
рахмет!

Ұқсас жұмыстар
Трансляция түсінігі
Трансляция түсінігі. Формальды тілдер түсінігі
Алгоритмдік тілдің алфавиті, синтаксисі және семантикасы. Тілдің синтаксисін синтаксистік
Трансляция түсінігі. Формальды граматика
лгоритмдік тілдің алфавиті, синтаксисі және семантикасы. Тілдің синтаксисін синтаксистік диаграмма және метатіл формуласы көмегімен сипаттау
Алгоритм туралы ақпарат
Компьютерлік білім
Алгоритмдік тілдің және семантикасы
ТАҢБАЛАР ЖҮЙЕСІ
Персоналды басқарудың мақсаты
Пәндер