Халық шаруашылығы үшін қаптамалардың маңызы




Презентация қосу
№23-24 Дәріс

Халық
шаруашылы
ғы үшін
қаптамалар
дың маңызы

Турдина Айгерим
ДӘРІС ЖОСПАРЫ:

1. ҚАПТАМАНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ
2. ҚАПТАМАНЫҢ ТҮРІНЕ ӘСЕР ЕТЕТІН НЕГІЗГІ
ФАКТОРЛАР
3. ҚАПТАМА МАТЕРИАЛДАРЫН ТАҢДАУ
ФАКТОРЛАРЫ
4. КЕҢІНЕН ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТАУАРЛАР ҮШІН
ҚАПТАМАҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
5. ҚАПТАМАНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Қаптаманың түрі және функциялары оған қандай тауар
оралатынына байланысты. Қаптама халық тұтыну
тауарлары және фирмалардың өнімдерін өткізу кезінде
қосымша құрал және ақпарат тасымалдаушы рөлін
атқарады.
Қаптама функцияларының бірі - оптималды складтауға келетін
қаптама бірліктерін шығару болып табылады. Тауарлар әртүрлі
жерлерде: шығарушыда, көтерме сатушыларда, магазиндерде,
порттарда (аэропорт, теңіз порты және т.с.) және тұтынушыларда
складтанады.
Жарамды қаптама құралын таңдау алдында тауарды
сақтаумен байланысты барлық ақпарат жинап алу қажет. Бұл
үшін клиенттерден төмендегі ақпарат алу керек:
• складтары қалай жабдықтандырылған;
• нақты тауар қандай тәсілмен және қандай жағдайларда складта
сақталады;
• тауар қанша уақыт және қандай температурада сақталады;
• жылы қоймлары қаншалықты жеткілікті;
• тауар қанша уақыт ашық жерде сақталады.
Сонымен бірге, тауар экспортталуы көзделген елдерді ң климатты қ
жағдалары ескерілуі керек (температурасы немесе ы ғалдылы ғы жо ғары
тропикалық немесе азиялық региондар және т.с.)

Қаптама түріне ықпал ететін тағы бір фактор – өндірушіні ң
складынан тұтынушыға дейін тасымалдау ға жұмсалатын уа қыт.
Кеңінен қолданылатын тауарлар үшін
қаптамаға қойылатын талаптар.
Кеңінен қолданылатын тауарлар үшін
қаптамалар бірқатар техникалық,
экономикалық және эстетикалық талаптарға
сай болуы керек.
Техникалық талаптар қаптама
жасалатын материал, оның конструкциясы
оралатын тауардың қасиеттеріне сай болуын
қарастырады. Материал мықты болу және
тасымалдау және сақтау кезінде тауардың
бұзылмауын қамтамасыз ету керек
Қаптама шығаруы арзанға түсуі керек,
аз орын алу керек және оралған тауармен де,
бос өзі де тасымалдауға оңай болуы керек.
Массасы мен көлемінің өзара қатынасы
(өзіндік масса коэффициенті) аз сан құрау
керек
Қаптаманың сыртқы бейнесі көз
тартатындау болу керек, ал формасы, түсі,
қаптамадағы мәтіндер мен суреттер жақсы
эстетикалық әсер етуі керек.
Қаптаманың қауіпсіздігі оның құрамындағы
организмге зиян тигізетін заттар тауарға к өшпейтінін білдіреді.
Зияны заттар қаптама материалында болуы мүмкін, біра қ олар
тауарға көшпеуі керек. Мысалы, металлды тарада темір, қалайы
немесе алюминий; қағазда – қорғасын; полимер материалдарда –
мономерлер болуы мүмкін.
Бұндай жағдайларда қаптаманың қауіпсіздігін оның бетіне
қорғайтын жамылыштар (тағамдық лар, және т.с.) енгізу немесе
бұйымның жарамдық мерзімін шектеу арқылы қамтамасыз
етіледі.
Қаптаманы түрлі-түсті қылып әрлеу үшін ҚР Денсаулық
министрлігімен рұқсат етілген бояғыштар қолданылуы керек.
Шыны және матадан жасалған тара ең қауіпсіз тара, ал
металлды және полимер тара ең қауіпті болып табылады.
Қаптаманың экологиялық қасиеттері – оны қолдану және
утилизациялау кезінде қоршаған ортаға елеулі зиян тигізбеу қабілеті.
Қаптаманың сенімділігі –механикалық қасиеттерін және немесе
герметикалығын ұзақ уақыт ішінде сақтау қабілеті.
Қаптаманың үйлесімділігі – ішіндегі тауардың тұтынушылық
қасиеттерін өзгертпеу қабілеті.
Өзара алмасушылық – қаптаманың бір түрінің оның екінші түрінің
орнын алмастыру қасиеті. Бұл жерде екі түрлі қаптама бір ма қсатта
қолданылу шарты қойылады.
Эстетикалық қасиеттер ең алдымен тұтынушылық тара үшін өте
маңызды болып табылады. Жоғары эстетикалық қасиеттері болу үшін
қаптама жасау үшін көрнекті материалдар (фольга, целлофан, полиэтилен
және т.б.) қолданылады, сондай-ақ а қаптаманы түрлі-түсті қылып
әрлейді.
Қаптаманың экономикалық тиімділігі оның құнымен, пайдалану бағасымен
және утилизациялау бағасымен сипатталады.
Қаптаманың құны қолданылатын материалдардан, сондай-ақ өндірістің
технологиялық қолайлылығынан тәуелді болып табылады. Мысалы, қағаздың құны
шыны немесе металлға қарағанда арзандау, есесіне шыны мен металлды оңай балқыту,
формалау немесе штамповкалауға болады.
Бір рет қолданылатын қаптама арзан, бірақ оны утилизациялауға көп қаражат
жұмсалады. Көп мәрте қолданылатын тара арзанға түседе егер ол 3-5 ж әне одан да
көп рет өолданылатын және жөндеуді қажет етпейтін болса.
Әртүрлі қаптаманың экономикалық тиімділігі бірдей болмайды және тікелей
оған салынатын тауардың ерекшеліктерімен байланысты.
Нарық жағдайының үнемі өзгеріп отыруына, тараның жаңа түрлерінің
шығарылуына, тауарларды жылдам және жеңіл жекешелендіру қажеттілігіне және
т.б. факторларға байланыты қаптамаға қойылатын талаптар алдағы уақытта
қатаңдай түсетін болады.

Ұқсас жұмыстар
Сүт сусындарына арналған қаптамалардың жаңа түрлері Қаймақпен сүзбеге арналған қаптамалардың жаңа түрлері
Сүт сусындарына арналған қаптамалардың жаңа түрлері. Қаймақпен сүзбеге арналған қаптамалардың жаңа түрлері туралы ақпарат
Дәрі - дәрмектер, олардың таблетка материалындағы маңызы
Сүт сусындарына арналған қаптамалардың жаңа түрлері
«Заманауи орауыштар мен қаптамалар түрлері»
Қаймақпен сүзбеге арналған қаптамалардың жаңа түрлері
Ресей Федерациясы
Орман ресурстары
Каналдың ішкі бетін қаптау тәсілдері
Аэрозольдер туралы түсінік
Пәндер