Кәсіпорынның өндірістік қорлары жайлы ақпарат




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ
МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
ИНЖЕНЕРЛІК - ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ

«Сала экономикасы» пәнінен
СӨЖ №1
Тақырыбы:Кәсіпорынның өндірістік қорлары

Орындаған: Тұрсынғалиев Қуаныш
ТЭ-215
Оқытушы: Нуралина К. Т.
Кәсіпорын – бұл дербес
шаруашылық жүргізетін бірлік,
меншігінде бар еңбек
құралдары көмегімен еңбек
заттарын өңдеп,
тұтынушыларға қажет дайын
өнім шығарып, пайда алу
мақсатымен оны өткізетін,
кәсіби ұйымдасқан еңбек
ұжымы.
Негізгі капитал (негізгі
қорлар,айналымнан тыс активтер,
негізгі құралдар) – бұл өзінің
құнын дайын өнімге біртіндеп,
белгілі бір бөліктермен, бірнеше
өндірістік цикл ішінде түсіретін
және өзінің натуралдық-заттық
формасын ұзақ уақыт бойы
сақтайтын, жоғалтпайтын еңбек
құралдары.
Өндірістік
қорлар

активті пассивті
(өндірістік процеске (өндірістік процеске
тікелей қатысатын) жағдай жасайтын)

Натуралдық баға беру
дегеніміз – олардың өндірістік
сипаттамасын беру деген сөз.
Негізгі
қорлар
ақшалай
Қолдану мақсатына қарай негізгі қор түрлері:
1) Ғимараттар (цехтер, қоймалар, т.б.);
2) Құрлыстар (көпір, тоннель, жолдар, т.б.);
3) Тасымалдау қондырғылары (құбырлар, электр тоғын
тасымалдау желілері, т.б.)
4) Машиналар және жабдықтар:
а) Күш машиналары және жабдықтары (энергияның
түрлерін шығарады);
б) Жұмыс машиналары мен жабдықтары (еңбек затына әсер
етеді);
в) Өлшеу және реттеу аспаптары;
г) Есептегіш техника және т.б.
5) Көлік құралдары;
6) Құрал-сайман, қызмет ету мерзімі 1 жылдан жоғары болатын
басқа құралдар);
7) Өндірістік және шаруашылық жиһаз;
8) Жұмысшы және өнім беретін мал;
9) Көпжылдық өсімдіктер;
10) Жер құнарлығын өсіруге қажет күрделі шығындар;
11) Басқа қорлар (мысалы кітапханалық қор).
Қызмет ету мерзімі 1 жылдан кем болатын заттар
негізгі қорларға жатпайды.
Кәсіпорын негізгі өндірістік қорлар
бойынша шаруашылық айналымын жүргізу
үшін мынадай сатылардан тұрады:
− Негізгі қордың тозуы;
− Амортизация;
− Негізгі қорды толық қалпына келтіру үшін
жинақталған қаражаттар;
− Капитал салымдарын жүзеге асыру жолдары.

Кәсіпорынның және басқа да әр түрлі
салалардың негізгі қор құрылымы мынадай
факторлармен анықталады:
− Өндірілген өнімнің көлемі мен сипаты,
− Өндірістің техникалық деңгейі,
− Мамандыру және т.б.
Өндірістік айналым қорлары —
өндірістік процессте бір рет қолданылады
және өзіндік құнын толығымен өндіріетін
өнімге аударады. Өндірістік айналым
қорлары өнеркәсіптегі айналым
қорларының ең негізгі бөлігі болып
табылады. Олар барлық айналым
қорларының өнеркәсіпте 70%, машина
өндіру мен мелалл өңдеуде 80% аса
бөлігін құрайды.
Өндірістік айналым қорларына шикізат,
негізгі және қосымша материалдар,
комплекттік бұйымдар, өндірісте
аяқталмаған өнім, отын, тара және басқа
еңбек құралдары.
Өндірістік айналым қорлары мынадай
топтарға бөлінеді:
•Өндірістік запастар. Оларға — шикізат,
негізгі материалдардың, отынның,
қосалқы бөлшектердің қалдығы, бағасы
100 тенгеден кем құнсызданғыш және
тозғыш заттар, арнайы құрал-саймандар
жатады.
•Аяқталмаған өндіріс. Оның ішінде өз
ішінде шығарылған жартылай дайын
өнімдер.
•Болашақ кезеңдердің шығындары —
жаңа өнімдерді әзірлеуге және игеруге
еткен шығындар.
Негізгі қорлардың ортажылдық құны - бұл
кәсіпорынның жыл ішіндегі негізгі қорлардың бар болуыны ң
орташа мағыналы көрсеткішінің құны. Негізгі қорлардың
ортажылдық құнын келесі формуламен есептеуге болады.

Фс = Фн + Фв · Тв/12 – Фл · Тл/12
мұндағы, Фн – негізгі қорлардың жыл басындағы құны;
Фв – жыл ішінде енгізілген негізгі қорлар құны;
Фл – жыл ішінде шыққан негізгі қорлар құны;
Тв – жыл ішінде енгізілген негізгі қорларды ң
функционирлену уақыты;
Тл – жыл ішінде негізгі қорлардың шыққаннан кейінгі
өтіп кеткен уақыт.
Негізгі қорларды пайдалануды сипаттайтын
көрсеткіштер
Көрсеткіштердің екі түрі бар:
1. Жалпылама сипаттама беретін:
—.Қор қайтарылымдылығы – негізгі қордың әр
бірлігінен шығарылатын өнім көлемі.

—.Қор сыйымдылығы – өнімнің бірлігіне
жұмсалатын негізгі қор мөлшері.

—.Қорлармен қарулану деңгейі – бір адамға
саналған негізгі қор құны.

Аорт.т. – өнеркәсіптік-өндірістік
персоналдың орташа тізімдік саны.
Негізгі қорларды жеке қолданылуын
сипаттайтын көрсеткіштер
жабдықтардың немесе өндірістік
ғимараттардың жеке топтарын
қолдану тиімділігін сипаттайды.
Жабдықты интенсивті пайдалану
коэффициенті = Өі.ж./Өпаспорт
(өнімділігіне қарай)
Жабдықты экстенсивті пайдалану
коэффициенті = Ті.ж./Тнәт (уақытына
қарай)
Жабдықты интегральды пайдалану
коэффициенті = Ки*Кэ (қуатына қарай)
Пайдаланылған әдебиеттер
1 Сергеев И.В. Экономика предприятия. М.:
«Финансы и статистика», 2000 г., 159-185 б
2 Грузинов В.П. Экономика предприятия. М.:
«Банки и биржи», 1999 г., 150-167 б
3 Экономика предприятия / под ред. О.И. Волкова,
М.: «Инфра-М», 1997 г., 146-165 б.
4 Бейсенова М., Садықбаева А. Кәсіпорын
экономикасы (есептер жинағы), Алматы: «Ғылым»,
2002 ж., 12-24 б
5 «Кәсіпорын экономикасы» курсы бойынша
практикалық сабаққа арналған есептер жинағы
/Оқу-тәжірибелік құрал/ Алибаева М.М.,
Қалдыбаев М.М.: 2005, 4-8 б

Ұқсас жұмыстар
КОРПОРАЦИЯНЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫ
КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ЖӘНЕ АЙНЫМАЛЫ ӨНДІРІСТІК ҚОРЛАРЫ
Кәсіпорын және оның негізгі өндірістік қорлары
АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ
Кәсіпорынның өндірістік қорлары жайлы
Кәсіпорын. Кәсіпорынның өндірістік қорлары
Кәсіпорынның материалдық қорлары
Кәсіпорын және оның өндірістік қорлары
КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ ҚАРЖЫСЫ
Кәсіпорын туралы түсінік және түрлері
Пәндер