XIX ғасырдағы қазақ ағартушылары және рухани мәдениет




Презентация қосу
XIX ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ
АҒАРТУШЫЛАРЫ ЖӘНЕ
РУХАНИ МӘДЕНИЕТ

Орындаған: Мусаканова Н.Е
Тексерген: Санкайбаева П.С
XIX ҚАЗАҚ АҒАРТУШЫЛАРЫНЫҢ
КӨРНЕКТІ ӨКІЛДЕРІНЕ ШОҚАН
УӘЛИХАНОВ, АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ ЖӘНЕ
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИНДЫ
ЖАТҚЫЗАМЫЗ.
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ ҚАЗАҚ ЖАЗБА
ӘДЕБИЕТІНІҢ НЕГІЗІН САЛДЫ. ҚАЗАҚ
ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІН
ӨЗІНІҢ БАЙ МҰРАСЫН МОЛАЙТТЫ.
ШОҚАН УӘЛИХАНОВ-ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНАН
ШЫҚҚАН ТҰҢҒЫШ ҒАЛЫМ,
ФОЛЬКЛОРШЫ, АҒАРТУШЫ БОЛДЫ.
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН-ҚАЗАҚ
ҚЫЗДАРЫНА ТҰҢҒЫШ МЕКТЕП АШУШЫ
ЖӘНЕ ОҚУЛЫҚ ЖАЗҒАН КӨРНЕКТІ
ТҰЛҒА.
Абай (Ибраһим) Құнанбаев
Құнанбайұлы (1845-
1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ 
әдебиетінң, қазақ әдеби тілінің негізін 
қалаушы, философ, композитор, аудармашы, 
саяси қайраткер, либералды 
білімді исламға таяна 
отырып, орысжәне еуропа мәдениетімен 
жақындасу арқылы қазақ мәдениетін 
жаңартуды көздеген реформатор. Абай 
ақындық шығармаларында қазақ халқының 
әлеуметтік, қоғамдық, моральдық 
мәселелерін арқау еткен.
Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен 
өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем 
ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс 
болған. Философиялық трактаттар стилінде 
жазылған «Қара сөздері»- тақырып 
ауқымдылығымен, дүниетанымдық 
тереңдігімен, саяси-әлеуметтік 
салмақтылығымен құнды
Абай мұрасы – қазақ
халқының рухани мұрасы,
мәдениетінің айнасы
Шоқан Шыңғысұлы
Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед
Қанафия; 1835 —1865)
— қазақтың ұлы ғалымы, XIX
ғасырдың екінші жартысында
Қазақстанда туған
демократтық, ағартушылық
мәдениеттің тұңғыш
өкілдерінің
бірі, шығыстанушы,тарихшы,

 фольклоршы, этнограф, геогра
ф, ағартушы. Әжесі бала
күнінде «Шоқаным» деп
еркелетіп айтуымен, «Шоқан»
аталып кеткен.
1847 жылы 12 жасар Шоқанды
әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу
орны болып есептелген Сібір
кадеті корпусына оқуға
орналастырады. Шоқанның бүкіл
келешегі мен ғылым, өнер
жолындағы талантын ашуда бұл
оқу орнының маңызы ерекше
болды. Мұнда жабық әскери оқу
орны болғанымен, көптеген
пәндер әскери сабақтарға қоса
орыс, батыс әдебиеті, географиясы
мен тарихы, философия, физика,
математика негіздері, шетел
тілдері оқытылып, орыстың озық
ойлы интеллигенттерінің өкілдері
сабақ берген. Оқытушылар
құрамында білімді және
прогресшіл ой-пікірлі адамдар көп
болған.
«Жоңғария
очерктері»,
«Қырғыздар
туралы
жазбалар»,
«Қазақтың
халық
поэзиясының
түрлері
туралы»,
«Ыстықкөл
сапарының
күнделігі»,
«Қытай
империясының
батыс өлкесі
және Құлжа
қазақтың аса көрнекті ағартушы-
педагогы, жазушы, этнограф,
фольклоршы, қоғам қайраткері
Ыбырай Алтынсарин қазақтың
ағартушылық тарихында және ұлттық
мектебінің қалыптасуында терең із
қалдырды. Ол 1841 жылы қазіргі
Қостанай облысының аумағында
дүниеге келген. Әкесінен ерте
айырылған ол атасының - белгілі би
және старшын Балқожа Жаңбыршиннің
қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала
кезінен бастап білімге және өз бетінше
оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп
оқыды, Ресей қоғамының білімді
адамдарымен жиі араласып тұрды.
Орынборда оқып жүрген кезінде
шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен
жақын танысып алды. Ол өзінің бай
кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің
еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге
құштар жас бос уақытының бәрін де
сол кітапханада өткізді.
.Алтынсарин қазақ балаларына білім мен
тәрбиенің негізгі көзі — оқулық деп қарап,
мазмұны бала табиғатына жақын, тақырыбы
таныс әрі қызықты кітап шығару керек деп
түсінеді. 1876 жылдан «Қазақ
хрестоматиясын» жазуға кіріседі. Хрестоматия
1879 жылы Орынборда басылады. Ыбырай
Алтынсарин 1876 жылы Н.Н. Ильминскийге
жазған хатында: «Татар тілінде жазылған
кітаптардан құтылу үшін, қазақ тілінде оқуға
арналған бастауыш кітабымды кеше ғана
бастадым », — деп жазады. «Мысалдарды
енгізгім кемейді, өйткені қатаң тұрмыста өскен
қазақтарға бұдан гөрі мәндірек әңгімелер
болады.
Бұл үш тұлға қазақ халқының рухани
мәдениетінің дамуына, жаңаруына үлкен үлес
қосты. Ағып жатқан таза бұлақтай халықтың
шығармаларымен, білімімен шөлін қандырды. Басқа
ғалым, жазушы, ақындарға арна болды.

Ұқсас жұмыстар
Қазақ газеті туралы дерек
Қазақтың ағартушылық философиясы
ҚАЗІРГІ ЗАМАН МӘДЕНИЕТІ
ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ ЖАЙЛЫ
Мәдениет тілі
Мәдениеттің мәтіндік концециялары
Дінтанудың дін философиясынан айырмашылығы
Кеңестік философтар және олардың көзқарастары, тұжырымдары
Рухани мәдениеті
Қазақстанның қазіргі заман тарихы кезеңделуі
Пәндер