Ауыл шаруашылығында қолданатын бактериалды препараттар туралы ақпарат




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Ауыл шаруашылығында
қолданатын бактериалды
препараттар
Жоспар
• Ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру
• Нитрагин
• Азобактерин
• Фосфоробактерин
Ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге қажетті
агротехникалық шаралардың бірі - бактериялы
тыңайтқыштарды қолдану.Бұл тамыр айналасындағы
топыракты микроорганизмдердің пайдалы
топтарымен байытып, өсімдіктердің қоректенуін
жақсартады. Сөйтіп дақылдар өнімділігін арттырады.
Біріншіден - бактериялы тыңайтқыштардағы микроорганизмдер
өсімдіктерге аса қажетті физиологиялық активті заттар да
(ауксиндер, витаминдер, түрлі органикалық қышқылдар т. б.)
түзеді

Екіншіден - микроорганизм-дердің бір тобымен тотіырақты
әрқашан байыту нәтижесінде, олар-дың басқа топтарының
тіршілігін жандандыруға және жақсартуға болады. Соның
нәтижесінде өсімдіктерде косымша қоректік заттар түзіледі.

Үшіншіден - бактериялы тыңайтқыштармен бірге келіп түскен
микроорганизмдер өсімдіктерді ауруға шалдықтыратын кейбір
микробтарды жояды (мәселен, фосфоробактеринді колданғанда
күибағыстың склеротиния ауруы азаяды, бәсеңдейді)

Төртіншіден - бактериялы тыңайтқыштар топырақты пайдалы
микроорганизмдерге байытады.
Осыған байланысты біздің елімізде ұзақ жылдар бойына зерттеулер
жүргізілді. Соның нәтижесінде, микроорганизмдерді ң пайдалы
топтары табылды, олар жеке б өлініп алынып ұқыіпты зерттелді.
Нәтижесінде, олардан практикаға қажетті бактериялы
тыңайтқыштар даярланды. Мұндай тыңайтқыштарға нитрагин,
азотобактерин, фосфоробактерин, торфты - ізбесті қоспада өсірілген
бактериялардан даярланған «АМБ» тыңайтқыштары және силикат
бактерияларынан әзірленгеи препараттар жатады. Міне, осы
тыңайтқыштарды жеке қарастырып, оларға сипаттма береміз.
Нитрагин
Нитрагинді қолданғанда астык
өнімі гектарына 2-3-ге дейін, ал
шөп 50-60-ге дейін артатыны
анықталды. Сонымен қатар,
бұршақ тұқымдастардың
түріне байланысты күзде
егістің әрбір гектарында
шамамен 20-дан - 2000 /сг-ға
дейін азот жиналады. Бұл осы
дақылдардан кейін егілген
өсімдіктердің өнімділігін
арттырады.
Практикада жаңа жерлерге егілген
бұршақ тұіқымдас өсімдіктер бірден
өніп-өсіп, өнім бере алмайтыны
байқалады. Бұл жерде оларға қажетті
түйнек бактерияларының
болмауынан деп түсіндіріледі.
Сондықтан бұршақ тұқымдастар
жаңадан егілетін аудандарда
нитрагинді қолдану кажетті
агротехникалық шаралардың бірінен
саналады. Бұл қосымша өнімді 50%-
ке дейін арттырады. Сонымен қатар,
бұршақ тұқымдастар көп жылдан
бері өсіріліп келе жатқан аудандарда
да, тұқымға әлсін-әлін нитрагинді
жұқтыру, қосымша өнімді 15-тен
20%-ке дейін арттырады.
Азотобактерин

Ауыл шаруашылығында мұны кеңінен қолдану мақсатымен Бүкіл
одақтық ауыл шаруашылык микробиология институты
азотабактерден тыңайтқыш жасап шығарды және оны азотобактерин
деп атады. Жалпы азотобактеринді даярлау 1937 жылдан басталды.
Қазіргі кезде оны бактериялы тыңайтқыштар даярлайтын заводтар
әзірлеп, шаруашылықта кеңінен лайдаланып келеді.
Азотобактеринді даярлаудың бірнеше тәсілдері бар. Әдетте
лабораторияда және заводтарда агарлы азотобактерин даярланады.
Бұл үшін алдын ала қантты микроэлементтерді
және борды суда ерітеді. Алынған ортаны қатты
күйге айналдыру үшін, 1,5—2%-тей агар қосады.
Осындай коректік ортаны 0,2—0,5 литрлік с үт
бөтелкелеріне құйып, залалсыздандырады да,
сүйықты көлбей қатырады. Осы көлбей
қатырылған ортанын бетіне азото-бактерді себеді.
Бұдан кейін бөтелкелерді температурасы +25—27°
жерде 4—6 күндей ұстайды.
Қоректік зат бетінде азотобактер қалың шырыш
түрінде өседі, кейін ол қара қошқыл түске
айналады. Осындай бөтелкедегі азотобактер
клеткасының саны 40 миллиардқа жетеді. М ұндай
препараттарды үш ай ішінде қолдану керек.
ФОСФОРОБАКТЕРИН.
Топырақтағы күрделі фосфороорганикалық қосылыстарды
және минерал фосфаттарды өсімдіктерге онай сіңетін түрге
айналдыруда микроорганизмдердің ролі зор. 1935 жылы Р. А.
Мекина топырақтан осындай микроорганизмнің бір түрін тапты.
Оны бациллус мегатериум фосфатикум деп атады. Бұл бактерияда ң
фосфоробактерин деп аталатын тыңайтқыш даярлана-ды. Бұл
бактериялар тамыр айналасында тіршілік етіп, топырақ-тағы
нуклеин қышқылының іқүрамындағы фосфордың 86%-тін
өсімдіктерге оңай сіңетін күйге айналдырады.
Фосфоробактерин заводта өндіріледі. Ол үшін алдымен сұйық
қоректік орта даярлайды да, оны ферментер деп аталатын арнаулы .
Құрғақ фосфоробактерин аппаратқа құяды. Содан кейін
алдын ала даярлап, яғни өсіріп қойған фосфор бактерияларын
қоректік ортаға араластырады. Ферментерге 30-дан 48 са ғат қа дейін
үздіксіз басқа микробтардан таза ауа үрленеді. Осылай еткенде
коректік сүйыктың әрбір милли-литрінде 1-ден 3 миллиардқа дейін
бактерия клеткалары пайда болады. Ферментерлердегі ортада ғы
бактериялар көптөп спора түзе бастағанда өсіруді тоқтатады.

Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылығында колданатың бактериалды препараттар
Биологиялық препарат түрлері
Ауыл шаруашылығында қолданылатын бактериалды препараттар жайлы
Ауыл шаруашылығында қолданылатын бактериалды препараттар
Ауыл шаруашылығында қолданатын бактериалды препараттар жайлы ақпарат
Бактериалды биопрепараттар. Сипаттамасы
Биотехнология өндірісі
Параметрлерді сырттай реттейтін үздіксіз культивирлеу БоксУилсон әдісі
Топырақ экологиясы
Ауыл шаруашылығындағы биотехнология
Пәндер