ГОСТ және ОСТ,олардың су,ауа,топырақ,сүт,ет және мал шаруашылығы өнімдерін микробиологиялық және вирусологиялық бағалауға қажеттілігі




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының Ғылым және
Білім министірлігі Семей қаласының Шәкәрім
атындағы мемлекеттік университеті

Орындаған:Мырзабекова Н.Т
Тексерген:Омарбеков Е.О
ЖОСПАР

ГОСТ және ОСТ,олардың
су,ауа,топырақ,сүт,ет және мал
шаруашылығы өнімдерін
микробиологиялық және вирусологиялық
бағалауға қажеттілігі

Дезинфекция тиімділігін бақылау
ГОСТ-арнайы арналған нормаға сәйкес
келетін Қазақстанның стандарты.ГОСТ бұл
мемлекеттік стандарт болып табылады.
ОСТ-халықтық,яғни біздің мамдығымызға
сәйкес мамандықтар немесе ветеринариялық
санитариялық салалық стандарт болып
табылады.
Мемлекеттік стандарт – елдің құзырлы мемлекеттік органы бекітетін тауарлар
мен қызмет түрлерінің стандарты, сондай-ақ стандарттау объектілері нормаларын,
ережелерін, оларға қойылатын талаптарды белгілейтін, құзырлы мемлекеттік орган
бекіткен нормативтік-техникалық құжат.
Қазақстанда стандарттау мен метрологиялау жүйесі 20 ғасырдың 20-жылдарының
ортасынан дами бастады. Ол ұлттық өнімдердің сапасы мен бәсекелестігін
арттыру, табиғат және энергетика ресурстарының шынайы есебін жүргізу және
айналадағы орта мен халықтың денсаулығын қорғау міндеттерін шешу
мәселелерімен тығыз байланысты болды.
1993 жылы “Стандарттау және сертификаттау туралы” және “Өлшемдер бірлігі
туралы” Қазақстан Республикасының алғашқы заңдарының қабылдануы
Қазақстанда мемлекеттік стандарт дамуының жаңа кезеңіне жол ашты. Бұл заңдар
1999 және 2000 жылдары толықтырылды. Осы заңдарға сәйкес Қазақстан Үкіметі
стандарттау жұмыстарын реттеудің нормативтік құжаттарын дайындады.
Қазақстанның Мемлекеттік стандарт органы 1994 жылдан бері Стандарттау
жөніндегі халықараралық ұйымға (ІSO) мүше. Қазақстанның стандарттау жүйесі
стандарттау мен сертификаттау жөніндегі ұлттық бағдарламаға негізделген,
Қазақстан кәсіпорындары ІSO-ның халықараралық стандарттары бойынша жұмыс
істейді. Қазақстан Республикасында мемлекеттік стандартты дайындау үшін
жиырмаға жуық техника стандарттау к-ті құрылған. Олар әсіресе тамақ
өнеркәсібі, қоршаған ортаны қорғау, көмір және металлургия өндірістері сияқты
салаларда жұмыс атқарады
..

Біздің мемлекетте өндірілетін және
шет мемлекеттен әкелінетін азық-
түлік пен тағамдық
өнімдердің,шикізаттардың адам өмірі
үшін қауіпсіз,сапасы ды сұраныс
деңгейіне сәйкес болуы
тиіс.Өндірілетін өнімнің және
көрсетілетін қызметтің сапасы
тұтынушылардың сұраныс талабына
сай болуы үшін, өндірілетін сапа
көрсеткіштерін және өнім мен қызмет
сапасын сертификаттап, жоғары
сапалы тауар шығаруға және ол
өнімдердің сапасы ішкі және
халықаралық бәсекелестікке лайық
қамтамасыз етілуі қажет.
..
Ет және ет өнімдерінің сапасын сараптау.
Нарыққа түсірілген ет және ет өнімдерін міндетті түрде
сараптау жүргізеді. Нарыққа түскен еттің тексерілген,
тексерілмегенін оған тәуелсіз сараптау жүргізу арқылы
тексереді.
Ет комбинаттарында сараптаудан өтіп таңба басылған
ет және ет өнімдері фирмалық дүкендерге таратылуға
жіберіле береді. Нарықта ет және субөнімдері
таратылғанда, тек дені сау малдардан таратылады. Ет
және ет өнімдерінің сараптауын нарықта, ветеринарлық
тәжірибесі бар немесе инспекторлық тәжірибесі бар
дәрігер ғана тексереді.Нарықтың территориясына
сатуға түскен ет және ет өнімдері міндетті түрде
нарықтың сараптау лабораториясында вет-санитарлық
бақылаудан өтеді.
Мемлекеттік қадағалау органдары мұндай жағдайда сауда гигиенасы жағдайларын,
таңбаларды және құжаттарды бақылаумен шектеледі. Ал сауда ережелері бұзылған жағдайда
немесе өнімнің сапасына күдік туған кезде, сонымен қатар таңба дұрыс басылмаған жағдайда
жалпы негіздерге сүйене отырып, қайта сараптауды жүргізеді.
Нарықта сараптау үшін таңбасы бар бүтін, жартылай, ширек ұшалар ұсынылады
(паринхиматозды органдарымен), ал шошқа, жылқы, сиыр еті міндетті түрде басымен болуы
керек. Төртбұрышты таңбасы бар ет нарыққа түскен кезде жалпы негіздерге сүйене отырып,
ұшаларының ішкі органдары және бастары сараптаудан өткізіледі. Овалды таңбасы бар ет
түскен кезде оның балғындығына және жарамдылық мерзіміне аса мән береді.
Органолептикалық көрсеткіші бойынша күдікті ет зертханалық тексеруге жіберіледі. Ет
кәсіпорындарында дайындалған, дайын ет өнімдері және еттің жартылай фабрикаттары,
нарыққа сатуға, тек қана өнімнің қауіпсіздігін дәлелдейтін құжаттары болған жағдайда ғана
жіберіледі. Нарықта бір күн бойы сатылмаған және базардан тыс мұздатқышта сақталмаған ет
және ет өнімдері келесі күні қайтадан сараптауға жіберіледі. Базарда сатуға және сараптауға,
бөлшектенген, кептірілген еттер, ет фарштары және жартылай фабрикаттар сатылуға
жіберілмейді. Сатуға әкелінген ет және субөнімдерінің иесі, бекітілген талапқа сәйкес
ветеринарлы анықтама немесе ветеринарлы куәлікті көрсетуі тиіс. Ветеринарлы куәліктер және
ветеринарлы анықтама берілген уақыттан бастап, ет және ет өнімдерін 3 тәулік бойы ғана
жарамды деп есептейді. Бұл құжат әр шрифттармен, сиялармен, жазулармен толтырылса және
мөрі болмаса немесе мөрі анық қойылмаса, қол қойылмаған болса, ветеринарлық дәрігердің
аты-жөні толық жазылмаған болса, бұл құжат жарамсыз болып табылады. Егер сатуға
ветеринарлық құжаттары жоқ ет және ет өнімдері жеткізілсе, сәйкес құжаты көрсетілмегенше
оларды санитарлы камераға қойып қояды. Егер ветеринарлық куәлік немесе ветеринарлық
анықтама көрсетілмесе, ет және ет өнімдері зертханалық тексеріске жіберіледі немесе
иелеріне қайтарып беріледі. Ұшаларға және ішкі органдарына санитарлы бағалауды және
сараптауды ережеге сәйкес жүргізеді.Сараптау және зертханалық тексеру жүргізу үшін үлгі
алуды «Тағам өнімдерін зертханада тексеру үшін, қала администрациясымен бекітілген
ережелерге» сәкес жүргізіледі.
Ірі қара мал етін қабылдау, өңдеу, тасымалдау және сақтау.

Ет өңдеу цехына қабылдайтын мал еттері, саны және сапасына байланысты
жүргізіледі. Етті әр түріне байланысты қабылдайды. Партия деп – бір категориялы,
бір түрлі термикалық өңделген, сапасы бір ветеринарлық куәлікпен және бір құжат
формасымен толтырылған, қабылдау бір уақытта жүргізілген мал еттерінің шикізат
санын айтады.
Мал еттерін жергілікті жерде сатқанда және оларды кәсіпорын орнында өсіретін
жолмен өңдегенде, сапасын куәләндыратын куәлік беріледі немесе тауарлы –
тасмалдау құжатында арнайы штамп қойылады.
Мал еттерін қабылдап алу мына стандарттар талабына сай іске асырылады. МСТ
779, МСТ 20079, МСТ 16020.
Сиыр және жас малдың етін қабылдау, саны және сапасына байланысты
жүргізіледі.
Ірі қараны және бұзауды партиямен қабылдайды. Ірі қара немесе бұзау саны
бір категориялы партиямен болады, термикалық өңдеу бір түрде, сапасы,
ветеринарлық куәлігі және бір құжат формасымен толтырылады, қабылдау бір
уақытта жүргізіледі.
Ірі қарада және бұзауда орнықты таратуға және өндірісік өндеуге шығарылған
орнына, өнеркәсіпте сақтауда сапасына құжат (өңдеуде шығарылған орнында
өнеркәсіпте сақтауда) беріледі немесе тауарлық тасымалдау құжатына сәйкестік
мөр қойылады.
Ірі қараны және бұзауды қабылдау, көрсеткіштері мен талаптарына сәйкес
берілген стандарт бойынша жүргізіледі. Ал ұшаға жартылай ұшаға және төрттен
бір бөлігіне тексеру қабылдаған кезде жүргізіледі.
Еттің сапасын сараптау

Сынақ әдістері.
Мал еттерінің салмағын топ-тобымен қаттелігі 0,1% дейін жіберілген
таразымен өлшейді. Ет температурасы МСТ 9177-74 талабына сай
шыны термометрмен (сынақсыз) анықталады. Суыған, тоңазытқан
және мұздатқан мал еттерінің температурасын жамбас немесе
жауырын еттерінен 1 және 6см тереңдіктен өлшейді.
Сынақ нәтижесі ретінде орта арифметикалық мағына көрсетіледі.
Еттің жаңа екендігіне күмән туған жағдайда, үлгі алуды және сынақ
әдістерін МСТ 7269-79, МСТ 23342, МСТ 1946 бойынша өткізіледі. Ал
етті бактериологиялық сынақтан МСТ 21237 бойынша өткізіледі. Еттегі
пестицидтерді Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау
Министірлігі бекіткен әдістемелермен анықтайды.

Сапа параметрлерi
Еттiң сапасы, өнiм және тұтынушылық шикiзаты ретiнде тағамдық
құндылығымен және сенсорлы, санитарлы-гигиеналық, технологиялық
көрсеткiштермен анықталады.
Еттiң сапасы келесi параметрлермен сипатталады:
• тағамдық және биологиялық құндылығы;
• органолептикалық қасиетi;
• физико-химиялық көрсеткiштерi;
• қауiпсiздiгi.
Сүттің қоректілік қасиеті малдың
тұқымына,сауылу маусымына,малды бағып
күтуде,қондылығына байланысты болып
келеді.Сүт сапасын арттыру үшін оны
механикалық қоспалардан
тазартады,салқындатады және сүт
зауыттарына жөнелткенге дейін 6-8
температурада сақтайды.Сүт адамзаттың
ежелден келе жатқан тағамы.Сүттің бір
бөлігін кілегей алу және майсыздалған сүт
алу мақсатындада қолданады.
Сүт өндірудің санитарлық тәртібі
Сүт айналамыздағы қоршаған ауада пайда болған барлық иісті
сіңіруге өте қабілетті. Ол микроорганизмдердің көбеюі үшін қолайлы
орта.
Сиыр қораны қидан тазартып және сиырларға азықты үлестіріп
болғаннан кейін, оны әбден тазартып, қораны жақсы желдету керек.
Иісі бар азықты сиырға сауып болысымен немесе саууға 1-2 сағат
қалысымен берген жөн. Сиыр сауу үшін алдында сауыншылар және
сүтпен айналысатын басқа адамдар қолын сабындап жуады, үстіне
сауын кезінде киюге арналған тза халат кейіледі.
Сүтке микробтар негізінен алғанда мал терісі арқылы түседі. Сиырлар
лас орында жатқанда емшегін нәжісімен несебіне былғап алады. Осы
себептен бактерия емшектің сыртқы тесігі арқылы кіріп қолайлы
температура жағдайында көбейеді, сөйтіп бактериялы тығын жасауы
мүмкін. Мұны бөлек ыдысқа сүтпен алғашқы порциясын сауып құртуға
болады. Сиырды сауар алдында желіні мен емшегін жылы сумен жуып,
құрғағынша сүртеді, жеңіл массаж жасайды. Желін мұндай
дайындықтан кейін серпімді келеді де, сауыншылар айтқандай сиыр
жақсы ииды.
Сауу процесінде (қолмен сауғанда) және машинамен сауған кезде
желіннен қан, ірің және ірімтік қою зат ақпауын қадағалаған жөн сол
сияқты сүттің түсіне көп көңіл бөлу керек
Сүттің бактериялық ластануы, ГОСТ 9225-87 стандартқа сәкес. Бұл
әдіс «микробиологиялық зерттеулер әдісі» бойынша анықталады.
Ол редуктаза ферментінің метилен көгімен ағару әдісімен
анықталады. Бұл әдіс микробтардың редуктаза ферментінің
метилен көгіндегі оттегі молекуласын қосып алуын пайдаланады.
Метилен көгі мен оттегі молекуласы неғұрлым тез кетіп, ағаратын
болса, микробтар санының да соғұрлым көп болғаны. Бұл
тәжірибеде біз стерильденген пробиркаға 1мл метилен көгін құйып,
үстінен анықтауға арналған, стерильденген 20мл сүт қосып,
тығынмен тығындап араластырамыз. Пробирканы 380С
қыздырылған су ваннасына салып, уақытты белгілейміз. әр екі сағат
сайын сүттің ағарғанын зерттеп тұрдық. Метилен көгі ағарса
анықтау уақыты бітті деп есептеледі. Ал біздің зерттеуіміз бойынша
сүт 5 сағаттан астам уақытта ағарды. Яғни бұл сүттің сапасы жақсы
екенін таблицамен салыстыра отырып байқыдық. Бұл сүттің бір мл-
де 500 мыңнан аз бактериалар кездеседі. Нәтижесінде біз
зерттелген сүттің мемлекеттік стандарт талаптарына сай,
микрофлора саны тиімді, нормадан аспайтынын анықтадық.
Дезинфекция (зарарсыздандыру) –
қоршаған ортадағы инфекциялы
аурулардың қоздырғыштарын жою
және бұл жұқпалы аурулар мен
бактериялдық
қоздырғыштардың,вирустық
этиологиялардың алдын-алу шаралар
кешені.
Дезинфекцияның мақсаты: емдеу
сауықтыру мекемелерінің
палаталарынан сыртқы ортаның
объектілерінен инфекциялы
аурулардың қоздырғыштарын кетіру
және жою.
Дезинфекция
Дезинфекцияның тиімділігіне әсер етеді

Дезинфекция
құралдарының Дезинфекцияның
Өңдеу
әртүрлі физика-
материалының
микроорганизмдерд химиялық
ің биологиялық сипатына
қасиетіне
орнықтылығына

Обьектідегі
микробтың Әсер ету
жаппай уақытына
таралуына
Алдын-алу
немесе Ошақты
профилактика
лық залалсыздан Дезинфекция
залалсызданд дыру
ыру
Дезинфекция сапасын бақылау:
1. Санитарлық – эпидемиологиялық станция (дезстанция)
әдістемелік басқаруды қамтамасыз етеді және әр ошақтан 5
–тен кем емес шайынды алу арқылы зертханалық әдістерді
қолдана отырып күнделікті дезинфекцияның сапасын
бақылайды.
2. Ошақтардағы күнделікті дезинфекциялаудың бақылануы
міндетті түрде іш сүзегі, парасүзектің, бактериялық
дизентерия, түбіркүлез, күл, саңырауқұлақтық аурулар,
салмонеллез кезінде атқарылады. Басқа инфекциялар
кезінде бақылау эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша
жасалады.
Егер алынған оң нәтижелі шайындылардың саны 3% - тен
төмен болса, дезинфекциялық препараттың қалдық
мөлшерін тексергенде теріс жедел сынамалардың саны 3%
- тен аспаса, ал дезинфекциялық ерітінділердің
қанағаттанарлықсыз нәтижелерінің саны 5% - тен жоғары
болмаса, дезинфекцияның сапасы қанағаттанарлық деп
саналады. Егер ауруды тапқаннан кейін 3 сағаттан кеш емес
уақыттың ішінде талаптарды тұрғындар орындай бастаса,
күнделікті дезинфекция өз уақытында жасалған деп
саналады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
14. МСТ 7595-79 Ет. Сиыр етін жеке сауда үшін
бөлу.
15. «Качество мясо и мясопродукта». Ю.Ф. Заяс –
Москва - 1981. Изд. «Легкая и пищевая
промыщленность».
16. «Ветеринарно-санитарная экспертиза
стандартизация и сертификация продуктов». Под
редакцией академика НАН РК профессора К.Е.
Елемесова, засл. Деятеля науки РК профессора
Н.Ф.Шуклина – Алматы - 2002.Том І.Изд. «Credo».

Ұқсас жұмыстар
1)ГОСТ және ОСТ,олардың су,ауа,топырақ,сүт,ет және мал шаруашылығы өнімдерін микробиологиялық және вирусологиялық бағалауға қажеттілігі 2)Дезинфекция тиімділігін бақылау
)ГОСТ және ОСТ,олардың су,ауа,топырақ,сүт,ет және мал шаруашылығы өнімдерін микробиологиялық және вирусологиялық бағалауға қажеттілігі 2)Дезинфекция тиімділігін бақылау
ГОСТ және ОСТ
ГОСТ және ОСТ, cу, ауа, топырақ, мал өнімдерінің микробиологиялық және бактериологиялық қажеттілігі. Дезинфекцияның тиімділігі
ГОСТ және ОСТ,олардың су,ауа,топырақ,сүт,ет және басқа мал шаруашылығы өнімдерін микробиологиялық және вирусологиялық бағалауға қажеттілігі
МЕСТ стандарт бойынша сүтке қойылатын талаптар
Санитарлы микробиологиялық зертеу жүргізудің принциптері
Ветеринарлық зертхананың негізгі қызметі
Негізгі тұтынушылар - өнеркәсіп орындары және ауыл шаруашылығы
СУДЫ ТАЗАЛАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Пәндер