Адамгершік




Презентация қосу
Адамгершік

Дайындаған:Аханов С М
Е – 413
Тексерген: Жакпарова Г. А
Мақсаты:
Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа,
әдептілікке,кішіпейілділікке баулу арқылы өз халқының
салт-дәстүріне үйрете отырып,жаман әдеттерден аулақ
болуға, кішіге қамқор, үлкенге құрметпен қарауға,
ізетті болуға тәрбиелеу.
«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас
жауы» деген екен ғұлама Әл-Фараби. Адамның
жоғарғы қасиеті – оның адамгершілігі.
мейірім

намыс достық

Адамгершілік

ерлік әдептілік

сыпайылық
Адамгершілік принциптері әлеуми-мәдени дамуды ң жемісі.
Адам тумысында жақсылыққа да, зұлымдыққа да үйір емес.
Адамгершілік белгілерінің қалыптасуына ерекше әсер еткен
мынадай факторлар бар: жыныстыққа қа-тынастарды
реттеу, қандастарын өлтіруге тыйым салу, әлсіздерге
қамқорлық ету, ең-бектің қоғамдық жолмен бөлінуі
және адамдар арасындағы ынтымақтастықтың
қалыптасуы.
Адамгершілік
құндылықтардың қалыптасуы
үшін жүйелік (қоғамдық,
мемлекет) және тұлғалық
мүшелердің ара салмағын дұрыс
айқындаудың маңызы зор. Жеке
адамды әлеуметтік
қатынастардың жемісі деп
қарастыру адамды бағаламауға
әкеп соғады (соц. идея).
Тоталитарлық қоғамдағы "Ортақ
мүдде жеке адам мүддесінен
жоғары" деген ұран
Адамгершілік
қағидаттарыныңнұқсан келтірді.
Адамгершілік қағидаттарыңың сақталуы өтпелі
қоғам жағдайында ерекше маңызды мәнге ие
болады. Бұл кезеңде ұлттық дәстүрлі
дүниетаным мен әдепке
жат маскүнемдік пен нашақорлық, рэкет
пен жезөкшелік, қатыгездік сияқты теріс мінез-
құлықтар өріс жаюы мүмкін.
Адамгершілік құлық адамның езінің
әлеуметтік қалыптасу тарихымен,
мәдениетінің бой кетеру үдерісімен бірге пайда
болған. Осы, мораль туралы мәселе адамзат
тарихының қапас түнегінде, тіпті сана сәулесі
жетер-жетпес қадым заманда жатыр.
В.Соловьев: “Адамгершiлiк бiр адамның екiншi адамға
сыйлай салатын заты емес, ол өзiнiң тәжiрибесi арқылы
ғана жететiн адамның iшкi жағдайы”- деп
адамгершiлiктiң құндылығына ерекше тоқталған.
Тәрбие мәдениетi — өмiрдiң өзi сияқты күрделi де көп
қырлы.
Адамгершiлiк – қоғамдық өмiрдiң объективтiк
заңдылығына сәйкес, адамдар арасындағы
қарым-қатынастарды реттеуге негiз болып
табылатын талапқа сай белгiлi бiр имандылық
шарттарын бiлдiретiн ұғым

Ұқсас жұмыстар
Адамгершілік
Адамгершілікке тәрбиелеу құралы — еңбек пен ата-ана үлгісі Ыбырай Алтынсарин
Өзін өзі - тану
Рухани адамгершілік білімінің қазіргі әлемдегі басымдылығы
Оқушыларға адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын білуге үйрету
Педагогикалық талант иегері
ПЕДАГОГИКА
Қазақ халқының рухани адамгершілік дәстүрлерінің тұлға тәрбиесіндегі аксиологиялық аспектісі
Адамның рухани саулығы
Медицина қызметкерлерге қойылатын талаптар
Пәндер