Лалагүл




Презентация қосу
Лалаг үл

Орындаған: Нуркенова Г.Т
Тексерген: Джаманова Г.Е
Тобы: Аг - 213
ЖОСПАР

Биологиялық сипаттамасы
Бөлме лалагүлдері
Лалагүл гүлінің морфологиясы
Лалагүлділердің будандары
Лалагүл гүлінің түрлері
Лалагүл гүлінің ерекшеліктері
Биологиялық
сипаттамасы
Лалагүл (Lіlіum) —
лалагүл тұқымдасына жататын көп
жылдық, жуашықты өсімдіктер.
Қазақстанда кездесетін жалғыз түрі
— бұйра Лалагул (L. maztadon) —
Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар)
Алатауында кездеседі. Орманды,
таулы, шалғынды жерлерде өседі.
Биіктігі 60 — 100 см, сабағы түкті.
Жапырағы таспа, немесе қандауыр
пішінді, ұзындығы 8 — 10 см, ені 1,5
— 2 см. Гүлдері ірі, жеке немесе
шашақ гүл шоғырына топталған.
Ашық қызыл, қызыл сары түсті қара
дақтары бар, түкті, олар түтік
немесе қоңырау
пішінді, ұзындығы 13 — 15 см, хош
иісті. Жемісі — қауашақ, көп
тұқымды. Маусым — шілдеде
гүлдейді.
Лалагүл гүлінің
морфологиясы
Лалагүл – көпжылдық бақша
өсімдігі. Көгалдандыру саласына ежелгі
Рим дәуірінде енген. 110 жуық табиғи
түрі болса,бүгінде сұрыптаушылардың
арқасында саны 4000 жетті. Гүлінің
түсі ақтан қараға дейінгі аралықта.
Тіпті, бір гүл бірнеше гүлден тұратын
түрлері де бар.Шілде, тамыз айларының
аралығында гүлдейді. Бойының биіктігі
40см-ден 3метр аралығында. Лалагүлді
к үн жақсы түсетін гүлзарларға
отырғызу қажет. Жапондық лалагүл
ғана суыққа шыдамсыз
келеді.Сондықтан оны қысқы суықтан
қорғап, күзде бетін топырақпен жабу
керек. Тұқымы арқылы өте сирек
көбейтіледі. Сұрыпты түрлерін тұқымы
арқылы көбейтуге болмайды. Аналық
көшеттің түбін бөлу арқылы көбейтеді.
Бөлме лалагүлдері
Лалагүлділердің будандары төмендегідей топтарға
бөлінеді:

1. Азияттық будандарды орталықазиаттық және шығысазиаттық түрлерден
алады. Бұл-гүлдері жоғарыға немесе бүйірге бағытталып өскен, көлемі
орташа өсімдіктер.
2. Америкалық будандарды лалагүлдердің америкалық түрінен алады.
Олардың сыртқы пішіні малақайға ұқсайды және гүлдерінің хош иісі бар.
3. Мартагон будандарын бұйралаған лалагүлден алады. Мұндай будандардың
да гүлдерінің пішіні малақайға ұқсайды, бірақ иісі жағымсыз.
4. Кандидум будандарын ақ лалагүлден және басқа еуропалық түрлерден
алады. Бұл гибридтердің кейде жағымды иіс шығаратын сыңар гүлдері немесе
гүл шоғыры болады.
5. Ұзын гүлді будандар - жағымды хош иісті, пішіні воронка тәрізді гүлдері
болады.
6. Түтіктілер немесе аурелиан будандар азиялық түрлерден алынады.
Гүлдерінің иісі жағымды, пішіні воронка тәрізді.
7. Шығыс будандарын шығысазиаттық түрлерден алады. Мұндай
будандардың хош иісті ірі гүлдері болады.
Лалагүлінің түрлері
Лалагүл гүлінің
ерекшелігі
Шетелден әкелінетін лаланың
жерсіндірілген лаладан
айырмашылығы, жергілікті лалалардың
түбінен жыл сайын балапандары өсіп
шығады. Ал, шетелдік лала төрт, бес
жылға дейін тек бір пиязшықтан ғана
өнеді. Лалагүлдің күзде сабағын
қырқып тастап отыру керек. Бүгінде
лалагүлдің сұрыптарын өсіріп
шығарушылардың қатары көбейіп
отыр. Ресейлік мамандар
будандастырған лалалардың ерекшелігі,
суыққа төзімді, көп күтімді қажет
етпейді және маусым айында гүлдейді.
Ал, Америкадан келетін лалагүл – хош
иісті, гүл күлтесінде секпілі бар және
шілде айында кеш гүлдейді. Лалагүлін
флористика саласында да көп
Пайдаланылған
әдебиеттер

1.Арыстанғалиев С.А., Рамазанов Е.Р. Растения
Казахстана, И. Наука,
2. Байтенов М.С. «Флора Казахстана»том І, «Ғылым»,
Алматы, 1999.56-б
3. Байтенов М.С. «Флора Казахстана»том ІІ, «Ғылым»,
Алматы, 2001
4. Васильев А.Е., Воронин Н.С., Еленевский А. Г.,
Серебрякова
5. Иващенко А.А. Қазақстанның өсімдіктер әлемі. –
«Алматыкітап» ААҚ,
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
ЛАЛАГҮЛДЕР ТҰҚЫМДАСЫ
Лалагүл тұқымдасы. Лалагүл (Lіlіum)
Гүлдің құрылысы және түрлері
Кішкентай Отанымының символы - Марқакөл қорығының пайдалы өсімдіктері мен ерекше жануарлар дүниесі
Дәрілік гүлді өсімдіктер
Тәрбие психологиясы
Дәрілік өсімдіктердің морфологиялық белгілері
Гүл серігі
Ағзалардың көбею формалары
Күрделігүлділер тұқымдастары
Пәндер