Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
АГРАРЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ

БӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ: ҚОЯН ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР КЕЗІНДЕ
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАУ.
ҚОЯН СОЙЫС ӨНІМДЕРІН ЖҰҚПАЛЫ ЕМЕС АУРУЛАР МЕН ЖАЛПЫ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕР БОЛҒАНЫНДАҒЫ ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ
САРАПТАЛУЫ.

ОРЫНДАҒАН: ҚАЛИЕВА А.Қ.
ТОП:ВС-203
ТЕКСЕРГЕН: СЕРИКОВА А.Т.
ЖОСПАР:
I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялы қ-санитариялы қ сараптау.
a) Листериоз
b) Некробактериоз
c) Пастереллез
d) Псевдотуберкулез
e) Салмонеллез
f) Псевдотуберкулез
g) Туберкулез
h) Туляремия
i) Вирусты геморрагиялық ауру
j) Миксоматоз
k) Трепонемоз

2.2. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы ж әне жергілікті патологиялы қ үрдістер бол ғанында ғы
ветеринариялық-санитариялық сарапталуы
l) Арықтау(жүдеу)
m)Гидремия
n) Жаңа түзілістер (Neoplazma, blastena, tumor)
o) Жарақаттар
p) Перитонит
q) Уремия
)III. ҚОРЫТЫНДЫ
)IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
I. КІРІСПЕ

Қоян шаруашылығы мал шаруашылығының бір саласы. Еті,
[терітерісі, түбіті үшін өсіріледі. Еті – диеталық тағам, терісі
– бағалы шикізат ретінде, түбіті тоқыма өнеркәсібінде
қолданылады. Қазақстанда үй қоянының шиншил, ақ алып,
сұр алып, күміс түсті, қара-бурыл, веналық көгілдір, мардер,
көбелек, рекс, калифорниялық, ангор мамықты, т.б.
тұқымдары өсіріледі. Қояндар өсімтал келеді. Әдетте
аналығы жылына төрт рет 6 – 12 көжек туады. Ал еті мен
терісі үшін өсірілетін шаруашылықтарда ұрғашы қоян 20-ға
жуық көжек туады, олардың бір тобынан 40 – 50 кг ет
алынады.
Қоянды 3 жыл шаруашылықта пайдаланады. Қазақстанда
қоян өсірумен айналысу солтүстік облыстарда жолға
қойылған. Қоянның негізінен үлкен ақ қоян, үлкен сұр қоян,
шиншилла тұқымдары өсіріледі
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Қояншаруашылығы өнімдерін жұқпалы
аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялы қ
сараптау
Қоян шаруашылығы өнімдерін бактериялы қ
этиологиялы жұқпалы аурулар кезінде
ветеринариялық-санитариялық сараптау.
Листериоз - орталық жүйке жүйесінің салдануымен,
септицемиямен, түсік тастаумен ж әне желінсаумен
сипатталатын індетті ауру.
Қоздырғышы - Listeria
monocytogenes.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Ауру
қояндарда аса жіті және созылмалы
түрде өтеді. Аурудың жіті түрінде
бауырда, көкбауырда, бүйректе
некрозды түйіндер пайда болады.
Бауыр ұлғайған, солуы
байқалады, түсі ақшыл-қоңыр.
Көкбауыр ұлғайған, консистенциясы -
былжыраған. Аурудың созылмалы
түрінде патологиялық өзгерістер, ауру
белгілері көбінде жатырда байқалады
(іріңді метрит).
Ветеринариялық-санитариялық
бағалау және жүргізілетін шаралар.
Зақымдалған мүшелерді (жүрек,
бауыр) және қоян басын утильдеуге
жатқызады. Ұшаны қайнатып
залалсыздандырады.
Некробактериоз - қояндардың созылмалы түрде өтетін жұкпалы ауруы.

Қоздырғышы - Bacterium
neсrophorum.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Ауру
ұлпалар іріңді-некрозды ыдыраумен
сипатталады, диагнозы
бактериологиялық зерттеулер нәтижесі
бойынша қойылады.
Ветеринариялық-санитариялық
бағалау және жүргізілетін шаралар.
Ұша бөліктерінің белгілі бір ошақта,
жекелеме зақымдануы кезінде
зақымданған жерін кесіп алып
тастайды, ал дененің толығымен
зақымданғанында ұшаларды ішкі
мүшелермен қоса утильдеуге жібереді.
Пастереллез (геморрагиялық септицемия) - қояндардың
жіті түрде өтетін індетті ауруы.

Қоздырғышы - Pasteurella multocida.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Еріксіз
сойылған қоян ұшасын тексеру барысында
ішкі сірлі қабықтарда, танау қуысының ішкі
сірлі қабығында, көмекей, кенірдек,
жұтқыншақ, асқазан және ішектердің сірлі
қабатында нүктелі қан құйылу ошақтары
байқалады.
Өкпеде фибрнозды-крупозды пневмонияға тән
өзгерістер байқалады, кейде іріңді ошақтар
кездеседі, ал плевраны фибринозды
қосындылар басып кетеді. Бауыры ұлғайған,
дақтанған, іріңді-қанды сұр-қызыл түске
боялған, капсулалар астында нүктелі қан
құйылулар кездеседі. Бүйрегі қанталаған,
ісінген. Лимфа түйіндері ұлғайған, шырынды.
Ветеринариялық-санитариялық бағалау
және жүргізілетін шаралар. Пастереллалар
табылған жағдайда етті қайнату арқылы
залалсыздандырады немесе консерві
дайындауға жібереді. Ауру қояндардың ішкі
мүшелерін утильдейді.
Псевдотуберкулез - қоян мен кеміргіштерде созылмалы
түрде өтетін және адамға қауіпті болып келетін жұқпалы
ауру.
Қоздырғышы - Corinebaсternim pseudotuberkuiosis және Versinia
pseudotuberсulosis.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Қояндардың ұлпалы мүшелерінде және
ішектерінің қабырғаларында сұрғылт-сарғыш түсті некрозды оша қтар
байқалады. Өкпесінде эмфизематозды ошақтар кездеседі, бауыры ұл ғайған,
теңбіл сары түсті кейбір сау бөліктері с ұрғылт-сары т үсті ж әне ты ғыз болып
келеді. Көкбауыры ұлғайған, кедір-бұдырлы түйіндер ұшырасады. Ұшада ғы
кейбір лимфа түйіндері ісінген, сарғыш некрозды ошақтар болуы м үмкін.
Ветеринариялық-санитариялық бағалау және жүргізілетін шаралар. Ұша
арық болса, лимфа түйіндерінің көбі зақымдалған немесе бұлшы қ етте
псевдотуберкулезді үрдістер жүріп жатса, онда ұша мен ішкі м үшелері
утильдеуге жібереді. Ұша қоңдылығы орташа болып, тек ішкі м үшелер мен
лимфа түйіндер зақымдалған болса, оларды утилдеуге жіберіп, қал ған сойыс
өнімдерін, терілерін бөгетсіз босатады.
Сальмонеллез - жіті түрде өтетін, қызба (лихорадка) және
асқорыту жүйесінің бұзылуымен, өкпе қабынуымен сипатталатын ж ұқпалы ауру.

Қоздырғышы - S. dublin, S. typhimurium.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Асқазан-
ішек жолдарында және ұлпалы
(паренхиматозды) мүшелерде зақымдану
байқалады. Асқазан мен ішектің кілегей
қабығы қабынған, ащы ішекте көптеген
көлемі тарының дәніндей ақшыл-сұр түсті
некрозды ошақтар табылады.
Шажырқайдың лимфа түйіндері ұлғайған,
бауырдың беткі және ішкі бөлігінде ұсақ
некрозды ошақтар кездеседі, к өкбауыры
ұлғайған, кейбір бөліктері некрозға
ұшыраған.
Ветеринариялық-санитариялық бағалау
және жүргізілетін
шаралар. Ішкі мүшелерін жойып жібереді,
ұшасын кайнату арқылы
залалсыздандырады.
Стафилококкоз - іріңді қабыну ошақтарымен, септицемиямен сипатталатын жұқпалы
ауру.

Қоздырғышы - Staphylococcus
aureus, St. albus.
Сойғаннан кейінгі диагностика.
Жаңа туған көжектерде бұл
ауру пиодермиялар түрінде байқалады,
ол алғашқы 2-3 күндері теріде ұсақ
бітеу жаралар (абсцесстер) пайда
болады, ересектерде бітеу жаралар тері
астында, сүт безінде, өкпесінде,
бауырында, бүйрегінде және бас қа
мүшелерінде пайда болады.
Стафилококты пододерматитте аяқ
терісінде жаралар пайда болады.
Ветеринарнялық-санитариялық
бағалау және жүргізілетін
шаралар. Ұшасын ішкі мүшелерімен
және терісін утильдеуге жібереді.
Туберкулез – қоянның жұқпалы ауруы.

Қоздырғышы - Mycobacterium
tuberculosis.
Сойғаннан кейінгі диагностика.
Туберкулезбен ауырған қоянның
ұшасының қоңдылығы төмен, ауру
жеңіл түрде өткен кезде өкпеде
ақшыл-сұр түсті көлемі бидай дәнінен
бұршақ дәнінің көлеміндей болатын
туберкулезді түйіндер байқалады.
Туберкулез ішек формасына өткенде
ащы ішекте кездеседі, кейде бауыр,
көкбауыр және бүйректе кездеседі.
Көп жағдайда аумақтағы лимфа
түйіндері зақымданады.
Ветеринариялық-санитариялық
бағалау және жүргізілетін шаралар.
Ұшаны ішкі мүшелерімен, терісімен
қоса жойып жібереді.
Туляремия – қояндар ауыратын табиғи ошақты ауру.

Қоздырғышы - Francisella tularensis бактериясы.
Сойғаннан кейіпгі диагностика. Лимфа түйіндері 10-15 есе
ұлғаяды, сырты бұдырлы, бұдырлары жұмсарып ай қын к өрінеді ж әне
ұсақ ақшыл түсті некрозды бөліктер байқалады. Беткі жа ғын кескен
кезде ұсақ сұр түсті, кейде әк немесе ірі ңді қабынулар к өрінеді. К өк
ет (плевра), ұшаның ішкі қабаты қалындаған, кедір-бұдырлы,
фибринозды-іріңді және сірілі қабықпен жабылған. Өкпеде,
көкбауырда, кейде бауырда кілегейлі созылмалы оша қтар бай қалады.
Өкпесі қою қызыл түсті қанға толы. Көкбауыры 2-3 есе
ұлғайған. Тері астында (клечаткасында) іріңді ошақтар кездеседі.
Ветеринариялық-санитариялық бағалау және жүргізілетін
шаралар. Ауру қояндарды етке союға болмайды. Туляремиямен
ауырған жануардың ұшасына, мүшелеріне немесе қанына жанас қан
өнімдерді қайнатып, залалсыздандырады.
Вирусты геморрагиялық ауру - жіті контагиозды өтетін қоянның індетті ауруы.

Қоздырғышы - вирус. Ауру ішкі мушелердс
әсіресе, өкпе мен бауырда геморрагиялы қ
диатезбен сипатталады.
Сойғаннан кейінгі диагностика. Тыныс алу
мүшелерінің, бауырда, көкбауырда, б үйректе,
жүректе және асқорыту жолында
нүктелі немесе сызықты қан құйылулар
байқалады.
Өкпе ісінген, қошқыл қызыл түсті дақтар
кездеседі, кесіп қараған кезде қанға толы.
Көкбауыры біршама ұлғайған. Бауыры
ұлғайған солу үрдісі байқалады, түсі қою
қоңыр, көп мөлшерде қанталау кездеседі.
Лимфа түйіндері шырынды, а қшыл қызыл т үске
боялған. Асқазан мен ішек жолдарыны ң сірлі
қабықтарында геморрагиялык қан
құйылулармен қоса, қабынған үрдістер
байқалады.
Ветеринариялық-санитариялық бағалау
және жүргізілетін шаралар. Ұшасын ішкі
мүшелерімен және терісін утильдеуге жібереді.
Миксоматоз - бұл жіті түрде өтетін вирусты, жоғары
контагиозды ауру.

Қоздырғышы - Micsomatosis
cuniculorum.
Сойғаннан кейінгі
диагностика. Диагнозы сарғыш,
қою сұйықты инфильтраттар
табылғанда қойылады.
Ветеринариялық-
санитариялық бағалау және
жүргізілетін шаралар.
Миксоматозбен ауырған
қояндарды союға жібермейді,
ауру толығымен зерттелген соң
ұшаны ішкі мүшелерімен қоса
және терісінде жойып жібереді.
Трепонемоз (спирохетоз) - ішкі жыныс мүшелерінің, анус және дененің басқа
бөліктерінің терісінің зақымдануымен сипатталатын жұқпалы ауру.

Қоздырғышы - Treponema
cuniculi.
Сойғаннан кейінгі диагностика.
Еріндерінің немесе жыныс
мүшелерінің, тік ішектің ісініп,
кілегейленуі байқалады. Сондай-ақ
ерінде, көз қабағында жаралар мен
некрозды ошақтар, қабынған
жерлер қабыршактанады.
Ветеринариялық-санитариялық
бағалау және жүргізілетін
шаралар. Ұшаның зақымданған
бөліктерін және мүшелерді
утильдеуге жатқызады.
2.2. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және
жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы
ветеринариялық-санитариялық сарапталуы
Арықтау (жүдеу)
Сойғаннан кейінгі диагностика. Арықтау кезінде
бұлшық ет ұлпасының дегенеративтік өзгерістері,
бұлшық ет семуі және май жиналатын мүшелерде
іркілдек ісіктер байқалады.
Сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық
бағалау. Арықтаудың себебіне қарамастан ұшаларды
және мүшелерді утильдейді.
Гидремия

Сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық бағалау. Арықтау
немесе кахексия байқалады, тері асты клетчаткасында, б ұлшык еттерде
сұйықтың жиналып, бұлшық еттер болбыр, сулы болады. Бұл
кезде жамбас қуысында, бүйрек маңында жиналған майлар азаяды,
олардың орнында іркілдек масса пайда болады. Гидремия белгілері
айқын болған жағдайда ұша мен мүшелерді техникалы қ утилизация ға
жібереді. Егер белгілері әлсіз болып, бір т әулік ұста ғаннан кейін жо ғалып
кетсе және де бактериологиялық зерттеу нәтижелері теріс болса, ұшаны
шектеусіз босатуға болады.
Жаңа түзілістер
(Neoplazma, blastena, tumor)

Сойыс өнімдерін
ветеринариялық-
санитариялық бағалау.
Жаңа түзілістермен
зақымдалған ұшаларды
жарамсыздыққа шығарады.
Қатерлі емес жаңа
түзілістермен аз зақымдалуы
кезінде зақымдалған
бөліктерді алып тастайды, ал
ұша мен мүшелерді шектеусіз
қолданады.
Жарақаттар

Сойыс өнімдерін
ветеринариялық-
санитариялық бағалау.
Жарақаттар жаңа болса,
зақымдалған мүшелерді
тазалап, ұшаны тағамга
қолданады. Асқынулар
болса, шешімді
бактериологиялық зерттеуден
кейін қабылдайды,
бактериологиялық зерттеу
мүмкін болмаған жағдайда
ұшаны жарамсыздыққа
шығарады.
Перитонит
Сойғаннан кейінгі диагностика.
Үрдістің жіті түрінде құрсақ
қуысында серозды-фибринозды
немесе геморрагиялық сұйық
жиналады. Іш перде жылтырлы ғынан
айрылады, бұдырлы болады,
фибринмен және ішперде мен ішектің
сірілі қабықтарының жабысуы
болады. Созылмалы түрінде бітеу
жаралар жиі кездеседі.
Сойыс өнімдерін ветеринариялы қ-
санитариялық бағалау. Өзгерістері
бар ағзаларды және ұлпаларды
жарамсыздыкка шығарып, ал бас қа
сойыс өнімдерін бактериологиялы қ
зерттеу нәтижелеріне байланысты
қолданады.
Сары ауру
Сойғаннан кейінгі диагностика. Бұл
кезде түракты сары түске боялу барлық ұлпаларда байқалады - майда, б ұлшы қ етте,
сіңірлерде байқалады. Лимфа түйіндері сарғыш түсті. бас қан кезде сары-жасыл
немесе қызғылт-сары түсті лимфа бөлінеді. Бірақ қояндарда ұлпалардың сары т үске
боялуы жаз кезінде каротин мен каротиноидтарға бай жасыл ш өп жеген кезде.
сонымен қатар рациондарында зығьтр жэне pane құнжарасы болған кезде болуы
мүмкін екенін ескеру қажет.
Сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялы қ ба ғалау. Ұлпалардың 48 сағат
өткеннен кейін де жоғалмайтын сары түске боялуы кезінде және қайнат қан кезде
ащы дәм және нәжістің иісі болса, ұшаны техникалық утилизацияға жібереді.
Егер жағымсыз иісі және ащы дәмі болмаса, сары түс 48 са ғаттан кейін жо ғалып
кетсе, ет бактериологиялық зерттеу нәтижелеріне байланысты босатады.
Сары түске боялудың себебі азықтандыруға байланысты болса, ұшаларды шектеусіз
босатады.
Уремия

Сойғаннан кейінгі диагностика. Қансыздандыру
кезінде қанда несеп иісі болады. Тері асты және
бұлшық еттер аралық дәнекер ұлпа несеп иісі бар
сұйыққа толы, кейде қан құйылулар болады. Қуық
жыртылған кезде, несеп құрсақ қуысына жиналады.
Уремия кезінде несеп және аммиактың иісі бұкіл
ұшадан шығып тұрады, қайнатқан кезде иіс күшейеді.
Сойыс өнімдерін ветеринариялық-санитариялық
бағалау. Уремиямен ауырған қояннан алынған барлық
сойыс өнімдерін утилизацияға жібереді.
III. ҚОРЫТЫНДЫ

Қояндардың ауруларының ішінде ең қауіптісі жұқпалы
аурулар болып табылады. Жұқпалы аурулар қояндардың
арасында жылдам тарайды, бірнеше күннің ішінде к өптеген
құстар ауруы мүмкін. Кейбір жұқпалы аурулардың түрлері
тек қана қояндарға ғана емес, адамға да қауіп т өндіреді.
Қажет болса, ветеринарлық органдарының өкілдері үй-
жайлардағы бүкіл қояндарды жойып, зарарсыздандырады.
Қояндардың ауруларының ішінде жиі кездесетіні ж ұқпалы
емес аурулар болып табылады. Олар үй-жайларда
қамтылған қояндардың көпшілігі зардап шегеді.
Зақымдалған қоян ұшаларын техникалық утилизацияға
жібереді, ал зақымдалу болмаған жағдайда, қоян ұшаларын
залалсыздандырғаннан соң пайдалану ға рұқсат беріледі.
IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

С. Т. Дүйсембаев. «Ветеринариялық-
санитариялық сараптау». Алматы, 2013 жыл.
Б. С. Сенченко. «Ветеринарно-санитарная
экспертиза продутов животного и растительного
происхождения». Ростов-на-Дону, 1998 год.
В. А. Макаров, В. П. Фролов, Н. Ф. Шуклин.
«Ветеринарно-санитарная экспертиза с
основами технологии и стандартизации
продуктов животноводста». Москва,1991 год.
Дәріс материалдары.
Ғаламтор желісі.

Ұқсас жұмыстар
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық сарапталуы жайлы
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық сарапталуы
Қояншаруашылығы өнімдерін жұқпалы ауру кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптаулар
Қоян шаруашылығы өнімдерін жұқпалы аурулар кезінде сарапталуы. ветеринариялық-санитариялық сараптау. Қоян сойыс өнімдерін жұқпалы емес аурулар мен жалпы және жергілікті патологиялық үрдістер болғанындағы ветеринариялық-санитариялық
Құс шаруашылығы өнімдерін инфекциялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау. Құс шаруашылығы өнімдерін инвазиялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау
Құс шаруашылығы өнімдерін инфекциялық және инвазиялық аурулар кезінде ветеринариялық - санитариялық сараптау
Құс шаруашылығы
Саз құндыз шаруашылығы
Балық өнімдерін балықтардың бактериалдық ауруларына байланысты сараптау және санитариялық бағалау
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАУ пәні
Пәндер