Дыбыстық талдау-жинақтау әдісі




Презентация қосу
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік
университеті

СРО №3
Тақырыбы:Дыбыстық
талдау-жинақтау әдісі

Орындаған:Совет Назерке
Топ:П-305
Тексерген:Таттимбетова С.Ж.
Жалпы сауат ашу тарихында түрлі тәсілдер қолданылған. Олар
мыналар:

Әріп теріп оқыту.

Буынға бөліп оқыту.

Сөзді оқыту.

Дыбысты талдай оқыту.

Дыбыстық жинақтау

Талдау-жинақтау әдістері.
Дыбыстық талдау -жинақтау әдісінің
негізін қалаған - орыстың ұлы педагогі
К.Д.Ушинский1. Бұл әдіс – сауат ашу
жұмысының негізгі мақсатын көздей
жасалған. Дыбыстық талдау-жинақтау
әдісін жетілдірудегі басшылыққа алынған
жағдайлар- педагогика, психология
ғылымдарының, тіл ғылымының
жетістіктері мен уақыт талабы.
Бұл әдістің негізгі талдаудан және жинақтаудан тұрады.
Талдау мен жинақтау әдістерін жеке сөз етуге болғанымен,
сауат ашу жұмысында екеуі де қолданылады, бірін-бірі
ауыстырып, бірін-бірі толықтырып отырады. Көбіне алдымен
талдау, содан кейін жинақтау әдісі қолданылады. Бірақ
"Әліппе" кезеңіне байланысты жинақтау әдісі бұрын, талдау
әдісі аралығында ғана қолданылуы мүмкін. Тек осы екі әдісті
ұштастыру арқылы ғана сауат ашу жұмысын ойдағыдай
жүргізуге болатынын мектептер тәжірибесі көрсетуде.
Сауат ашу кезеңінде
оқушыларға жеке
дыбыстар таныстырылады
да, әріптер сол
дыбыстардың шартты
белгісі ретінде дыбыстан
кейін көрсетіледі.
Дыбыстармен таныстыру үшін әуелі оларды
сөз ішінен бөліп, жеке дыбыстау қажет. Ал
сөзді дыбысқа бөліп, тұтас дыбыстан
машықтанған балалар алғашқы кезде сөздің
жекеленген дыбыстардан құралатынын тез
меңгере қоймайды. Сондықтан сөз ішінен жеке
дыбыстарды ерекшелеп бөлудің түрлі жолын
іздестіру қажет. Әрбір сөздің өзіндік буындық
және дыбыстық ерекшелігіне байланысты
талдау жолы да түрліше болады.
Мақсат – сол жолдардың кейбір негізгілеріне
тоқталу арқылы мұғалімдердің ізденуіне жол
сілтеу. Мысалы, дауысты дыбыстарды бір
буынды сөздерден созып айту арқылы оңай
бөліп алуға болады. Айталық, ал деген сөздің
бірінші дыбысын а-а-а-ал деп созу арқылы а
дыбысы анық естіледі. Дауысты дыбыстың жеке
өзі буын құрап тұрған сөздерді теріп алып, оны
буын жігіне бөлдіріп, жеке дыбысты танытуға
болады: а-ла, о-ра, ,а-ра.
Дауыссыз дыбыстардың бір қатарын тұйық және бітеу буынды
сөздерден оңай танытуға болады. Олар: м, н, р, ш, т дыбыстары. Бұл
дауыссыздардың да кейбіреуін созып айту арқылы бөлдіре аламыз.
Сөзді жартылай айтқызу арқылы т сияқты шұғыл дыбыстарды
ажыратуға болады. Аттың суретін көрсетіп, ат деген сөзді хормен
айтқызғанда, оқушылар а-а-а-а деп айта бастағанда сөзді аяқтатпай
тоқтатып қойса оқушылар ат деген сөздің соңғы т деген дыбысты
айтып үлгере алмайды. Бұдан кейін мұғалім ат деген сөздің қай
дыбысы айтылмай қалғанын оқушылардан сұрайды. Бұлай еткенде
оқушылар ат деген сөзбен а деген дыбысты салыстыру арқылы т
дыбысын сөзден өздері ажыратады. Қысаң ы дыбысы мен і дыбысын
қосымшадан немесе жалаң буыннан ажыратуға болады. Жіңішке
дауыстылар жуан сыңарларымен салыстыру арқылы оңай танылады:
ал --әл, ор --өр деген сөздерді салыстыру арқылы оқушылар соңғы
екі сөздігі ә, ө дыбыстарының а мен о дыбыстарынан ерекшеленетінін
білетін болады.
Жоғарыда біз сөз ішінен жеке дыбыстарды ажыратып
алу жолдарына тоқталдық. Бұл мақсат жүзеге асып,
жеке дыбыс сөз ішінен бөлініп алынғаннан кейін, сол
дыбыстың таңбасы - әріп көрсетіледі. Қазақ тілінде
оқушылар екі әріпті танығаннан кейін-ақ, білімдерін
тәжірибе жүзінде бекіту мүмкіндігі туады. Яғни, екі
әріптің өзінен-ақ сөз құрай алады. Бұл арада талдау
процесі жинақтау процессіне ауысады. Талдау әдісінің
өзінше қиындығы болса, жинақтаудың да өзіне тән
қиындығы бар. Мұнда бұрын жеке дыбыстап оқып,
үйренген әріптерден сөз құрап, ол сөзді тұтас
әріптерін бір-бірімен үзбей оқу үшін арнаулы
машықтану қажет. Түрлі әдістер арқылы, біртіндеп
машықтанатын болады.
Дауыстыдан басталып, дауыссызға
аяқталған екі дыбысты, тұйық буынды
ал, ат, ас, аш сияқты сөздерді тұтас
оқыту онша қиын болмайды. Ол
қиындындық туғызған жағдайда
жинақтауды талдаумен ұштастыра
жүргізу арқылы үйренуге болады.
Мысалы, тақтаға аттың суретін іліп
қойып, оны ататқаннан кейін, ат
сөзінің бірінші, екінші дыбыстарын
талдатамыз: а және т таңбаларын
танытып, сөз ішінен а және т
әріптерінің орнын тапқызамыз.
Сө
С өйтіп, екі ә
йтіп, екі әріптен
ріптен ат деген ссө
ат деген зді құ
өзді ратып ооқ
құратып қытамыз.
ытамыз. ББұ
ұлл
арада ә
арада ріптерден ссө
әріптерден өзз құ
құрату жинақ
рату жина қтау
тау жолы, жинақ
жолы, жина қтау
тау
талдаудың
талдауды ң ізімен жү
ізімен ж үргізіліп
ргізіліп отыр. Сондық
отыр. Сонды тан ооқ
қтан ушылардың
қушыларды ң
ккө
өзз алдарынан суреттен ккө
алдарынан суреттен өрген
рген ат
ат та
та естерінде
естерінде ж жәәне
не бірінші
бірінші
дыбысы
дыбысы мен мен екінші
екінші дыбысын
дыбысын ажыратып
ажыратып танып алғ
танып ал ғаннан
аннан кейін,
кейін,
екі-ақ
екі-а қә ріптен ттұ
әріптен ұратын шағ
ратын ша ын ссө
ғын зді ооң
өзді ай қ
ңай осып ооқ
қосып қиды.
иды.
Оқушыларға дыбыстарды бір-бірімен жымдастырып оқуға
машықтандырудың тағы бір әдісі - созып дыбыстануға келетін
дыбыстарды созып барып, бір-біріне қосу. Мұндайда, бірінші
әріпті созып оқып тұрғанда, оқушылар оған жалғас екінші
әріпті танып үлгіреді. Бұл әдіс арқылы да оқушылар әріптерді
қосып оқуға үйренеді. Мысалы: ала деген сөздерді дұрыс оқуға
үйрету үшін әуелі сөздерді буынға бөлдіреміз, а-ла болады.
Әрине, жалаң буынды оқушылар қиналмай оқиды. Ал ла деген
буынды бірден өздері тұтас оқып кете алмайды. Сондықтан
бірінші тұрған л әрпін создырып, ллл деп оқытып, оған ааа деп
қостырамыз.
Назарларыңызға рахмет

Ұқсас жұмыстар
Фонетико – фонематикалық жетіспеушілік
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын оқушылардың таным қабілеттерін арттыру құралы ретінде пайдалану
Сауат ашу сабақтарына қойылатын негізгі педагогикалық талаптар
Тілдің пайда болуы мен дамуы. Сөйлеудің даму теориялары
Сөздік қорларын байыту
Әрбір шоттың атауы онда шаруашылық қүралдары мен олардың құрылу көздерінің қандай топтары есепке алынатындығына байланысты, мысалы
Құрмалас сөйлемді қайталау
Жеке тұлға
ДЕБЕТ КРЕДИТ
Сабақ - мақсатты-дамытпалы құрылым
Пәндер