Мінездің қалыптасуы туралы ақпарат




Презентация қосу
Мінез.
Мінездің
қалыптасуы.
Орындаған: Мухаметкалиева Е.
Тобы: Пх-315
Тексерген: Тезекбаева М.Ж.
Жоспар:
1. Мiнез жөнiндегi түсiнiк.
2. Мiнез жөнiндегi
бiлiмдер.
3. Мiнез бiтiстерi.
4. Мiнез түрлерi мен
типтерi.
5. Мiнездiк бiтiс асқынуы.
6. Мiнездiң ұлттық
ерекшелiктерi.
1. Мiнез жөнiнде түсiнiк
Мiнез жеке адамның өзiне тəн қылық əрекетiнде,
тiл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара
ерекшелiктерiнiң жиынтығы.
Мiнез нақты адамның шыншыл, адал,
ақкөңiлдiгiне орай сипатталмайды, аталған сапалар
əртүрлi жағдайларда көрiнiс беретiн жеке адам
қасиеттерi.
Мiнез көрсеткiшi адамның барша жағдайлардағы
мəндi сипаты мен тұрақты сақталатын таңдаулы
қасиеттерi. Егер адам қандайда даудамайлы
жағдайда дөрекiлiк көрсетсе, сондай тұрпайылық пен
ұстамсыздық осы адамның төл қасиетi деу жөн емес.
Жайдары мiнездi, көңiлдi адамның өзi кей жағдайда
мұңайып, сылбыр халге түсуi мүмкiн. Өмiрге келумен
бастауын алып, мiнез нақты адамның өмiр
барысында қалыптасады, түрмыс жағдайларымен
айқындалады. Дегенмен, мiнездiң нақты қалыптасуы
əртүрлi деңгейде дамыған топтарда (отбасы,
достары, сынып, спорт командасы, еңбек ұжымы
ж.т.б.) қалыптасады. Осы топтар сипаты мен оларда
Қоғам əсерлерi мен ықпалдарын бейнелейтiн
мiнез мазмұны жеке адамның өмiрлiк бағытбағдарын
құрайды, яғни оның заттай жəне рухани қажеттерiне,
қызығуларына, нанымсенiмдерiне, мұраттарына ж.т.б.
негiз болады. Бағыт-бағдарға сай жеке адам өз
мақсаттарын, өмiрлiк жоспары мен сол жоспарды iске
асыруда қажет белсендiлiк деңгейiн белгiлей алады.
Мiнезге Мiнездi
орай адамның дүние адам
дұрыс түсiнуде талғамы,
үшiнөмiр мəнi,
маңызды
белгiленген
болған қоғамдықмақсат мүдделерiнiң,
құндылықтар əрекет
мен жеке талғамдар
қылықтарыныңшешушi
арақатынасы себептерi ашылады.
мəнге ие. Əр қоғамның өзiне
сай маңызды да мəндi мiндеттерi болады. Мiне осы
мiндеттердi iске асыру барысында мiнез
қалыптасады. Кейiн солар тұрғысынан тексерiледi,
бағаланады. Сондықтан да мiнез қандай да адам
қасиетiнiң (төзiмдiлiк, өжеттiк т.б.) көрiнiсi ғана
болып қоймастан, қоғамдық мəнi бар iс-əрекетке
болған бағыт-бағдар сипатын аңдатады. Осыдан
мiнездiң тыңғылықтылығы, бiргелкiлiгi адамның
өмiрлiк бағытбағдары негiзiнде нақты бiр қалыпқа
келедi.
Мiнез қалыптасудағы басты шарт өмiрлiк
мақсат, мұраттың нақтылығы. Мақсаттың болмауы
не оның шашыраңқылығы босбелбеулiк,
мiнезсiздiктiң белгiсi. Солайда болса, жеке адам
мiнезi мен оның бағытбағдары екiталай нəрсе.
Мiнез ерекшелiктерi адам қызығуларымен
тығыз байланысты, бiрақ оның бұл қызығулары
мəндi əрi тұрақты болуы шарт. Ал қызығулар
үстiрт, тұрақсыз болған жағдайда, дербестiгiнiң
кемдiгi мен тиянақтылығы болмағанынан жеке
адам елiктегiш келедi. Қызығулар ұқсастығы мiнез
теңдiгiн аңдатпайды. Мақсатқа жетуде
бағытбағдар бiрдейлiгi болғанымен, əр адам өз
жолын таңдайды, өзiне қолай, қайталанбас
əдiстəсiлдердi пайдаланады. Осы дербестiктен
адам мiнезiнiң ерекшелiгi көрiнедi. Белгiлi ықпалға
ие мiнез бiтiстерi əрекет немесе қылық түрiн
таңдауда айқын жүз бередi. Бұл тұрғыдан
тұлғаның табысқа жету қажеттiгiн туындатқан
ықылас, ниет көрiнiсiнiң деңгейiн (табандылық,
шешiмдiлiк, жүректiлiк немесе ерiксiздiк,
2. Мiнез жөнiндегi бiлiмдер
Мiнез құбылысын зерттейтiн
ғылым характерология ұзақ даму тарихына
ие. Ғасырлар бойы бұл психология саласы
мiнездер типiн саралап, адамның əртүрлi өмiр
жағдайларындағы əрекетқылығын болжастыру
мақсатында əрқандай мiнез сипатын
нақтылаумен шұғылданып келдi. Адамның тума
емес, өмiр барысында қалыптасатын белгiсi
болғандықтан, мiнез типтерiн жiктеу көбiне
тұлға дамуындағы сыртқы, жанама
факторларға негiзделедi. Осы бағытта
ежелден өрiстеп келе жатқан, мiнез танып,
əрекетқылық болжастырудың психологиялық
жолдары бар. Солардың кейбiрiне қысқаша
түсiнiк:
Жұлдызнама(гороскоп) адам мiнезiн туған
күнiмен байланыстырып түсiндiредi. Жалпы
қабылданған уақыт өлшемдерi белгiлi кезең,
Физиогномика (phisis табиғат, gnomon бiлу)
адамның сыртқы келбетiне жəне сондай келбеттi
тұлғаларды ұқсастығымен белгiлi топқа бiрiктiрiп,
олардың психологиялық сипатын анықтайтын ғылым.
Адам дене бiтiстерiне қарай жануармен
салыстырылады да сол жануарға тəн мiнез
ерекшелiгi оған таңылады. Мысалы, Аристотель
пiкiрiнше, адамның мұрын танауы өгiздiкiндей жуан
да қалың болып келсе, ол ерiншектiк белгiсi;
шошқадай кең танау, жалпақ мұрын ақымақтық; қой,
ешкi жүнiне ұқсас шашты адам үркек; доңыз,
арыстан қылшықтарындай тiке шашты адам ержүрек,
батыл ж.т.б.
Адамның басқа да келбет көрiнiстерi (көз, ауыз,
отырыстұрыс т.б.) негiзiнде мiнездi байқастыру осы
физиогномика аймағында жоғары дамыған.
Хиромантия (сһеіг қол, тапііа бал ашу) адам
мінезін алақанның тері бедерлері, түсі арқылы
болжастыру жүйесі.
Дерматоглифика бармақ, алақан терісіне
тумадан түсетін өрнектер арқылы адам мінезін
3. Мiнез бiтiстерi
Адам мінезі сан алуан. Бұл ісəрекетте айқын
көрінеді: біреудің барша қимылы шапшаң, екінші
асықпайды, бірақ ісі тыңғылықты; үшінші іске
ойланбастан асыла салады, кейін барып ойланады,
жағдайға қарай ісін ретіне келтіреді. Адам мінезінде
көрінетін мұндай ерекшеліктер мiнез бiтiстерi деп
аталады. Қандай да бітіс əрекет-қылықтың тұрақты,
қайталанып отыратын нақты белгісі.
Мінез бітістері өзара көрінуі тиіс болған
қалыпты жағдайлардан бөлек қаралмайды (кейде
əдепті адамның өзі де дөрекілік танытады).
Сондықтан қалаған мінез бітісі нақты жағдайда
орынды көрінген қылықтың тұрақты формасы.
Мінездің бітістері мен сипатын белгілі қылықтың
нақты оқиғаға байланысты болуынан да білуге
болады, яғни белгілі бітістің көріну мүмкіндігі
неғұрлым жоғары болса, ол адам мінезінің тұрақты
белгісі ретінде танылады. Дегенмен, ықтималды
болғандықтан бітіс ұдайы көріне бермейді, яғни мінез
бітістері адам əдетіндей бірқалыпты, механикалық
Қайсы бір тұлғаға тəн қылықты жасауда
ерік, сезім қосылады. Ал əдет мұндай
психикалық процестердің бірімен де
байланыспайды. Сонымен бірге бітіс адам
қылығына ықпал ете отырып, сол қылық-əрекет
барысында қалыптасады, бекиді. Мінез
бітістерінің қалыптасуын əрекетқылық
мотивтерінен айыра қарауға болмайды. Қандай
да қылық мотиві əрекетте іске аса отырып,
мінезде бекиді. Əрқандай мəнді, тұрақталған
мотив болашақ мінез бітісі. Мінез бітістері
мотивте алғашқыда ниет түрінде көрініп, ал
кейін оны əрекет тұрақты қасиет ке
айналдырады. Осыдан қандай да мінез
бітістерін қалыптастыру қажет қылықəрекет
мотивтерін түзіп, оларды бекітуге арналған іс-
əрекеттерді ұйымдастырудан басталады.
Мінездің жалпыланған қасиеттері өздерінің
диалектикалық қарамақарсылықтарында көрінеді:
күшті-əлсіз, қатал-жұмсақ, тыңғылықты, өзара
қайшы, кең-тар ж.т.б. Егер мінез күштілігі адамның
алға қойған мақсатына жетудегі, кедергілерді
жеңуіндегі қуатынан көрінсе, мінез əлсіздігі
қорқақтықтан, ниет тұрақсыздығынан, т.б.
байқалады. Мінез қаталдығы өжеттік,
тайсалмастықпен байланысты, ал жұмсақтықтан
адам икемшіл, орнымен шегінеді, келісім жолдарын
табуға ұмтылады. Мінездің тыңғылықтылығы мен
қайшылығы мінез бітістерінің ішіндегі жетекші жəне
екінші деңгейлі қасиеттердің дəрежесімен
анықталады. Қасиеттердің бəрі өзара үйлесімді
келсе, тыңғылықты мінез, ал бір қасиет екіншісімен
үндеспесе қайшылықты мінез орнығады. Адам
қызығулары мен ұмтылыстарының, ісəрекеттерінің
жанжақты дамығандығы мен көп түрлілігі мінездің
кеңдігін танытады. Мұндай адам əлемдегінің біріне
қызығып, бəріне араласқысы келеді. Ал бұларға
қарсы мінезі «тар» адамдар өзін-өзі шектеуге бейім,
Көп
жағдайда мiнез жəне темперамент салыстырылып
түсіндіріледі, кейде бірінің орнына бірі қолданылады.
Ал іс жүзінде олай болмауы керек.
Мінез бен темперамент ұқсастығы адамның
физиологиялық ерекшеліктеріне, яғни жүйке
жүйесіне болған тəуелділіктен. Қандай да мінездің
қалыптасуында белгілі жүйкелік сипатты
темперамент үлкен маңызға ие. Сонымен бірге,
темперамент жете дамығанда ғана мінез бітістері
қалыптасады. Темперамент мінез дамуына негіз.
Мінездегі ұстамдылық ұстамсыздық, қозғалғыштық
салғырттық ж.т.б. тікелей темпераментке
байланысты. Бірақ мінез темпераментке бүтіндей
тəуелді емес. Біргелкі темпераментке ие адамдарда
əрқилы мінез белгілері болуы мүмкін. Темперамент
ерекшеліктері қайсыбір мінезді дамытып,
басқаларына шектеу қояды. Мысалы, холерикке
қарағанда меланхоликтің өзіне жігерлілік пен
жүректiлiктi дарытуы қиынға соғады. Ал холерик
флегматик сияқты ұстамды бола алмайды, флегматик
Мiнез бен ерiк арақатынасы өте тығыз. Осыдан
көп жағдайда «мiнездi адам» жəне «еркi күштi адам»
сөз тiркестерiн бiр мəнде түсенемiз. Ерiк, көбiне, мiнез
күшiмен, қатаңдығымен, табандылығымен ж.т.б.
байланысты. Адам мiнезiнiң күштiлiгiн айта отырып,
ондағы ерiктiк сапалар мен мақсат берiктiгiн
ескеремiз. Бұл тұрғыдан адам мiнезi ерiк сапаларын
қажет ететiн қиын жағдайларда, үлкен кедергiлердi
жеңуде көрiнедi. Алайда, мiнез тек күш сипатымен
айқындалмайды, онда əрқилы өмiр жағдайына орай
ерiк əрекетiнiң қызметiн бағыттаушы мазмұн бар. Бiр
жағынан, ерiктiк əрекеттерде мiнез қалыптасады əрi
көрiнедi, адам үшiн маңызды ситуацияларда ерiк
мiнезге ауысып, тұрақты қасиет түрiнде бекидi; кейiн
осы қасиет адам қылығы мен ерiктiк əрекеттерiне
ықпал етедi. Ерiктi əрекет əруақыт мақсатына орай
нық, тұрақты жəне табандылығымен ерекшеленедi.
Екiншi тараптан, еркi бос адамды көп жағдайда
«мiнезсiз» деп сипаттайды. Психологиялық тұрғыдан
бұлай болмауы тиiс, еркi бос адамның да қандай да
мiнез бiтiстерi баршылық: қорқақтық, жүрексiздiк,
сенiмсiздiк ж.т.б. Мiнезi айқын болмағандықтан
Мiнез ерекшелiктерi
адамның сезiмдiк процестерiмен байланысты,
əрi бұл байланыс өзара ықпалды. Бiр тараптан,
инабаттық, эстетикалық, интеллекттiк
сезiмдердiң даму деңгейi адамның iсəрекетi
мен қатынасына жəне бұлар негiзiнде
қалыптасқан мiнезге тəуелдi. Екiншiден, осы
сезiмдердiң өздерi тұлғаға тəн тұрақты
ерекшелiктерге өтiп, адам мiнезiн құрайды.
Борыш сезiну, əзiлдi көтеру, т.с.с. күрделi
сезiмдердiң болуы жоғары дамыған адамның
сипатын танытады.
Адамның мiнез бiтiстерiнде ақыл-
ой (интеллект) үлкен маңызға ие. Ой тереңдiгi
мен жүйрiктiгi, қалыптан тыс мəселелердi қоя
бiлiп жəне оны дербес шешу, ой жұмысындағы
ынта мен сенiм бəрi адам мiнезiнiң ақылдық
қорының белгiсi. Ал осы ақыл қабiлетiн
пайдалануда бағыт таңдау тiкелей мiнезге
4. Мiнез түрлерi мен типтерi
Мiнез түрi өзiнiң құрамындағы бiтiстердiң жалпы
сипатына тəуелдi келедi, ал бiтiстер негiзгi немесе
жетекшi жəне қосалқы болып бөлiнедi. Негiзгiлерi
адамның бағытбағдарын айқындауға ықпалын
тигiзiп, яғни адамның тұрақты мiнезiнiң сипатын
бередi де, қосалқылары мiнез қырларын толықтыра
түседi. Мысалы, батылсыздық, қорқақтық жəне
альтруистiк бiтiстердiң алғашқы екеуi жетекшi мəнге
ие болса, онда адам секемшiл мiнездi келiп, бiреуге
жақсылық, яғни альтруистiк қадамында жалтақшыл,
күдiктi болуынан көздеген iсiне бара алмайды.
Керiсiнше, альтуристiк қасиет басым келсе, алғы екi
жағымсыз бiтiстердi қаймықпай басып,
қайырымдылық iсiнде батыл мiнездi қадам жасайды.
Адам мiнезiнiң белгiлi түрде қалыптасуы оның
қоршаған дүниеге қатынасына байланысты. Бұл
қатынастардың мəнi адам араласып, байланысқа
келген өмiрлiк объекттердiң маңызымен анықталады:
1. Басқа адамдармен қатынасына қарай (шыншыл
өтiрiкшi, əдептi дөрекi т.б.).
2. Орындалатын iс қызметiне орай (еңбеккер —
Мiнезде жеке бiтiстер жəне сапалармен қатар
тұлғаның қоршаған ортаға икемдесуiн қамтамасыз
етушi жалпы қылық тəсiлi мiнез типтерiн ажыртуға
болады. Мiнез типiн анықтауда нақты адамдар
мiнезiнiң жалпы да мəндi, өмiрлiк қажеттi тараптары
ескерiледi.
Осыған орай мiнез келесi типтерге бөлiнедi:
Үйлесімді (гармонический) мiнез типi қоршаған
ортаға икемдiлiгiмен ерекшеленедi. Мұндай мiнездi
адамда iшкi қарамақарсылықтар болмайды, ойлаған
ойы мен iстеген iс бiрбiрiне сай келедi. Көпшiл, ерiк
күшi мол, қайсар, бiр сөздi. Өмiрдiң барша қиын
жағдайларында таңдаған бағытбағдарынан
қайтпайды, көзқарас, талғамын ауыстырмайды.
Мақсатмұраттары мен принциптерi үшiн күреске
дайын. Бұл адамдардың өмiр сүру тəсiлi жағдайға
бағыну емес, оны өз қалауына орай өзгерту. Іштей
қарама-қарсылықты, бiрақ сырттай
келісімді (внутренне конфликтный, но внешне
согласованный) мiнез адамы. Бұл типтi адамның iшкi
ниеттерi мен сырт əрекет қылығы арасында
Икемі кем, қарама-
қарсылықты (конфликтный с пониженной
адаптацией) мiнез адамы: көңiл-күй,
ниеттерi мен əлеуметтiк борыштары арасында
үйлеспестiк орын алған, шамданғыш, ұнамсыз
эмоциялары басым, тiлдесу қабiлетi нашар
дамыған, iс-əрекетiн ақыл сарабына сала
бермейдi. Бұл мiнез
адамдарына тəн қасиет: қоршаған дүниемен
арақатынасын нақты əрекет-қылық жүйесiне
келтiрмеген,
өмiр желiсi қарапайым бағытты тез өзгерiп
тұратын қажеттерi, олар пiкiрiнше, қандай да
күш жұмсамайақ
бiр сəтте қанағаттандырылуы тиiс.
Олар өмiр үшiн күреске дағдыланбаған,
қажырсыз. Балалық шағында бұл адамдар
шектен тыс мəпеленiп, төңiрегiндегiлердiң
орынсыз артық қамқорлығынан дербестiк
Тиянақсыз (вариативный) мiнездi адам бағыт-
бағдарының тұрақсыздығынан, принциптiк
бостығынан
төңiректегi жағдайға ыңғайшыл келедi. Жеке
адамдық деңгейi төмен. Тұрақты мiнез-құлығы
қаланбаған,
осыдан барша iс-əрекетiнде қоршаған ортаға
ыңғайлану, қатынас адамдарына жағымпаздану бұл
адамның бойына сiңген мiнездiк көрiнiс.
Мұндай адамдардың iшкi жан дүниесi дөрекi
қарапайымдылыққа негiзделген; тiршiлiк үшiн
болған əрекетқимылы тiке, бiрбеткей. Күнделiктi
күйбең мүдделерiне жетуде ойланыптолғануды
бiлмейдi, өз мүдделерiн шектей алмайды. Олар үшiн
кедергi бiреуақ сыртқы; iшкi сапалық, жандүниелiк
қиыншылықтарды өлшестiруге ақылы жетпейдi, бар
көздегенi мол, оңай олжа, бiр мезеттiк игiлiк. Бұл
адамдардың барша ынтаықласы, нақты, қалыпты
жағдайды пайдаланумен қажеттерiн мейлiнше
толық қамтамасыз ету. Ыңғайласу,
жағымпаздықпен iшкi дүниесiн тысқы жағдайларға
5. Мiнездiк бiтiс асқынуы
Мiнездiк бiтiс асқынуы(акцентуация)
психологияда мiнездiң кейбiр бiтiстерiнiң қалыптан
тыс дамып, тұлға психикасының «əлсiз жерлерi»
формасында көрiнiс беруi. Мұндай да адам жалпы
тұрақты қасиеттерге ие бола тұра, кейбiр əсерлерге
өте шəмшiл, шыдамсыз келедi. Асқынба мiнез адамы
қиын жағдайларда төзiмдiлiктен айрылып,
мiнезқұлығының ақаулығын жасыра алмайды.
Тұлғалық мiнез асқынуына тап болған адам
қоршаған орта əсерлерiне берiлгiш, психикалық
күйзелiске көп түседi. Егер жағымсыз əсерлер
мiнездiң «əлсiз жерлерiне» соққы болып тиетiндей
жағдай болса, адам қылығы күрт өзгередi, мiнездiң
шектен тыс дамыған бiтiстерi адам билiгiне ырық
бермей, басқа ұнамды қасиеттердiң бəрiн жоққа
шығарады. Кейбiр адамдардың жəй əзiл немесе сын
көтермеуi, екiншiлердiң орынды, орынсыз тiке,
шыншыл болуы осы мiнез бiтiсi асқынуының айқын
мысалы. Мiнездiң мұндай ұнамсыз жəйтi жасөспiрiм
шақта қарқынды дамып, уақыт өтумен қалыпты
6. Мiнездiң ұлттық ерекшелiктерi
Ұлттық мiнез адамдардың тарихи қалыптасқан
бiрлестiгi мен iрi топтары болып саналатын
этностың, үлттың, халықтың өмiр тiршiлiгi мен
əлеуметтiк жағдайының түтастығы арқылы
танылады. Əрбiр халық пен үлттың, этностың өзiндiк
мiнез-құлықтарының ерекшелiктерi болатындығы
тарихи шындық жəне объектив фактор. Қазақ
халқының түркi тектес өзге халықтардан
ерекшеленiп түратын өзiндiк сипатқасиеттерi бар.
Бұл орайда, қазақтардың өз жерi мен Отанына,
туған елiне деген шексiз сүйiспеншiлiгi, мал
шаруашылығымен айналасуға икемдiлiгi,
меймандостығы мен балажандығы, өмiрдiң
қиыншылықтары мен əдiлетсiз iстерге төзiмдiлiгi, сөз
өнерiн ардақтауы, шешендiк қабiлетi,
еңбексүйгiштiгi мен шыдамдылығы олардың жалпы
ұлттық қасиеттерi болып табылады. Əрбiр ұлт пен
ұлысқа, этнос пен тайпаға тəн қасиеттердiң
жайжапсары əлеуметтiк психология саласы
этникалық психологияның зерттейтiн төл пəнi.
Адамның мiнезқұлқының өзгерiп отыруына
7. Мiнез жəне адамның жас сатылары
Адамның алғашқы өмiр қадамдары тiршiлiк
проблемаларын шешуден гөрi көбiрек төңiректегi
оқиғалар мен құбылыстарды бақылауға
(созерцательность) бағытталады. Негiзiнен
объекттермен қатынасқа түсе отырып, бала болмыс
мəнiн түсiнуге ұмтылады. Соған байланысты өз
қылықəрекеттерiнiң орынды не орынсыз екенiн
бағамдай бастайды. Баланың сезiмталдығы жас
ұлғайған сайын кеми бастайды. Солайда болса,
балалық шақта игерiлген тəржiрибе мен бiлiм
бозбалалық кезеңнiң тұрақты мiнез бiтiстерiне арқау
бередi.
Бозбалалық (юность) шақтың өмiрге қойған
талаптары өте жоғары да бiрбеткей келедi,
қажеттiктер ауқымы кеңейедi, аласапыран, күйзелiсi
мол, ерiк күшiн керек ететiн өмiр басталады.
Қоршаған дүниемен белсендi араласу, тiкелей
қатынас жасау сырттай бақылаудан гөрi анағұрлым
қиын. Көрер көзге əдемi iс, оқиға, зат нақты
орындауға келгенде сүйкiмсiз де ауыр болуы мүмкiн.
Жағдайға билiк ету оңай емес, ал өзiңдi өзiң
Бозбалалық шақтың дағдарысынан балалық
шақтағы жасанды бағыт моделi құрдымға кетiп,
«бақыт» мəнмағынасы өзгерiске келедi. Бақытқа деген
көзсiз ұмтылыс ендi «бақытсыздықтың» қорқынышына
ауысады. Бiрақ бұл жаста бұрқасын қуат мол,
сондықтан қиыншылықтардың бəрi де өтпелi.
Болашаққа деген сенiм шексiз. Сонымен бiрге, өзiңдi
дербес, бiрде бiреуге керегi жоқ дүние екенiңдi сезiп,
оқшаулана түсесiң. Бiрақ дүние жұмбақ, оны тануға
болған ұмтылыс өте күштi.
Адамның ендiгi өмiр желiсi көп шарпусыз,
байсалды да аңдап басу кейпiне келе бастайды.
Өмiрдiң бəрi тек бақыттан тұрмайтынын түсiнiп, адам
қанағат, шүкiршiлiкке бой бағындыру қажеттiгiн
аңдай түседi. Қиялдық өмiрден кешегi бала нақты,
күтiлмеген, бұлтарыстары көп ақиқат өмiрге өте
бастайды. Ендi бозбала өзiнiң бар қуатжiгерiн пайдалы
да қажеттi, қолынан келер iске бағыштайды.
Тəжiрибе, нақты iсəрекетке араласудан жас жiгiт,
бойжеткен бұрынғы жалған түсiнiк, ұғымдарынан
арыла бастайды. Өмiр ендi адамға iшкi тұңғиық,
36-40 жаста адам өмiрдiң жаңа сатылық
деңгейiне көтерiледi. Осы шақтан бастап өмiр қуаты
кеми бастайды. Бiрақ бұл процесс алғашында рухани
құндылықтар молдылығынан онша байқала бермейдi.
Ал адам егде тартқан сайын оның көптеген
рухани құндылықтары қайта қарастырылып, көбi
жойылып, өткен өмiр жеке оқиғалар жиынтығы
ретiнде еске алынады. Тек өмiрдiң алғашқы шерегi
ғана ең ұзақ, қымбат əрi бақытты көрiнiп, қайталана
жадқа келе бередi. Қалған шақтардың бəрi қысқа да
сарсаң өмiр күйбеңiндей көрiнедi. Көп жайт естен
шығады. Өткендегi күйзелткендер мен қинағандардың
баршасы мəнiн жоғалтып, елеуден қалады. Осы
жайтты даналықпен түсiнген ұлы бабамыз Қожа Ахмет
Яссауи былай дептi: «Баз кештiм елу екiде
жиғанымнан, Малмүлкiм артық емес бiр жанымнан».
Ендiгi өмiрдiң əр күнi жылдарымдай шалт ағып, iзiн
жуыпшайып, өткеннiң бəрiн татымсыз күйге түсiредi.
Кешкен дүние тұманданып, көз алдыңнан кете
бастайды. Солай да болса, кейбiр бастан өткен
қызғылықты оқиғалар андасанда жылт ете, көрiнiп,
Əдебиеттер:
1. Левитов Н.Д. Психология характера. М., 1969
(1826, 4254, 5786, 117127, 332377 беттер).
2. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии.
Т.2. М., 1989 (211235 беттер).
3. Стихов И.В. Психология характера. Саратов
1970, (380 беттер).
4. Бодалев А.Л. Психология личности. М., 1988,
(1124 беттер).
5.Галин А.Л. Личность и творчество.
Новосибирск, 1989 (733 беттер).
6.Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую
психологию. Курс лекции. М., 1988, (257280
беттер).Личко А.Е. Психология и акцентуация
характера у подростков. Л., 1983 (610 беттер).
7.Буянов М.И. Ребенок из неблогополучной
семьи. Записи детского педиатра. Книга для
учителей и родителей. М., 1988 (190199 беттер).
8.Добрович А.Б. Воспитателю о психологии и

Ұқсас жұмыстар
Мінез туралы
“Мінез. Мінездің қалыптасуы”
Тұлғаны бағдарлы оқытудағы психологиялық қолдау
Мәдениет тілі
Мінез жайлы түсінік
Мектеп жасындағы баланың мінез-құлық ерекшеліктері
ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯ ПӘНІ ЖАЙЛЫ
Мінездің типтері
Мінездің тереңдігі
ТҰЛҒАНЫҢ ҚАБІЛЕТІ
Пәндер