Отбасы - ең қымбат қазына:




Презентация қосу
Тақырыбы: Отбасы - ең қымбат қазына:

Тексерген: Серикова Н.У
Орындаған: Барбол.Х
Топ: Е-415
• Жоспары:

1. Отбасы және неке ұғымдары.
2. Отбасының негізгі типтері.
3. Отбасының атқаратын
функциялары мен құрылымы.
4.Ажырасу
•1. Социология ғылымының негізін
салушы О.Конттың айтуы бойынша
қоғамды танып-білу үшін ең алдымен
отбасыға көңіл бөлу керек дейді. Отбасы
О.Конттың пікірінше қоғамды құрушы
негізгі элемент болып табылады және ол
әлеуметтік өмірдің мектебі. Отбасы
социологиясы жанұяны әлеуметтік
институт ретінде қарайтын
социологиялық бағыт болып табылады.
Отбасы секілді әлеуметтік институтты
тарихи дамудың қозғаушы күшіне
жатқызуға болады.
Неке - дегеніміз-отбасының заң жүзіндегі негізі, әйел мен
еркектің өзара түсінісу еріктілігі негізінде құралатын одағы,
адамның әлеуметтік табиғи , сонымен қатар адамгершілік-
эстетикалық қатынас.
Некеге тұруға ешкім ықтиярсыз көндірілмейді, бірақ некеге
тұрған адам неке заңдарына бағынуы тиіс. Қазақстан
Республикасының Ата заңында : “Заңда белгіленген жасқа толған
еркектер мен әйелдердің некелесіп, отбасын құруға құқығы бар.
Неке ерлі-зайыптылардың ерікті түрде келісуіне және құқық
теңдігіне негізделеді”-деп көрсетілген.
Некеге тұру біздің елімізде (ЗАГС) тіркеуден өтеді. Ертеректе неке
суын ішу мешіт арқылы да іске асырылған. Қазір әлемнің
көптеген елдерінде шіркеуде тіркеледі. ЗАГС арқылы жүргізу
қазіргі азаматтық заңдардан туындаған. Себебі ажырасқан
жағдайда негізгі құжат сол болады, балаға материалдық кепілдеме
алу, дүние-мүлікті бөлісу де сот арқылы шешіледі.
Некеге тұру жасы біздің Конституциямызда 18 деп көрсетілген,
Украина мен Өзбекстанда 17 жас.
• Некелесудің негізгі себептері
Өзін түсінетін және өмірдің кез-келген жағдайында қолдау
көрсететін үнемі қасында болуы;
Өзін біреуге керекпін деп сезіну,біреуге қамқорлық жасау
тілегі;
Тұқымды жалғастыру;
Сүйген адамнан ажырамау үшін;
Жалғыз болмау үшін;
Жабдықталған,жайлы үй болуы үшін;
• Байқағанымыздай,басқа адамнан тірек,қолдау,қорғау табуға
ниет білдіру басым,бұл біздің әлеуметтік қиын уақытта әбден
түсінікті.
• Отбасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік құбылыс, себебі
формасы өндірістік қатынастарға , оның ішінде меншіктік
қатынастарға тікелей тәуелді. Мәселен, некелік
қатынастардың алғашқы тарихи формасы полигамия, ал
өндіріс құрал-жабдықтарына жекеменшіктің пайда болуына
байланысты ол моногамиялық отбасымен ауысады.
• Адамдардың өндіріс тәсіліне сәйкес отбасы да әлеуметтік
топ ретінде тарихи өзгеріп, дамып отырады. Отбасының
тарихи дамуының ғылыми-материалистік теориясын жасай
отырып, Ф.Энгельс американдық ғалым Льюис Морганның
(1818-1881) этнологиялық зерттеулерін пайдаланады. Морган
ұзақ уақыт бойы солтүстік Американдық үндістер-
ирокездердің Сенека тайпасында тұрып, жүргізген
байқауларын, атап айтқанда, олардың туысқандық және
отбасылық қатынастарына жасалған эерттеулерінің
нәтижесін пайдаланды.
•Бір қандастар отбасы топтық некеге негізделеді., ал м ұнда
жыныстық қатынастар тек бір ұрпаққа жататындар арасында ғана
рұқсат етіледі. Бір ұрпаққа жататындардың барлығы , яғни аға-
інілілер мен апа-сіңілілілер туысқандығына қарамастан бір отбасы
құрған. Мұндай отбасы эндогамдық (жақын туыстар арасындағы
жыныстық қосылу) топ болады, өйткені оған бір ру ға немесе
тайпаға жататындар кіреді. Қазіргі кезде мұндай отбасы жо қ, біра қ
кейбір халықтарда ағайынды екі адамның балаларыны ң үйлену
фактілері кездеседі.(өзбектер,араптар т.б)
•Бір еркек пен бір әйелден тұратын моногамдық отбасына өтудің
тарихи типі синдиасмикалық отбасы болды-ол жабайылы қтан
варварлыққа өту кезеңінде пайда болды, ал полигамия (көпнекелік
қатынас) тек еркектердің ғана правосына тиді. Отбасының бұл
формасында баланың шын биологиялық әкесі белгілі болатын болды
да, мұның өзі рулық қоғамның ыдырап, жеке меншіктің , қосымша
өнімнің шығуына , сөйтіп моногамды отбасының(бір некелік
отбасы) тууына жағдай жасайды
Отбасының бірінші міндеті –ұрпақ жалғастыру қызметі. Бұл барлық
тарихи кезеңдерде қоғам үшін де, жеке адам үшін де маңызды қызметі
болып келеді. Бірақ жұбайлардың балалы болу тілегі , қоғамның қай
кезеңінде болмасын, оны қанағаттандыратын әлеуметтік жағдайларға
сәйкес өзгеріп отырған., қазір де солай. Мысалы патриархальды отбасы –
шаруашылық экономикалық қажеттіліктен туған. Қоғам әртүрлі әлеуметтік
саясатты басшылыққа ала отырып, яғни өмірге адам әкелудің экономикалық,
саяси, әлеуметтік жағдайларын жасай отырып, ерлі-зайыптылардың өз
тілегінен көп не аз баласы болуына итермелейді. Мысалы Қытай отбасында
бір бала ғана болу саясаты жүргізілді. Бұл тарихи факт. Мұның зиянды
жағы-отбасында бір баланың болуы ұрпақ жалғасуына, халқтың өсуіне кері
әсерін тигізеді. Соның нәтижесінде туу азаяды да, елдің еңбек
ресурстарының негізі болатын жұмысқа қабілетті адамдар азайып кетеді.
Бірақ халқының саны 1 млрд-тан асқан Қытайда шектеулі жер аумағына
шамадан артық адам санын орналастыру мүмкіндігінің жоқтығы бала табу
мөлшеріне шек қоюға мәжбүр етті.Отбасының екінші маңызды қызметі-
материалдық-экономикалық және тұрмыстық-шаруашылық мәселелері.
Отбасының бұл қызметі қазіргі уақытта бірінші орынға көтерілді., себебі
халықтың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Сонымен бірге отбасы
мүшелерінің экономикалық тәуелділігі артты., әсірісе көп балалы отбасында.

Отбасы мүшелерінің шаруашылық-тұрмыстық қызметін ерлі-зайыптылар
бірігіп атқаруы қажет. Бұрынғы кезде әйел үйде үй шаруасын жүргізді, бала
• Жұбайлардың өзара билік белесіне сәйкес отбасының екі түрі болады.
1. Демократиялық; 2. Традициялық немесе авторитарлық.
3.Бала санына байланысты 4 түрлі отбасы болады: 1. Көп балалы; 2.
Орташа (екі балалы) 3. Бір балалы; 4. Баласыз отбасылар.

Ұқсас жұмыстар
Тіл өткір
Қазақ тілі - мемлекеттік тіл
Тәрбие сағатының толық нұсқасын даярлау
Оқушының отбасымен танысу
Жеті қазына
Отбасы құндылықтары
Қазақстан Республикасының ең дәулетті тұлғалары
Папирус кітабы
Ғылым таппай мақтанба”
Сын есімнің түрленуі
Пәндер