Қашқаргүл




Презентация қосу
Қашқаргүл
Жоспар
Биологиялық сипаттамасы
Қашқаргүлдің сұрыпты түрінің гүлдеу
мерзімі
Қашқаргүлдің қолданылу
Күтімі
Қашқаргүлдің Қазақстандағы түрлері
Биологиялық
сипаттамасы
Қашқаргүл (кейде астра) — күрделі
гүлділер тұқымдасына жататын бір
және көп жылдық шөптесін өсімдіктер.
көптеген түрлері бар біржылдық немесе
көпжылдық, шөптесін және жартылай
бұтақты өсімдік. Халық арасында
«қырқүйекгүл» деген атпен танымал.
Гүлі кішкентай, түсі әр алуан ақ, күлгін,
көк, сиякөк, қызғылт болып келеді.
Көгалдандыруда 80-ге жуық түрі
қолданылады. Бұл гүлдің биіктігі
сұрпына қарай 15 см-ден 1 метрге
дейінгі аралықта. Қашқаргүлдің барлы қ
түрі қыркүйек-қазан айларында
гүлдейді. Сондықтан да ол күзгі
гүлдердің патшайымы болып саналады
Қашқаргүлдің сұрыпты
түрлерінің гүлдеу мерзімі

Қашқаргүлдің сұрыпты түрлері де
бар. Олардың гүлдеу мерзімі мамыр
айына сәйкес келеді. Сондай-ақ
кейбір біржылдық түрлері елімізде
гүлдеп үлгермейді. Себебі, гүлдері
өте кеш пайда болатындықтан
алғашқы суыққа ұрынып қалады.
Бір ерекшелігі, қашқаргүлді бір
жерде бірнеше жыл өсіруге
болмайды. Себебі, бір жерде
бірнеше жыл қатарынан өскен
қашқаргүл ауруға шалдығуы
мүмкін. Сондықтан көгалдандыруда
ауруға төтеп бере алатын
сұрыптарын отырғызған жөн.
Олардың қатарына Ostrich Plume,
Starlight Rose, Milady жатады.
Қашқаргүлдің
қолданылу
Көгалдандыруда қашқаргүлді
түріне қарай альпі шоқысына,
гүлзарларға және жол жиегіне
шарбақ ретінде өсіреді. Ең
әдемі түрлеріне ағылшындық
және испандық қашқаргүлдер
жатады. Қашқаргүл де
бақытгүлі сияқты күзде гүл
ашатын санаулы гүлдердің бірі
болғандықтан, оны мектеп
аулаларына еккен тиімді. Күзде
жаңа оқу жылы басталғанда
қашқаргүлдер құлпырып,
мектеп ауласын ерекше көрікке
бөлеп тұрары сөзсіз.
Күтімі
Құнарлы топырақты және
күн жақсы түсетін жерді
ұнатады. Жел өтінен қорғау
керек. Гүлі бұтақ басына тегіс
болып өсіп шығуы үшін,
мамыр айында сабақтың
жоғарғы жағын түзулеп
қырқып тастайды. Сонда күз
кезінде қашқаргүл гүлдегенде
сабағы түзу және біркелкі
болып гүл жаратын болады.
Қашқаргүлдің Қазақстандағы
түрлері
Алтай қашқаргүлі,
альпі қашқаргүлі,
Америка қашқаргүлі,
кермек-жапырақты қашқаргүлі,
попов қашқаргүлі,
шөл дала қашқаргүлі,
бурыл қашқаргүл,
таролман қашқаргүлі.
Назарларыңызға
рахмет!!!
Орындаған: Мұхтарбеков
Е.Н
Тексерген: Джаманова Г.Е
Тобы: Аг - 213

Ұқсас жұмыстар
Күрделігүлділер тұқымдасы жайлы
Күрделі гүлділер немесе астралар тұқымдасы
Гүлзар
Қарахан мемлекетінің құрұлуы мен қоғамдық құрылысы
Мұхаммед Хайдар Мырза Дулатидің еңбегі
Түркі ғалымы
Түркі мәдениетіндегі ауызша дәстүрі
Түркі дәуірінің ойшылдары
ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРДА ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНЕН БЕРІЛЕТІН ТАПСЫРМАЛАР ЖҮЙЕСІ
Пәндер