Қара жолақты саяқ шегіртке




Презентация қосу
Қара жолақты саяқ
шегіртке
Қара жолақты саяқ шегіртке
Тақырыбы:
1. Жалпы
Жоспары: шегірткелерге
сипаттама
2. Қара жолақты саяқ
шегірткеге жалпы
сипаттама
3. Географиялық
таралуы.
4. Көбеюі және дамуы
5. Зиян келтіретін
фазасы
6. Жаулары және
паразиттері
7. Күресу шаралары
8. Есептеу әдістері
Орындаған: Аққазынова
9. Ж.
Қорытынды
Сағындықов С.
Тексерген:
Шегіртке — қысқа мұрттылар отряд тармағына жататын үйірлі 
шегірткелердің бір тобы. Және де шегіртке тікқанаттылар отрядына 
жатады. Өзінің жақын туыстары қара шегіртке мен көк шегірткеден 
айырмашылығы – денесінің ұзындығының жартысындай болатын 
қысқа мұртшасы . Қазақстан ландшафтасының әртүрлі және жерінің 
кең байтақ болуына байланысты , шегірткенің 271 түрі кездеседі. 
Шегірткелерді үйірлі және саяқ шегірткелер деп бөледі. Үйірлі 
түрлерінің ( ұшпа , шөл , қызылшегіртке және т.б ) саяқ 
шегірткелерден айырмашылығы – жаппай көбею кезінде үлкен топтар 
құрып , бірнеше жүздеген , мыңдаған гектар жерді басып , бір күн 
ішінде бірнеше ондаған километр жерге орын ауыстырады. Мысалы, 
шөл шегірткесінің үйірі 2400-км –ден астам ашық теңіз үстінен ұшып 
өтіп , солтүстік – батыс Африкадан Британ аралдарына жеткен . 
Қазақстандағы зиянкес азия шегірткесі ұзақ қашықтықтарға ұша 
алмайды. Дегенмен ересектері бір күнде 80-120 км қашықтыққа ұша 
алады. Жаздың екінші жартысында жұмыртқа салады, дернәсілдері 
майдың соңында шығады , 35-40 күннен кейін қанаттанады. Азия 
шегірткесінің әрқайсысы өз өмірінде 300 г көк жем жейді , ал бір 
аналықтың ұрпақтары бір жазда екі қойға жететін жемді жейді . Негізгі 
қорегі қамыс болғанына қарамай , үйір 1-2 сағат ішінде мыңдаған 
астық алқабын жоқ қылып жібереді , сонымен қатар капуста , 
қарбыз , күнбағыс және тағы басқа қоректеніп , біршама зиян 
келтіреді.
Қара жолақты саяқ шегіртке – 
Oedaleus decoris Gern

   Денесін қара 
дақтар басқан , 
жасылдау немесе 
сұрғылт қоңыр түсті 
ірі шегіртке.
Жотасында Х тәрізді 
ақшыл түсті таңба, 
ал үстіңгі 
қанаттарының түпкі 
бөлігінде екі қара 
жолақ болады. 
Артқы сирақтары 
қоңырлау немесе 
қызғылт. 
Ұрғашыларының 
ұзындығы 25-43 мм, 
еркектері 18-31 мм.
Географиялық таралуы

Қазақстанда кең тараған. Солтүстік облыстарда қуаң 
далалы , оңтүстік облыстарды ойпаңдау ылғалды, оңтүстік 
шығыста таулы жерлерді мекендейді.
Көбеюі және дамуы
     Шегіткелерінің личинкалары 
оңтүстік мамыр айының бірінші 
жартысында , солтүстікте 
мамырдың аяқ кезінде 
шығады. Олардың дамуы 35-
45 күнге созылады, 5 рет 
түлейді. Шегірткелер 
күбіршелерін астық тұқымдас 
өсімдіктер өсетін учаскеге 
салады. Күбіршесі цилиндр 
пішінді ұзынша, жұқа керегелі, 
аздап иілген, ұзындығы 28-40 
мм. Бір күбіршенің ішінде 21-36 
жұмыртқа болады.
Суретте шегіртке дамуы 
көрсетілген:
5,6,7. Ересек шегіртке
2,3,4. Әр түрлі жастағы 
шегірткелер
1. Күбіршедегі жұмыртқа
Қара жолақты
шегірткенің зиян
келтіретін
Дернәсілдер фазасы
және
ересек шегірткелер әр
түрлі өсімдіктерді:
дәнді және майлы
дақылдарды,көкөністе
рді,жайылымдар мен
шабындықтарды
зақымдайды. Сондай-
ақ, шегірткелер кейбір
жүзім және жеміс
бағына да қауіп
төндіріп, ағаш
жапырақтарын
зақымдап, жаңадан
шығып келе жатқан
өркендерді құртып,
жүзімнің жемісін қорек
етеді.
яқ  
ы  с а
а қ т е у  
ж ол е пт
ра   і  е с
Қа т к ен і
е гі р т е р
ш ә д і с
1.Күбіршелерде көктемдік бақылау жүргізу әдістері.Бұл тәсілдің
негізгі мәні күбіршелердегі жұмыртқаларының тірі және өлі
екендігін және одан қай уақытта дернәсілдің пайда болатынын
білуге.

2.Дернәсілде көктемдік – жаздық бақылау жүргізу
әдістері.Дернәсілдердің қай уақытта пайда болып және қай
аумақта таралып сол аймақтағы таралу көлемін бақылау .

3.Нақты шегіртке түріне жаздық бақылау жүргізу әдістері.Бұл
бақылау әдісі шегірткенің ұшу мерзімі мен олардың қанаттануы
мен жұмыртқа салуын бақылау

4.Күбіршелерде күздік бақылау жүргізу әдістері.Негізгі мақсаты –
аумақтағы күбіршелердің санын есептеу ,олардың аумақтағы
тығыздығын анықтау
Күресу шаралары
Күресу шаралары уйірлі шегірткелердің жаппай көбейіп кетуінен және
саяқ шегірткелердің егіс маңайында және басқада учаскелерде жою үшін
қолданылады.
Негізгі тексеру жұмыстарын арақашықтығы 100 – 300 м,бірімен –бірі
жарыса қатар жатқан немесе бірің- бірі кесіп өтетін маршруттар бойынша
жүргізіледі.
Химиялық күрес шаралары II-III жастағы личинкалар шыққан кезде
үйірлі шегірткелер үшін I шаршы метр жерде 5 личинкадан,дара тіршілік
ететін шегірткелер үшін -10 личинкадан артса ғана жүргізіледі. Cоңғы
ұсыныстар бойынша мына төмендегі препатараттардың біреуі самолетпен
бүрку арқылы қолданылады: метафостың 40% э.к., өте көлемді бүркуде
карбафостың 40% э.к., метаионның 5% э.к., вофотокстың 18% c.ұ. Мал жаю
және шөп шабу үшін күту мерзімі метатион үшін 20, ал басқа препарттар үшін
30 күн.
Зиянды шегірткелерді құрту үшін игерілмей жатқан тың және тыңайған
жерлерді, сондай-ақ егіс араларындағы бос учаскелерді игеріп пайдалану сияқты
шараларды жүргізудің маңызы зор. Тың жерлерді жырту – күбіршелерін тек қана
тығыз топырақты жерлерге салатын бірқатар зиянды шегірткелердің толық
құрып кетуіне әкеліп соқтырады. Пішендік жерлерді суару және уақытысымен
шөбін шауып алу шарасы шегірткелердің өсіп өну мерзімін кешіктіреді де,
олардың зиянкестік әсерінің дәрежесін төмендетеді.
Қара жолақты саяқ шегірткенің 
жаулары және паразиттері
Шегірткенің негізгі жауы
құстар мен сүтқоректілер:
қызыл қараторғайлар,
көкқұтан, шағала, ұзақ,
қарғалар шегірткені аңдиды,
сонымен қатар шауқарға және
тырналар шегірткенің
жұмыртқаларын құртады.
Сондай-ақ шегірткелерді
құртуда сүтқоректілер:
шошқалар, көртышқандар,
інқазғыштар және т.б. Рөл
атқарады.
Ал паразиттердің ішінде
кейбір саңырауқұлақтар (Isaria
ophioglossoides Krats.)
жұмыртқаларын қорек етеді,
басқалары шегірткенің ішінде
өмір сүреді ( Sarcophaga және
Sarcophila), ( Mermis).
Қорытынды

Сонымен қорытындылай келе, ауыл шаруашылығында 
шегірткелердің айтарлықтай зияны бар екенін аңғардық.  Соның 
ішніде айтарлықтай зиян келтіретіні қара жолақты саяқ шегіртке. 
Олар егістікте, бау бақшаларда әр түрлі дақыл түрлерін қорек етіп, 
өсімдіктің тамыр, жапырақ, сабақ бөлектеріне зиян келтіруде. Ал бұл 
ауыл шаруашылық өнімінің төмендеуіне әкеліп соғары анық. 
Сондықтан, шегірткелерді жою ауыл шаруашылық ғалымдарының, 
агрономдардың міндеті болып табылады. 
1.Агибаев А.Ж.,Тулеева
Пайдаланылған әдебиеттер: А.К.,Сулейменова З.Ш “Ауыл
шаруашылық дақылдарын
зинкестер мен аурулардан
қорғау ” Алматы,2010

2.Сулейменова З.Ш
“Методические указание по
мониторингу численности
вредителей,сорных
растений и развития
болезней
селскохозяйственных
культур” Астана,2004

3.Ә.Т.Тілменбаев,Г.Ә.Жармұх
амедова “Энтомология”

Ұқсас жұмыстар
Зиянды шегірткелер туралы жалпы түсінік
АТБАСАРЛЫҚ САЯҚ ШЕГІРТКЕ
Итальяндық шегіртке
Сібірлік саяқ шегертке Gomphocerus sibiricus
Ауыл шаруашылығына өте қауіпті бунақденелілердің бірегейі - азиялық шегіртке
Табын шегіртке зиянкестері
Азиялық шегіртке: билогия, зиянды фазасы, таралуы, есептеу әдстемесі
Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестері және ауруларына қарсы қолданылатын препараттардың биологиялық, шаруашылық тиімділігі
Бунақденелілер класы. Бунақденелілердің дамуы және пайда-зияны
Абай Шегіртке мен құмырсқа
Пәндер