ҚАБЫЛДАУ ТАНЫМДЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ҮРДІС




Презентация қосу
ҚАБЫЛДАУ
ТАНЫМДЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ҮРДІС

Орындаған:Серікханқызы С.
Тексерген:Оспанова Қ.Ш.
Қабылдау – адам
санасында объективті
дүниедегі заттар мен
құбылыстырдың
тұтастай бейнеленуі.
Қабылдаудың физиологиялық
негізі
УН
көру Б
++
есту
+
дәм
иіс
тері
Қабылдаудың физиологиялық негізі – үлкен ми
сыңарлары қабындағы күрделі шартты
рефлекторлық байланыстар, олар сыртқы
тітіркендіргіштерден келетін қозулардың бірігуі
арқылы жүзеге асады. Қабылдауда бірнеше
талдағыштардың үйлесімді іс-әрекеті организмнің
тітіркендіргіштердің тұтас жиынтығына жауап беру
реакциясы нәтижесінде бейнеленеді.
«Апперцепция» - латын сөзі, қазақша қабылдауға
қосымша деген мағынаны білдіреді. Латынша «ап» -
үстеме жұрнақ, «перцепцио» - қабылдау. Апперцепция
– қабылдаудың өткен тәжірибеге, білім көлеміне,
жасына, жынысына, тұлғаның жалпы бағыттылығына
(қызығушылығына, мұқтаждығына, атқаратын
қызметіне, сезім көрінісіне) байланыстылығы.
Психологияға бұл терминді Г.Лейбниц
деген философ енгізген. Ол алғаш
рет перцепция мен апперцепция
ұғымдарын бөліп қарастырған.
Біріншісінде - қандайда бір
мазмұнның қарапайым, күңгірт,
саналанбаған сатысындағы қабылдау
болса, ал апперцепцияда – айқын,
нақты, саналы қабылдау сатысы.
Қабылдаудың тұтастығы. Бұл қасиет
бойынша заттар мен нәрселердің сыртқы
түріне қарай бөлшектеніп, ажыратылып
тұрғанына қарамастан, оларды тұтас түрінде
қабылдаймыз. Мысалы, кесінділер бір-
бірінен бөлек тұрғанымен, оларды үшбұрыш
деп білеміз.
мағыналылығы. Адамның
қабылдауы заттық және
мағыналы болады. Ол тек
сезімдік негізге ғана
байланысты емес. Біздер
белгілі бір мәні бар
заттарды қабылдаймыз.
Мысалы, Швейцар
психологы Роршах, мәні
жоқ сия дақтарды да
мағыналы зат ретінде
қабылданады деп
анықтаған (бұлт, өзен,
күшік т.б.). Роршахтың
тәжірибелері психикалық
аурулардың кейбіреулері
ғана кездейсоқ сия
дақтарын солай деп
қабылдайдайға бейім деп
Қабылдау сөйлеумен тығыз байланысты. Сөз
қабылданып жатқан объектіні терең танып білуге
және қандайда бір категорияға жатқызуға
мүмкіндік береді. Суреттегі иттің бейнесі сөздік
тірекке негізделіп тануға мысал бола алады. Бір
қарағанда дақтар жиынтығынан бірнәрсенің
бейнесін тану қиын. Бірақ біздер “ит “ - деп айтсақ,
онда олар белгілі фигураға бірігеді.
Қабылдаудың константтылығы (тұрақтылығы). Бұл
ерекшелік тұлғаның жеке дамуымен түсіндіріледі, және
үлкен тәжірибелік мәнге ие. Егер де қабылдау константты
болмаса, онда әрбір бұрылу, қозғалыс, жарықтың түсуінде
біздер жаңа заттармен кездесетін едік, бұрыннан таныс
заттарды танымас едік. Қабылдаудың константтылық
қасиетіне байланысты біздер қоршаған заттарды пішіні,
түсі, көлеміне және т.б. қарай салыстырмалы түрде
тұрақты деп қабылдаймыз. Физикалық жағдайдың
өзгеруіне қарамастан, заттарды өзгертпей қабылдау, бір
қалыпта бейнелеу Қабылдаудың константтылығы деп
аталады.
Қабылдаудың
таңдамалылығы –
тұлғаның бағыттылығы
немесе тәжірибесімен
анықталатын қабылдау
қасиеті.
Фон мен фигура. Адамның
сезім мүшелеріне әр түрлі
заттар бір мезгілде әсер етіп
отырады. Бірақ оның
барлығы бірдей тең
қабылданбайды. Қайсысына
біз назар аударсақ, сол зат
қана айқын, анық
қабылданады да, басқалары
бұлдыр, көмескі боп
қабылданады. Қабылдау
үрдісінде белгілі уақыт
«Иллюзия» - латын сөзі, мағынасы –
алдану. Қабылдаудағы иллюзиялар – деп
тұрақты көрініс тапқан, шындықты
бұрмалап бейнелеу. Көру иллюзиялары
деп заттардың алыстығын, түрін, үлкендігін
қате, жаңсақ қабылдау. Айналадағы
заттарды түрлі себептерге байланысты
мұндай жаңсақ қабылдау әр адамда да
болып қалуы ықтимал.
Галлюцинация деп адамға сырттан әсер
келмей-ақ оның миында түрлі бейнелердің
тууын айтады. Бұл құбылыс ауруға
шалдыққан ми әрекетінің бұзылуымен
байланысты болады. Ал жаңсақ қабылдау –
сырттағы заттардың адамға тура әсер еткен
кезінде туатын құбылыс.
Аударылған фигуралар
Екі жақты бейнелер
Түспен
контраст
Ұзындық иллюзиясы
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Жарықбаев Қ.«Психология»
Алматы,1992жыл 114-123 бет
Бақылауға арналған
сұрақтар:
• Қай құбылыс ауруға шалдыққан ми
әрекетінің бұзылуымен байланысты
болады?
• тұлғаның бағыттылығы немесе
тәжірибесімен анықталатын
қабылдау қасиеті деген не?

Ұқсас жұмыстар
Ырықсыз зейін Зейіннің бөлінуі
БПҮ заңдылықтары
Психологиядағы ғылыми зерттеу әдістері
Психология адам мінез - құлығын зерттеу
Когнитивтік лингвистика ғылымының лингвистика ғылымының басқа салаларымен байланысы
Ойнаушының өзіне таңдаған рөлдері
Сезіну. Қабылдау. Елестеу. Қиялдау
ПАТОЛОГИЯЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ
Имбецил балаларда
КІШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ КОГНЕТИВТІ АЙМАҒЫНЫҢ ДАМУЫ
Пәндер