Бүйрек патологиясы




Презентация қосу
Қазақстан Республикасы
Білім және Ғылым министірлігі
Семей қ. Шәкәрім атындағы Мемлекеттік Университеті
Ветеринарлық медицина кафедрасы

Б ӨЖ
Тақырыбы: Бүйрек патологиясы

Орындаған: Мүбарак Д.д. ВМ 305
Тексерген: Нуркенова М.К.
Жоспар:
Бүйрек
Бүйрек құрылысы
Бүйрек организм үшін мағызы
Бүйрек аурулары
Пайданылған әдебиеттер
БҮЙРЕК АДАМ МЕН ОМЫРТҚАЛЫ ЖАНУАРЛАР ОРГАНИЗМІНДЕ
НЕСЕП ТҮЗЕТІН ЖӘНЕ ОНЫ ШЫҒАРАТЫН ЖҰП ОРГАН. ЕРЕСЕК
АДАМДА ӘРБІР БҮЙРЕКТІҢ САЛМАҒЫ 120—200 Г-ДАЙ, ҰЗЫНДЫҒЫ 10
—12 СМ, ЕНІ 5—6 СМ, ҚАЛЫҢД. 3—4 СМ-ДЕЙ БОЛАДЫ. БҮЙРЕК ІШ
ҚУЫСЫНДА, ОМЫРТҚАБАҒАНАСЫНЫҢ ЕКІ ЖАҒЫНДА — СОҢҒЫ
КЕУДЕ ОМЫРТҚАСЫ ЖӘНЕ ЖОҒ. БЕЛ ОМЫРТҚА ТҰСЫНДА
ОРНАЛАСАДЫ.
Бүйректің ішкі жиегінде бүйрек қақпасы бар, сол арқылы бүйреккеартерия мен
жүйке талшықтары өтеді. Қақпа бүйректің ішіне тереңдеп еніп, көлемді қуыс —
бүйрек қойнауына айналады. Онда кіші, үлкен бүйрек тостағаншалары және бүйрек
түбегі, қан тамырлары, жүйке талшықтары орналасады. Бүйректі майлы шандыр
қабаты жауып жатады. Бүйрек беткейі қыртыс заттан, терең қабаттары — милы
заттан тұрады. Қыртыс зат тұтас болып келеді, ал милы зат пирамида тәрізді 10 — 15
үшбұрышты денелерден құралған. Бүйректің анатомиялық құрылым бірлігінефрон
деп аталады. Олардың саны 1 млн-дай. Нефрон әр түрлі бүйрек өзекшелерінен
түзіледі. Нефрон өзекшелерінің екі бүйректегі жалпы ұзындығы 100 км шамасында
болады. Нефрон арқылы зат алмасу процесінде пайда болатын организмге қажетсіз
және зиянды заттар сыртқа шығарылады. Пирамиданың бүйрек қойнауына
ашылатын ұшы бүйрек бүртігін құрайды. Осы бүртіктегі түтіктер арқылы несеп
бүйрек қойнауындағы 8 — 9 кіші бүйрек тостағаншаларына құйылады. Екі-үш кіші
бүйрек тостағаншалары өзара қосылып, үлкен бүйрек тостағаншаларын түзеді. Олар
өзара бірігіп, бүйрек түбегін құрайды. Осы бүйрек түбегі біртіндеп жіңішкеріп,
бүйрек қақпасы тұсында несепағарға жалғасып, қуыққа жиналған несеп сыртқа
шығарылады. Бүйрек түбегінің қабырғасы суды, тұзды, көмірсуларын өткізеді де,
қандағы ақуызды өткізбейді. Несепке белоктың араласуы бүйректің ауруға
шалдыққаны. Организмдегі барлық қан бүйрек арқылы сүзіліп, тазарады.
Бүйрек — Зәр түзе отырып, қаннан шығатын бөлінділерді сүзетін,
арқа жотадан төмен орналасқан, асбұршаққа ұқсас үлкен мүше.
Оның жоғары полюсінде эндокрин бездері -қыртысты және ми
қабатынан тұратын бүйрек асты бездері орналасқан.Адам бүйрегінің
массасы-150 г. Бүйрек ұлпасы сыртқы қоңырқай т үсті қыртысты
қабаттан және ішкі бозғылт түсті ми затынан тұрады.Ми затында
ұштары бүйрек астауына бағытталған пирамидалар
орналасқан.Бүйректің ішіндегі қуыс бүйрек астауы деп
аталады.Бүйректе түзілген несеп жинағыш түтікшелер ар қылы астау ға
келіп, одан зәрағар бойымен қуыққа жиналып,зәр шығару өзегі
арқылы сыртқа шығады. Бүйректің ерекшелігі қанмен жа қсы
қамтамасыз етілуі: бүйрек арқылы тәулігіне 1500-1700 л қан
ағады.Бұл дегеніміз - әрбір 5 минут сайын қан тамырлары арқылы
айналатын барлық қан бүйрек арқылы өтеді деген с өз.Осы кезде
организм ұлпаларында үнемі түзілетін,тіршілік әрекетінің зиянды
заттары қаннан бөлінеді.
 Бүйректердің организм үшін маңызы өте зор. Олар:
біріншіден, азот зат алмасуының ең соңғы өнмдерін бөліп
шығарушы негізгі ағзалар болып есептеледі, екіншіден, ішкі
орта тұрақтылығын, әсіресе қышқылды-сілтілі тепе-
теңдікті реттеуге тікелей қатынасады; үшіншіден бүйрек
шумақтарында (юксто-гломерулалы аппараттарында) қан
қысымын реттейтін ренин бөліп шығарылады.
1827 жылы Р. Брайт дененің жалпы ісуімен, альбуминурия, гематурия
және жүрек гипертрофиясымен сипатталатын сырқаттар тобыны ң
бүйрек патологиясымен байланысты екенін алғаш рет к өрсетіп берді. Сол
кезден бастап бүйрек ауруларын Брайт сырқаты деп атап кеткен.
1980 жылдардан кейін бүйрек ауруларын екі топқа бөліп қарастыратын
болды: 1) гломерулопатиялар және 2) тубулопатиялар.
Гломерулопатиялар деп бүйрек шумақшаларында болатын
өзгерістерді түсінсек, тубулопатияларда негізгі өзгерістер бүйрек
өзекшелерінде табылады.
Гломерулалық аурулар - негізінен бүйрек шумақтарының патологиясы.
Тубулоинтерстициалдық нефриттерде қабыну үрдісі аралық тінде дамып,
оған бүйрек өзекшелерінің немесе бүйрек түбегі мен
тостағаншаларының патологиясы қосылады.
Гломерулопатия
Пиелонефрит - бүйрек түбегінің, тостағаншаларының, аралы қ
тінінің және өзекшелердің зақымдануымен сипатталатын патология.
Бұл инфекциялық сырқаттар қатарына жатады. Пиелонефрит
тудырушы бактериялардың арасында ең көп кездесетіні ішек
таяқшалары мен стафилококтар. Одан бас қа пиелонефритті ң дамуына
энтерококтар, протей, клебсиелла,энтеробактер, көк іріңді таяқшалар
немесе микроб ассоциациясы да себеп бола алады. Пиелонефрттерді
даму механизмдеріне қарап, обструктивті және обструкциясыз
дамитын пиелонефриттер деп екі топқа бөледі. Обструктивті
себептерге ер адамдарда қуық безінің аурулары (аденома, рак,
простатит), қуық және тік ішек рактары, несеп жолдарыны ң тастары;
әйелдерде жыныс ағзаларының ісіктері мен осы а ғзаларды ң қабынуы
және несеп жолдарындағы тастар жатады.
П Пиелонефрит
Пайданылған әдебиеттер:
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев –
Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл,
ISBN 5-89800-123-9, II том

Ұқсас жұмыстар
Жүйке жүйе патологиясы
Бүйрек үсті безі
Ас қорыту жүйесі мен зәр шығару жүйесінің патологиясы
Жасуша патологиясы
Жүктілік патологиясы
Зәрдегі эритроциттер
БЕЛОКТАР АЛМАСУЫ
БҮЙРЕК ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТКІЛІКСІЗДІГІНІҢ ЖАЛПЫ КӨРІНІСТЕРІ
Ішкі секреция бездерінің патологиясы
Зәр тастар
Пәндер